Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17462 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы", "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _____________________ Н. Айдапкелов

      2018 жыл 5 кыркүйук

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 198 қаулысымен
бекітілді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 52-1-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі - ұйым) үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) андеррайтинг - актуарий белгілеген шектерде сақтандыру өтемін, сақтандыру талаптарын, франшизаның және сақтандыру тарифінің деңгейін анықтау мақсатымен сақтандыру тәуекелдерін бағалау негізінде мәлімделген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;

      2) басқару есептілігі - ішкі бақылау және ұйымның қызметін бағалау құралы;

      3) гэп-талдау - ұйымның сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерістеріне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;

      4) лимиттеу - қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, ұйымның мәмілелеріне (операцияларына) шектеулерді белгілеу.

      Лимиттеу кезінде мынадай өлшемдер анықталады:

      лимит белгіленетін көрсеткіш;

      лимит белгіленетін көрсеткішті есептеу әдісі;

      көрсеткіштің шекті (ең жоғары, ең төмен) мәні;

      5) мүдделер қақтығысы - ұйымның лауазымды тұлғаларының және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүддесі мен олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе ұйымның және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің ұйым және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарлар туындатуы мүмкін мүліктік және өзге де мүдделері арасында қайшылықтар туындататын ахуал;

      6) саясат - ұйымның тиімді жұмыс істеуін және оның қызметінің стратегияға және тәуекелдің жол берілетін деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін қажетті өлшемшарттарды, өлшемдерді, тәсілдерді, қағидаттарды, стандарттарды, рәсімдер мен тетіктерді айқындайтын саясатты және (немесе) өзге де ішкі құжаттарды қамтитын ішкі құжаттардың жиынтығы;

      7) стресс-тестілеу - ұйымның қаржылық жағдайына айырықша, бірақ ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

      8) тәуекел - ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу сенімсіздігін немесе мүмкін еместігін туындататын жағдаяттардың пайда болу, шығыстардың (зиянның) туындау ықтималдығы;

      9) тәуекелдерді бағалау жүйесі - ұйымның қаржылық жай-күйіне кешенді талдау жүргізуге арналған коэффициенттердің жиынтығы;

      10) тәуекелдерді басқару жүйесі - тәуекелдерді және олардың ұйымның мақсаттарына жетуге әсер ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл ұйым шегінде жүзеге асырылатын, ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы белгілеген тұрақты құрылымдалған процесс;

      11) тәуекел картасы - бір "ось" бойынша тәуекелдің ықпал ету күші немесе маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған ұйым тәуекелдерінің графикалық және мәтіндік сипаттамасы;

      12) тәуекел лимиті - қабылданатын тәуекелді сандық не сапалық шектеу құралы;

      13) тәуекелді сәйкестендіру - тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және сипаттау процесі;

      14) тәуекелді өлшеу - оқиғаның басталу салдары мен ықтималдығын математикалық жолмен ықтималдық теориясын және статистикалық деректер негізінде үлкен сандар заңын қолдана отырып бағалау арқылы жүзеге асырылатын тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті шығыстар (зияндар) мөлшерін анықтау;

      15) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      16) ішкі аудит - ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына, ішкі құжаттарға, ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес келу дәрежесін одан әрі көрсету мақсатында қаржылық есептілікті, сондай-ақ ұйым қызметін сандық және сапалық жағынан бағалауға келетін басқа деректер мен ақпаратты бағалайтын басқарушылық бақылаудың ажырамас элементі;

      17) ішкі бақылау - бұл ұйымның директорлар кеңесі, алқалы органдары, басқармасы, қызметкерлері жүзеге асыратын, мынадай санаттар бойынша мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:

      қызметінің тиімділігі;

      қаржылық есептіліктің және өзге де басқарушылық есептіліктің сенімділігі, толықтығы мен уақтылығы;

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау;

      18) ішкі бақылау жүйесі - мыналарды қамтамасыз ететін бақылау рәсімдерінің, іс-шаралар мен әдістемелердің жиынтығы:

      ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиісінше және тиімді жүргізу;

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау;

      жауапкершілікті тиімді бөлу;

      ұйым қызметкерлерінің ішкі құжаттардың талаптарын уақтылы және тиісінше орындауы;

      мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      алаяқтық фактілерін және басқарушылық қателердің алдын алу және анықтау;

      қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық есептілікті дайындау уақтылығы, шынайылығы мен толықтығы.

      Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолдану кезінде:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы директорлар кеңесі болып түсініледі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері басқарма болып түсініледі;

      бас офис шотының сомасы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қызметінің резервтері мен нәтижелері капитал болып түсініледі;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік болып түсініледі.

      Қағидалардың акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманың талаптарын сақтауға қатысты бөлігіндегі талаптары, сондай-ақ Қағидалардың 13-1, 13-2-тармақтары Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Ұйымның тәуекелдері мынадай түрде жіктеледі:

      1) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер:

      андеррайтинг тәуекелі – сақтандыруға қабылданатын тәуекелдерді бұрыс (қате) бағалау тәуекелі;

      сақтандыру резервтерінің тәуекелі - жеткіліксіз (барабар емес) сақтандыру резервтерін құру тәуекелі;

      сақтандыру төлемдерінің тәуекелі – сақтандыру шарттарының талаптарын бұзумен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты тәуекел;

      апатты тәуекел - елеулі мөлшердегі бір оқиға әдеттегіден жоғары сақтандыру төлемдеріне әкеліп соқтыратын тәуекел;

      қайта сақтандыру тәуекелі - жеткіліксіз қайта сақтандыру өтемінің немесе қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша төлемді жүзеге асыруға қабілетсіздігі тәуекелі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың барабар жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және ұйым қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

      5. Директорлар кеңесі ұйым қызметінің мөлшеріне, сипатына және күрделілік деңгейіне, ұйымдық құрылымына, тәуекелдер бейініне және ұйымның директорлар кеңесі мүшелерінің санына байланысты Қағидалардың талаптарын іске асыру мақсатында әртүрлі мәселелер бойынша бір және (немесе) бірнеше алқалы органдар құру туралы шешім қабылдайды.

      Ұйымның директорлар кеңесі комитеттерді құру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмайды.

      6. Андеррайтинг, қайта сақтандыру, сақтандыру төлемдерінің тәуекелдерін және ұйымдағы инвестициялық тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесін қалыптастыру мақсатында ұйымда алқалы органдар – андеррайтингтік кеңес пен активтерді және пассивтерді басқару кеңесі құрылады.

      Көрсетілген кеңестердің құрамына ұйымның директорлар кеңесі бекітетін мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің қызметкерлері және басшы қызметкерлер кіреді.

      Көрсетілген кеңестердің шешімдері мүшелер дауыстарының жай көпшілігімен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.

      Көрсетілген кеңестердің шешімдеріне шешім қабылдау барысын жан-жақты көрсете отырып хаттама жасалады және мыналарды көрсете отырып, шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар қоса беріледі:

      қаралатын мәселелердің тізбесі мен егжей-тегжейлі сипатталуы;

      кеңеске шешім қабылдау үшін берілген құжаттардың тізбесі;

      әрбір қаралатын мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;

      мүшелердің пікірлері, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеуі және ерекше пікірінің болуы жағдайында негіздемесімен қоса беріледі.

      Хаттамаға аталған кеңестердің отырысқа қатысқан барлық мүшелерінің қолдары қойылады және ол ұйымда сақталады.

      Директорлар кеңесі аталған кеңестердің және басқарманың жұмысына олардың жұмыс нәтижесі туралы жыл сайынғы есептерінің негізінде бағалайды.

      7. Тәуекелдерді басқару барысы мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) тәуекелдерді анықтау:

      тәуекелді туындататын факторларды және тәуекелді бағалау (барлық ықтимал шығыстардың (шығындардың) себептерін, олардың ықтималдығы мен мөлшерін жүйелі және тұрақты түрде қадағалау, талдау);

      тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына алып келетін, олардың дамуына ықпал ететін факторлардың ерекшеліктерін зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасын талдау);

      2) өткізу кезеңділігін тәуекелдің маңыздылығына қарай директорлар кеңесі бекітетін, бірақ жылына екі реттен көп емес белгіленетін тәуекелдерді өлшеу;

      3) тәуекелдерге жүйелі стресс-тестілеу пен талдауды жүзеге асыру;

      4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Ішкі бақылау жүйесі ұйымның мыналар үшін қабылдаған ұйымдастыру жүйесін, саясатын, рәсімдері мен әдістерін білдіреді:

      1) сақтандыру тәуекелдерін, активтері мен міндеттемелерін басқару тиімділігін қоса алғанда, ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) ұйымның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және ұйымның ішкі құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;

      4) ұйым мен оның қызметкерлерін заңсыз қызметті жүзеге асыруға тартуға, оның ішінде алаяқтыққа, қателерге, дәлсіздіктерге, алдауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға жол бермеу.

      9. Ұйым қызметінің барлық салалары бойынша тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру және объективті бағалау үшін ішкі аудит жүргізуді қамтамасыз етеді.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Ұйымның қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне, кәсіптік этика нормалары мен ішкі құжаттарға қойылатын талаптарды сақтайды.

      12. Ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ұйым ұйымның қаржылық және өзге де есептілігі негізінде есепті күнге тәуекелдер бойынша стресс-тестілеуді жүзеге асырады.

      Ұйым уәкілетті органға тәуекелдер бойынша стресс-тестілеуді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Тәуекелдер бойынша стресс-тестілеуге тәуекелдерді басқару бөлімшесі басшысының қорытындысы қоса беріледі, ол мыналарды қамтиды:

      ұйымның тәуекелдерге ұшырағыштығын талдау;

      ұйымның қаржылық жағдайына аса ықпал ететін тәуекелдерді анықтау.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13-1. Ұйым жылдық қаржылық және өзге де есептілік негізінде ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдауды жүзеге асырады.

      Ұйым директорлар кеңесі бекіткеннен кейін жыл сайын, бірақ есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органға "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін Қағидаларға 3-1-қосымшаға және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттеріне талдауды (стандартты диапазоннан тыс шығатын коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен) және ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің стандартты диапазонның бекітілген шектерінен төрт және одан да көп ауытқулары болған жағдайда, директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын не директорлар кеңесінің тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттілігінің жоқтығы туралы шешімді ұсынады.

      Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13-2. Егер ұйым есепті күнгі жағдай бойынша қызметін екі қаржы жылынан кем жүзеге асырса, ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің стандартты диапазонның бекітілген шектерінен ауытқу санын айқындау кезінде есептерінде соңғы екі қаржы жылының әрбір жылдық есепті кезеңінің соңындағы деректер пайдаланылатын коэффициенттер ескерілмейді.

      Ескерту. Қағида 13-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қызметін "өмірді сақтандыру" саласында жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдауды Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      15. Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мақсатында директорлар кеңесі:

      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты және Қағидаларға сәйкес әзірленетін ішкі құжаттарды бекітеді;

      2) жыл сайын ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдауды бекітеді және ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің стандартты диапазонның бекітілген шектерінен төрт және одан да көп ауытқулары болған жағдайда ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді не тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттілігінің жоқтығы туралы шешім қабылдайды;

      3) корпоративтік басқару бөлігінде:

      алқалы органдардың, ішкі аудит қызметінің, басқарманың, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

      басшы қызметкерлердің функционалдық міндеттемелеріндегі ықтимал мүдделер қақтығысын төмендету бойынша шаралар қабылдайды;

      ұйыммен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғаларға жеңілдік шарттарын беру фактісін тексеруді қамтамасыз етеді;

      директорлар кеңесінің құзыретіне жататын өзге де мәселелер;

      4) стратегиялық мақсаттарды түзету мақсатында мыналарды қарайды:

      ұйымның тәуекелдерді басқару бөлімшесі немесе функциясына көрсетілген талдауды жүргізу кіретін өзге құрылымдық бөлімше жүргізген капиталдағы ағымдағы (болашақ) қажеттіліктерін талдау;

      ішкі (сыртқы) аудиторлар өздері жүргізген тексеру нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер, сондай-ақ олардың ұсынымдары көрсетілген есеп;

      активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің (инвестициялық қызмет үшін жауапты бөлімшенің) ұйымның активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген операциялардың (мәмілелердің) (қаржы құралдарының түрлері бойынша топтастырылып және олардың баланстық, нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу мен сату сомаларын көрсете отырып) нәтижелері бойынша есебі;

      5) тәуекелдерді басқару бөлігінде:

      корпоративтік стратегияға, саясаттарға, рәсімдерге және ішкі құжаттарға қайшы келетін операциялардың жасалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ оларды түзету мақсатында құрылған алқалы органдар, ішкі аудит қызметі мен құрылымдық бөлімшелер арқылы ұйымның қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;

      ішкі аудит қызметі, тәуекелдерді басқару бөлімшесі функцияларының ұйымдастырушылық дербестігін қамтамасыз ету;

      уәкілетті орган шараларының, оның ішінде кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      уәкілетті орган талаптары орындалмаған, анықталған кемшіліктер уақтылы жойылмаған (жоймаған) жағдайда орындамау (жоймау) себептерін анықтайды және жауапты қызметкерлерге тиісті шаралар қолданады;

      қабылданатын тәуекелдерді лимиттеу және мәмілелерге (операцияларға) шектеулерді белгілеуді жүзеге асырады;

      тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген жағдайда ұйым тоқсан сайынғы негізде жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын әзірлейді және жүйелі түрде стресс-тестинг, сценарийлік талдау жүргізуді көздейді және мыналармен шектелмей, төмендегілерді белгілейді:

      1) ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында андеррайтингтік кеңестің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің болуын;

      1-1) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым үшін - ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында төмендегі функцияларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей инвестициялық портфельді басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшенің болуы:

      инвестициялық декларацияны әзірлеу және сақтанушылар активтерін инвестициялау лимиттерін айқындау және қайта қарау, сақтанушылардың активтері есебінен мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау кезінде жасалатын ұсынымдарды (бұдан әрі - ұсынымдар) дайындау үшін қажетті ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау;

      ұсынымдар жасау;

      ұйымның инвестициялық комитеті отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған инвестициялық шешімдер мен хаттамаларды ресімдеу;

      сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу;

      сақтанушыларға инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарында көзделген тәртіппен дайындау;

      активтерді басқарды жүзеге асыру процесінде сақтанушылардың басқа қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауы;

      ұйымның ішкі құжаттарында айқындалған функциялар;

      2) басшы қызметкерлерге, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлерге білімінің және жұмыс өтілінің болу талаптарын қоса алғанда, қойылатын біліктілік талаптарын;

      3) ұйымның директорлар кеңесінің, алқалы органдарының, ішкі аудит қызметінің, басқармасының, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерін және функционалдық міндеттерін;

      4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің, алқалы органдарының, басқармасының және директорлар кеңесінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпарат алмасу тәртібін;

      5) ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдерін;

      6) басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;

      7) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын;

      8) сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғанда, тәуекелдер картасын әзірлеу тәртібін;

      9) тәуекел лимитін анықтау рәсімдерін, оның ішінде ссссссүшін;

      10) ұйымның қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;

      11) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, ұйым тәуекелдерінің картасын жасау рәсімдері, оның ішінде:

      тәуекелдерді басқару бөлімшесі ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша қабылдайтын шараларын;

      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау, кейіннен осы тәуекелдер көрсеткен ықпалдарды жіктеу және тәуекел лимиттерін белгілеу;

      тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің өзгеру мониторингін, сондай-ақ тәуекел лимиттерінің тәуекел көрсеткіштерінің мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларды қамтитын тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүргізген тәуекелдердің мониторингі;

      директорлар кеңесіне шығыстарға (зиянға) ұшыратуы мүмкін және (немесе) ұйымының қызметіне ықпал ететін немесе заңсыз сипатты білдіретін кез келген елеулі жағдайлар туралы есептілікті тез арада ұсыну тетігін;

      12) тәуекелдерді тестілеу және бағалануын модельдеу рәсімдері;

      13) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті беру тәртібін, оларға мыналар кіреді:

      тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша азайту және жою бойынша жүргізілетін жұмыстар);

      анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету және болдырмау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері;

      ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды төмендету және болдырмау жолдары;

      ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді бақылау және мониторинг жүргізу және оларды барынша азайту және болдырмау жолдары;

      тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;

      14) бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, сақтандыру, инвестициялық және өзге қызмет бойынша және мәмілелер (операциялар) бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Басқарма тәуекелдерді басқару жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлігінде белгіленген мақсаттарға және әдістерге сәйкес ұйымға күнделікті басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті атқарушы органы), Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелердің арасында тәуекелдерді тиімді басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ететін ақпарат беру тәртібін бекітеді;

      3) директорлар кеңесінің нұсқауларын, ішкі аудит қызметінің ұсынымдары мен ескертулерін, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ұсынымдарын, уәкілетті органның талаптары мен шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясатты іске асыру мақсатында ішкі құжаттарды бекітеді;

      5) төлем жасауға қабілеттілік маржасы жеткіліктілігінің қажетті деңгейін сақтау мақсатында активтерді әртараптандыру, капиталдың, тәуекелдердің рентабельдігі, өтімділігі және жеткіліктілігі бойынша бағдарларды айқындайды;

      6) директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдер лимиттерінің шегіндегі операциялар түрлері бойынша тәуекелдердің лимиттерін бекітеді;

      7) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ай сайынғы есептеулері негізінде көрсетілген лимиттердің сақталуын бақылаудың тиімді шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді;

      8) тариф саясатының тәуекелдер жөніндегі дәйекті статистикасы негізінде тәуекелдер дамуындағы болжамды үрдістерге сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      9) ұйым үшін әлеуетті тәуекелді туындататын ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тұрақты түрде талдау жасауды қамтамасыз етеді, олардың қаржылық көрсеткіштерге әсер ету дәрежесін бағалайды;

      10) түзету коэффициенттерінің қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына барабарлығын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық ақпаратқа тұрақты түрде талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Осы тармақшаның талабы "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-1-тармағының негізінде түзету коэффициенттерін айқындайтын сақтандыру ұйымына қолданылады;

      11) ағымдағы және болашақтағы экономикалық ортаны, нормативтік құқықтық базаны, капиталдың мөлшерін ескере отырып, жылдық бюджеттерді, стратегиялық жоспарларды жасау бөлігінде директорлар кеңесіне ұсынымдар береді;

      12) іс-шаралар жоспарының қаржылық тұрақсыздық және төтенше жағдайлар жағдайында орындалуын және тиісті тоқсан сайынғы есептің ұсынылуын бақылайды;

      13) шарттық қатынастардың, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының, қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттардың сақталуына тұрақты түрде талдау жасайды;

      14) құрылымдық бөлімшелердің ықтимал және әлеуетті тәуекелдерді басқарудағы саясаттарды, тәуекелдердің белгіленген лимиттер шегіндегі мөлшерлерін сақтауын бақылайды;

      15) қаржы құралдарының нарықтық құнының серпінін ескере отырып, олармен операциялардан кірістердің (шығыстардың) өзгеруіне талдау жасауды қамтамасыз етеді;

      16) ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ең төменгі деңгейіне сәйкес келуін қамтамсыз етеді;

      17) сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын ескере отырып, есепке алу және есептілік жүйесін жақсартуды қамтамасыз етеді;

      18) аудиторлық есептерге талдау жасайды және директорлар кеңесіне анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар береді.

      Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 2), 4), 6) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті атқарушы органның құзыретіне жатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің функцияларына:

      1) мыналарды қоса алғанда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру:

      тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;

      сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғанда тәуекелдер картасын әзірлеу;

      басқарушылық шешімдер қабылдау барысына қатысу;

      басқарушылық шешімдердің орындалуына және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға тұрақты мониторингі жүргізу;

      сақтандыру, инвестициялық және өзге де мәмілелер (операциялар) бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;

      2) ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сипаттау және сандық мәндерін анықтауды, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша қолжетімді мәндерін анықтауды қоса алғанда тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау;

      3) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін Қағидаларға 3-1-қосымшаға және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылдық қаржылық және өзге де есептілік негізінде ұйымның тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау;

      4) ұйым қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау;

      5) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг, бағалау және бақылау, оның ішінде:

      ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау;

      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды қоса алғанда тәуекелдерді бағалау, осы тәуекелдер көрсеткен әсерді кейін жіктеу және тәуекелдердің лимитін белгілеу;

      тәуекелдер көрсеткіші мәндерінің өзгерісіне мониторинг және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша қолжетімді мәндері кіретін тәуекелдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткішінің барынша қолжетімді мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларды мониторингтеу;

      ұйымның қызметіне зиян келтіруі және (немесе) ықпал етуі мүмкін немесе заңсыз сипаттағы кез келген маңызды жағдайлар туралы дереу басқармаға және директорлар кеңесіне есептілік беруге;

      6) ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің анықталған тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын (жоспарларды құрылымдық бөлімшелер ұсынады және ұйымның анықталған тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралардың жалпы жоспарын тәуекелдерді басқару бөлімшесі әзірлейді) әзірлеу бойынша процесті ұйымдастыру және директорлар кеңесі бекіткен ұйымның тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспарына одан әрі мониторинг жүргізу;

      7) төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын орындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      8) мыналарды тұрақты талдау:

      қаржылық көрсеткіштерді (стресс-тестілер және қабылданған тәуекелдер деңгейін тұрақты талдау шеңберінде);

      қаржы құралдары бағасының (стресс-тестілер және қабылданған тәуекелдер деңгейін тұрақты талдау шеңберінде) өзгеруінің өтімділік, төлем жасау қабілеттілігі көрсеткіштеріне, төлем жасау қабілеті маржасының жеткіліктілігіне ықпалы;

      9) макроэкономикалық факторлардың өтімділікке, тиімділікке, төлем жасау қабілеті маржасының жеткіліктілігіне ықпал етуінің болжамы;

      10) директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайынғы негізде мына бағыттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және талдау туралы есеп ұсыну:

      тәуекелдерді басқарудың ағымдағы жай-күйі (тәуекелдерді барынша азайту және болдырмау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар);

      анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету не алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері;

      ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды азайту және алдын алу жолдары;

      ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді және оларды барынша азайту және алдын алудың жолдарын бақылау және мониторинг;

      тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;

      есепті кезеңде қаржы көрсеткіштеріне қысқаша талдау;

      тәуекелдер картасын бағалау және талдау;

      тәуекелдерді тестілеудің қолданылатын рәсімдерінің және бағалау үлгілерінің барабарлығы мен тиімділігі;

      11) директорлар кеңесінің бекітуіне мыналарды ұсыну:

      есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің талдамасы (стандартты диапазонның шегінен асып кететін коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен бірге);

      ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің стандартты диапазонның бекітілген шектерінен төрт және одан да көп ауытқулары болған жағдайда тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      12) акционерлердің жылдық жалпы жиналысына тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің талдамасын (стандартты диапазонның шегінен асып кететін коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен бірге) және директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (болатын болса) ұсыну;

      13) мыналардың орындалуын қамтамасыз ету:

      Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес андеррайтинг тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдерінің тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сақтандыру резервтері жеткіліксіздігінің тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар;

      14) корпоративтік стратегияны және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясатты түзету мақсатында стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімшесімен немесе осыған ұқсас функциялар атқаратын өзге де бөлімшемен бірлесіп, басқармаға жылына бір рет мыналарды ұсыну:

      барлық тәуекелдер, олардың ықтималдылық дәрежесі, ұйымның дайындық дәрежесі, оларды барынша азайту бойынша жүргізілген іс-шаралар, ден қою шаралары туралы сандық және сапалық деректерді ескере отырып, ұйымның ағымдағы жай-күйіне толыққанды шолуды қамтитын есеп;

      ұйымның қаржылық жай-күйі мен қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ ұйымның қаржылық жай-күйіне, ұйымның тәуекелдер картасына ықпал етуі мүмкін Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасындағы, актілеріндегі өзгерістерге толыққанды шолуды қамтитын есеп.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтың ережелері қолданылатын жағдайда:

      осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімшенің функционалдық міндеттеріне қатысты қолданылады;

      осы тармақтың 3), 11) және 12) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі барлық алқалы органдардан, құрылымдық бөлімшелерден, филиалдардан, өкілдіктерден және ұйымның қызметкерлерінен өз функциясын жүзеге асыруға қажетті кез келген құжаттарды және ақпаратты тәуекелдерді басқару бөлімшесінің сұратуында көрсетілген мерзімде алады.

      20. Ұйымның басшылық қызметкерлер және құрылымдық бөлімшелердің басшылары тәуекелдерді бағалауға байланысты барлық қажетті ақпаратты тәуекелдерді басқару бөлімшесіне уақтылы және толық жеткізу үшін жауапты.

4-тарау. Ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі

      21. Ұйымда ішкі бақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз ету үшін құрылады:

      1) ұйым қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін қамтамасыз ету, бұл ұйымның активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігі мен рентабельдігін тексеруді және шығын ықтималдығын анықтауды көздейді;

      2) қаржылық және басқарушылық есептіліктің сенімділігін, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді, бұл дәйекті және сапалы қаржылық есептіліктің және ұйым шешім қабылдаған кезде пайдаланатын басқа да қаржылық құжаттардың жасалуын тексеруді көздейді;

      3) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен ішкі құжаттардың талаптарын сақтау.

      Осы құрауыштардың тиісінше жұмыс істеуі ұйымның тиімді қызметінің маңызды талабы, ақпараттық жүйелердің жұмысы және пруденциялық нормативтерді және ұйымның уәкілетті орган белгілеген сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау болып табылады.

      22. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі өзара байланысты бес құрауыштан тұратын тұрақты процесті білдіреді:

      1) басқарушылық бақылау;

      2) тәуекелдерді анықтау және бағалау;

      3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

      4) ақпараттық алмасу және өзара іс-қимыл;

      5) мониторинг (ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау) және бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді (кемшіліктерді) болдырмау.

      23. Ішкі бақылау жүйесінің мынадай үш кезеңнен үздіксіз кезекпен өту қағидаты бойынша жұмыс істеуі:

      1) рәсімдерді ұйымның ішкі құжаттарына енгізу арқылы ішкі бақылау жүйесін (тиімділік бағалауының нәтижелерін ескере отырып) қалыптастыру;

      2) жұмыста ұйымның ішкі құжаттарының орындалуы;

      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

      24. Ішкі бақылау рәсімдері мыналар болып табылады:

      1) ұйымның корпоративтік стратегиясында қойылған мақсаттары мен міндеттеріне құрылымдық бөлімшелердің өздеріне жүктелген функциялары шеңберінде директорлар кеңесіне және басқармаға қаржылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып қаржылық қызметтің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді ұсынуы арқылы қол жеткізу барысын тоқсан сайын тексеру;

      2) кассалық қолма-қол ақшаны және қаржы құралдарын қоса алғанда кезең-кезеңімен түгендеу жүргізу;

      3) тәуекелдердің белгіленген лимитінің сақталуын және анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралардың іске асырылуын тексеру;

      4) міндетті авторизацияны талап ететін операциялар тізбесін белгілеу;

      5) операция талаптарын және тәуекелдерді басқару үлгілерін қолдану нәтижелерін тексеру;

      6) жүргізілген операциялардың есепте және есептілікте уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуін тексеру.

5-тарау. Ішкі аудит

      25. Директорлар кеңесі ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ішкі аудит саясатын бекітеді;

      2) ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;

      3) ішкі аудиттің жылдық жоспарын бекітеді;

      4) ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды;

      5) ұйым аудитіне аудиторлық ұйымды анықтау үшін акционерлердің жалпы жиналысына ұсынымдар береді.

      Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Ішкі аудит саясатына мыналар кіреді, бірақ бұлармен шектелмейді:

      1) ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері;

      2) ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің кәсіби сапасына қойылатын талаптар, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері;

      3) тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару, бағалау өлшемшарттарын көрсете отырып, корпоративтік басқару жүйелерін бағалау әдістемесі кіретін ішкі аудитті жүзеге асыру тәртібі мен рәсімдері;

      4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі;

      5) ішкі аудит қызметінің бюджеті.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Ішкі аудит саясатын әзірлеген кезде мына факторлар ескеріледі:

      ұйымның стратегиясы;

      ұйым қызметінің мөлшері, сипаты және күрделілігі;

      ұйымның ұйымдық құрылымы;

      ұйым қызметіне тән тәуекелдердің деңгейі мен тәуекелдері.

      28. Ішкі аудит мәселелері жөніндегі алқалы орган:

      1) ішкі аудит саясатын, ішкі аудит қызметі туралы ережені, ішкі аудиттің жылдық жоспарын және бағдарламасын әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) ұйымның және оның қызметкерлерінің ішкі аудит саясаты сақтауына мониторинг және бақылау жүзеге асырады;

      3) ішкі аудит қызметінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының басшысы мен қызметкерлері кандидатураларын іріктеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқару жүйесінің жағдайына, корпоративтік басқаруға және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарға объективті баға беру мақсатында құрылады.

      30. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде ұйымның жарғысын, ұйымның ішкі бақылау жүйесін және ішкі аудит қызметін ұйымдастыру туралы ережелерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережені, сондай-ақ ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды және осы Қағидалардың талаптарын басшылыққа алады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Ішкі аудит қызметі ішкі аудит жоспарын және ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

      Ішкі аудит жоспары ұйымның мақсатына сәйкес ішкі аудиттің басымды бағыттарын айқындайтын тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделеді.

      Ішкі аудит жоспарын іске асыру үшін ішкі аудит қызметінің басшысы бекітетін ішкі аудит бағдарламасы әзірленеді.

      32. Ішкі аудит қызметінің міндеттеріне мына мәселелерді қарау және талқылау кіреді:

      1) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі;

      2) директорлар кеңесі үшін ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есептілік дайындау;

      3) ұйымның ағымдағы жылы ішкі және сыртқы аудиттен өтуі қажет мәмілелеріндегі (операцияларындағы) тәуекелдер саласы;

      4) менеджментке ұсынылатын қаржылық ақпараттық дәйектілігі мен дәлдігі;

      5) сыртқы немесе ішкі аудиторлар анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген маңызды кемшіліктер.

      33. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) ішкі аудит қызметінің саясаты, ережесі, бюджеті, жұмыс жоспарын, аудиторлық қорытынды, ұйым қызметін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және оларды директорлар кеңесінің бекітуіне ұсыну;

      2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру және бағалау, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге жәрдем ету;

      3) ұйымның тәуекелдерін бағалау әдіснамасының және ұйым тәуекелдерін басқару жүйесінің толық қолданылуын және тиімділігін тексеру;

      4) құрылымдық бөлімшенің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының қызметін тексеру және оның нәтижелері бойынша директорлар кеңесіне есеп беру;

      5) бөлімшелер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ұсынатын тиісті есептіліктің немесе сұратылатын ақпараттың (оның ішінде қаржы мониторингіне жататын ақпарат) дәйектілігін, толық ашылуын, объективтілігін, уәкілетті органға, басшылыққа және басқа да мүдделі тараптарға уақтылы берілуін тексеру;

      6) аудит (ішкі, сыртқы) процестерінің тиімділігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

      7) ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін бақылау ортасын бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы қалыптастыру;

      8) бухгалтерлік есеп жүргізуді бақылау;

      9) ішкі аудитті жетілдіру бойынша директорлар кеңесіне ұсыныстар беру;

      10) ұйым қызметін қаржылық тұрақтылық және төлем жасау қабілетіне, пруденциялық нормативтерді және сақталуы тиіс өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау мәніне жүйелі талдау жүргізу және бағалау;

      11) активтер мен міндеттемелерді басқару бөлігінде қабылданған басқарушылық шешімдерді орындаудың тиімділігін бағалау;

      12) ұйым қызметінің қаржылық есептілікте уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуін және оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін тексеру;

      13) қаржы құралдарын талдау, оның ішінде:

      жиынтық баланс және өткен кезеңдегі және жоспарланған қаржылық көрсеткіштермен салыстыра отырып пайда мен шығын туралы есеп;

      қаржы құралдарын түрлері бойынша және баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін және сатып алудың (сатудың) жалпы сомасын көрсете отырып, топтай отырып инвестициялар туралы есеп;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары тізілімінің хронологиялық тәртіппен жүргізілуін бақылау;

      15) корпоративтік басқару саласындағы тәуекелдерді, ұйымның операциялық қызметін және оның ақпараттық жүйелерін бірдей және тиімді бақылануын бағалау;

      16) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шеңберінде өзге де функциялар.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Ішкі аудит қызметі өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті, оның ішінде жергілікті есептеу желілерінде және автономды компьютер желілерінде тұрған барлық материалдарға, мәліметтерге, құжаттарға (файлдарға) ақпаратқа оларға өзгерістер енгізу құқығынсыз шектеусіз кіру рұқсатына ие.

      35. Ішкі аудит қызметінің басшысы:

      1) ішкі аудит бағдарламасын бекітеді;

      2) ішкі аудиттің ұйымдық тәуелсіздігі мен объективтілігі фактісін директорлар кеңесіне жылына кемінде бір рет растайды;

      3) ішкі аудит қызметінің тәуелсіздігін бұзу фактілері (мүдделер қайшылығының туындауы, ұйымның материалдарына, мәліметтеріне, құжаттарына (файлдарына) кіру өкілеттіктерін шектеу) туралы ақпаратты директорлар кеңесіне жеткізу;

      4) аудиторлық тексеру жүргізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей басшы қызметкерлерден мыналар туралы жазбаша өтініш сұратады:

      қаржылық есептілікті айтарлықтай бұрмалау тәуекелін бағалау нәтижелерін толық ашу;

      ішкі бақылау жүйесінде маңызды рөл атқаратын қызметкерлер (оның ішінде жұмыстан шығарылған) және қаржылық есептілікке маңызды ықпал етуі мүмкін басқа да тұлғалар тарапынан алаяқтық іс-қимылдар немесе алаяқтыққа күдік туғызатын жайттар туралы ақпаратты ашу.

      36. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері күн сайынғы жұмыс барысында:

      1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтайды;

      2) ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын басшылыққа алады;

      3) алаяқтық салдарынан есептіліктің бұрмалануын анықтайды;

      4) аудиторлық шешімдер мен дәлелдерді құжаттандырады;

      5) өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде алынған ақпараттық конфиденциалдылығын сақтайды;

      6) алынған аудиторлық дәлелдерді бағалау барысында ұйымның негізгі қызметіне сәйкес келмейтін мәмілелерді (операцияларды) тексеру рәсімдерін орындайды, осы кезде мәміленің (операциялардың) ұйымның мақсаттарына (мақсаттың болмауы) алаяқтық мәніне сәйкес келуі бағаланады;

      7) аудиторлық дәлелдердің сенімділігін бағалау қағидаттарын басшылыққа алады:

      ішкі дереккөздерден алынған сенімді сыртқы ресми дереккөздерден алынған дәлелдер;

      егер бухгалтерлік есепті және ішкі бақылауды жүргізу тиімді болса, ішкі дереккөздерден алынған дәлелдер неғұрлым сенімді;

      аудиторлар жинаған дәлелдер құрылымдық бөлімшелер берген дәлелден сенімдірек;

      құжаттар және жазбаша өтініштер нысанындағы дәлелдер ауызша нысанда ұсынылған өтініштерден сенімдірек.

      Дәлелдер бір-біріне қайшы келген жағдайда, ішкі аудит қызметі істің дәйектілігін анықтау мақсатында қосымша рәсімдер жүргізеді.

      37. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері бір мезгілде өзге құрылымдық бөлімшелердің басшысы және (немесе) қызметкерлері, сондай-ақ алқалы органдардың мүшелері бола алмайды.

      38. Ұйымның қызметкерлері ішкі аудит қызметін мынадай мәмілелер (операциялар) жөнінде хабардар етеді:

      1) қолма-қол ақша нысанында төлемімен 1 (бір) миллион теңгеден аспайтын сомаға кез келген мәмілелер (операциялар) (оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша);

      2) 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру;

      3) олардың заңдылығына күмән туғызатын басқа да мәмілелер (операциялар).

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ішкі құжатта қамтылатын ақпарат көлемі ұйым қызметін бағалау және директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің тиімді шешім қабылдауы үшін дәйекті және жеткілікті болуы тиіс.

      2. Акционерлердің жалпы жиналысы корпоративтік басқару кодексін бекітеді, ол:

      1) Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына, корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ корпоративтік іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибесін, кәсіби этика нормаларын, ұйым қызметінің дамуының ағымдағы кезеңіндегі қажеттіліктері мен талаптарын ескере отырып әзірленеді;

      2) корпоративтік басқаруды ұйымдастырудың қағидаттарын мыналарды ескере отырып регламенттейді:

      ұйымның органдары және (немесе) құрылымдық бөлімшелер арасындағы міндеттерді нақты бөлу;

      акционерлер, органдар және лауазымды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл барысындағы қатынастарда кәсіби этика нормаларын қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқару кодексінің міндетті орындалуын;

      директорлар кеңесі, алқалы органдар, басқарма мүшелерінің және өзге де басшы қызметкерлердің ұйымның қызметін және тәуекелдерді басқарудың тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысу;

      директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің шешімдер қабылдаудағы тәуелсіздігі;

      директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің шешімдерінен (негізінде шешім қабылданған құжаттарды қоса отырып) міндетті түрде хаттама жасайды;

      басшы қызметкерлердің мүдделері мен ұйымның мүдделері арасында тікелей немесе жанама қайшылық туындауына әкелуі мүмкін іс-әрекеттерден тыйылу міндеттемесін, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл жөнінде директорлар кеңесіне уақтылы хабарлау міндеттемесін жазбаша ресімдеу;

      басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

      басшы қызметкерлердің бақылау және басқарушылық функцияларының сапасын үнемі жетілдіріп отыру;

      кәсіби этиканың жалпыға бірдей нормалары;

      3) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі тәртіпті және директорлар кеңесінің қалауына қарай басқа да мәселелерді регламенттейді.

      3. Директорлар кеңесі тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиімді басқару мақсатында мынадай ішкі құжаттарды:

      1) корпоративтік стратегияны;

      2) ұйымның ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережесін;

      3) басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша ішкі саясатты;

      4) есеп саясатын;

      5) басқарушылық есептілігін ұсынудың мерзімдері мен нысандары туралы ережені бекітеді.

      4. Корпоративтік стратегияны басқарма әзірлейді және:

      1) ұйымның қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орта мерзімді (1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 (үш) жылдан және одан ұзақ жылға) мақсаттарын айқындайды;

      2) мыналарды қамтиды:

      ұйым қызметін дамытудың стратегиясы;

      ұйым қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;

      ұйым бағдарланған нарық сегменті;

      ұйым қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамдық мәні;

      күтілетін макроэкономикалық және микроэкономикалық көрсеткіштер;

      ұйымның қарауына қарай өзге де мәселелер.

      5. Ұйымның ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережені басқарма әзірлейді және ол мыналарды қамтиды:

      1) директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың, ішкі аудит қызметінің, басшы қызметкерлердің, бөлімшелердің құрылымы, өкілеттіктері мен міндеттемелерін;

      2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

      3) өзара іс-әрекет ету тәртібі және есеп беруін;

      4) ішкі аудит қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің), актуарийдің қызметкерлеріне басқа бөлімшелердің функцияларын жүктеуге жол бермеу;

      5) басқарма, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары, оның ішінде оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібі.

      6. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері жөніндегі ішкі саясатты басқарма әзірлейді және мыналарды регламенттейді:

      1) директорлар кеңесі, басқарма мүшелерінің, өзге де басшы қызметкерлердің лауазымына үміткерлерді іріктеу қағидаттары, өлшемшарттары, сыйақы мөлшерін айқындау;

      2) сыйақы төлеуді жүзеге асыруға негіздеме, түрлері, құрамдары (белгіленген сыйақы мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, өтемақы төлемдерінің басқа да түрлері);

      3) басшы қызметкерлердің жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану өлшемшарттары;

      4) басқарманың бюджетті жүргізілген сыйақы және басқа да өтемақы төлемдері бөлігінде игеруге, басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге қатысты директорлар кеңесіне ұсынатын есебінің нысаны мен кезеңділігі;

      5) директорлар кеңесінің өзге де мәселелері.

      7. Есеп саясаты:

      1) оны басқарма халықаралық қаржылық есеп стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасына сәйкес әзірлейді;

      2) ол бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттарын, негіздерін, шарттарын, қағидалары мен тәжірибесін қамтиды;

      3) кірістерді (шығыстарды) динамикасында және қызмет түрлері бойынша ай сайынғы салыстырып тексеруге жауапты бөлімшені айқындайды;

      4) регламенттейді:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу, сондай-ақ олардың тізілімін жүргізу тәртібін;

      тәуекелді бағалау үлгісі негізінде қаржы құралдарының құнын бағалауға қойылатын талаптарды және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаларға келтіруді;

      қаржы құралының нарықтық құны болмаған жағдайда, қаржы құралының құнсыздануына тест және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес ағымдағы есептік бағалауды қолдана отырып сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалауды жүзеге асыру әдістемесін;

      директорлар кеңесінің қалауына қарай өзге де мәселелер.

      8. Басқарушылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені басқарма әзірлейді және басқарма мен тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және ұйымның акционерлеріне басқарушылық есептілікті ұсыну тәртібін регламенттейді, оның ішінде:

      пайда мен зиян туралы есеп (оның ішінде өткен жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері);

      инвестициялар туралы есептер (баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып, қаржы құралдарын түрлері бойынша топтастыра отырып);

      активтер мен міндеттемелердің көлемін салыстыру туралы есеп;

      ұйым тәуекелі картасының талдауы;

      ұйымның тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау (стандартты диапазоннан тыс шығатын коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен);

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысында көрсетілген пруденциялық нормативтерді бұзуға және (немесе) ұйымның және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтауға алып келмейтін ұйымның капиталға және оны пайдалануға ағымдағы және болжанатын қажеттіліктерін қысқаша талдау;

      ұйымның директорлар кеңесінің және акционерлерінің талап етуі бойынша есептілік.

      Басқарушылық есептілік тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді тиісінше басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
1-1-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ішкі құжатта қамтылатын ақпарат көлемі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін бағалау және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының және басшы қызметкерлерді тиімді шешім қабылдауы үшін дәйекті және жеткілікті болуы тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережені әзірлейді, ол:

      1) корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ корпоративтік іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибесін, кәсіби этика нормаларын, филиал қызметінің дамуының ағымдағы кезеңіндегі қажеттіліктері мен талаптары ескеріле отырып әзірленеді;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын корпоративтік басқаруды ұйымдастырудың қағидаттарын мыналарды ескере отырып регламенттейді:

      филиалдың органдары және (немесе) құрылымдық бөлімшелер арасындағы міндеттерді нақты бөлу;

      алқалы органдар мүшелерінің, басшы қызметкерлердің филиалдың қызметін және тәуекелдерді басқарудың тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысуы;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, алқалы органдардың және басшы қызметкерлердің шешімдер қабылдаудағы тәуелсіздігі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, алқалы органдардың және басшы қызметкерлердің шешімдерінен (негізінде шешім қабылданған құжаттарды қоса отырып) міндетті түрде хаттама жасайды;

      басшы қызметкерлердің мүдделері мен филиалдың мүдделері арасында тікелей немесе жанама қайшылық туындауына әкелуі мүмкін іс-әрекеттерден тыйылу міндеттемесін, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл жөнінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органына уақтылы хабарлау міндеттемесін жазбаша ресімдеу;

      басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

      басшы қызметкерлердің бақылау және басқарушылық функцияларының сапасын үнемі жетілдіріп отыру;

      кәсіби этиканың жалпыға бірдей нормалары;

      3) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі тәртіпті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының қалауына қарай басқа да мәселелерді регламенттейді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиімді басқару мақсатында мынадай ішкі құжаттарды:

      1) филиал туралы ережені;

      2) филиалдың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережесін;

      3) басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша ішкі саясатты;

      4) есеп саясатын;

      5) басқарушылық есептілігін ұсынудың мерзімдері мен нысандары туралы ережені бекітеді.

      4. Стратегияны Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және:

      1) филиалдың қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орта мерзімді (1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 (үш) жылдан және одан ұзақ жылға) мақсаттарын айқындайды;

      2) мыналарды қамтиды:

      филиал қызметін дамытудың стратегиясы;

      филиал қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;

      филиал бағдарланған нарық сегменті;

      филиал қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамдық мәні;

      күтілетін макроэкономикалық және микроэкономикалық көрсеткіштер;

      филиалдың қарауына қарай өзге де мәселелер.

      5. Филиалдың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және ол мыналарды қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, алқалы органдардың, басшы қызметкерлердің, ішкі аудит қызметінің, бөлімшелердің құрылымы, өкілеттіктері мен міндеттемелерін;

      2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

      3) өзара іс-әрекет ету және есеп беру тәртібі;

      4) ішкі аудит қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің), актуарийдің қызметкерлеріне басқа бөлімшелердің функцияларын жүктеуге жол бермеу;

      5) басшы қызметкерлер, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары, оның ішінде оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібі.

      6. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері жөніндегі ішкі саясатты Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және мыналарды регламенттейді:

      1) басшы қызметкерлердің лауазымына үміткерлерді іріктеу қағидаттары, өлшемшарттары, сыйақы мөлшерін айқындау;

      2) сыйақы төлеуді жүзеге асыруға негіздеме, түрлері, құрамдары (белгіленген сыйақы мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, өтемақы төлемдерінің басқа да түрлері);

      3) басшы қызметкерлердің жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану өлшемшарттары;

      4) филиалдың бюджетті жүргізілген сыйақы және басқа да өтемақы төлемдері бөлігінде игеруге, басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге қатысты басқару органына ұсынатын есебінің нысаны мен кезеңділігі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының қалауына қарай өзге де мәселелері.

      7. Есеп саясаты:

      1) оны Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы халықаралық қаржылық есеп стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасына сәйкес әзірлейді;

      2) ол бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттарын, негіздерін, шарттарын, қағидалары мен тәжірибесін қамтиды;

      3) кірістерді (шығыстарды) динамикасында және қызмет түрлері бойынша ай сайынғы салыстырып тексеруге жауапты бөлімшені айқындайды;

      4) регламенттейді:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу, сондай-ақ олардың тізілімін жүргізу тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес ағымдағы есептік бағалауды қолдана отырып сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалауды жүзеге асыру әдістемесін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының қалауына қарай өзге де мәселелер.

      8. Басқарушылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және филиалдың басшы қызметкерлерінің және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басқару органына басқарушылық есептілікті ұсыну тәртібін регламенттейді, оның ішінде:

      активтер мен міндеттемелер туралы жиынтық есеп;

      пайда мен шығын туралы есеп;

      активтер мен міндеттемелер көлемін салыстыру туралы есеп

      филиал тәуекелінің картасын талдау;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының талап етуі бойынша есептілік

      Басқару есептілігінің тізбесі тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиісінше басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді тиісінше орындауы үшін жеткілікті.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нысан

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы мәліметтер

      ____________________________
(ұйымның атауы)

      ____________ жылғы

      (күні)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қағидалардың тиісті абзацын, тармақшасын, тармағын көрсету

Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар (іс-шаралардың мазмұны, орындалу мерзімі)

Жауапты орындаушылар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы, байланыс ақпараты)

1

2

3

4

5

6

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуінің жалпы бағасы

      ____________________________________________________________________

      Ұйымның бірінші басшысы не оның мәліметке қол қоюға уәкілетті тұлғасы

      ______________________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)

      Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы

      ______________________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      ______________________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)

      Қол қойылған күн 20___жылғы "_____" ___________________

  Тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін бағалау туралы
мәліметтер нысанына қосымша

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы мәліметтерді толтыруға түсіндірме

      Ұйымның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін бағалау мына өлшемшарттарды негізге ала отырып жүзеге асырылады:

      1) ТС – "толық сәйкес келеді"

      талап өлшемшартын маңызды ауытқусыз орындаған кезде;

      2) ІС – "ішінара сәйкес келеді"

      ұйымның осы өлшемшартты сақтауға қолжеткізу мүмкіндігіне қатысты маңызды күмән туындату үшін жеткілікті болып саналмайтын және жақын арада жойылатын талаптар өлшемшартынан ауытқулар (кемшіліктер) анықталған кезде;

      3) СК – "сәйкес келмейді"

      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптар өлшемшартын орындамаған кезде;

      4) ҚМ – "қолданылмайды"

      егер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар бағалау күні ұйымға қатысты қолданылмайтын жағдайда. "Қолданылмайды" деген баға ұйым Қағидалар талаптарының өлшемшарттарын орындаған үлесін есептеуге қосылмайды.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары
үшін тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нысан

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылды

      Тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-STRESS-TEST

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс

      күнінен кешіктірмей

      1-кесте

      Баға тәуекелі бойынша стресс-тестілеу

Эмитенттің атауы

Бағалы қағаздың атауы

Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN)

 
Қаржы құралының баланстық құны (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

1





2





3



















1

Шығын жиынтығы

2

Стресс-тестілеуден кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі

3

Стресс-тестілеуден кейін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі

      кестенің жалғасы:

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі (мың теңгемен)

Қаржы құралының құны төмендеген кездегі шығын (мың теңгемен)

20-ға%

30%-ға

40%-ға

20%-ға

30%-ға

40%-ға

6

7

8

9

10

11























































      Ескертпе:

      1. 2-бағанда үлестік құралдар эмитентінің атауы көрсетіледі (Exchange Traded Funds

      (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) акциялары, пайлары базалық активі болып

      табылатын акциялар, депозитарлық қолхаттар).

      2. 3 және 4-бағандарда бағалы қағаздың атауы және оның халықаралық сәйкестендіру

      нөмірі (ISIN) көрсетіледі.

      3. 5-бағанда есепті күнге қаржы құралының баланстық құны көрсетіледі.

      4. 6, 7 және 8-бағандарда қаржы құралы тиісінше 20%-ға, 30%-ға және 40%-ға

      төмендеген кезде оның баланстық құны көрсетіледі.

      5. 9, 10 және 11-бағандарда қаржы құралының баланстық құны мен оның

      болжамды төмендетілген құны арасындағы айырма көрсетіледі.

      Стресс-тестілеуге түсініктеме

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      2-кесте

      Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестілеу

Эмитенттің атауы

Қаржы құралының баланстық құны мың теңгемен (нақты)

Кірістілік мөлшерлемесі (нақты)

Кірістілік мөлшерлемесінің болжамды мәні (+1%)

1

2

3

4

5

1





2





3














1

Шығын жиынтығы


2

Стресс-тестілеуден кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


3

Стресс-тестілеуден кейін өтімділігі жоғары активтер қалдығының жеткіліктілік нормативі


      кестенің жалғасы:

(+1%) кірістілік мөлшерлемесі кезіндегі қаржы құралының болжамды құны

 
(+1%) кірістілік мөлшерлемесі кезіндегі шығын сомасы
мың теңгемен

6

7

















      Ескертпе:

      1. 2-бағанда облигация эмитенттерінің атауы көрсетіледі.

      2. 3-бағанда бухгалтерлік баланстың мынадай баптары бойынша ескерілетін

      есепті күнге қаржы құралының баланстық құны көрсетіледі: "Өзгерістері

      пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша

      бағаланатын бағалы қағаздар" және "Сату үшін қолда бар бағалы

      қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)".

      3. 4-бағанда есепті күнге облигация бойынша өтеуге кірістіліктің нақты

      мөлшерлемесі көрсетіледі.

      4. 5-бағанда облигацияның кіріс мөлшерлемесін 1%-ға ұлғайту кезіндегі

      оның болжамды мәні көрсетіледі.

      5. 7-бағанда облигацияның кіріс мөлшерлемесін ұлғайту кезіндегі шығын

      сомасының болжамды мәні көрсетіледі.

      Стресс-тестілеуге түсініктеме

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3-кесте

      Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестілеу

Шетел валютасының атауы

Осы шетел валютасыа номинирленген активтер мен міндеттемелердің ағымдағы құны теңгемен

Теңгенің шетел валютасына қатысты төмендеу сценарийі

Теңгенің шетел валютасына қатысты нығаю сценарийі

Активтер

Міндеттемелер

Активтер

Міндеттемелер

Активтер

Міндеттемелер

1

2

3

4

5

6

7

USD







EURO







RUB







Өзге валюталар







Жиынтығы







      кестенің жалғасы:

Теңгенің шетел валютасына қатысты төмендеу сценарийі бойынша шығын (кіріс)

Теңгенің шетел валютасына қатысты нығаю сценарийі бойынша шығын (кіріс)

Теңгенің шетел валютасына қатысты төмендеу нәтижелері бойынша

Теңгенің шетел валютасына қатысты нығаю нәтижелері бойынша

Активтер (2-4)

Міндеттемелер (3-5)

Активтер (2-6)

Міндеттемелер (3-7)

ТМН

ӨЖАН

ТМН

ӨЖАН

8

9

10

11

12

13

14

15

























      Ескертпе:

      1. ТМН – стресс-тестілеуден кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі;

      ӨЖАН – стресс-тестілеуден кейін өтімділігі жоғары активтер қалдығының жеткіліктілік нормативі.

      2. Стресс-тестілеуге сақтандыру ұйымының активтері мен міндеттемелері жатады.

      3. Стресс-тестілеуді өткізуге арналған сценарий: USD, EURO – ±20%; RUB – ±10%; өзге валюталар – ±10%.

      4. 2 және 3-бағандарда есепті күнге осы шетел валютасында номинирленген активтер мен міндеттемелердің

      ағымдағы құны теңгемен көрсетіледі.

      5. 4, 5, 6 және 7-бағандарда шетел валютасына қатысты теңгенің төмендеу және нығаю сценарийлері кезінде

      тиісінше активтер мен міндеттемелердің болжамды баланстық сомасы көрсетіледі.

      6. 8, 9, 10 және 11-бағандарда шетел валютасына қатысты теңгенің төмендеуі мен нығаю сценарийі бойынша

      тиісінше (активтер мен міндеттемелердің нақты және болжамды мәндері арасындағы айырма) болжамды

      шығын (кіріс) көрсетіледі.

      Стресс-тестілеуге түсініктеме

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      4.1-кесте

      Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу

Баптың атауы

Сақтандыру сыйлықақыларын жинауды тоқтата тұру сценарийі

Есепті тоқсанға

1-ші болжамды тоқсан

2-ші болжамды тоқсан

3-ші болжамды тоқсан

4-ші болжамды тоқсан

1

2

3

4

5

6

7

1

Салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайданың (шығынның) жиынтығы (мың теңге)






2

Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі






3

Өтімділігі жоғары активтер қалдығының жеткіліктілік нормативі






      Ескертпе:

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақыларын жинауды

      тоқтата тұру бойынша стресс-тестілеуді жүргізу мақсатында сақтандыру бөлігі

      бойынша кірістердің болмауын және тұрақты шығыстар мен сақтандыру төлемдері

      бойынша шығыстардың сақталуын ескере отырып, қаржылық көрсеткіштер мен

      пруденциялық нормативтер мәндерінің өзгеру болжамын жүзеге асыру қажет.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы сценарийі бойынша есепті күнге

      портфельдегі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру

      төлемдерін жүзеге асыруды (тиісінше олар бойынша сақтандыру төлемдерінің

      жаңа түсімдерінің болмауы) көздеу қажет.

      3. Осы стресс-тестілеу бойынша нысан 4 (төрт) болжамды тоқсанға (тоқсан бойынша

      жыл) толтырылады.

      Стресс-тестілеуге түсініктеме

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      4.2-кесте

Баптың атауы

Индекстеу мөлшерлемесінің өсуіне байланысты аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервінің ұлғаю сценарийі

Есепті күнге көрсеткіштің мәні

Стресс-тестілеуден кейінгі көрсеткіштің мәні

1

2

3

4

1

Сақтандыру төлемдерін индекстеу ставкасы


8,25%

2

Орын алмаған шығын резерві ("Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары бойынша)



3

Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі



4

Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі



      Ескертпе:

      1. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым

      оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар

      резервінің ұлғаю сценарийі индекстеу мөлшерлемесін 8,25% деңгейінде

      пайдаланған кезде есепті күнге есептеледі.

      Кәсіби пайымға сүйене отырып, мөлшерлеменің 8,25% мәнінен елеулі

      ауытқулары кезінде актуарий негізделген баламалы мөлшерлемені ұсынады.

      2. Стресс-тестілеу нысанына қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін

      атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

      шеңберінде жасалған қолданыстағы аннуитет шарттары бойынша есеп

      қоса беріледі (жаңа индекстеуді ескере отырып) (электрондық нысанда ұсынылады).

      Стресс-тестілеуге түсініктеме

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      4.3-кесте

Баптың атауы

Есепті күнге нақты сома

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзу сценарийі:

10%

20%

30%

1

2

3

4

5

6

1

Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары





2

Бұзылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша комиссиялық сыйақы сомасы

Х




3

Шығын сомасының жиынтығы
(1+2-тармақтар)

Х




4

Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі





5

Өтімділігі жоғары активтер қалдығының жеткіліктілік нормативі





      Ескертпе:

      1. Сақтандыру шарттарын бұзу тәуекелі бойынша стресс-тестілеу сақтандыру

      (қайта сақтандыру) шарттарын бұзудың 10%-30% дейінгі сценарийін көздейді.

      2. 4, 5 және 6-бағандарда Кесте баптарының болжамды мәндері көрсетіледі.

      3. Стресс-тестілеу нысанының 2-бағаны бойынша бұзылған (сақтандыру сыйлықақысына

      теңбе-тең) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша комиссиялық сыйақы

      сомасы көрсетіледі.

      4. Пруденциалық нормативтердің болжамды мәндерін есептеу үшін, сақтандыру

      (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыстардың сомасын және

      аталған шарттар бойынша комиссиялық сыйақыны төлеу шығыстарының сомасын

      ескеру қажет.

      Стресс-тестілеуге түсіндірме

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      5.1-кесте

      Кредиттік тәуекел бойынша стресс-тестілеу

Баптың атауы

Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін, қаржы құралдары, қайта сақтандырушылар бойынша рейтингтік бағасының төмендеу сценарийі

Есепті күнге нақты мәні

Болжамды мәні

Шығын/Айырмашылық

1

2

3

4

5

1

Активтерді сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген төлем қабілеттілігінің нақты маржасы, мың теңге




2

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері




3

Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі




4

Өтімділігі жоғары активтердің сомасы, мың теңге




5

Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі




      Ескертпе:

      1. Осы стресс-тестілеуді жүргізу үшін 1-тармаққа (one notch) (уан ноч) пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін, қаржы құралдарының, қайта сақтандырушылардың рейтингтік бағасының төмендеуін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеуді және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін есептеуді (бұдан әрі - есептеу) жүзеге асыру қажет. Рейтингтік бағаның төмендеуі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына сәйкес рейтингтік бағалар бойынша талаптар қойылған есеп айырысу тармақтары бойынша жүзеге асырылады.

      2. Төлем қабілеттілігінің нақты маржасы 1-тармаққа (one notch) (уан ноч) пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін, қаржы құралдарының, қайта сақтандырушылардың рейтингтік бағасы төмендегеннен кейін капитал баптары және оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген екі шаманың ең аз шамасы болып табылады.

      3. Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің рейтингтік бағасы бар пай бойынша бағаны 1 жұлдызға азайту қажет.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері қайта сақтандырушының төмендетілген рейтингтік бағасына немесе Қазақстан Республикасының резидент-қайта сақтандыру ұйымының алдыңғы есепті күнге төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі мәніне байланысты Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сыйлықақылардың сомасына ұлғайтылуға тиіс.

      5. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін, қаржы құралдарының, қайта сақтандырушылардың рейтингтік бағасының төмендеу тәуекелі бойынша стресс-тестілеуге түсіндірмелерде стресс-тестілеуді жүргізу қорытындысы (пруденциялық нормативтердің нақты және болжамды мәндерінің арасындағы айырмашылық) бойынша шығындардың туындауының негізгі себебі көрсетіледі.

      Стресс-тестілеуге түсіндірме

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5.2-кесте

Сақтандыру сыныбының атауы

Қайта сақтандырушының төлемді уақтылы жүзеге асырмауы сценарийі

Сақтандыру шартының нөмірі

Сақтанушы

Қайта сақтандырушы

Жауапкершілік лимиті (сақтандыру сомасы)

Қайта сақтандырушының жауапкершілік сомасы

Қайта сақтандырушының жауапекршілік сомасының 5%-ы

1

2

3

4

5

6

7















Шығындардың жиынтығы:


Стресс-тестілеуден кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


Стресс-тестілеуден кейін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі


      Ескертпе:

      1. 1-6-бағандарында сақтандыру сомасы ең аз қайта сақтандыру шарты

      бойынша ақпарат көрсетіледі. Аталған қайта сақтандыру шарты бойынша

      қайта сақтандырушыға берілген жауапкершілік сомасы 5% мөлшерінде нөлге

      теңестіріледі.

      2. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі және өтімділігі жоғары

      активтердің жеткіліктілік нормативі қайта сақтандырушының қайта сақтандыру

      шарты бойынша 5% мөлшеріндегі жауапкершілік сомасының шегерімі ескеріле

      отырып есептеледі.

      Стресс-тестілеуге түсіндірме

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5.3-кесте

Сақтанушының атауы

Дефолт ықтималдығы ескерілген сценарий (қайта сақтандыру ұйымы)

Сақтандыру шартының (полисінің) және (немесе) қосымша келісімнің нөмірі

Қайта сақтандырушының атауы

Табыс таппаған сыйлықақылардың резерві

Қайта сақтандырушының кредиттік рейтингі

Дефолт ықтималдығы кестесіне сәйкес дефолт ықтималдығы (PD)

Таңдалған сцена-рий бойынша шығын (EL) (теңге-мен)

Дефолт ықтималдығы (PD) ескерілген табыс таппаған сыйлықақылардың резерві

1

2

3

4

5

6

7 = 4*6

8 = 4+7









Жиынтығы:



Стресс-тестілеуден кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


Стресс-тестілеуден кейін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі


      Ескертпе:

      1. Қайта сақтандырушының кредиттік тәуекелі бойынша есептеу қайта

      сақтандырушы рейтингісінің 1 санатқа төмендеуі арқылы Дефолт ықтималдығы (PD)

      кестесіне сәйкес жүзеге асырылады және тиісінше сақтандыру ұйымының

      пруденциялық нормативтерінің көрсеткіштеріне ықпал етуі мүмкін.

S&P, Fitch

Moody’s

PD в %

ААА

Ааа

0

АА+

Аа1

0

АА

Аа2

0

АА-

Аа3

0

А+

А1

0

А

А2

0,06

А-

А3

0,1

ВВВ+

Ваа1

0,14

ВВВ

Ваа2

0,18

ВВВ-

Ваа3

0,48

ВВ+

Ва1

0,76

ВВ

Ва2

1,06

ВВ-

Ва3

2,44

В+

В1

3,82

В

В2

5,2

В-

В3

10,07

ССС+

Саа1

14,93

ССС

Саа2

19,79

ССС-

Саа3

46,52

С

Са

73,26

D

D

100

      Стресс-тестілеуге түсіндірме

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Атауы__________________________________________________________

      Мекенжайы_____________________________________________________

      Телефон________________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы________________________________

      Бірінші басшы немесе стресс-тестілеуге қол қоюға уәкілетті адам

      ____________________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы

      ___________________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Тәуекелдер бойынша
стресс-тестілеу нысанына
қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды жазып-толтыру бойынша түсіндірме

      Тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу (индекс – 1-STRESS-TEST, кезеңділік – тоқсан сайын)

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды жазып-толтыру бойынша осы түсіндіру (бұдан әрі – Түсіндіру) "Тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) жазып-толтыру жөнінде бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Ұйым нысанды есепті кезең соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жазып-толтырады.

      3. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Нысанның 1-3, 4.1, 4.3, 5.1-5.3-кетесін жазып-толтырады.

      4. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Нысанның 1-3, 4.1, 4.3, 5.1-кестесін жазып-толтырады.

      5. Нысанды жазып-толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңгемен және пайыздармен (үтірден кейін екінші белгіге дейін) белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      6. Нысанға бірінші басшы немесе Нысанға қол қоюға уәкілетті адам, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы қол қояды.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдары және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
3-1-қосымша

      Ескерту. 3-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

      Ескерту.Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысан http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылды

      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: RASA_1NL

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

      Нысан

      _________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

Тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициентінің атауы

Мәні

Стандартты диапазон

Тәуекелдер

Қысқаша сипаты/ұсынымдар

Стандартты диапазоннан ауытқыған кезде қысқаша түсіндірме (есепті жыл үшін)

өткен есепті кезеңнің, %-бен

есепті жылдың, %-бен

1

2

3

4

5

6

7

К1 "Капиталға сақтандыру сыйлықақылары"



К1<300%

андеррайтинг, стратегиялық

К1 қайта сақтандыру үлесін ескермей, шығындарды өтеуге арналған капитал барабарлығын бағалайды. Тәуекелді толық бағалау үшін К1 талдауы К2 және К5 ескере отырып жүргізіледі. К1>300% капиталға қатысты рұқсат етілген тәуекелдің ұлғаюын көрсетеді.


К2 "Капиталға таза сақтандыру сыйлықақылары"



K2<200%

андеррайтинг, стратегиялық

К2 қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларын ескере отырып, шығындарды өтеуге арналған капитал барабарлығын бағалайды. К2 мәні жоғарырақ болуына қарай, капиталға тәуекел де көбірек болады. К2 талдау кезінде К5 талдау жүргізіледі.

К2>200% капиталға қатысты рұқсат етілген тәуекелдің ұлғаюын көрсетеді.


К3 "Таза сақтандыру сыйлықақыларындағы өзгеріс"



-33%<K3<33%

андеррайтинг, стратегиялық

К3 операциялық қызметтегі/ менеджментегі тұрақтылықты/тұрақсыздықты бағалайды.

К3 біршама ұлғаюы бизнестің кеңеюін (сақтандырудың жаңа сыныптары бойынша сатудың ұлғаюы, географиялық жерлердің кеңеюі) көрсетеді. Таза сыйлықақылардың біршама қысқаруы сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша сатудың тоқтап тұрғанын/қысқарғанын, нарық үлесі залалын, қайта сақтандырудың ұлғаюын көрсетеді. Бағалау кезінде К9 активтер бағасы және К11, К12, К13 резервтерінің барабарлығы, сондай-ақ К4 қайта сақтандырудан түскен пайда ескеріледі.


К4 "Капиталға қайта сақтандырудан түскен пайда"



K4<15%

андеррайтинг, стратегиялық

К4 қайта сақтандыру қызметінен түскен кіріс үлесінің бағасын береді. К4>15% сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы менеджментінің болжамы бойынша капитал жеткіліксіздігін немесе капиталмен байланысты проблемаларды жасыру үшін К1, К2, К7, К10, К13 коэффициенттері мәндерінің жақсарғанын көрсетеді. К4>15% болған кезде, қайта сақтандырудан кіріс үлесін шегере отырып К1, К2, К7, К10, К13 қайта есептеледі.


К5 "Операциялық қызметтің 2 жылдық коэффициенті"



K5<100%

операциялық

К5 операциялық қызметтің пайдалылығын/шығындылығын бағалайды. К5>100% болған кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы операциялық шығынды көтереді, К5<100% болған кезде операциялық кіріске ие болады. К5 құрамдас бөліктеріне: өтімділік коэффициентіне, шығындар коэффициентіне және инвестициялық қызметтен түскен кірістер коэффициентіне талдау жүргізіледі. К11, К13 бірге талдау жүргізу керек.


К6 "Инвестициялық кіріс"



5%<K6<20%

өтімділік, нарықтық, стратегиялық

К6 инвестициялық портфельдің жылдық кірісін пайыздық арақатынаста бағалайды. К6 мәні төмен болған кезде инвестициялық портфельдің құрылымына, "РЕПО" операцияларына, комиссиялық шығыстарға кеткен шығындарға және басқаларына талдау жүргізіледі. К6 мәні жоғары болған кезде тәуекелдері жоғары құралдарға инвестицияларға және еншілес ұйымның бас ұйымға дивидендтер төлеу саясатына талдау жүргізіледі.


К7 "Капиталдың өзгеруі"



-10%<K7<50%

операциялық, стратегиялық

К7 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бір жыл бойы қаржылық жағдайының жақсарғанын/ нашарлағанын бағалайды. К7>50% операциялық қызметтің тұрақсыздығын, сақтандыру холдингі ішінде капиталдың ағылуын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының недәуір өсуін немесе қосылуын/қосуын көрсетеді.

К7<-10% болған кезде мыналардың өзгеруіне ықпал ететін факторлар айқындалады:

а) таза пайда (К5);

б) жұмсалмаған кіріс немесе шығын;

в) К8;

г) төленген дивидендтер;

д) К4;

е) есеп саясаты/есептілікті түзету;

ж) кейінге қалдырылған салық активтері;

з) танылмаған активтер;

и) акционерлер.


К8 "Түзетілген капиталдағы өзгеріс"



-10%<K8<25%

операциялық, стратегиялық

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің нәтижелерін негізге ала отырып, қаржылық жағдайының жақсарғанын/ нашарлағанын бағалайды (жарғылық капиталды алуға және толықтыруды ескере отырып, негізгі қызметтің нақты бағасы). К8>25% операциялық қызметтің тұрақсыздығын, сақтандыру холдингі ішінде капитал ағылуын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының маңызды өсуін немесе қосылуын/қосуын көрсетеді. К8<-10% болған кезде мыналардың өзгеруіне ықпал ететін факторлар айқындалады:

а) таза пайда (К5);

б) жұмсалмаған кірістің немесе зиянның;

в) резервтік капиталда;

г) күтілмеген тәуекелдер резервінде;

д) тұрақтандыру резервінде;

е) басқа резервтерде; ж) төленген дивидендтер;

з) есеп саясаты /есептілікті түзету.


К9 "Өтімді активтерге түзетілген міндеттемелер"



K9<100%

өтімділік

К9 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау қабілетін бағалайды, сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату кезіндегі салдарларды шамамен бағалайды. Егер K9> 100% болса, K9 өткен жылдар серпінінде талдау жүргізіледі, резервтердің барабарлығы, бағалау, активтердің құрылымы мен өтімділігі тексеріледі.


К10 "Капиталға алынатын сақтандыру сыйлықақылары"



K10<20%

кредиттік

К10 капиталға қатысы дебиторлық берешектің үлесін бағалайды. Рұқсат етілген үлес 20% құрайды. 20% астам мәні болған кезде қайта сақтандырушылардан алынатын сомаға, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің болуына алынатын сақтандыру сыйлықақыларына және осындай активтерді тану орындылығына талдау жүргізіледі.


К11 "Капиталға мәлімделген шығындардың бір жылғы дамуы"



-10%<K11<10%

сақтандыру резервтері

К11 бір жыл бұрын мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдардың дамуын бағалайды. К11 оң мәні болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резервтерді жеткіліксіз қалыптастырған, ал К11 теріс мәні болған кезде резервтер артылуымен қалыптастырылды. К11 мәніне К12 мәнімен бірге талдау жүргізіледі.


К12 "Капиталға мәлімделген шығындардың екі жылғы дамуы"



-10%<K12<10%

сақтандыру резервтері

К12 екі жыл бұрын мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдардың дамуын бағалайды. К12 оң мәні кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резервтерді жеткіліксіз қалыптастырған, ал К12 теріс мәні болған кезде резервтер артылып қалыптастырылды. К12 мәніне К11 мәнімен бірге талдау жүргізіледі.


К13 "Капиталға ағымдағы резервтердің дефицитін (профицитін) бағалау"



-12%<K13<12%

сақтандыру резервтері

К13 ағымдағы резервтердің барабарлығын бағалайды. Тапшылық (профицит) болжанатын және нақты резервтер арасындағы айырманы білдіреді. К13 оң мәні кезде резервтер жеткіліксіз қалыптастырған, ал К13 теріс мәні болған кезде резервтер артылып қалыптастырылды.


      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Стандартты диапазон шегінен шығатын тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттері бойынша түсіндірме

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

Атауы ________________________________

Мекенжайы ________________________________

Телефоны __________________________________________________________

Электрондық поштаның мекенжайы_____________________________________

      Бірінші басшы немесе оның талдауға қол қоюға уәкілетті тұлғасы

      ____________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефоны

      Тәуекелдері басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы

      ____________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефоны

      Орындаушы

      ____________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша қызметті жүзеге
асыратын сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
тәуекелдерді бағалау жүйесі
коэффициенттерін талдау
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерін талдау (индексі – RASA_1NL, кезеңділігі – жыл сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерін талдау" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нысанды есепті кезең соңындағы жағдай бойынша жыл сайын толтырады.

      3. Талдаудың 2 және 3-бағандарында тиісінше өткен есепті жылдың және есепті жылдың коэффициенттерінің мәндері пайызбен (үтірден кейін екінші белгіге дейін) көрсетіледі.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе оның талдауға қол қоюға уәкілетті тұлғасы, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. "Капиталға сақтандыру сыйлықақылары" К1 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ССt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген сақтандыру сыйлықақылары;

      Кt – есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал.

      6. "Капиталға таза сақтандыру сыйлықақылары" К2 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ССТСt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы;

      Кt – есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал.

      7. "Таза сақтандыру сыйлықақылардағы өзгеріс" К3 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ССТСt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы;

      ССТСt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы.

      8. "Капиталға қайта сақтандырудан түскен пайда" К4 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ҚСПt – есепті күнгі жағдай бойынша қайта сақтандыру қызметінен түскен пайда;

      КСt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер;

      ҚСБСt – есепті күнгі жағдай бойынша қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылар;

      ЕССҚСАөзгt – есепті күнгі жағдай бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтерінің өзгеруі;

      ЕССҚСАt – есепті күнгі жағдай бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздану резервтері шегерілген);

      Кt – есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал.

      9. "Операциялық қызметтің 2 жылдық коэффициенті" К5 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЗК2-л – шағынның 2 жылдық коэффициенті;

      ШКЗ2-л – шығынның 2 жылдық коэффициенті;

      ИҚ2-л – инвестициялық қызметтің 2 жылдық коэффициенті;

      СТТСt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру төлемдерінің таза сомасы;

      СТТСt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша сақтандыру төлемдерінің таза сомасы;

      ШРӨТСt – есепті күнгі жағдай бойынша шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы;

      ШРӨТСt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы;

      РШрt – есепті күнгі жағдай бойынша реттеу шығыстары;

      РШрt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша реттеу шығыстары;

      ЕССТСt – есепті күнгі жағдай бойынша еңбек сіңірілген сыйақылардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген таза сомасы;

      ЕССТСt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша еңбек сіңірілген сыйақылардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген таза сомасы;

      ТШt – есепті күнгі жағдай бойынша таза шығыстар;

      ТШt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша таза шығыстар;

      ССТСt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы;

      ССТСt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы;

      ИҚКt – есепті күнгі жағдай бойынша инвестициялық қызметтен түскен, сыйақы төлеуге байланысты шығыстар шегерілген кірістер;

      ИҚКt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша инвестициялық қызметтен түскен, сыйақы төлеуге байланысты шығыстар шегерілген кірістер.

      10. "Инвестициялық кіріс" К6 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ИҚКt – есепті күнгі жағдай бойынша инвестициялық қызметтен түскен, сыйақы төлеуге байланысты шығыстар шегерілген кірістер;

      АҚжИнвt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша ақша қаражаты және инвестициялар ("РЕПО" операциялары шегерілген), мыналардың сомасы болып табылады:

      1) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының;

      2) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша орналастырылған қаражат салымдарының (құнсыздану резервтері шегерілген);

      3) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша "кері РЕПО" операцияларының;

      4) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша өзгерістері пайда немесе шығындар құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың;

      5) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың (құнсыздану резервтері шегерілген);

      6) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша аффинирленген бағалы металдардың;

      7) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша туынды бағалы қағаздардың;

      8) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың (құнсыздану резервтері шегерілген);

      9) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың;

      10) есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша инвестициялық мүліктің;

      АҚжИнвt – есепті күнгі жағдай бойынша ақша қаражаты және инвестициялар ("РЕПО" операциялары шегерілген), мыналардың сомасы болып табылады:

      1) есепті күнгі жағдай бойынша ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының;

      2) есепті күнгі жағдай бойынша орналастырылған қаражат салымдарының (құнсыздану резервтері шегерілген);

      3) есепті күнгі жағдай бойынша "кері РЕПО" операцияларының;

      4) есепті күнгі жағдай бойынша өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың;

      5) есепті күнгі жағдай бойынша сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың (құнсыздану резервтері шегерілген);

      6) есепті күнгі жағдай бойынша аффинирленген бағалы металдардың;

      7) есепті күнгі жағдай бойынша туынды бағалы қағаздардың;

      8) есепті күнгі жағдай бойынша өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың (құнсыздану резервтері шегерілген);

      9) есепті күнгі жағдай бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың;

      10) есепті күнгі жағдай бойынша инвестициялық мүліктің.

      10. "Капиталдың өзгеруі" К7 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кt – есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал;

      Кt-1 – өткен есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал.

      11. "Түзетілген капиталдағы өзгеріс" К8 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кt – есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал;

      Кt-1 – өткен есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал;

      DЖКt – жарғылық капиталдағы өзгеріс, есепті күнгі жарғылық капиталдың және өткен есепті күнгі жарғылық капиталдың сомалары арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      12. "Өтімді активтерге түзетілген міндеттемелер" К9 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Міндеттемелерt – есепті күнгі болашақ кезеңдердегі кіріс шегерілген міндеттемелердің жалпы сомасы;

      ӨЖАt – есепті күнгі жағдай бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінің және оларды есептеу әдістемесінің 38-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтердің құны ("РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелерді шегергенде).

      13. "Капиталға алынатын сақтандыру сыйлықақылары" К10 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      СПкПt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан (құнсыздануға резервтерді шегере отырып) алатын сақтандыру сыйлықақылары;

      Кt – есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал.

      14. "Капиталға мәлімделген шығындардың бір жылғы дамуы" К11 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кt-1 – өткен есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал;

      МРШРt* – мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар таза резерві (бұдан әрі - МРШР) есепті күнгі жағдай бойынша t-1 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша;

      МРШРt-1 –өткен есепті күнгі жағдай бойынша таза МРШР;

      СТt – қайта сақтандырушының үлесін есептемегенде және кері талап ету бойынша өтемді шегере отырып, t-1 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде төленген сақтандыру төлемдері;

      РШt – t-1 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде төленген шығынды реттеу шығыстары.

      15. "Капиталға мәлімделген шығындардың екі жылғы дамуы" К12 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кt-2 – t-2 күнгі жағдай бойынша меншікті капитал;

      МРШРt** – есепті күнгі жағдай бойынша t-2 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша таза МРШР;

      МРШРt-2 – t-2 күнгі жағдай бойынша таза МРШР;

      СТt,t-1 – қайта сақтандырушының үлесін есептемегенде және кері талап ету бойынша өтемді шегере отырып, t-2 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде және өткен кезеңде төленген сақтандыру төлемдері;

      РШt,t-1 – t-2 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде және өткен кезеңде төленген шығынды реттеу шығыстары.

      Қызметті кемінде үш жыл жүзеге асырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы коэффициентті есептемейді.

      16. "Капиталға ағымдағы резервтердің дефицитін (профицитін) бағалау" К13 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кt - есепті күнгі жағдай бойынша меншікті капитал;

      ТЕСt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген еңбек сіңірілген сыйлықақылардың таза сомасы;

      РШt – есепті күнге шығындар резерві;

      ТЕСt-1 – өткен есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген еңбек сіңірілген сыйлықақылардың таза сомасы;

      ТЕСt-2 – екінші өткен есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстар шегерілген еңбек сіңірілген сыйлықақылардың таза сомасы;

      СРОК – сыйлықақының резервтерге орташа коэффициенті;

      СТt – қайта сақтандырушының үлесін есептемегенде және кері талап ету бойынша өтемді шегере отырып, t-1 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде төленген сақтандыру төлемдері;

      РШt,t-1 – t-1 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде төленген шығынды реттеу шығыстары;

      СТt,t-1 – қайта сақтандырушының үлесін есептемегенде және кері талап ету бойынша өтемді шегере отырып, t-2 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде және өткен кезеңде төленген сақтандыру төлемдері;

      РШt,t-2 - t-2 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті кезеңде және алдыңғы кезеңде төленген шығынды реттеу шығыстары;

      МРШРt* - t-1 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті күнгі жағдай бойынша таза МРШР;

      МРШРt** - t-2 дейінгі күні болған және мәлімделген шығын бойынша есепті күні жағдай бойынша таза МРШР;

      МРШРt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша таза МРШР;

      БМШРt-1 – есепті күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша болған, бірақ мәлімделмеген шығынның таза резерві (бұдан әрі – БМШР);

      МРШРt-2 – есепті күннің алдындағы екінші күнгі таза МРШР;

      РПНУt-2 – есепті күннің алдындағы екінші күнгі таза БМШР.

      Осы коэффициентті есептеуді қызметін үш жылдан аз жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізбейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдары және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
3-2-қосымша

      Ескерту. 3-2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нысан

      Ескерту.Қағида 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылды

      "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: RASA_2LI

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ "___" ________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

      Нысан

      _________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

Тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициентінің атауы

Мәні

Стандарттық ауқым

Тәуекелдер

Қысқаша сипаты /ұсынымдар

Стандарттық ауқымнан ауытқулар кезіндегі қысқаша түсіндірме (есепті жыл үшін)

өткен есепті жылға, %-бен

есепті жылға, %-бен

1

2

3

4

5

6

7

К1
"Түзетілген капиталдың өзгеруі"



-10%<K1<50%

операциялық, стратегиялық

K1 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бір жыл ішіндегі қаржылық жағдайының жақсаруын / нашарлауын бағалайды.
К1> 50% операциялық қызметтің тұрақсыздығын, сақтандыру холдингіндегі капитал ағынын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының едәуір өсуін немесе қосылуын/қосуын көрсете алады.
K1 <-10% болғанда, өзгерістерге әсер ететін факторларды анықтау қажет.
Мынадай әсер етуі мүмкін факторлар: а) төленген дивидендтер; б) инвестициялар бойынша іске асырылмаған кіріс немесе залал; в) қайта бағалау нәтижесінде резервтердің өзгеруі; г) танылмаған активтердегі өзгерістер; д) бухгалтерлік есеп қағидаттарының өзгеруі; е) салық салу жүйесіндегі өзгерістер.


К2 "Капиталдың өзгеруі"



-10%<K2<50%

операциялық, стратегиялық

К2 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің нәтижелері бойынша (жарғылық капиталды алу мен толықтыруды ескере отырып, негізгі қызметті нақты бағалау) қаржылық жағдайдың жақсаруын/ нашарлауын бағалайды.
K2 K1-мен бірге қарастырылуы керек. Егер K2 коэффициентінің нәтижесі K1 коэффициентінің нәтижесінен жоғары болса, онда бұл күшті бас ұйымды немесе акционер мен капиталды жеткілікті деңгейде ұстап тұрғысы келетін байланысты тұлғалар тарапынан қолдауды көрсете алады. Осыған байланысты талдау кезінде бас ұйымның, сақтандыру тобының тұрақтылығы, сондай-ақ қосымша капиталды қаржыландыратын активтердің сипатын тексеру ескерілуі тиіс.
Егер қосымша капиталдандыруға қарамастан, K2 теріс мән алса немесе ауқымның төменгі шегінен асып кетсе, онда капиталдың азаю себептері мен артық шығу себептерін төмендеу және үрдіс себептерін анықтау үшін талдау керек.
Егер K2 бірнеше жыл бойына теріс үрдісті көрсетсе, онда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының операциялық қызметінде проблемалар туындауы мүмкін.


К3 "Пайдалылық"



К3>0%

операциялық

K3 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді пайда табу үшін пайдалану мүмкіндігінің бағасын береді.
Пайдалылық деңгейіне әсер етуі мүмкін факторлар: а) өлім мен аурушаңдық деңгейі;
б) инвестициялық кірістің жеткіліктілігі К4;
в) комиссиялық шығыстар деңгейі; г) міндетті резервтік талаптар, қолданыстағы пайыздық мөлшерлемелер және өлім көрсеткіштері.


К4 "Инвестициялық кірістің жеткіліктілігі"



125%<K4<900%

нарықтық,
стратегиялық, сақтандыру резервтері

К4 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша пайыздық талаптарды қанағаттандыру үшін инвестициялық кірістің жеткіліктігін бағалайды.
К4 деңгейіне әсер етуі мүмкін факторлар: а) ұзақ мерзімді келешекте үлкен табыс алуға бағытталған алыпсатарлық инвестициялар, аралық кезеңде аз кірісті қамтамасыз етеді; б) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарына немесе акционердің кәсіпорындарына салған ірі инвестициялар; в) кеңсе үй-жайларын қамтамасыз етуге ірі инвестициялар; г) салық салынбайтын облигацияларға ірі инвестициялар; д) жоғары инвестициялық шығындар.
Егер K4 соңғы екі жыл ішінде стандартты диапазоннан асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жағдайды жақсарту және келешекте нашарлауына жол бермеу үшін шаралар қабылдауы керек.


К5 "Танылмайтын активтердің танылатын активтерге қатынасы"



К5<10%

өтімділік, кредиттік

К5 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған танылмаған активтердің немесе қауіпті активтердің дәрежесін, активтер құрылымының тиімділігін бағалайды.
Талдау кезінде танылмаған активтердің сипатын және активтерді осы санатқа енгізу себептерін анықтау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына танылмаған активтердің әсерін анықтау үшін капиталмен танылмаған активтер сомасын салыстыру ұсынылады.
Талдау кезінде
К8 қайта сақтандыруға берілген сыйлықақылардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сыйлықақыларға қатынасы ескеру ұсынылады.


К6 "Дюрацияның салыстырмалы өзгеруі"



К6>0%

кредиттік, өтімділік,
операциялық

K6 инвестиция мен міндеттеме арасындағы алшақтықты бағалауды ұсынады.
К6>0% инвестицияларды қайтару мен міндеттемелерді орындау мерзімдері арасындағы алшақтықтың азаюын жиынтық портфель бойынша, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда 10 жылдан астам мерзімдері бар инвестициялар мен міндеттемелер бойынша көрсетеді.
К6≤0% инвестицияларды қайтару және міндеттемелерді орындау арасындағы айырмашылықтың өсуін / өзгермеуін жиынтық портфель бойынша, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда 10 жылдан астам өтеу мерзімі бар инвестициялар мен міндеттемелерді орындау бойынша көрсетеді.
Талдау кезінде К10 сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының құрылымының өзгеруін және K11 танылған активтері құрылымының өзгеруін зерттеу қажет.


К7 "Үлестес және (немесе) ерекше байланыстағы тұлғалардың капиталға инвестициялары"



К7<20%

кредиттік, өтімділік,
нарықтық

К7 үлестес және (немесе) байланысты тұлғалардың капиталына салымдарды бағалайды.
К7>20% болған кезде
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициясы және оған үлестес және (немесе) байланысты тұлғалардан тиесілі сома егер үлестес және (немесе) байланысты тұлғаларға салымдар сомасы үлкен болғаны сияқты сақтанушылардың мүдделерін қорғауға сәйкес келетін-келмейтіндігін айқындау қажет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жоғары өтімсіздік немесе төмен кірістілік болуы мүмкін.


К8 "Қайта сақтандыруға берілген сыйлықақылардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сыйлықақыларға қатынасы"



K8<50%

андеррайтинг, қайта сақтандыру

К8 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта сақтандыру қызметін бағалайды.
К8>50% болған кезде шығыс қайта сақтандырудың асып кетуі ықтимал,
статистикалық деректер, қайта сақтандырушыдан өтемақы және оның төлем қабілеттілігі негізінде ықтимал шығысты бағалау арқылы қайта сақтандырудың тиімділігін бағалау қажет.


К9 "Қол қойылған сыйлықақылардың өзгеруі"



-10%<K9<50%

андеррайтинг

К9 менеджменттегі операциялық қызметтің тұрақтылығын/тұрақсыздығын бағалайды.
К9>50% болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақысы көлемінің бірден ұлғаюы, сақтандыру өнімдері түрлерінің өзгеруі, сату жүйесінің өзгеруі, сақтандырушылардың сақтандыру нарығынан кетуі, экономикалық саладағы өзгерістер, заңнамалық өзгерістер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерінің немесе менеджментінің ауысуы және т.б. ықтимал
К9<-10% болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақысы көлемінің бірден азаюы, сақтандыру өнімдері түрлерінің өзгеруі, сату жүйесінің өзгеруі, сақтандыру нарығында жаңа сақтандырушылардың пайда болуы, экономикалық саладағы өзгерістер, заңнамалық өзгерістер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерінің немесе менеджментінің ауысуы және т.б. болуы ықтимал.
Талдау кезінде сақтандыру сыйлықақылары құрылымының К10 сыныптар бойынша өзгеруін және К12 сақтандыру сыйлықақыларына қатысты резервтеудің өзгеруін ескеру ұсынылады.
Бұдан басқа өзгеріске ықпал еткен негізгі салаларды қарастыру қажет, менеджмент бизнес-жоспарын қаржылық орнықтылықты қолдау үшін қажетті ахуалды басқару нұсқауы бойынша бағалау қажет.


К10
"Сақтандыру сыйлықақыларының сыныптар бойынша құрылымының өзгеруі"



К10<5%

андеррайтинг, стратегиялық

К10 экономикалық ортадағы өзгерістерге, жаңа өнімдердің әзірленуіне және т.б. байланысты сату құрылымы мен бағытының өзгеруін бағалайды.
К10>50% болған кезде
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақысы көлемінің бірден ұлғаюы, сақтандыру өнімдері түрлерінің өзгеруі, сату жүйесінің өзгеруі, сақтандыру нарығынан сақтандырушылардың кетуі, экономикалық саладағы өзгерістер, заңнамалық өзгерістер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерінің немесе менеджментінің ауысуы және т.б. ықтимал, бұл сақтандыру сыйлықақыларының құрылымын сыныптар бойынша өзгертуге әкеледі.
К10<-10% болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақысы көлемінің бірден азаюы, сақтандыру өнімдері түрлерінің өзгеруі, сату жүйесінің өзгеруі, сақтандыру нарығында жаңа сақтандырушылардың пайда болуы, экономикалық саладағы өзгерістер, заңнамалық өзгерістер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерінің немесе менеджментінің ауысуы және т.б. ықтимал, бұл сақтандыру сыйлықақыларының құрылымын сыныптар бойынша өзгертуге әкеледі.
Талдау кезінде
К6 дюрацияның салыстырмалы өзгеруін, қол қойылған К9 сыйлықақылардың өзгеруін және К12 сақтандыру сыйлықақыларына қатысты резервтеудің өзгеруін ескеруді ұсынамыз.


К11 "Танылатын активтер құрылымының өзгеруі"



К11<5%

кредиттік, нарықтық, стратегиялық

К11 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялау құрылымы мен бағытының өзгеруін бағалайды.
К11>5% сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық саясаты өзгерістеріне, экономикалық ортадағы өзгерістеріне және т.б. байланысты инвестициялау құрылымы мен бағытының өзгеруін көрсетуі мүмкін.
Талдау кезінде
К6 дюрациясының салыстырмалы өзгеруін ескеру ұсынылады.


К12 "Сақтандыру сыйлықақыларына қатысты резервтеудің өзгеруі"



-20%<K12<20%

сақтандыру резервтері

К12 өткен жылмен салыстырғанда сыйлықақыларға резерв өсуінің өзгерістерін бағалайды.
Ауытқулар экономикалық ортадағы, сату жүйесіндегі өзгерістерге, сақтандыру нарығынан кетуге немесе
сақтандыру нарығында жаңа сақтандырушылардың пайда болуына, заңнамалық өзгерістерге, акционердің/менеджменттің ауысуы нәтижесіне т.б. байланысты
сату құрылымы мен бағытының өзгеруін білдіруі мүмкін.
Талдау кезінде қол қойылған К9 сыйлықақысының өзгеруін, сақтандыру сыйлықақылары құрылымының К10 сыныптар бойынша өзгерістерін ескеру ұсынылады.


      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Стандарттық ауқым шегінен тыс тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттері бойынша түсіндірме

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________


Атауы ________________________________

Мекенжайы ________________________________


Телефоны __________________________________________________________


Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Бірінші басшы немесе оның талдауға қол қоюға уәкілетті тұлғасы

      ____________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефон

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      ____________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефон

      Орындаушы

      ___________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефоны

      20___ жылғы "____" ___________________

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша қызметті жүзеге
асыратын сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
тәуекелдерді бағалау жүйесінің
коэффициенттерін талдау
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау (индекс – RASA_2LI, кезеңділігі – жыл сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жыл сайын толтырады.

      3. Талдаудың 2 және 3-бағандарында алдыңғы есепті жыл және тиісінше есепті жыл коэффициенттерінің мәндері көрсетіледі (пайызбен, үтірден кейін екінші таңбаға дейін).

      4. Нысанға бірінші басшы немесе оның талдауға қол қоюға уәкілетті тұлғасы, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. "Түзетілген капиталдың өзгеруі" К1 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнге меншікті капитал;

– алдыңғы жылмен салыстырғанда жарғылық капиталдың өзгеруі;

– алдыңғы жылмен салыстырғанда қосымша төленген капиталдың өзгеруі;

– алдыңғы есепті күнге меншікті капитал.

      6. "Капиталдың өзгеруі" К2 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кt – есепті күнге меншікті капитал;

      Кt-1 – алдыңғы есепті күнге меншікті капитал.

      7. "Пайдалылық" К3 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ТПt – есепті күнге салықтардан кейінгі жиынтық таза пайда (залал);

      Кt – есепті күнге кірістердің жалпы сомасы.

      8. "Инвестициялық кірістің жеткіліктілігі" К4 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнге инвестициялық қызметтен түсетін нақты кіріс, теңгемен;

– есепті күнге сақтандыру өнімдері бойынша теңгемен салынған инвестициялық кіріс;

– есепті күнге өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві;

– алдыңғы есепті күнге өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар;

– резервтік базис кірістілігінің мөлшерлемесі %-бен.

      9. "Танылмайтын активтердің танылатын активтерге қатынасы" К5 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнге активтердің жалпы сомасы;

– есепті күнге олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескергендегі активтердің (бұдан әрі – СӨА) жалпы сомасы, баланс бойынша сома;

– есепті күнге мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде).

      10. "Дюрацияның салыстырмалы өзгеруі" K6 коэффициенті екі есеп айырысу формуладан және рұқсат етілген мәндерден тұратын K61 және K62 екі бөліктен тұрады. K61 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының портфелі бойынша барлық мерзімге есептеледі, ал K62 10 жылдан астам мерзімге есептеледі. Бұл ретте K6 мәні ең төменгі К61 және К62 мәндерін қабылдайды және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнге инвестицияларды қайтару мерзімі;

– есепті күнге міндеттемелерді орындау мерзімі;

– алдыңғы есепті күнге инвестицияларды қайтару мерзімі;

– алдыңғы есепті күнге міндеттемелерді орындау мерзімі.

      Инвестицияны қайтару мерзімі өтеу күні бар әрбір инвестиция үшін жеке есептелген дюрациялар бойынша орташа өлшенген мәнді табу жолымен есептеледі.

      Міндеттемелерді орындау мерзімі әрбір сақтандыру шарты үшін жеке есептелген міндеттемелерді орындау мерзімдері бойынша орташа алынған мәнді табу жолымен есептеледі.

      10. "Үлестес және (немесе) ерекше байланыстағы тұлғалардың капиталға инвестициялары" К7 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнге үлестес және (немесе) байланысты тұлғалар бойынша дебиторлық берешек;

– есепті күнге үлестес және (немесе) байланысты тұлғаларға инвестициялар;

– есепті күнге меншікті капитал.

      12. "Қайта сақтандыруға берілген сыйлықақылардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сыйлықақыларға қатынасы" К8 коэффициенті сақтандырудың әр сыныбы бойынша есептеледі. Бұл ретте, K8 мәні мынадай формула бойынша есептелетін , арасында ең жоғары мәнді қабылдайды:



      мұндағы:

      ҚССt – i – ші сақтандыру сыныбы бойынша есепті күнге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары;

      ССt – есепті күнге i – ші сақтандыру сыныбы бойынша шығыстарды шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары.

      13. "Қол қойылған сыйлықақыларының өзгеруі" К9 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ССt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары;

      ССt-1 – алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары.

      14. "Сақтандыру сыйлықақыларының сыныптар бойынша құрылымының өзгеруі" К10 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандырудың i- сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақылары;

– есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары;

– алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандырудың i- сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақылары;

– алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары;

– сақтандыру сыныптарының саны.

      15. "Танылатын активтер құрылымының өзгеруі" К11 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– есепті күнгі жағдай бойынша i -ші танылатын активтің сомасы, баланс бойынша сома;

– есепті күнгі жағдай бойынша танылатын активтердің сомасы, баланс бойынша сома;

–алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша i -ші танылатын активтің сомасы, баланс бойынша сома;

– алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша танылатын активтердің сомасы, баланс бойынша сома.

      Танылатын активтер ретінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен белгіленген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерінің 39-тармағына сәйкес СӨА анықтамасына жатқызылатын баланстық құны бойынша активтер қабылданады.

      К11 коэффициентін есептеу үшін танылатын активтердің құрылымы:

      1) ақша;

      2) салымдар;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      5) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары;

      6) шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;

      7) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары;

      8) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      9) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

      10) пайлар;

      11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын исламдық қаржыландыру құралдары;

      12) өзге де активтер.

      16. "Сақтандыру сыйлықақыларына қатысты резервтеудің өзгеруі" К12 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ССt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары;

      ССt-1 – алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары;

      СРt – есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы;

      СРt-1 – алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы;

      СРt-2 – екінші алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы.

      Осы коэффициентті есептеуді үш жылдан аз қызметін жүзеге асырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізбейді.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-сақтандыру(қайта
сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылды

      "өмірді сақтандыру" саласында Қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-таладау

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: GAP-LI1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

      _________________________________________________________

      (сақтандыру ұйымының атауы)

      (мың теңге)


Өтегенге дейінгі мерзім

1 айға дейін

1 айдан
3 айға дейін

3-айдан 6 айға дейін

6 айдан 1 жылға дейін

1жылдан
3 жылға дейін

3- жылдан
5 жылға дейін

5-жылдан
10 жылға дейін

10 жылдан астам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Активтер









1.1

Ақша - барлығы









1.2

Салымдар - барлығы, оның ішінде:









1.2.1

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін: күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде); күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-бас банктері резидент-еншілес банктер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде)









1.2.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан "В+"-ке дейінгі ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ+"-тен "kzВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде)









1.3

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған)









1.4

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.5

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде::









1.5.1

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.5.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, 1.4.1-жолда көрсетілген акцияларды қоспағанда, қазақстан қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.5.3

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"- тен "В+"-ке дейінгі ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzB+"-тан "kzBВ-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.5.4

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, 1.4.1, 1.4.2 және 1.4.3-жолдарда көрсетілген акцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - № 54 Талаптар) сәйкес айналысқа жіберілген акциялар және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.5.5

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитент) басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.5.6

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан "В+"-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzB+"-тен "kzBВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитент) шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.5.7

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, 1.4.5 және 1.4.6-жолдарда көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, № 54 Талаптарға сәйкес қор биржасына айналысқа жіберілген борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.6

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары









1.7

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар









1.8

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:









1.8.1

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;









1.8.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар









1.9

Тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен белгіленген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінің және оларды есептеу әдістемесінің (бұдан әрі - Нормативтер) 39-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары









1.10

Лондон бағалы металдар қауымдастығы (London Bullіon Market Assocіatіon) (Ландон буллиан маркет ассосиэйшн) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондон сапалы жеткізу" стандарты ("London Good Delіvery") ("Ландон гуд деливери") ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер









1.11

Пайлар - барлығы, оның ішінде:









1.11.1

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Нормативтердің 38-бабының 23) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін пайлар









1.11.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Нормативтердің 38-бабының 24) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін пайлар









1.11.3

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары









1.12

Нормативтердің 38-бабының 25), 26) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдары









1.13

Бағалы қағаздардың эмитенттеріне бағалы қағаздардың номиналдық құны бойынша қойылатын, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) аяқталуына байланысты туындаған талаптар









2

Баланс бойынша активтер









3

Сақтандыру сыныптары бойынша міндеттемелер









3.1

Өмірді сақтандыру









3.2

Аннуитеттік сақтандыру









3.3

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру









3.4

Ауырған жағдайдан сақтандыру









4

Гэп көрсеткіші (1-жол - 3-жол)









5

Гэп-тің активтердің пайызымен берілген көрсеткіші (4-жол/2-жол)









6

Кумулятивтік гэп









7

Активтердің пайызымен берілген кумулятивтік гэп (6-жол/2-жол)









      Ескертпе: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

      түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы __________________________________________________________

      Мекенжайы_____________________________________________________

      Телефоны_______________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы Бірінші басшы немесе оның гэп-талдауға

      қол қоюға уәкілетті тұлғасы _____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, телефоны

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      қолы, телефоны Күні 20___ жылғы "_____" ___________________

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Андеррайтинг тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі андеррайтинг тәуекелін тиімді басқару мақсатында:

      1) андеррайтинг жөніндегі саясатты бекітеді;

      2) сюрвейер (болған кезде) және андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі), актуарий, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындысы негізінде, жекелеген сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу туралы немесе міндеттемелер сомасы (сақтандыру сомасы) не сақтандыру төлемінің мөлшері ұйымның сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып активтер сомасының жиырма бес пайызынан асатын сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдайды;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу туралы шешімді сақтандыру делдалы, андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі), басқарма, андеррайтингтік кеңес, директорлар кеңесі қабылдайтын, сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша жауапкершілік (сақтандыру сомалары) лимиттерін кемінде жылына бір рет белгілейді және қайта қарайды;

      4) әрбір сақтандыру түрі бойынша жеке сақтандыру ережелерін бекітеді.

      2. Андеррайтинг жөніндегі саясат мыналарды:

      1) андеррайтингке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

      2) сақтандыру қағидаларын әзірлеу және келісу рәсімдерін;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын (сақтандыру полистерін) ресімдеу рәсімдерін;

      4) сақтандыру делдалының, андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) және андеррайтингтік кеңестің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін;

      5) сақтандыруға өтініш нысандарын (сақтандыру түрлері бойынша) қоса алғанда, андеррайтингті өткізу үшін ақпаратты жинау, өңдеу, және талдау тәртібін;

      6) тәуекелдері бағалауға ықпал ететін факторларды:

      7) андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) және андеррайтингтік кеңестің, сақтандыру тәуекелін қайта сақтандырушымен келісуді қоса алғанда, андеррайтингтік шешімді қабылдау процесін;

      8) сақтандыру делдалымен жасалған шарттардың (агенттік келісімдерге) талаптарына қойылатын талаптарды;

      9) қаржы көрсеткіштерін және статистикалық ақпаратты талдау негізінде қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына түзету коэффициенттерін белгілеу әдістемесін регламенттейді.

      10) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді регламенттейді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Андеррайтингтік кеңес мыналарды:

      1) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде андеррайтингтік шешімдер қабылдауды;

      2) қабылданған тәуекелдердің барабар бағалануына бақылау жүргізуді;

      3) сақтандыруға қабылданатын объекті және тәуекелдер бойынша барабар сақтандыру тарифын қамтамасыз етуді;

      4) сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандырып өтеудің шарттарын белгілеуді;

      5) алынған нетто-сыйлықақылар мен белгілі уақыт ішінде жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері арасындағы оң айырманың өсуін (сақтандыру жағдайлары басталуы өлшемшарттары ықтималдылығын ескере отырып) қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Нетто-сыйлықақы – актуарий актуарлық әдістер негізінде бағалаған, ұйым ұйымның өзге де шығыстарын өтеуді есепке алмай сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша ғана міндеттер қабылдағаны үшін төлеуге жататын ақша сомасы;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына енгізілетін негізгі және қосымша шарттардың тізбесін анықтауды жүзеге асырады.

      4. Басқарма директорлар кеңесі белгілеген лимит шегінде жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша андеррайтенгтік шешім қабылдайды.

      5. Андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) негізгі функцияларына мыналар жатады:

      1) андеррайтинг бөлімшесі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқанға дейін:

      сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығының ұлғаюына елеулі ықпал ететін тәуекелдерді туындататын факторларды сақтандыру жағдайларының түрлеріне және сақтандыру объектілеріне, сондай-ақ сақтандыру тарифтерін есептеген кезде оларды есепке алу мүмкіндігіне қарай анықтауды және есепке алуды;

      қабылданатын тәуекелдерді және олардың ықтимал салдарын жеке бағалауды және талдауды;

      қауіптілік дәрежесі бойынша тәуекелдерді саралауды;

      сақтандырылған объектінің, тәуекелдердің дамуына ықпал ететін және кедергі жасайтын факторлардың жай-күйін және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралардың орындалуын бағалаудың жүзеге асырылуын бақылауды;

      актуариймен бірлесіп бекітілген андеррайтинг жөніндегі саясат және ұйымның ішкі құжаттары негізінде сақтандыру сомаларын белгілеуді, тарифтерді, франшизаларды және басқа есептік көрсеткіштерді есептеуді жүзеге асырады;

      2) андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқаннан кейін:

      жеке сақтандыру түрлерін қоспағанда, сақтандыру объектісінің жағдайына мониторингті және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының (бар болған кезде) орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қамтамасыз етуге қатысады;

      сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің өлшемдері өзгерген жағдайда сақтандыру тарифін қайта есептейді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына өзгерістер енгізу қажеттілігіне қатысты ұсынымдарды әзірлеп, басқармаға немесе функциясына сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау кіретін құрылымдық бөлімшеге ұсынады;

      сақтанушы міндеттемелерді бұзған жағдайда сақтандыру шартын бұзу немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін азайту қажеттілігі туралы қорытындыны әзірлейді;

      3) андеррайтингтік кеңеске ұсынымдар дайындайды;

      4) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде андеррайтингтік шешімдерді қабылдайды;

      5) актуариймен келісім бойынша сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығына елеулі әсер ететін факторлардың болуын (жоқтығын), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сол немесе өзге талаптың болуын (жоқтығын) ескеретін түзету коэффициенттерінің сандық мәндерін белгілейді;

      6) андеррайтинг мәселелері бойынша қызметкерлермен, сақтандыру делдалдарымен тұрақты негізде іс-әрекет жасауды;

      7) андеррайтингтік кеңеске сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге қатысты ұсынымдарды әзірлеуді және ұсынуды жүзеге асырады.

      6. Директорлар кеңесі белгілеген андеррайтерге арналған лимиттен (андеррайтинг бөлімшесі) жоғары жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау туралы андеррайтингтік шешімді қабылдау андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі) берген ұсынымның және тәуекелдерді басқару бөлімінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымы ішкі құжатта андеррайтингтік кеңестің лимитіне дейінгі сомалар үшін ең төменгі және ең жоғары шектерді белгілейді, андеррайтермен (андеррайтинг бөлімшесі) міндетті келісімді көздейді.

      Андеррайтингтік шешімді қабылдау кезінде мынадай талаптар:

      1) сақтандыру портфелінің жай-күйі;

      2) сақтандыру объектісі жатқызылатын сақтандыру түрі бойынша шығындылық коэффициенттері;

      3) сақтандырылушыға және сақтандыру объектісіне байланысты тәуекелдер;

      4) актуарий және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзінің ұстап қалу лимиттерін сақтау;

      5) андеррайтингтік шешімді қабылдауға әсер ететін өзге факторлар ескеріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Андеррайтингтік шешімде мыналар қамтылады:

      1) қабылдау күні және оның нөмірі;

      2) негізінде андеррайтингтік шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының түрі мен талаптары;

      4) сақтанушы туралы ақпарат;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімі;

      6) сақтандыру сыныбына (сыныптарына) тиістілігі;

      7) көмегі арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу көзделетін сақтандыру агенті немесе сақтандыру брокері туралы ақпарат;

      8) андеррайтингтік шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы, олардың лауазымдары көрсетілуге тиіс.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасқан кезде сақтандырылатын тәуекелдерді бағалау қағидаттары:

      1) зиянның кездейсоқтығы (шығыстардың (шығындардың) пайда болу уақытының және шамасының белгісіздігі, шығыстардың пайда болуының мүдделі тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты болмауы);

      2) ықтимал шығынды бағалау (күтілетін шығыс (зиян) сомасы есептеледі, оның негізінде сақтандыру жарналарының мөлшері есептеледі);

      3) шығыстарды (шығындарды) анықтаудың нақтылығы (айқындығы) (шартта ықтимал тәуекелдер, сақтандыру объектілері, сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда күтілетін сақтандыру төлемі сомасының мөлшері нақты айтылады);

      4) сақтандыру тәуекелдерін бөлудің бір-бірінен тәуелді болмауы ескеріледі.

      9. Ұйым мыналарды қамтитын сақтандыру ісін қалыптастырады:

      1) сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыруға қол қойған, оның ішінде сақтанушының сақтандыру талаптарымен танысқаны және оның сақтандыру қағидаларының көшірмесін алғаны (егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты қосылу шарты (сақтандыру полисі) нысанында жасалған болса) туралы мәліметтері сақтандыруға берілген өтініш.

      Сақтанушының (сақтандырылушының) қолының болуы жөніндегі талап электрондық нысанда жасалған шарттарға қолданылмайды;

      2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныптары бойынша жасалған шарттарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша андеррайтингтік шешім (немесе оның көшірмесі);

      3) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) және сюрвейердің андеррайтингтік шешімді қабылдау үшін ұсынған құжаттардың көшірмелері;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты және (немесе) сақтандыру полисі және енгізілген өзгерістер;

      5) жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлікті сақтандыру (қайта сақтандыру) объектісінің жай-күйін мониторингтеу нәтижелері туралы жазбалар.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Электрондық нысанда жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ісі электрондық нысанда қалыптастырылады.

      Сақтандыру ісі қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда сақталады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайта сақтандыру тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі қайта сақтандыру тәуекелін тиімді басқару мақсатында:

      1) қайта сақтандыру саясатын;

      2) шешімдер қабылдауды басқарма, андеррайтингтік кеңес немесе директорлар кеңесі жүзеге асыратын кіріс қайта сақтандыру (осыған сәйкес ұйым қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қабылдайтын қайта сақтандыру шарты) және шығыс қайта сақтандыру (осыған сәйкес ұйым сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қайта сақтандыруға беретін қайта сақтандыру шарты) шарттарының лимиттерін (түрлерін) бекітеді.

      2. Қайта сақтандыру саясаты:

      1) қайта сақтандыруға байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

      2) қайта сақтандыру шарттарын жасау кезінде Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тәртібін;

      3) қайта сақтандыру бойынша контрәріптесті таңдау өлшемшарттарын;

      4) қайта сақтандыру жөніндегі контрәріптестердің іскерлік қатынастар белгілегенге дейінгі (шарт жасасқанға дейінгі) қызметін бағалауды;

      5) қайта сақтандыру жөніндегі контрәріптестермен (қайта сақтандырушылармен) бұдан былайғы іс-әрекет барысында қаржылық жағдайына, оның ішінде олардың рейтингтік көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізу тәртібін;

      6) сақтандыру тәуекелдерінің орнын толтыру үшін пайдаланылатын қайта сақтандыру түрлерін сипаттауды;

      7) қайта сақтандыру арқылы автоматты түрде жабылатын (облигаторлық қайта сақтандыру) немесе қайта сақтандыруға толық немесе ішінара берілетін (белгілі бір үлеспен) (факультативті қайта сақтандыру) тәуекелдер бойынша сақтандыру сомалары (мөлшері) және түрлері бойынша лимиттерді;

      8) бір қайта сақтандырушыдағы қайта сақтандырумен орнын толықтырудың ең жоғары сомасын;

      9) актуарий есептеген сақтандыру портфелі, сыныбы, түрі және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өзінің ұстап қалу лимиттерін қамтиды. Өзінің ұстап қалу лимиттері сақтандыру тәуекеліне және (немесе) сақтандыру жағдайына белгіленуі мүмкін.

      10) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге де мәселелерді қамтиды.

      3. Басқарма жыл сайын қайта сақтандыру саясатының ағымдағы нарықтық жағдайға сәйкес келуін бағалайды және қажет болған жағдайда, оны қайта қарайды. Қайта сақтандыру саясаты андеррайтинг жөніндегі саясат не қайта сақтандырушының мәртебесі өзгерген жағдайда түзетіледі.

      4. Ішкі аудит қызметі төмендегілерді:

      1) қайта сақтандыру шарттарын;

      2) тиісті қайта сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету жүйесін;

      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде қайта сақтандырушыдан төлем алуды аудиторлық тексеруді жүзеге асырады.

      5. Қайта сақтандыру бөлімшесі қайта сақтандыру саясатын іске асыруға байланысты барлық қабылданатын шешімдерді құжат түрінде ресімдейді.

      6. Қайта сақтандыру бөлімшесі ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы негізде бұдан әрі беру үшін:

      1) қайта сақтандыру бойынша тәуекел туындататын факторларды (оның ішінде аймақтық, нарықтық, саяси, экономикалық жағдайлар);

      2) қайта сақтандыру жөніндегі әрбір контрәріптестің (қайта сақтандырушының) кредиттік рейтингіне, сондай-ақ кредиттік рейтинг өзгеруінің уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті нормалары мен лимиттердің есептелуіне ықпалына мониторинг жүргізуді бағалау, өлшеу және талдау нәтижелері туралы есеп береді.

      7. Қайта сақтандыру бөлімшесі мынадай:

      1) қайта сақтандырушының атауы;

      2) қайта сақтандырушының қаржылық орнықтылығының рейтингісі;

      3) қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік үлесі;

      4) қайта сақтандырушы андеррайтерінің, сақтандыру брокерінің (қайта сақтандыру шартын жасауға жауапты тұлғаның) байланыс деректері;

      5) тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдаған (тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдау бойынша шешім қабылдаған) жауапты тұлға туралы ақпарат бар қайта сақтандырушылардың тізілімін жүргізеді.

      8. Қайта сақтандыру бөлімшесі жыл сайын қайта сақтандыру шарты жасалған не жасалуы жоспарланып отырған әрбір қайта сақтандырушының қаржылық орнықтылығын талдауды (резидент - қайта сақтандырушылар үшін активтерді, сақтандыру резервтерін, міндеттемелерді өтеу үшін меншікті капитал жеткіліктілігін, шығыстар мен кірістерді, ақша қаражатының қозғалысын талдауды қоса алғанда, бейрезидент қайта сақтандырушылар үшін қаржылық орнықтылықты талдау қолжетімді ақпарат негізінде жүзеге асырылады) соңғы аяқталған 3 (үш) қаржы жылының қаржылық есептілігі (резидент - қайта сақтандырушылар үшін) негізінде жүзеге асырады.

      9. Қайта сақтандыру бөлімшесі:

      қайта сақтандырушының заңды тұлға ретінде тіркелуін;

      тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша лицензия не қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, қайта сақтандыру қызметін жүзге асыруға тиісті мемлекеттің тиісті уәкілетті органының лицензиясының не рұқсатының болуын;

      андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) не қайта сақтандырушының өзге қызметкерінің қайта сақтандырушының атынан қайта сақтандыру шартын жасасуға өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін жинауды және сақтауды жүзеге асырады.

      10. Сақтандыру брокерінің қызметін пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта сақтандыру ковернотасының сақталуын және ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады.

      11. Қайта сақтандыру бөлімшесі қайта сақтандыру саясатын түзету мақсатында тоқсанына бір реттен кем емес талдауды жүргізеді және активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне және тәуекелдерді басқару бөлімшесіне:

      қайта сақтандыру шарттары жасалған қайта сақтандырушылардың қаржылық жағдайының талдауын;

      қайта сақтандырушыдан соңғы 5 (бес) жылда алынған төлемдерді талдауды және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандырудың мақсатқа сәйкестігін бағалауды;

      актуарий белгілеген өзінің ұстап қалу лимиттерінің барабарлығын талдауды ұсынады.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сақтандыру төлемдері тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі сақтандыру төлемдері тәуекелдерін басқару шеңберінде олар бойынша шешім қабылдау директорлар кеңесінің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, басқарманың, төлемдер бөлімшесінің, сондай-ақ ұйымдар филиалдарының құзыретіне жататын сақтандыру төлемдерінің лимиттерін бекітеді.

      2. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процесін қамтамасыз ету мақсатында ұйым сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама алған сәттен бастап дереу сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      1) нұсқаулықтармен және сақтандыру шартының және ұйымның талаптарын қалай орындау туралы басқа ақпаратпен бірге, сақтандыру түрі бойынша сақтандыру жағдайы басталғаны туралы өтініштің тиісті нысанын;

      2) құжаттарды дайындау үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін құжаттар тізімін ұсынады.

      3. Басқарма сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімшеге және (немесе) сақтандыру делдалына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Егер сақтандыру делдалының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) құжаттарды алу мүмкіндігі болса, онымен жасалған тапсырма шартында ұйымға құжаттарды жіберу мерзімдері белгіленеді.

      4. Ұйым сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттарды алғаннан кейін өтініш берушіге қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген анықтама береді.

      5. Егер сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген мерзімде қабылданбайтын болса, ұйым сақтанушыны (сақтандырылушыны, пайда алушыны) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың мерзімін созу себебін қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып хабардар етеді, бұл ретте басқарма сақтандыру төлемін сақтандыру шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттеу саласындағы заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Егер оқиға сақтандыру жағдайы деп танылмаса, ұйым сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша сақтандыру төлемін жүргізуден дәлелді жазбаша бас тарту жібереді.

      6. Сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлама тіркелгеннен кейін сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған сақтандыру ісін электрондық не қағаз түрінде қалыптастырады, оған мынадай мәліметтер мен құжаттар кіреді:

      1) істің ашылған күні;

      2) ұйымда тіркелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілген өтініш;

      3) сақтандыру шарты (полисі);

      4) мүдделі бөлімшелер қарайтын мерзімдерді қоса алғанда, өтінішті қарау процесі туралы қысқаша есеп;

      5) сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға) болған күн;

      6) сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға) туралы хабар берілген күн;

      7) шығынның сипаттамасы;

      8) өтініш берушілер туралы ақпарат;

      9) егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе, бағалау жасалған күні;

      10) егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе, бағалаушы, аджастер, тәуелсіз сарапшы есебінің көшірмесі;

      11) егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе, бағалаушының, аджастердің, тәуелсіз сарапшының қысқаша деректері;

      12) шығынның бағаланған құны;

      13) сақтандыру төлемінің күні мен сомасы;

      14) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту күні;

      15) сақтандыру ісінің аяқталған күні;

      16) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтандыру жағдайларын сыныптар, сақтандыру түрлері, сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) бойынша талдау жүргізеді және оны тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ұйымның тәуекелдер картасын анықтау үшін тоқсан сайын ұсынады.

      8. Белгілі бір жасқа дейін өмір сүруіне байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімді белгіленген лимиттерге сәйкес тәуекелдерді басқару бөлімшесімен және комплаенс-бақылаушымен келісілген соң активтерді және пассивтерді басқару кеңесі және басқарма қабылдайды.

      9. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын:

      1) табиғи және техногендік апаттардың басталу сценарийлері кіретін модельдерді пайдалануды көздейтін апаттық тәуекелдерді өлшейді және болжайды;

      2) сақтандыру портфелін апаттық оқиғаларға қарсы тұру қабілеттілігіне қатысты бағалайды.

      10. Апаттық тәуекелдер туралы есеп директорлар кеңесінің және басқарманың қарауына беріледі.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігін тиімді басқару мақсатында:

      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясатын;

      2) сақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді бекітеді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Басқарма сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігін тиімді басқару мақсатында:

      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясатын әзірлеу және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді;

      2) барабар сақтандыру резервтерін қалыптастыру үшін қажетті статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді әзірлеу және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді;

      3) сақтандыру резервтерінің уақтылы қалыптастырылуын бақылауды;

      4) ұйымның штатында біліктілігі жеткілікті деңгейдегі актуарийдің болуын қамтамасыз етуді;

      5) зияндарды есепке алу журналын жүргізу тәртібін және мазмұнын анықтауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясаты:

      1) шығындар резервін есептеу әдістемесін (мәлімделген, бірақ реттелмеген зияндар және болған, бірақ мәлімделмеген зияндар);

      2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін (жалпы сақтандыру бойынша) және болмаған зияндар резервін (өмірді сақтандыру бойынша) есептеу әдістемесін;

      3) қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің барабарлығына тестілеу өткізуді;

      4) сақтандыру резервтерін есептеу кезеңділігі мен мерзімдерін;

      5) сақтандыру резервтерін есептеуге жауапты құрылымдық бөлімшені және (немесе) тұлғаны көрсетуді қамтиды.

      4. Ішкі аудит қызметі мынадай іс-шараларды қамтитын сақтандыру резервтерін қалыптастыруды ішкі бақылау және ішкі аудитін жүргізу қағидаларын әзірлейді және директорлар кеңесіне бекітуге ұсынады:

      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру кезінде қолдаланылатын статистикалық ақпараттың шынайлығын тексеру;

      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген зияндар резервін барабар қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін зияндарды есепке алу журналын тексеру;

      3) сақтандыру төлемі жүзеге асырылмаған не толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайларының мониторингі;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары тізілімін онда барлық жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының болуына жүйелі тексеру;

      5) сақтандыру агенттерінің жасалған сақтандыру шарттары туралы уақтылы хабардар етуді бақылау.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Актуарий:

      1) сақтандыру резервтерін уақтылы және барабар есептеуді;

      2) сақтандыру резервтерін есептегенде шынайы және объективті статистикалық ақпаратты қолдануын;"

      3) сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қаржылық және өзге де көрсеткіштердің барабар және экономикалық тұрғыдан негізделген болжамын;

      4) шынайы өлім-жітім кестесін пайдалануды;

      5) сақтанушыларды тарту үшін төмендетілген сақтандыру тарифтері бойынша жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің барабар есебін;

      6) сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру резервтерінің барабарлығына тест жүргізуді;

      7) сақтандыру резервтерін есептеу бойынша біліктілік пен дағдыларды арттыруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Актуарий тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ай сайын есептеу кезінде қолданылған әдістемелер мен көрсеткіштердің сипаттамасын, ұйымның тәуекелдер картасын қалыптастыру үшін сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігі туралы актуарийдің кәсіби пікірінен тұратын сақтандыру резервтері туралы есеп ұсынады.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі инвестициялық тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында:

      1) инвестициялық саясатты бекітеді;

      2) сақтандыру резервтерін өтейтін активтерді дербес орналастыру не активтерді ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына беру туралы шешім қабылдайды;

      3) инвестициялық пай қорының қағидаларын, сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясын және активтердің ағымдағы құнын айқындау әдістемесін бекітеді;

      4) инвестициялық пай қорының қағидаларын, ұйыммен келісім бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясын және активтердің ағымдағы құнын айқындау әдістемесін келіседі;

      5) ұйым бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде инвестициялық комитет құрады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Басқарма инвестициялық тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында:

      1) қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында бағалардың күрт құбылуына байланысты ("stop-loss" лимиттері) шектен тыс шығыстарға жол бермеу бойынша шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ оларға қол жеткізгеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының төмендеу ықтималдығы артатын ("take-profit" лимиттері) қаржы құралдары бойынша бағалар мен кірістіліктердің өлшемдік деңгейлерін анықтайды. "Stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарығы бар қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін активтерді және пассивтерді басқару кеңесі белгілейтін өзге қаржы құралдары үшін белгіленеді;

      2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен серпініне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және зияндардың барынша рұқсат етілген мөлшерін қайта қарауға бастама жасайды;

      3) инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық және валюталық тәуекеліне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және оны активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынады.

      3. Активтер инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына берілетін жағдайда, басқарма инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған шартта:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының ұйымның инвестициялық саясатын мүлтіксіз орындауы;

      2) тәуекелдерді мониторингтеу, оның ішінде стресс-тестілеу жүргізу үшін тиімді түрде ақпарат алмасу;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару, қасақана іс-әрекеттер нәтижесінде ұйымға зиян келтіргені үшін жауапкершілік алу жөніндегі талаптардың көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Инвестициялық саясатты активтерді және пассивтерді басқару бөлімшесі қайтарымдылық, әртараптандыру, табыстылық, өтімділік қағидаттарын ескерумен әзірледі.

      Қайтарымдылық қағидаты ықтимал залалдарды төмендету не алдын алу мақсатында активтерді орналастыру бойынша тәуекелдерді тиімді бағалауды білдіреді.

      Салымдарды әртараптандыру қағидаты инвестициялық портфельдің барынша орнықтылығына қол жеткізу, қандай да бір қаржы құралдарының артықшылығын, активтердің өңірлік, салалық және өзге де шоғырлануына жол бермеу мақсатында инвестициялық тәуекелдерді бөлу болып табылады.

      Табыстылық қағидаты капитал салымдары нарығындағы жағдайды ескерумен, қалған қағидаттарды қамтамасыз ету кезінде инвестициялардың рентабельділігін барынша жоғарылату, сондай-ақ барлық инвестициялау уақыты ішінде салынған қаражаттың нақты құнын сақтап қалуға, активтерді қысқа мерзім ішінде сатуға мүмкіндік беретін сақтандыру резервтерінің қаражатын басқару кезіндегі жоғары рентабельділігі болып табылады.

      Өтімділік қағидаты ұйымның міндеттемелерін оларды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде қысқа мерзімде іске асырылатын қаржы құралдарымен қамтамасыз етуді ұйғарады.

      5. Инвестициялық саясат:

      1) активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегияларын;

      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесін;

      3) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, активтерді инвестициялау лимиттері мен ашық валюталық позицияның мөлшерлерін;

      4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулерді;

      5) хеджирлеу құралдарының тізбесі мен сипаттамасын көрсетумен активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын;

      6) инвестициялық қызметпен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

      7) инвестициялық портфель бойынша зияндардың жиынтық ең жоғары рұқсат етілген мөлшерін;

      8) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша басқа мәселелерді регламенттейді.

      6. Инвестициялық саясатта көзделген активтерді инвестициялау лимиттеріне:

      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;

      2) белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері ("елдің лимиті");

      3) ашық валюталық позициялар бойынша лимиттер және валюталық нетто-позиция лимиті;

      4) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;

      5) қаржы құралдарына арналған "stop-loss" лимиттері;

      6) қаржы құралдарына арналған "take-profit" лимиттері кіреді.

      7. Инвестициялық комитет сақтанушылардың активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешім қабылдайды.

      Инвестициялық комитеттің функциялары қажеттілігіне қарай активтер мен пассивтерді басқару кеңесіне беріледі.

      8. Инвестициялық саясатты түзету мақсатында тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет:

      1) қалыптасудағы геосаяси жағдайға, инвестициялау валютасына, экономиканың секторына байланысты инвестициялау нарықтарының тартымдылығы дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау;

      2) эмиттенттің қаржылық жай-күйінің, оның активтерінің әрі қарай өсу әлеуетінің, қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетінің, аталған эмиттенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерінің талдауын қоса алғанда, эмитенттерді және ол шығарған (ұсынған) қаржы құралдарының талдауы;

      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру серпіні туралы мәліметтерді, зиянды позициялар мен портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсынымдар кіретін инвестициялық портфельдің талдауы;

      4) келесі күнтізбелік (12) он екі айға сақтандыру сыйлықақылары түсуінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың, сондай-ақ ұйымның міндеттемелерінің құрылымын олардың басталу мерзімдері бойынша болжамдық талдау;

      5) өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруі, оның ішінде міндеттемелерді өтеу үшін қажетті өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі ескерілген қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттердің шолуын қамтитын гэп-талдау жүргізіп, активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынады.

      Жүргізілген талдаулардың негізінде ұйымның құрылымдық бөлімшелері аталған ұсынымдарды беру үшін негіз болып табылған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.

      Ұсынымдар:

      корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты әзірлеу, сондай-ақ аталған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      инвестициялау лимиттерін анықтау және қайта қарау;

      зияндардың барынша рұқсат етілетін мөлшерін анықтау және қайта қарау;

      инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ұсынылады.

      9. Ұйымның активтерін дербес орналастырған жағдайда инвестициялау инвестициялар бөлімшесінің және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындыларын ескерумен, активтерді және пассивтерді басқару кеңесі қабылдайтын инвестициялық шешімдердің негізінде жүзеге асырылады.

      10. Инвестициялар бойынша бөлімшенің қорытындысы мынадай ақпаратты:

      1) жасауға ұсынылатын мәмілені (операцияны) жасау мақсатын;

      2) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар аралығын, кірістілік деңгейі мен басқа сипаттамаларын (талаптары) көрсетумен аталған құралдың сипаттамасын қамтиды.

      11. Тәуекелдерді басқару бойынша бөлімшенің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) жасалатын мәміленің (операцияның) активтер бойынша кірістердің болжамды өзгеруіне ықпалын;

      2) аталған қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдерді;

      3) жасалатын мәміленің (операцияның) пруденциялық нормативтер мәндерінің және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің өзгеруіне ықпалын;

      4) ұсынылатын инвестициялық шешімнің болжамды нұсқаларын.

      12. Инвестициялық шешім:

      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;

      2) жасалуы тиіс мәміленің (операцияның) түрін;

      3) ол бойынша мәміле (операция) жасалуы тиіс қаржы құралының сәйкестендіргішін;

      4) жасалуы тиіс мәміленің (операцияның) көлемін, бағасын және сомасын (көлемінің, бағасының және сомасының аралығы);

      5) мәмілені (операцияны) жасау мерзімдерін;

      6) онда мәміленің жасалуы көзделген нарықтың түрін көрсетуді (бастапқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);

      7) оның көмегімен мәміле (операция) жасалуы ұйғарылатын делдалдың (брокердің) атауы (бар болса);

      8) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуын көрсетуді;

      9) инвестициялық шешімді қабылдаған активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің мүшелерінің қолдарын қамтиды.

      13. Хеджирлеу құралдарымен мәміле (операция) жасауға арналған инвестициялық шешім мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;

      2) жасалуы тиіс мәміленің (операцияның) түрін;

      3) хеджирлеу құралының түрін, оны жасау мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақының), онда хеджирлеу операциясын жасау жоспарланатын нарықты және аталған құралдың басқа сипаттамаларын (талаптары) көрсетумен оның толық сипаттамасы;

      4) аталған хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелерді;

      5) хеджирлеу объектісінің (базистік активінің) тәуекелін бағалау, онда оның түрі (пайыздық, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдісі көрсетіледі;

      6) хеджирлеу объектісін, онда қажетті деректемелері (қаржы құралының сәйкестендіргіші, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетіледі;

      7) аталған мәмілені (операцияны) жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал зияндардың (кірісті толық алмау) мөлшерін төмендетуге әкелетінін растайтын есепті;

      8) оның көмегімен мәмілені (операцияны) жасау көзделетін делдалдың (брокердің) атауы (ол бар болған жағдайда);

      9) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуы туралы нұсқауы;

      10) инвестициялық шешімді қабылдаған активтерді және пассивтерді басқару кеңесі мүшелерінің қолдарын қамтиды.

      14. Сақтанушылардың активтерін инвестициялау шеңберінде хеджирлеу құралдарымен мәмілелер (операциялар) жасау үшін инвестициялық шешімде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) трейдерге белгіленген сома шегінде сауда операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі берілген жағдайда трейдерге ашық позиция лимиті;

      2) оның активтері есебінен мәміле (операция) жасау ұйғарылған клиент туралы мәліметтер, не инвестициялық шешім меншікті активтерге қатысты қабылданатынын көрсету.

      15. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық пай қоры қағидаларының, ұйыммен келісім бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зияндар) есебінен инвестициялық портфельді басқарушы құрған (қалыптастырған) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясының талаптарын бұзған жағдайда, ұйымның тәуелдерді басқаруға жауапты бөлімшесі бұзушылық күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мұндай бұзушылықтың орын алуы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар ұйым:

      1) инвестициялық портфельді басқару (қаржы құралдарымен мәмілелер (операциялар) жасау, жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша есептеулерді жүзеге асыру, инвестициялау лимиттерін бақылау, есепке алу журналын жүргізу);

      2) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақпарат жинау;

      3) тәуекелдерді нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігімен қамтамасыз ете отырып, инвестициялық портфель ұшырауға бейім тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандырады.

      17. Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі нақты жүйелі проблемаларды есепке алуды жүргізеді, оларды ескерумен проблемалардың қайталануын болдырмау мақсатында мынадай іс-шараларды өткізу арқылы қауіпсіздік шараларын әзірлеу бойынша дереу шаралар қолданылады:

      1) техникалық проблемалар парағын толтыру және олар бойынша есептілік жүргізу;

      2) проблемалардың орын алу себебін қадағалау, ақпараттық жүйені әзірлеушіге олар жөнінде хабарлау және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдау;

      3) тоқсанына кемінде бір рет автоматтандырылған дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тексеру жүргізу;

      4) автоматтандырылған дерекқорды басқару терминалдарының мониторингін және пайдаланушыларды сәйкестендіруді жүзеге асыру, оның ішінде олардың түрлері мен көлемдерін, олар жүргізген операциялардың пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігі пәніне бақылау.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқару мақсатында:

      1) операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты бекітеді;

      2) ұйымның операциялық, ілеспе тәуекелдерін тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторингін және бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын және оған барлық өзгерістерін бекітеді.

      2. Операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатта мыналар қамтылады, бірақ олармен шектеліп қалмайды:

      1) операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқарудың мақсаты мен міндеттері;

      2) операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді басқарудың негізгі қағидаттары;

      3) операциялық тәуекелдердің, ілеспе тәуекелдердің негізгі түрлерін жіктеу;

      4) ұйымның операциялық тәуекелінің, ілеспе тәуекелінің рұқсат етілген деңгейі;

      5) операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингін және бақылау тәртібі мен рәсімдерін белгілеу;

      6) операциялық тәуекелдерді, ілеспе тәуекелдерді басқаруда кемшіліктер анықталған және (немесе) ұйымның операциялық тәуекелге, ілеспе тәуекелге ұшырау деңгейіне әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайларда ішкі құжаттар мен рәсімдерге өзгерістер енгізу бойынша талаптар.

      3. Алқалық органдар және (немесе) басқарма:

      операциялық тәуекелдерді, ілеспе тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты және төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын әзірлеуге;

      ұйымның және оның қызметкерлерінің операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді басқару жөніндегі саясатты сақтауын бақылауға және мониторингіне жауап береді.

      4. Төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарына мыналар кіреді:

      ұйым қызметінің ауқымына және күрделілігіне қарай, ұйым ұшыраған ықтимал сценарийлердің түрлері;

      құрылымдық бөлімшелердің жауапкершілігі және олардың төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттерінің сипаттамасы;

      қағаздағы және электронды құжаттаманың резервтік көшірмелерінің болуын қоса алғанда сақтандыру қызметін қалпына келтіруге (жаңартуға) мүмкіндік беретін тетіктері.

      5. Басқарма операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару мақсатында:

      1) жыл сайын Ұйымның ағымдағы қызметінің және оның корпоративтік стратегиясының сәйкес келуін ескеріп, төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын қайта қарайды;

      2) конфиденциалды ақпараттың жайылып кетуін және:

      рұқсат берілуі шектеулі ақпараттық деректердің тізбесін;

      рұқсатты алу тәртібін;

      ақпараттық деректерге рұқсатты бақылау тәртібін;

      ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін көздейтін ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау рәсімдерін бекітеді.

      3) жабдықтарға инспекциялар жүргізу мен жұмыс туралы есептерді тексеру қоса қамтылған іркілістерді болдырмау рәсімдерін бекітеді.

      Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының құзыретіне жатады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ішкі аудит қызметі операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді басқаруға бағалау жүргізеді және жыл сайын директорлар кеңесіне операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелдерді басқаруға, оның ішінде ұйым қызметін автоматтандыруға және құжаттандыруға, құжаттаманы басқаруға және құжаттарды сақтауға қойылатын талаптардың орындалғаны туралы есеп береді.

      7. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

      1) топ тәуекелін басқару мақсатында жыл сайын:

      акционерлердің және (немесе) негізгі ұйымның ұйымды қосымша капиталдандыру қажеттілігі туралы;

      ұйым қызметінің үлестес тұлғалардың қызметіне ықпал етуі және байланысты болуы туралы;

      топ қатысушысы банкроттығының (мәжбүрлеп таратылуының) ұйымның қаржылық жай-күйіне және төлем қабілеттілігіне әсері туралы;

      ұйым активтерінің топ ішінде шоғырлануы туралы есепті талдайды және директорлар кеңесіне ұсынады.

      2) жүйелі тәуекелді басқару мақсатында жыл сайын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратудың, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа филиалын мәжбүрлеп таратудың беделіне, сақтандыру өнімдеріне деген сұранысқа, ұйымның сақтандыру қызметін іске асыру арналарына ықпалы туралы есепті талдайды және директорлар кеңесіне ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанда бір реттен кем емес:

      1) автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді;

      2) басқармаға техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпарат береді.

  Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:

      1) ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқаруға жалпы бақылауды жүзеге асырады;

      2) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатты бекітеді;

      3) комплаенс-тәуекелді басқаруды ұйымдастыруға және үйлестіруге жауапты комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындайды;

      4) жылына бір реттен сирек емес ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігін бағалайды;

      5) комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелерін тиімді және шұғыл шешуді қамтамасыз етуді қоса алғанда комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

      2. Ұйымның комплаенс-тәуекелдерін басқару жөніндегі саясатты комплаенс -бақылаушы әзірлейді және онда мыналар белгіленеді:

      1) комплаенс-тәуекелді басқарудың мақсаты мен міндеттері;

      2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде ұйымда комплаенс-мәдениетін (ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, ұйым қызметіне ықпалын тигізетін шет мемлекеттер заңнамасының және ұйым қызметін реттейтін ішкі құжаттардың талаптарын сақтау мәдениетін) қалыптастыру қағидаттары;

      3) комплаенс-тәуекелді басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне, басқа қылмыстық істерге ұйымды қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдерін басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;

      5) комплаенс- бақылаушының өкілеттіктері және жауапкершілігі;

      6) комплаенс-тәуекелді басқару шеңберінде құрылымдық бөлімшелер арасында өзара әрекеттесу және ақпарат алмасу тәртібі.

      3. Басқарма комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:

      1) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты қабылдауды және қызметкерлерге жіберуді;

      2) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты сақтауды; және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілікті беруді;

      3) ұйым қызметкерлері үшін комплаенс-тәуекелдерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді;

      4) комплаенс-тәуекелге әкелетін бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті түзету немесе тәртіптік шаралар қабылдауды;

      5) міндетті ішкі бақылауға жататын операцияларды және күмәнді операцияларды уақтылы автоматандырылған түрде анықтау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіруді;

      6) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілетін өтініштің нысанында ұйымға жалған мәліметтерді беру салдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында, ұйымның жарғысында, сақтандыру қағидаларында көзделген сілтеменің болуын.

      7) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше қызметкерлерін, алаяқтық индикаторлары мен белгілері бойынша оқытуды;

      8) шағым талаптарды уақтылы реттеу бойынша қызметін қадағалауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер базасын жүргізе отырып, шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібін бекітуді қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органына қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Комплаенс-бақылаушы:

      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес комплаенс-тәуекелдерді бақылау бойынша және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша комплаенс шараларды әзірлейді;

      2) өзінің бастамасы бойынша кез келген қызметкермен байланыс жасайды және құжаттарға және мұрағатқа рұқсат алады;

      3) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатты ықтимал бұзушылықтарға тергеу жүргізеді және кеңес алу үшін ұйым қызметкерлеріне өтініш білдіреді;

      4) бекітілген корпоративтік стратегияға және комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатқа сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың артықшылықтарын белгілейді;

      5) сәйкес келмеу себептерін анықтай отырып, ішкі және сыртқы реттеуші құжаттарға, оның ішінде корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келуіне байланысты комплаенс-функцияларын және комплаенс-тәуекелдерді жүйелі бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;

      6) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне анықталған кемшіліктері, жөнсіздіктері, бұзушылықтары туралы ақпарат қамтылған комплаенс-тәуекелдерге немесе бұзушылықтарға және оларды жоюдың ықтимал жолдарына жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы есепті, сондай-ақ комплаенс-бақылауды жүзеге асыруды және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру бойынша ұсынымдарды береді;

      7) сыртқы және ішкі дереккөздерден алынған ресми емес ақпаратқа мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда қызметтік тергеуді ұйымдастырады;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 198 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандару (қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 8 жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 11-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 қарашада жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған).