Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17462 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _____________________ Н. Айдапкелов

      2018 жыл 5 кыркүйук

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 198 қаулысымен
бекітілді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - ұйым) үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) андеррайтинг – актуарий белгілеген шектерде сақтандыру өтемін, сақтандыру талаптарын, франшизаның және сақтандыру тарифінің деңгейін анықтау мақсатымен сақтандыру тәуекелдерін бағалау негізінде мәлімделген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;

      2) басқару есептілігі – ішкі бақылау және ұйымның қызметін бағалау құралы;

      3) гэп-талдау – ұйымның сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерістеріне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;

      4) лимиттеу – қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, ұйымның мәмілелеріне (операцияларына) шектеулерді белгілеу.

      Лимиттеу кезінде мынадай параметрлер анықталады:

      лимит белгіленетін көрсеткіш;

      лимит белгіленетін көрсеткішті есептеу әдісі;

      көрсеткіштің шекті (барынша жоғары, барынша төмен) мәні;

      5) мүдделер қақтығысы – ұйымның лауазымды тұлғаларының және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүддесі мен олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе ұйымның және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің ұйым және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарлар туындатуы мүмкін мүліктік және өзге де мүдделері арасында қайшылықтар туындататын ахуал;

      6) саясат – ұйымның тиімді жұмыс істеуін және оның қызметінің стратегияға және тәуекелдің жол берілетін деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін қажетті өлшемшарттарды, өлшемдерді, тәсілдерді, қағидаттарды, стандарттарды, рәсімдер мен тетіктерді айқындайтын саясатты және (немесе) өзге де ішкі құжаттарды қамтитын ішкі құжаттардың жиынтығы;

      7) стресс-тестинг – ұйымның қаржылық жағдайына айырықша, бірақ ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

      8) тәуекел – ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу сенімсіздігін немесе мүмкін еместігін туындататын жағдаяттардың пайда болу, шығыстардың (шығындардың) туындау ықтималдығы;

      9) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелдерді және олардың ұйымның мақсаттарына жетуге әсер ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл ұйым шегінде жүзеге асырылатын, ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы белгілеген тұрақты құрылымдалған процесс;

      10) тәуекел картасы – бір "ось" бойынша тәуекелдің ықпал ету күші немесе маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған ұйым тәуекелдерінің графикалық және мәтіндік сипаттамасы;

      11) тәуекел лимиті – қабылданатын тәуекелді сандық не сапалық шектеу құралы;

      12) тәуекелді сәйкестендіру – тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және сипаттау процесі;

      13) тәуекелді өлшеу – оқиғаның басталу салдары мен ықтималдығын математикалық жолмен ықтималдық теориясын және статистикалық деректер негізінде үлкен сандар заңын қолдана отырып бағалау арқылы жүзеге асырылатын тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті шығыстар (шығындар) мөлшерін анықтау;

      14) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      15) ішкі аудит – ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына, ішкі құжаттарға, ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес келу дәрежесін одан әрі көрсету мақсатында қаржылық есептілікті, сондай-ақ ұйым қызметін сандық және сапалық жағынан бағалауға келетін басқа деректер мен ақпаратты бағалайтын басқарушылық бақылаудың ажырамас элементі;

      16) ішкі бақылау – бұл ұйымның директорлар кеңесі, алқалы органдары, басқармасы, қызметкерлері жүзеге асыратын, мынадай санаттар бойынша мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:

      қызметінің тиімділігі;

      қаржылық есептіліктің және өзге де басқарушылық есептіліктің сенімділігі, толықтығы мен уақтылығы;

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау;

      17) ішкі бақылау жүйесі – мыналарды қамтамасыз ететін бақылау рәсімдерінің, іс-шаралар мен әдістемелердің жиынтығы:

      ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиісінше және тиімді жүргізу;

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау;

      жауапкершілікті тиімді бөлу;

      ұйым қызметкерлерінің ішкі құжаттардың талаптарын уақтылы және тиісінше орындауы;

      мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      алаяқтық фактілерін және басқарушылық қателердің алдын алу және анықтау;

      қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық есептілікті дайындау уақтылығы, шынайылығы мен толықтығы.

2-тарау. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Ұйымның тәуекелдері мынадай болып жіктеледі:

      1) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер:

      андеррайтинг тәуекелі – сақтандыруға қабылданатын тәуекелдерді бұрыс (қате) бағалау тәуекелі;

      сақтандыру резервтерінің тәуекелі – жеткіліксіз (барабар емес) сақтандыру резервтерін құру тәуекелі;

      сақтандыру төлемдерінің тәуекелі – сақтандыру төлемдерін дұрыс, уақтылы жүзеге асырмауға байланысты тәуекел;

      апатты тәуекел – елеулі мөлшердегі бір оқиға әдеттегіден жоғары сақтандыру төлемдеріне әкеліп соқтыратын тәуекел;

      қайта сақтандыру тәуекелі – жеткіліксіз қайта сақтандыру өтемінің немесе қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша төлемді жүзеге асыруға қабілетсіздігі тәуекелі;

      2) инвестициялық тәуекелдер – қайта сақтандыру және инвестициялық қызмет барысында пайда болатын тәуекелдер.

      Инвестициялық тәуекелдерге мыналар жатады:

      кредиттік тәуекел – дебиторлардың дәрменсіздігі, ұйымның инвестициялық портфеліндегі облигациялар эмитенттерінің кредиттік рейтингтерінің өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

      өтімділік тәуекелі – ұйымның өз міндеттемелерін өтеу үшін активтерін тез арада сату мүмкіндігінің болмауына байланысты тәуекел;

      нарықтық тәуекел – қаржы құралдарының нарықтық құнының, пайыздық мөлшерлемелерінің, шетел валюталары бағамдарының, бағалы металдар құнының өзгеруі салдарынан қаржы нарықтарының жағымсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (шығындардың) ықтималдығы.

      Нарықтық тәуекелге мыналар жатады:

      валюта тәуекелі – шетелдік валюта бағамдарының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;

      баға тәуекелі – нарықтық факторлардың ықпалымен қаржы құралдарының және туынды қаржы құралдарының нарықтық бағаларының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

      пайыздық тәуекел – ұйымның активтері, пассивтері бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің жағымсыз өзгеруі салдарынан қаржы шығыстарының (шығындарының) пайда болу тәуекелі;

      3) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру барысында басшы және басқа қызметкерлер тарапынан болған кемшіліктердің (қателердің), ақпараттық жүйелердің (технологиялардың) тиісінше жұмыс істемеуі салдарынан, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі;

      4) комплаенс-тәуекел – ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарының және (немесе) ұйымның қызметіне әсер ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын сақтамауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу немесе уәкілетті органның шаралар қолдану немесе беделін жоғалту және (немесе) мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі;

      5) ілеспе тәуекелдер:

      аудиторлық тәуекел – аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша аудитор қаржылық есептіліктің шынайылығын растағаннан кейін анықталмаған елеулі бұрмалауларды қамтуы мүмкін деп субъективті түрде анықтайтын не шын мәнінде бұрмалану болмаған жағдайда елеулі бұрмалануды қамтиды деп тану ықтималдығы;

      топ тәуекелі – құрамына ұйым кіретін топтың қаржылық жағдайының нашарлауы нәтижесінде ұйымның беделіне, маркетингіне және қаржылық жағдайына жағымсыз әсер ету тәуекелі;

      жүйелік тәуекел – басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату нәтижесінде ұйымға шығыстар (шығындар) келтіруге байланысты тәуекел;

      алаяқтық тәуекелі – қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) пайда болу ықтималдығына байланысты тәуекел;

      бедел тәуекелі – ұйымға теріс қоғамдық пікірдің немесе оған деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

      елдер бойынша тәуекел – шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің өз міндеттемелері бойынша төлемге қабілетсіздігі немесе жауапкершілік атқармауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі.

      4. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың барабар жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және ұйым қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

      5. Директорлар кеңесі ұйым қызметінің мөлшеріне, сипатына және күрделілік деңгейіне, ұйымдық құрылымына, тәуекелдер бейініне және ұйымның директорлар кеңесі мүшелерінің санына байланысты Қағидалардың талаптарын іске асыру мақсатында әртүрлі мәселелер бойынша бір және (немесе) бірнеше алқалы органдар құру туралы шешім қабылдайды.

      Ұйымның директорлар кеңесі комитеттерді құру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмайды.

      6. Андеррайтинг, қайта сақтандыру, сақтандыру төлемдерінің тәуекелдерін және ұйымдағы инвестициялық тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесін қалыптастыру мақсатында ұйымда алқалы органдар – андеррайтингтік кеңес пен активтерді және пассивтерді басқару кеңесі құрылады.

      Көрсетілген кеңестердің құрамына ұйымның директорлар кеңесі бекітетін мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің қызметкерлері және басшы қызметкерлер кіреді.

      Көрсетілген кеңестердің шешімдері мүшелер дауыстарының жай көпшілігімен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.

      Көрсетілген кеңестердің шешімдеріне шешім қабылдау барысын жан-жақты көрсете отырып хаттама жасалады және мыналарды көрсете отырып, шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар қоса беріледі:

      қаралатын мәселелердің тізбесі мен егжей-тегжейлі сипатталуы;

      кеңеске шешім қабылдау үшін берілген құжаттардың тізбесі;

      әрбір қаралатын мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;

      мүшелердің пікірлері, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеуі және ерекше пікірінің болуы жағдайында негіздемесімен қоса беріледі.

      Хаттамаға аталған кеңестердің отырысқа қатысқан барлық мүшелерінің қолдары қойылады және ол ұйымда сақталады.

      Директорлар кеңесі аталған кеңестердің және басқарманың жұмысына олардың жұмыс нәтижесі туралы жыл сайынғы есептерінің негізінде бағалайды.

      7. Тәуекелдерді басқару барысы мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) тәуекелдерді анықтау:

      тәуекелді туындататын факторларды және тәуекелді бағалау (барлық ықтимал шығыстардың (шығындардың) себептерін, олардың ықтималдығы мен мөлшерін жүйелі және тұрақты түрде қадағалау, талдау);

      тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына алып келетін, олардың дамуына ықпал ететін факторлардың ерекшеліктерін зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасын талдау);

      2) өткізу кезеңділігін тәуекелдің маңыздылығына қарай директорлар кеңесі бекітетін, бірақ жылына екі реттен көп емес белгіленетін тәуекелдерді өлшеу;

      3) тәуекелдерге жүйелі стресс-тестинг пен талдауды жүзеге асыру;

      4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.

      8. Ішкі бақылау жүйесі ұйымның мыналар үшін қабылдаған ұйымдастыру жүйесін, саясатын, рәсімдері мен әдістерін білдіреді:

      1) сақтандыру тәуекелдерін, активтері мен міндеттемелерін басқару тиімділігін қоса алғанда, ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) ұйымның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және ұйымның ішкі құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;

      4) ұйым мен оның қызметкерлерін заңсыз қызметті жүзеге асыруға тартуға, оның ішінде алаяқтыққа, қателерге, дәлсіздіктерге, алдауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға жол бермеу.

      9. Ұйым қызметінің барлық салалары бойынша тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру және объективті бағалау үшін ішкі аудит жүргізуді қамтамасыз етеді.

      10. Ұйым Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      11. Ұйымның қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне, кәсіптік этика нормалары мен ішкі құжаттарға қойылатын талаптарды сақтайды.

      12. Ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы есепті ұсынады.

      13. Ұйым ұйымның қаржылық және өзге де есептілігі негізінде есепті күнге тәуекелдер бойынша стрес-тестингті жүзеге асырады.

      Ұйым уәкілетті органға тәуекелдер бойынша стресс-тестингті Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Тәуекелдер бойынша стресс-тестингке тәуекелдерді басқару бөлімшесі басшысының қорытындысы қоса беріледі, ол мыналарды қамтиды:

      ұйымның тәуекелдерге ұшырағыштығын талдау;

      ұйымның қаржылық жағдайына аса ықпал ететін тәуекелдерді анықтау.

      14. Қызметін "өмірді сақтандыру" саласында жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдауды Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      15. Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мақсатында директорлар кеңесі:

      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты және Қағидаларға сәйкес әзірленетін өзге де ішкі құжаттарды бекітеді;

      2) корпоративтік басқару бөлігінде:

      алқалы органдардың, ішкі аудит қызметінің, басқарманың, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

      басшы қызметкерлердің функционалдық міндеттемелеріндегі ықтимал мүдделер қақтығысын төмендету бойынша шаралар қабылдайды;

      ұйымның үлестес тұлғаларының тізілімін қалыптастырады;

      үлестес тұлғаларға жеңілдік талаптарын беру фактісін тексеруді жүзеге асырады;

      директорлар кеңесінің құзыретіне жататын өзге де мәселелер;

      3) стратегиялық мақсаттарды түзету мақсатында мыналарды қарайды:

      ұйымның меншікті капиталдағы тәуекелдерді басқару бөлімшесі немесе функциясына көрсетілген талдауды жүргізу кіретін өзге құрылымдық бөлімше жүргізген ағымдағы (болашақ) қажеттіліктерін талдау;

      ішкі (сыртқы) аудиторлар өздері жүргізген тексеру нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер, сондай-ақ олардың ұсынымдары көрсетілген есеп;

      активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің (инвестициялық қызмет үшін жауапты бөлімшенің) ұйымның активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген операциялардың (мәмілелердің) (қаржы құралдарының түрлері бойынша топтастырылып және олардың баланстық, нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу мен сату сомаларын көрсете отырып) нәтижелері бойынша есебі;

      4) тәуекелдерді басқару бойынша мыналарға жауапты болады:

      корпоративтік стратегияға, саясаттарға, рәсімдерге және өзге де ішкі құжаттарға қайшы келетін операциялардың жасалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ оларды түзету мақсатында құрылған алқалы органдар, ішкі аудит қызметі мен құрылымдық бөлімшелер арқылы ұйымның қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;

      ішкі аудит қызметі, тәуекелдерді басқару бөлімшесі функцияларының ұйымдастырушылық дербестігін қамтамасыз ету;

      уәкілетті орган шараларының, оның ішінде кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;

      уәкілетті орган талаптарын орындалмаған, анықталған кемшіліктер уақтылы жойылмаған (жоймаған) жағдайда орындамау (жоймау) себептерін анықтау және жауапты қызметкерлерге тиісті шаралар қолдану;

      қабылданатын тәуекелдерді лимиттеу және мәмілелерге (операцияларға) шектеулерді белгілеу.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын әзірлейді және жүйелі түрде стресс-тестинг, сценарийлік талдау жүргізуді көздейді және мыналармен шектелмей, төмендегілерді белгілейді:

      1) ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында андеррайтингтік кеңестің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің болуын;

      2) басшы қызметкерлерге, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлерге білімінің және жұмыс өтілінің болу талаптарын қоса алғанда, қойылатын біліктілік талаптарын;

      3) ұйымның директорлар кеңесінің, алқалы органдарының, ішкі аудит қызметінің, басқармасының, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерін және функционалдық міндеттерін;

      4) ұйымның құрылымдық бөлімшелері, алқалы органдары, басқармасы және директорлар кеңесі арасында тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратпен алмасу тәртібін;

      5) ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдерін;

      6) басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;

      7) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын;

      8) сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғанда, тәуекелдер картасын әзірлеу тәртібін;

      9) тәуекел лимитін анықтау рәсімдерін;

      10) ұйымның қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;

      11) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, ұйым тәуекелдерінің картасын жасау рәсімдері, оның ішінде:

      тәуекелдерді басқару бөлімшесі ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша қабылдайтын шараларын;

      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау, кейіннен осы тәуекелдер көрсеткен ықпалдарды жіктеу және тәуекел лимиттерін белгілеу;

      тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің өзгеру мониторингін, сондай-ақ тәуекел лимиттерінің тәуекел көрсеткіштерінің мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларды қамтитын тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүргізген тәуекелдердің мониторингі;

      директорлар кеңесіне шығыстарға (шығындарға) ұшыратуы мүмкін және (немесе) ұйымының қызметіне ықпал ететін немесе заңсыз сипатты білдіретін кез келген елеулі жағдайлар туралы есептілікті тез арада ұсыну тетігін;

      12) тәуекелдерді тестілеу және бағалануын модельдеу рәсімдері;

      13) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті беру тәртібін, оларға мыналар кіреді:

      тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша азайту және жою бойынша жүргізілетін жұмыстар);

      анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету және болдырмау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері;

      ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды төмендету және болдырмау жолдары;

      ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді бақылау және мониторинг жүргізу және оларды барынша азайту және болдырмау жолдары;

      тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;

      14) бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, сақтандыру, инвестициялық және өзге қызмет бойынша және мәмілелер (операциялар) бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі.

      17. Басқарма тәуекелдерді басқару жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлігінде белгіленген мақсаттарға және әдістерге сәйкес ұйымға күнделікті басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және құрылымдық бөлімшелердің арасында тәуекелдерді тиімді басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ететін ақпарат беру тәртібін бекітеді;

      3) директорлар кеңесінің нұсқауларын, ішкі аудит қызметінің ұсынымдары мен ескертулерін, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ұсынымдарын, уәкілетті органның талаптары мен шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясатты іске асыру мақсатында ішкі құжаттарды бекітеді;

      5) төлем жасауға қабілеттілік маржасы жеткіліктілігінің қажетті деңгейін сақтау мақсатында активтерді әртараптандыру, капиталдың, тәуекелдердің рентабельдігі, өтімділігі және жеткіліктілігі бойынша бағдарларды айқындайды;

      6) директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдер лимиттерінің шегіндегі операциялар түрлері бойынша тәуекелдердің лимиттерін бекітеді;

      7) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ай сайынғы есептеулері негізінде көрсетілген лимиттердің сақталуын бақылаудың тиімді шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді;

      8) тариф саясатының тәуекелдер жөніндегі дәйекті статистикасы негізінде тәуекелдер дамуындағы болжамды үрдістерге сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      9) ұйым үшін әлеуетті тәуекелді туындататын ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тұрақты түрде талдау жасауды қамтамасыз етеді, олардың қаржылық көрсеткіштерге әсер ету дәрежесін бағалайды;

      10) түзету коэффициенттерінің қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына барабарлығын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық деректерге тұрақты түрде талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Осы тармақшаның талабы "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-1-тармағының негізінде түзету коэффициенттерін айқындайтын сақтандыру ұйымына қолданылады;

      11) ағымдағы және болашақтағы экономикалық ортаны, нормативтік құқықтық базаны, капиталдың мөлшерін ескере отырып, жылдық бюджеттерді, стратегиялық жоспарларды жасау бөлігінде директорлар кеңесіне ұсынымдар береді;

      12) іс-шаралар жоспарының қаржылық тұрақсыздық және төтенше жағдайлар жағдайында орындалуын және тиісті тоқсан сайынғы есептің ұсынылуын бақылайды;

      13) шарттық қатынастардың, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының, қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттардың сақталуына тұрақты түрде талдау жасайды;

      14) құрылымдық бөлімшелердің ықтимал және әлеуетті тәуекелдерді басқарудағы саясаттарды, тәуекелдердің белгіленген лимиттер шегіндегі мөлшерлерін сақтауын бақылайды;

      15) қаржы құралдарының нарықтық құнының серпінін ескере отырып, олармен операциялардан кірістердің (шығыстардың) өзгеруіне талдау жасауды қамтамасыз етеді;

      16) ұйымның меншікті капиталының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ең төменгі деңгейіне сәйкес келуін қамтамсыз етеді;

      17) сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын ескере отырып, есепке алу және есептілік жүйесін жақсартуды қамтамасыз етеді;

      18) аудиторлық есептерге талдау жасайды және директорлар кеңесіне анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар береді.

      18. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің функцияларына:

      1) мыналарды қоса алғанда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру:

      тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;

      сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғанда тәуекелдер картасын әзірлеу;

      басқарушылық шешімдер қабылдау барысына қатысу;

      басқарушылық шешімдердің орындалуына және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға тұрақты мониторингі жүргізу;

      сақтандыру, инвестициялық және өзге де мәмілелер (операциялар) бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;

      2) ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сипаттау және сандық мәндерін анықтауды, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша қолжетімді мәндерін анықтауды қоса алғанда тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау;

      3) ұйым қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау;

      4) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг, бағалау және бақылау, оның ішінде:

      ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау;

      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды қоса алғанда тәуекелдерді бағалау, осы тәуекелдер көрсеткен әсерді кейін жіктеу және тәуекелдердің лимитін белгілеу;

      тәуекелдер көрсеткіші мәндерінің өзгерісіне мониторинг және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша қолжетімді мәндері кіретін тәуекелдерге, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткішінің барынша қолжетімді мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг;

      ұйымның қызметіне зиян келтіруі және (немесе) ықпал етуі мүмкін немесе заңсыз сипаттағы кез келген маңызды жағдайлар туралы дереу басқармаға және директорлар кеңесіне есептілік беруге;

      5) ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің анықталған тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын (жоспарларды құрылымдық бөлімшелер ұсынады және ұйымның анықталған тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралардың жалпы жоспарын тәуекелдерді басқару бөлімшесі әзірлейді) әзірлеу бойынша процесті ұйымдастыру және директорлар кеңесі бекіткен ұйымның тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспарына одан әрі мониторинг жүргізу;

      6) төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын орындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      7) мыналарды тұрақты талдау:

      қаржылық көрсеткіштерді (стресс-тестілер және қабылданған тәуекелдер деңгейін тұрақты талдау шеңберінде);

      қаржы құралдары бағасының (стресс-тестілер және қабылданған тәуекелдер деңгейін тұрақты талдау шеңберінде) өзгеруінің өтімділік көрсеткіштеріне, төлем жасау қабілетіне, капитал жеткіліктілігіне ықпалы;

      8) макроэкономикалық факторлардың меншікті капиталдың тиімділігіне, өтімділігіне, жеткіліктілігіне ықпал етуіне болжам жасау;

      9) директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайынғы негізде мына бағыттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және талдау туралы есеп ұсыну:

      тәуекелдерді басқарудың ағымдағы жай-күйі (тәуекелдерді барынша азайту және болдырмау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар);

      анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету не алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері;

      ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды азайту және алдын алу жолдары;

      ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді және оларды барынша азайту және алдын алудың жолдарын бақылау және мониторинг;

      тәуекелдерді басқару жүйесінің бара барлығы мен тиімділігі;

      есепті кезеңде қаржы көрсеткіштеріне қысқаша талдау;

      тәуекелдер картасын бағалау және талдау;

      тәуекелдерді тестілеудің қолданылатын рәсімдерінің және бағалау үлгілерінің барабарлығы мен тиімділігі;

      10) мыналардың орындалуын қамтамасыз ету:

      Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес андеррайтинг тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдері тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар;

      Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар;

      11) тәуекелдерді басқару жөніндегі корпоративтік стратегияны және ішкі саясатты стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімшесімен не өзге де осындай функциялары бар құрылымдық бөлімшемен бірлесе отырып түзету мақсатында басқармаға жылына кемінде бір рет ұсыну:

      ұйымның ағымдағы жай-күйінің, барлық тәуекелдер туралы сандық және сапалық деректерді, олардың ықтимал деңгейін, ұйымның дайындық деңгейін, оларды барынша азайту бойынша жүргізілген іс-шараларды, ден қою шараларын ескере отырып егжей-тегжейлі шолуы бар есеп;

      ұйымның қаржылық жай-күйіне егжей-тегжейлі шолуы және ұйым қызметінің нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына, ұйымның қаржылық жай-күйіне, ұйым тәуекелдері картасына ықпал ететін өзгерістер бар есеп.

      19. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі барлық алқалы органдардан, құрылымдық бөлімшелерден, филиалдардан, өкілдіктерден және ұйымның қызметкерлерінен өз функциясын жүзеге асыруға қажетті кез келген құжаттарды және ақпаратты тәуекелдерді басқару бөлімшесінің сұратуында көрсетілген мерзімде алады.

      20. Ұйымның басшылық қызметкерлер және құрылымдық бөлімшелердің басшылары тәуекелдерді бағалауға байланысты барлық қажетті ақпаратты тәуекелдерді басқару бөлімшесіне уақтылы және толық жеткізу үшін жауапты.

4-тарау. Ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі

      21. Ұйымда ішкі бақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз ету үшін құрылады:

      1) ұйым қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін қамтамасыз ету, бұл ұйымның активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігі мен рентабельдігін тексеруді және шығын ықтималдығын анықтауды көздейді;

      2) қаржылық және басқарушылық есептіліктің сенімділігін, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді, бұл дәйекті және сапалы қаржылық есептіліктің және ұйым шешім қабылдаған кезде пайдаланатын басқа да қаржылық құжаттардың жасалуын тексеруді көздейді;

      3) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен ішкі құжаттардың талаптарын сақтау.

      Осы құрауыштардың тиісінше жұмыс істеуі ұйымның тиімді қызметінің маңызды талабы, ақпараттық жүйелердің жұмысы және пруденциялық нормативтерді және ұйымның уәкілетті орган белгілеген сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау болып табылады.

      22. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі өзара байланысты бес құрауыштан тұратын тұрақты процесті білдіреді:

      1) басқарушылық бақылау;

      2) тәуекелдерді анықтау және бағалау;

      3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

      4) ақпараттық алмасу және өзара іс-қимыл;

      5) мониторинг (ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау) және бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді (кемшіліктерді) болдырмау.

      23. Ішкі бақылау жүйесінің мынадай үш кезеңнен үздіксіз кезекпен өту қағидаты бойынша жұмыс істеуі:

      1) рәсімдерді ұйымның ішкі құжаттарына енгізу арқылы ішкі бақылау жүйесін (тиімділік бағалауының нәтижелерін ескере отырып) қалыптастыру;

      2) жұмыста ұйымның ішкі құжаттарының орындалуы;

      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

      24. Ішкі бақылау рәсімдері мыналар болып табылады:

      1) ұйымның корпоративтік стратегиясында қойылған мақсаттары мен міндеттеріне құрылымдық бөлімшелердің өздеріне жүктелген функциялары шеңберінде директорлар кеңесіне және басқармаға қаржылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып қаржылық қызметтің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді ұсынуы арқылы қол жеткізу барысын тоқсан сайын тексеру;

      2) кассалық қолма-қол ақшаны және қаржы құралдарын қоса алғанда кезең-кезеңімен түгендеу жүргізу;

      3) тәуекелдердің белгіленген лимитінің сақталуын және анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралардың іске асырылуын тексеру;

      4) міндетті авторизацияны талап ететін операциялар тізбесін белгілеу;

      5) операция талаптарын және тәуекелдерді басқару үлгілерін қолдану нәтижелерін тексеру;

      6) жүргізілген операциялардың есепте және есептілікте уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуін тексеру.

5-тарау. Ішкі аудит

      25. Директорлар кеңесі ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ішкі аудит саясатын бекітеді;

      2) ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;

      3) ішкі аудиттің жылдық жоспарын бекітеді;

      4) ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды;

      5) ұйым аудитіне аудиторлық ұйымды анықтау үшін акционерлердің жалпы жиналысына ұсынымдар береді.

      26. Ішкі аудит саясатына мыналар кіреді, бірақ бұлармен шектелмейді:

      1) ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері;

      2) ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің кәсіби сапасына қойылатын талаптар, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері;

      3) тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару, бағалау өлшемшарттарын көрсете отырып, корпоративтік басқару жүйелерін бағалау әдістемесі кіретін ішкі аудитті жүзеге асыру тәртібі мен рәсімдері;

      4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және ақпаратпен алмасу тәртібі;

      5) ішкі аудит қызметінің бюджеті.

      27. Ішкі аудит саясатын әзірлеген кезде мына факторлар ескеріледі:

      ұйымның стратегиясы;

      ұйым қызметінің мөлшері, сипаты және күрделілігі;

      ұйымның ұйымдық құрылымы;

      ұйым қызметіне тән тәуекелдердің деңгейі мен тәуекелдері.

      28. Ішкі аудит мәселелері жөніндегі алқалы орган:

      1) ішкі аудит саясатын, ішкі аудит қызметі туралы ережені, ішкі аудиттің жылдық жоспарын және бағдарламасын әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) ұйымның және оның қызметкерлерінің ішкі аудит саясаты сақтауына мониторинг және бақылау жүзеге асырады;

      3) ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері кандидатураларын іріктеуді жүзеге асырады.

      29. Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқару жүйесінің жағдайына, корпоративтік басқаруға және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарға объективті баға беру мақсатында құрылады.

      30. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде ұйымның жарғысын, ұйымның ішкі бақылау жүйесін және ішкі аудит қызметін ұйымдастыру туралы ережелерді, сондай-ақ ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды және осы Қағидалардың талаптарын басшылыққа алады.

      31. Ішкі аудит қызметі ішкі аудит жоспарын және ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

      Ішкі аудит жоспары ұйымның мақсатына сәйкес ішкі аудиттің басымды бағыттарын айқындайтын тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделеді.

      Ішкі аудит жоспарын іске асыру үшін ішкі аудит қызметінің басшысы бекітетін ішкі аудит бағдарламасы әзірленеді.

      32. Ішкі аудит қызметінің міндеттеріне мына мәселелерді қарау және талқылау кіреді:

      1) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі;

      2) директорлар кеңесі үшін ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есептілік дайындау;

      3) ұйымның ағымдағы жылы ішкі және сыртқы аудиттен өтуі қажет мәмілелеріндегі (операцияларындағы) тәуекелдер саласы;

      4) менеджментке ұсынылатын қаржылық ақпараттық дәйектілігі мен дәлдігі;

      5) сыртқы немесе ішкі аудиторлар анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген маңызды кемшіліктер.

      33. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) ішкі аудит қызметінің саясаты, ережесі, бюджеті, жұмыс жоспарын, аудиторлық қорытынды, ұйым қызметін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және оларды директорлар кеңесінің бекітуіне ұсыну;

      2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру және бағалау, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге жәрдем ету;

      3) ұйымның тәуекелдерін бағалау әдіснамасының және ұйым тәуекелдерін басқару жүйесінің толық қолданылуын және тиімділігін тексеру;

      4) құрылымдық бөлімше қызметін тексеру және оның нәтижелері бойынша директорлар кеңесіне есеп беру;

      5) бөлімшелер ұсынатын тиісті есептіліктің немесе сұратылатын ақпараттың (оның ішінде қаржы мониторингіне жататын ақпарат) дәйектілігін, толық ашылуын, объективтілігін, уәкілетті органға, басшылыққа және басқа да мүдделі тараптарға уақтылы берілуін тексеру;

      6) аудит (ішкі, сыртқы) процестерінің тиімділігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

      7) ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін бақылау ортасын бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы қалыптастыру;

      8) бухгалтерлік есеп жүргізуді бақылау;

      9) ішкі аудитті жетілдіру бойынша директорлар кеңесіне ұсыныстар беру;

      10) ұйым қызметін қаржылық тұрақтылық және төлем жасау қабілетіне, пруденциялық нормативтерді және сақталуы тиіс өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау мәніне жүйелі талдау жүргізу және бағалау;

      11) активтер мен міндеттемелерді басқару бөлігінде қабылданған басқарушылық шешімдерді орындаудың тиімділігін бағалау;

      12) ұйым қызметінің қаржылық есептілікте уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуін және оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін тексеру;

      13) қаржы құралдарын талдау, оның ішінде:

      жиынтық баланс және өткен кезеңдегі және жоспарланған қаржылық көрсеткіштермен салыстыра отырып пайда мен шығын туралы есеп;

      қаржы құралдарын түрлері бойынша және баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін және сатып алудың (сатудың) жалпы сомасын көрсете отырып, топтай отырып инвестициялар туралы есеп;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары тізілімінің хронологиялық тәртіппен жүргізілуін бақылау;

      15) корпоративтік басқару саласындағы тәуекелдерді, ұйымның операциялық қызметін және оның ақпараттық жүйелерін бірдей және тиімді бақылануын бағалау;

      16) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шеңберінде өзге де функциялар.

      34. Ішкі аудит қызметі өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті, оның ішінде жергілікті есептеу желілерінде және автономды компьютер желілерінде тұрған барлық материалдарға, мәліметтерге, құжаттарға (файлдарға) ақпаратқа оларға өзгерістер енгізу құқығынсыз шектеусіз кіру рұқсатына ие.

      35. Ішкі аудит қызметінің басшысы:

      1) ішкі аудит бағдарламасын бекітеді;

      2) ішкі аудиттің ұйымдық тәуелсіздігі мен объективтілігі фактісін директорлар кеңесіне жылына кемінде бір рет растайды;

      3) ішкі аудит қызметінің тәуелсіздігін бұзу фактілері (мүдделер қайшылығының туындауы, ұйымның материалдарына, мәліметтеріне, құжаттарына (файлдарына) кіру өкілеттіктерін шектеу) туралы ақпаратты директорлар кеңесіне жеткізу;

      4) аудиторлық тексеру жүргізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей басшы қызметкерлерден мыналар туралы жазбаша өтініш сұратады:

      қаржылық есептілікті айтарлықтай бұрмалау тәуекелін бағалау нәтижелерін толық ашу;

      ішкі бақылау жүйесінде маңызды рөл атқаратын қызметкерлер (оның ішінде жұмыстан шығарылған) және қаржылық есептілікке маңызды ықпал етуі мүмкін басқа да тұлғалар тарапынан алаяқтық іс-қимылдар немесе алаяқтыққа күдік туғызатын жайттар туралы ақпаратты ашу.

      36. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері күн сайынғы жұмыс барысында:

      1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтайды;

      2) ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын басшылыққа алады;

      3) алаяқтық салдарынан есептіліктің бұрмалануын анықтайды;

      4) аудиторлық шешімдер мен дәлелдерді құжаттандырады;

      5) өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде алынған ақпараттық конфиденциалдылығын сақтайды;

      6) алынған аудиторлық дәлелдерді бағалау барысында ұйымның негізгі қызметіне сәйкес келмейтін мәмілелерді (операцияларды) тексеру рәсімдерін орындайды, осы кезде мәміленің (операциялардың) ұйымның мақсаттарына (мақсаттың болмауы) алаяқтық мәніне сәйкес келуі бағаланады;

      7) аудиторлық дәлелдердің сенімділігін бағалау қағидаттарын басшылыққа алады:

      ішкі дереккөздерден алынған сенімді сыртқы ресми дереккөздерден алынған дәлелдер;

      егер бухгалтерлік есепті және ішкі бақылауды жүргізу тиімді болса, ішкі дереккөздерден алынған дәлелдер неғұрлым сенімді;

      аудиторлар жинаған дәлелдер құрылымдық бөлімшелер берген дәлелден сенімдірек;

      құжаттар және жазбаша өтініштер нысанындағы дәлелдер ауызша нысанда ұсынылған өтініштерден сенімдірек.

      Дәлелдер бір-біріне қайшы келген жағдайда, ішкі аудит қызметі істің дәйектілігін анықтау мақсатында қосымша рәсімдер жүргізеді.

      37. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері бір мезгілде өзге құрылымдық бөлімшелердің басшысы және (немесе) қызметкерлері, сондай-ақ алқалы органдардың мүшелері бола алмайды.

      38. Ұйымның қызметкерлері ішкі аудит қызметіне мынадай мәмілелер (операциялар) туралы хабарлайды:

      1) қолма-қол нысанда төлей отырып, 1 (бір) миллион теңгеден астам сомадағы кез келген мәмілелер (операциялар) (оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша);

      2) 5 (бес) миллион теңгеден астам мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырғаны;

      3) заңды екендігі күмән тудыратын басқа да мәліметтер (операциялар).

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар

      1. Ішкі құжатта қамтылатын ақпарат көлемі ұйым қызметін бағалау және директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің тиімді шешім қабылдауы үшін дәйекті және жеткілікті болуы тиіс.

      2. Акционерлердің жалпы жиналысы корпоративтік басқару кодексін бекітеді, ол:

      1) Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына, корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ корпоративтік іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибесін, кәсіби этика нормаларын, ұйым қызметінің дамуының ағымдағы кезеңіндегі қажеттіліктері мен талаптарын ескере отырып әзірленеді;

      2) корпоративтік басқаруды ұйымдастырудың қағидаттарын мыналарды ескере отырып регламенттейді:

      ұйымның органдары және (немесе) құрылымдық бөлімшелер арасындағы міндеттерді нақты бөлу;

      акционерлер, органдар және лауазымды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл барысындағы қатынастарда кәсіби этика нормаларын қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқару кодексінің міндетті орындалуын;

      директорлар кеңесі, алқалы органдар, басқарма мүшелерінің және өзге де басшы қызметкерлердің ұйымның қызметін және тәуекелдерді басқарудың тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысу;

      директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің шешімдер қабылдаудағы тәуелсіздігі;

      директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің шешімдерінен (негізінде шешім қабылданған құжаттарды қоса отырып) міндетті түрде хаттама жасайды;

      басшы қызметкерлердің мүдделері мен ұйымның мүдделері арасында тікелей немесе жанама қайшылық туындауына әкелуі мүмкін іс-әрекеттерден тыйылу міндеттемесін, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл жөнінде директорлар кеңесіне уақтылы хабарлау міндеттемесін жазбаша ресімдеу;

      басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

      басшы қызметкерлердің бақылау және басқарушылық функцияларының сапасын үнемі жетілдіріп отыру;

      кәсіби этиканың жалпыға бірдей нормалары;

      3) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі тәртіпті және директорлар кеңесінің қалауына қарай басқа да мәселелерді регламенттейді.

      3. Директорлар кеңесі тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиімді басқару мақсатында мынадай ішкі құжаттарды:

      1) корпоративтік стратегияны;

      2) ұйымның ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережесін;

      3) басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша ішкі саясатты;

      4) есеп саясатын;

      5) басқарушылық есептілігін ұсынудың мерзімдері мен нысандары туралы ережені бекітеді.

      4. Корпоративтік стратегияны басқарма әзірлейді және:

      1) ұйымның қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орта мерзімді (1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 (үш) жылдан және одан ұзақ жылға) мақсаттарын айқындайды;

      2) мыналарды қамтиды:

      ұйым қызметін дамытудың стратегиясы;

      ұйым қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;

      ұйым бағдарланған нарық сегменті;

      ұйым қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамдық мәні;

      күтілетін макроэкономикалық және микроэкономикалық көрсеткіштер;

      ұйымның қарауына қарай өзге де мәселелер.

      5. Ұйымның ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережені басқарма әзірлейді және ол мыналарды қамтиды:

      1) директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың, ішкі аудит қызметінің, басшы қызметкерлердің, бөлімшелердің құрылымы, өкілеттіктері мен міндеттемелерін;

      2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

      3) өзара іс-әрекет ету тәртібі және есеп беруін;

      4) ішкі аудит қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің), актуарийдің қызметкерлеріне басқа бөлімшелердің функцияларын жүктеуге жол бермеу;

      5) басқарма, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары, оның ішінде оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібі.

      6. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері жөніндегі ішкі саясатты басқарма әзірлейді және мыналарды регламенттейді:

      1) директорлар кеңесі, басқарма мүшелерінің, өзге де басшы қызметкерлердің лауазымына үміткерлерді іріктеу қағидаттары, өлшемшарттары, сыйақы мөлшерін айқындау;

      2) сыйақы төлеуді жүзеге асыруға негіздеме, түрлері, құрамдары (белгіленген сыйақы мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, өтемақы төлемдерінің басқа да түрлері);

      3) басшы қызметкерлердің жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану өлшемшарттары;

      4) басқарманың бюджетті жүргізілген сыйақы және басқа да өтемақы төлемдері бөлігінде игеруге, басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге қатысты директорлар кеңесіне ұсынатын есебінің нысаны мен кезеңділігі;

      5) директорлар кеңесінің өзге де мәселелері.

      7. Есеп саясаты:

      1) оны басқарма халықаралық қаржылық есеп стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасына сәйкес әзірлейді;

      2) ол бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттарын, негіздерін, шарттарын, қағидалары мен тәжірибесін қамтиды;

      3) кірістерді (шығыстарды) динамикасында және қызмет түрлері бойынша ай сайынғы салыстырып тексеруге жауапты бөлімшені айқындайды;

      4) регламенттейді:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу, сондай-ақ олардың тізілімін жүргізу тәртібін;

      тәуекелді бағалау үлгісі негізінде қаржы құралдарының құнын бағалауға қойылатын талаптарды және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаларға келтіруді;

      қаржы құралының нарықтық құны болмаған жағдайда, қаржы құралының құнсыздануына тест және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес ағымдағы есептік бағалауды қолдана отырып сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалауды жүзеге асыру әдістемесін;

      директорлар кеңесінің қалауына қарай өзге де мәселелер.

      8. Басқару есептілігін ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені басқарма әзірлейді және ол басқарманың және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және ұйымның акционерлеріне басқару есептілігін ұсыну тәртібін регламенттейді, оған мыналар кіреді, алайда мұнымен шектелмейді:

      жиынтық баланс;

      пайда мен шығын туралы есеп (оның ішінде өткен жылдардың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері);

      инвестициялар туралы (баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алудың және сатудың жалпы сомасын көрсете отырып қаржы құралдарын түрлері бойынша топтай отырып) есептер;

      активтер мен міндеттемелердің көлемін салыстыру туралы есеп;

      ұйым тәуекелінің картасын талдау;

      ұйымның меншікті капиталындағы ағымдағы және болжанатын қажеттіліктеріне қысқаша талдау;

      ұйымның директорлар кеңесі мен акционерлерінің талап етуі бойынша өзге де есептілік.

      Басқару есептілігінің тізбесі тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиісінше басқаруды қамтамасыз ету мақсатында директорлар кеңесі мен басқарманың функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді тиісінше орындауы үшін жеткілікті.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы есеп __________________________________ (ұйымның атауы) _____ жылғы _______ (күні)

Қағидалардың тиісті абзацын, тармақшасын, тармағын көрсету

Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар (іс-шаралардың мазмұны, орындалу мерзімі)

Жауапты орындаушылар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы, байланыс ақпараты)

1

2

3

4

5

6

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуінің жалпы бағасы __________________

      Ұйымның бірінші басшысы не есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      ______________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      ______________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "_____" ___________________

  Тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін бағалау
туралы есептің нысанына
қосымша

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы есепті толтыруға түсіндірме

      Ұйымның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін бағалау мына өлшемшарттарға қарай жүзеге асырылады:

      1) ТС - "толық сәйкес келеді"

      талап өлшемшартын елеулі ауытқусыз орындаған кезде;

      2) ІС - "ішінара сәйкес келеді"

      ұйымның осы өлшемшартты сақтауға қолжеткізу мүмкіндігіне қатысты маңызды күмән туындату үшін жеткілікті болып саналмайтын және жақын арада жойылатын талаптар өлшемшартынан ауытқулар (кемшіліктер) анықталған кезде;

      3) СК - "сәйкес келмейді"

      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптар өлшемшартын орындамаған кезде;

      4) ҚМ - "қолданылмайды"

      егер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар бағалау күні ұйымға қатысты қолданылмайтын жағдайда. "Қолданылмайды" деген баға ұйым Қағидалар талаптарының өлшемшарттарын орындаған үлесін есептеуге қосылмайды.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылды

Тәуекелдер бойынша стресс-тестинг

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-STRESS-TEST

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ______________

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

  1-кесте

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құны төмендеуінің сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

30 % астам

1

2

3

4

5

6

7

8

















































Шығын жиынтығы


Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе:

      1-бағанда нарықтық бағасы бар, түрлері және экономика секторы бойынша топтастырылған қаржы құралдары көрсетіледі.

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)            (күні)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)            (күні)

  2-кесте

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Купондық сыйақының пайыздық мөлшермесін төмендету сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

6 % астам

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан астам







Шығын жиынтығы


Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)                  (күні)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)                  (күні)

  3-кесте

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Шетел валютасының атауы

Осы шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Теңгенің шетел валютасына қатысты нығаю сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

-20% аз

-20%- (-10%)

-10%-0%

0%-10%

10%-20%

20% астам

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























Шығын жиынтығы


Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы                  күні

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      ___________________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы                  күні

  4-кесте

Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Көрсеткіштің атауы

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резервінің ұлғаю сценарийі

10-20 %

21-30 %

31-40 %

41-50 %

51-60 %

60 % және одан астам

Стресс-тестингтен кейін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі







Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі







      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      _________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)            (күні)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)            (күні)

  5.1-кесте

Сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекелдер бойынша стресс-тестинг

Тарифтік базистің көрсеткіштеріне жетпеу сценарийі

Тарифтік базис

Орын алмаған шығынның нақты резерві (мың теңгемен)

Тарифтік базис

5-10%

11-20%

21-30%

31-40%

40% және одан астам пайыз

Таңдалған сценарий бойынша орын алмаған шығын резерві (мың теңгемен)

Орын алмаған шығынның нақты резервімен және таңдалған сценарий бойынша орын алмаған шығын резерві арасындағы айырма (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме


жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме (төмендеуі)








өлім-жітім немесе белгілі бір жасқа дейін өмір сүру көрсеткіштері

өлім-жітім немесе белгілі бір жасқа дейін өмір сүру көрсеткіштері (өсуі)








сақтандыру төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі

сақтандыру төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі (өсуі)








шығыстар көрсеткіштері

шығыстар көрсеткіштері (өсуі)








Стресс-тесингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасы жеткіліктілік нормативі


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)            (күні)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)            (күні)

  5.2-кесте

Аурулардың ұлғаю сценарийі

Көрсеткіштің атауы

20%-40%

41%-60%

61%-80%

81%-100%

101% және астам

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

Сақтандыру резервтерінің мөлшері







Сақтандыру төлемдерінің мөлшері







Шығын жиынтығы


Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы                  күні

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы                  күні

  5.3-кесте

Көрсеткіштің атауы

Сақтандыру шарттарын бұзу жағдайларының көбею сценарийі (өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстыру бойынша)

20%-40%

41%-60%

61%-80%

81%-100%

101% және одан астам

Қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларының (сатып алу сомасының) көлемі






Стресс-тестингтен кейін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі






Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі






      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)                  (күні)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)                  (күні)

  5.4-кесте

Қайта сақтандыру ұйымы

Қайта сақтандыру ұйымының төлемді толық емес көлемде төлеу тәуекелінің сақтандыру ұйымы портфелінің шығындылық коэффициентіне ықпал етуі сценарийі (бұдан әрі - ШК) (пайызбен)

10

ШК

20

ШК

30

ШК

40

ШК

50

ШК

60

ШК

70

ШК







Бірінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Екінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Үшінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Төртінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Бесінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Шығын жиынтығы





















Стресс-тестингтен кейін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі





















      кестенің жалғасы

Қайта сақтандыру ұйымының төлемді толық емес көлемде төлеу тәуекелінің сақтандыру ұйымы портфелінің шығындылық коэффициентіне ықпал етуі сценарийі (бұдан әрі - ШК) (пайызбен)

80

ШК

90

ШК

100

Ш











































      Ескертпе:

      Сақтандыру ұйымы портфелінің шығындылық коэффициенті қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып көрсетіледі.

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)                  (күні)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      __________________________________________ _______________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  (қолы)                  (күні)

  Тәуекелдер бойынша
стресс-тестинг нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тәуекелдер бойынша стресс-тестинг (индекс - 1-STRESS-TEST, кезеңділігі - тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Тәуекелдер бойынша стресс-тестинг" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Ұйым Нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын толтырады.

      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңгемен және пайызбен (үтірден кейін екінші таңбаға дейін) белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Сценарийді таңдау кезінде 1, 2, 3, 4, 5.1, 5.2 және 5.3-кестелерде көрсетілген аралықта әрбір бағанда бір көрсеткішті таңдау қажет.

      7. 5.4-кестеде тиісті жолдарда шығын сомасы мен шығындылық коэффициенті көрсетіледі (%).

      8. Жүргізілген стресс-тестілеудің қорытындылары бойынша 5.4-кестеде көрсетілген стресс-тестілеуді қоспағанда, таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі ұсынылады.

      9. Егер таңдалған сценарийдің нәтижелері бойынша ұйымда шығыстар (шығындар) болмаса, ұйым шығын туындайтын сценарийді көрсетеді.


  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректердің нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылған

"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдау

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: GAP-LI1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

      _______________________________________________________

      (сақтандыру ұйымының атауы)

  (мың теңге)


Өтегенге дейінгі мерзім

1 айға дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 6 айға дейін

6 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан 3 жылға дейін

3 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жылға дейін

10 жылдан астам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Активтер









1.1

Салымдар - барлығы, оның ішінде:









1.1.1

мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келетін:
күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's агенттiгiнiң
"ВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде);
күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар бейрезидент - бас банктерi резидент-еншiлес банктер болып табылатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде)









1.1.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В"-дан "В+"-ке дейiнгi ұзақ мерзiмдi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен "kzВВ-"-ке дейiнгi
рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде)









1.2

Күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған)









1.3

Күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.4

Қазақстан Республикасының қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде:









1.4.1

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Standard & Poor's халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.2

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде,
1.4.1-жолда көрсетілген акцияларды қоспағанда, Қазақстан қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.3

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В"-дан "В+"-ке дейiнгi ұзақ мерзiмдi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен
"kzВВ-"-ке дейiнгi рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.4

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, 1.4.1, 1.4.2 және 1.4.3-жолдарда көрсетілген акцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - № 54 талаптар) сәйкес айналысқа жіберілген акциялар және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.5

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған және Standard & Poor's халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (басқа мемлекеттердің (эмитенттерінің осындай деректері бар) заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздар (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.4.6

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған және Standard & Poor's халықаралық шәкілі бойынша "В"-дан "В+"-ке дейiнгi ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB+"-тен "kzBВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (басқа мемлекеттердің (эмитенттерінің осындай деректері бар) заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздар (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.4.7

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, 1.4.5 және 1.4.6-жолдарда көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, № 54 талаптарға сәйкес қор биржасына айналысқа жіберілген борыштық бағалы қағаздар (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.5

Күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары









1.6

Күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәклі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттер шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар









1.7

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:









1.7.1

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;









1.7.2

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.8

Тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен белгіленген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінің және оларды есептеу әдістемесінің (бұдан әрі - Нормативтер) 39-тармағында айқындалған бекітілген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары









1.9

Лондон бағалы металдар қауымдастығы (London Bullion Market Association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондон сапалы жеткізу" стандарты ("London Good Delivery") ретінде белгілеген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер









1.10

Пайлар - барлығы, оның ішінде:









1.10.1

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Нормативтердің 38-бабының 12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін пайлар









1.10.2

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, Нормативтердің 38-бабының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін пайлар









1.10.3

күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергенде, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары









1.11

Нормативтердің 38-бабының 15) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдары









2

Баланс бойынша активтер









3

Сақтандыру сыныптары бойынша міндеттемелер









3.1

Өмірді сақтандыру









3.2

Аннуитеттік сақтандыру









3.3

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру









3.4

Ауырған жағдайдан сақтандыру









4

Гэп көрсеткіші (1-жол - 3-жол)









5

Гэп-тің активтердің пайызымен берілген көрсеткіші (4-жол/2-жол)









6

Кумулятивтік гэп









7

Активтердің пайызымен берілген кумулятивтік гэп (6-жол/2-жол)










Атауы _____________________________________

Мекенжайы ______________________________________________________

Телефоны __________________________________________________

Электрондық пошта мекенжайы
_______________________________________________________

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

______________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

 
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

______________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

 
Орындаушы

______________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      20___ жылғы "_____" ___________________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Өмірді сақтандыру" саласында
қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымдарына
арналған гэп-талдау
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдау (индекс - GAP-LI1, кезеңділігі - тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдау" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы тоқсан сайын, есепті кезеңінің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен және пайызбен (үтірден кейінгі екінші белгіге дейін) белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеге дейінгі сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес) жүзге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 10-бағанда өтеу мерзімі жоқ активтер көрсетіледі.

      7. 6-жолда кумулятивтік гэп мынадай формула бойынша есептеледі:




  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
5-қосымша

Андеррайтинг тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі андеррайтинг тәуекелін тиімді басқару мақсатында:

      1) андеррайтинг жөніндегі саясатты бекітеді;

      2) сюрвейер (болған кезде) және андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі), актуарий, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындысы негізінде, жекелеген сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу туралы немесе міндеттемелер сомасы (сақтандыру сомасы) не сақтандыру төлемінің мөлшері ұйымның сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып активтер сомасының жиырма бес пайызынан асатын сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдайды;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу туралы шешімді сақтандыру делдалы, андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі), басқарма, андеррайтингтік кеңес, директорлар кеңесі қабылдайтын, сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша жауапкершілік (сақтандыру сомалары) лимиттерін кемінде жылына бір рет белгілейді және қайта қарайды;

      4) әрбір сақтандыру түрі бойынша жеке сақтандыру ережелерін бекітеді.

      2. Андеррайтинг жөніндегі саясат мыналарды:

      1) андеррайтингке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

      2) сақтандыру қағидаларын әзірлеу және келісу рәсімдерін;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын (сақтандыру полистерін) ресімдеу рәсімдерін;

      4) сақтандыру делдалының, андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) және андеррайтингтік кеңестің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін;

      5) сақтандыруға өтініш нысандарын (сақтандыру түрлері бойынша) қоса алғанда, андеррайтингті өткізу үшін ақпаратты жинау, өңдеу, және талдау тәртібін;

      6) тәуекелдері бағалауға ықпал ететін факторларды:

      7) андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) және андеррайтингтік кеңестің, сақтандыру тәуекелін қайта сақтандырушымен келісуді қоса алғанда, андеррайтингтік шешімді қабылдау процесін;

      8) сақтандыру делдалымен жасалған шарттардың (агенттік келісімдерге) талаптарына қойылатын талаптарды;

      9) қаржы көрсеткіштерін және статистикалық деректерді талдау негізінде қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына түзету коэффициенттерін белгілеу әдістемесін регламенттейді.

      Осы тармақшаның талабы "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-1-тармағы негізінде түзету коэффициенттерін белгілейтін сақтандыру ұйымдарына қолданылады;

      10) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді регламенттейді.

      3. Андеррайтингтік кеңес мыналарды:

      1) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде андеррайтингтік шешімдер қабылдауды;

      2) қабылданған тәуекелдердің барабар бағалануына бақылау жүргізуді;

      3) сақтандыруға қабылданатын объекті және тәуекелдер бойынша барабар сақтандыру тарифын қамтамасыз етуді;

      4) сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандырып өтеудің шарттарын белгілеуді;

      5) алынған нетто-сыйлықақылар мен белгілі уақыт ішінде жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері арасындағы оң айырманың өсуін (сақтандыру жағдайлары басталуы өлшемшарттары ықтималдылығын ескере отырып) қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Нетто-сыйлықақы – актуарий актуарлық әдістер негізінде бағалаған, ұйым ұйымның өзге де шығыстарын өтеуді есепке алмай сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша ғана міндеттер қабылдағаны үшін төлеуге жататын ақша сомасы;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына енгізілетін негізгі және қосымша шарттардың тізбесін анықтауды жүзеге асырады.

      4. Басқарма директорлар кеңесі белгілеген лимит шегінде жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша андеррайтенгтік шешім қабылдайды.

      5. Андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) негізгі функцияларына мыналар жатады:

      1) андеррайтинг бөлімшесі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқанға дейін:

      сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығының ұлғаюына елеулі ықпал ететін тәуекелдерді туындататын факторларды сақтандыру жағдайларының түрлеріне және сақтандыру объектілеріне, сондай-ақ сақтандыру тарифтерін есептеген кезде оларды есепке алу мүмкіндігіне қарай анықтауды және есепке алуды;

      қабылданатын тәуекелдерді және олардың ықтимал салдарын жеке бағалауды және талдауды;

      қауіптілік дәрежесі бойынша тәуекелдерді саралауды;

      сақтандырылған объектінің, тәуекелдердің дамуына ықпал ететін және кедергі жасайтын факторлардың жай-күйін және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралардың орындалуын бағалаудың жүзеге асырылуын бақылауды;

      актуариймен бірлесіп бекітілген андеррайтинг жөніндегі саясат және ұйымның ішкі құжаттары негізінде сақтандыру сомаларын белгілеуді, тарифтерді, франшизаларды және басқа есептік көрсеткіштерді есептеуді жүзеге асырады;

      2) андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқаннан кейін:

      жеке сақтандыру түрлерін қоспағанда, сақтандыру объектісінің жағдайына мониторингті және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының (бар болған кезде) орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қамтамасыз етуге қатысады;

      сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің өлшемдері өзгерген жағдайда сақтандыру тарифін қайта есептейді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына өзгерістер енгізу қажеттілігіне қатысты ұсынымдарды әзірлеп, басқармаға немесе функциясына сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау кіретін құрылымдық бөлімшеге ұсынады;

      сақтанушы міндеттемелерді бұзған жағдайда сақтандыру шартын бұзу немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін азайту қажеттілігі туралы қорытындыны әзірлейді;

      3) андеррайтингтік кеңеске ұсынымдар дайындайды;

      4) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде андеррайтингтік шешімдерді қабылдайды;

      5) актуариймен келісім бойынша сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығына елеулі әсер ететін факторлардың болуын (жоқтығын), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сол немесе өзге талаптың болуын (жоқтығын) ескеретін түзету коэффициенттерінің сандық мәндерін белгілейді;

      6) андеррайтинг мәселелері бойынша қызметкерлермен, сақтандыру делдалдарымен тұрақты негізде іс-әрекет жасауды;

      7) андеррайтингтік кеңеске сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге қатысты ұсынымдарды әзірлеуді және ұсынуды жүзеге асырады.

      6. Андеррайтингтік шешімді қабылдау андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі) берген ұсынымның және тәуекелдерді басқару бөлімшесі қорытындысының негізінде жүзеге асырылады. Андеррайтингтік шешімді қабылдау кезінде мынадай талаптар:

      1) сақтандыру портфелінің жай-күйі;

      2) сақтандыру объектісі жатқызылатын сақтандыру түрі бойынша шығындылық коэффициенттері;

      3) сақтандырылушыға және сақтандыру объектісіне байланысты тәуекелдер;

      4) актуарий және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзінің ұстап қалу лимиттерін сақтау;

      5) андеррайтингтік шешімді қабылдауға әсерін ететін өзге факторлар ескеріледі.

      7. Андеррайтингтік шешімде мыналар қамтылады:

      1) қабылдау күні және оның нөмірі;

      2) негізінде андеррайтингтік шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының түрі мен талаптары;

      4) сақтанушы туралы ақпарат;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімі;

      6) сақтандыру сыныбына (сыныптарына) тиістілігі;

      7) көмегі арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу көзделетін сақтандыру агенті немесе сақтандыру брокері туралы ақпарат;

      8) андеррайтингтік шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы, олардың лауазымдары көрсетілуге тиіс.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасқан кезде сақтандырылатын тәуекелдерді бағалау қағидаттары:

      1) зиянның кездейсоқтығы (шығыстардың (шығындардың) пайда болу уақытының және шамасының белгісіздігі, шығыстардың пайда болуының мүдделі тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты болмауы);

      2) ықтимал шығынды бағалау (күтілетін шығыс (зиян) сомасы есептеледі, оның негізінде сақтандыру жарналарының мөлшері есептеледі);

      3) шығыстарды (шығындарды) анықтаудың нақтылығы (айқындығы) (шартта ықтимал тәуекелдер, сақтандыру объектілері, сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда күтілетін сақтандыру төлемі сомасының мөлшері нақты айтылады);

      4) сақтандыру тәуекелдерін бөлудің бір-бірінен тәуелді болмауы ескеріледі.

      9. Ұйым мыналарды қамтитын сақтандыру ісін қалыптастырады:

      1) сақтанушының (сақтандырылушының) қолы қойылған, оның ішінде сақтанушының сақтандыру шарттарымен танысқаны және оның сақтандыру ережесінің көшірмесін алғаны (егер сақтандыру шарты қосылу шарты (сақтандыру полисі) нысанында жасалса) туралы мәліметтері бар сақтандыруға берілген өтініш;

      2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныптары бойынша жасалған шарттарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша андеррайтингтік шешім (немесе оның көшірмесі);

      3) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) және сюрвейердің андеррайтингтік шешімді қабылдау үшін ұсынған құжаттарының көшірмелері;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты (сақтандыру полисі) және енгізілген өзгерістер;

      5) жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлікті сақтандыру объектісінің жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы жазбалар.

      10. Электрондық нысанда жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ісі электрондық нысанда қалыптастырылады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
6-қосымша

Қайта сақтандыру тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі қайта сақтандыру тәуекелін тиімді басқару мақсатында:

      1) қайта сақтандыру саясатын;

      2) шешімдер қабылдауды басқарма, андеррайтингтік кеңес немесе директорлар кеңесі жүзеге асыратын кіріс қайта сақтандыру (осыған сәйкес ұйым қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қабылдайтын қайта сақтандыру шарты) және шығыс қайта сақтандыру (осыған сәйкес ұйым сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қайта сақтандыруға беретін қайта сақтандыру шарты) шарттарының лимиттерін (түрлерін) бекітеді.

      2. Қайта сақтандыру саясаты:

      1) қайта сақтандыруға байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

      2) қайта сақтандыру шарттарын жасау кезінде Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тәртібін;

      3) қайта сақтандыру бойынша контрәріптесті таңдау өлшемшарттарын;

      4) қайта сақтандыру жөніндегі контрәріптестердің іскерлік қатынастар белгілегенге дейінгі (шарт жасасқанға дейінгі) қызметін бағалауды;

      5) қайта сақтандыру жөніндегі контрәріптестермен (қайта сақтандырушылармен) бұдан былайғы іс-әрекет барысында қаржылық жағдайына, оның ішінде олардың рейтингтік көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізу тәртібін;

      6) сақтандыру тәуекелдерінің орнын толтыру үшін пайдаланылатын қайта сақтандыру түрлерін сипаттауды;

      7) қайта сақтандыру арқылы автоматты түрде жабылатын (облигаторлық қайта сақтандыру) немесе қайта сақтандыруға толық немесе ішінара берілетін (белгілі бір үлеспен) (факультативті қайта сақтандыру) тәуекелдер бойынша сақтандыру сомалары (мөлшері) және түрлері бойынша лимиттерді;

      8) бір қайта сақтандырушыдағы қайта сақтандырумен орнын толықтырудың ең жоғары сомасын;

      9) актуарий есептеген сақтандыру портфелі, сыныбы, түрі және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өзінің ұстап қалу лимиттерін қамтиды. Өзінің ұстап қалу лимиттері сақтандыру тәуекеліне және (немесе) сақтандыру жағдайына белгіленуі мүмкін.

      10) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге де мәселелерді қамтиды.

      3. Басқарма жыл сайын қайта сақтандыру саясатының ағымдағы нарықтық жағдайға сәйкес келуін бағалайды және қажет болған жағдайда, оны қайта қарайды. Қайта сақтандыру саясаты андеррайтинг жөніндегі саясат не қайта сақтандырушының мәртебесі өзгерген жағдайда түзетіледі.

      4. Ішкі аудит қызметі төмендегілерді:

      1) қайта сақтандыру шарттарын;

      2) тиісті қайта сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету жүйесін;

      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде қайта сақтандырушыдан төлем алуды аудиторлық тексеруді жүзеге асырады.

      5. Қайта сақтандыру бөлімшесі қайта сақтандыру саясатын іске асыруға байланысты барлық қабылданатын шешімдерді құжат түрінде ресімдейді.

      6. Қайта сақтандыру бөлімшесі ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы негізде бұдан әрі беру үшін:

      1) қайта сақтандыру бойынша тәуекел туындататын факторларды (оның ішінде аймақтық, нарықтық, саяси, экономикалық жағдайлар);

      2) қайта сақтандыру жөніндегі әрбір контрәріптестің (қайта сақтандырушының) кредиттік рейтингіне, сондай-ақ кредиттік рейтинг өзгеруінің уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті нормалары мен лимиттердің есептелуіне ықпалына мониторинг жүргізуді бағалау, өлшеу және талдау нәтижелері туралы есеп береді.

      7. Қайта сақтандыру бөлімшесі мынадай:

      1) қайта сақтандырушының атауы;

      2) қайта сақтандырушының қаржылық орнықтылығының рейтингісі;

      3) қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік үлесі;

      4) қайта сақтандырушы андеррайтерінің, сақтандыру брокерінің (қайта сақтандыру шартын жасауға жауапты тұлғаның) байланыс деректері;

      5) тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдаған (тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдау бойынша шешім қабылдаған) жауапты тұлға туралы ақпарат бар қайта сақтандырушылардың тізілімін жүргізеді.

      8. Қайта сақтандыру бөлімшесі жыл сайын қайта сақтандыру шарты жасалған не жасалуы жоспарланып отырған әрбір қайта сақтандырушының қаржылық орнықтылығын талдауды (резидент - қайта сақтандырушылар үшін активтерді, сақтандыру резервтерін, міндеттемелерді өтеу үшін меншікті капитал жеткіліктілігін, шығыстар мен кірістерді, ақша қаражатының қозғалысын талдауды қоса алғанда, бейрезидент қайта сақтандырушылар үшін қаржылық орнықтылықты талдау қолжетімді ақпарат негізінде жүзеге асырылады) соңғы аяқталған 3 (үш) қаржы жылының қаржылық есептілігі (резидент - қайта сақтандырушылар үшін) негізінде жүзеге асырады.

      9. Қайта сақтандыру бөлімшесі:

      қайта сақтандырушының заңды тұлға ретінде тіркелуін;

      тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша лицензия не қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, қайта сақтандыру қызметін жүзге асыруға тиісті мемлекеттің тиісті уәкілетті органының лицензиясының не рұқсатының болуын;

      андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің) не қайта сақтандырушының өзге қызметкерінің қайта сақтандырушының атынан қайта сақтандыру шартын жасасуға өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін жинауды және сақтауды жүзеге асырады.

      10. Сақтандыру брокерінің қызметін пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта сақтандыру ковернотасының сақталуын және ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады.

      11. Қайта сақтандыру бөлімшесі қайта сақтандыру саясатын түзету мақсатында тоқсанына бір реттен кем емес талдауды жүргізеді және активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне және тәуекелдерді басқару бөлімшесіне:

      қайта сақтандыру шарттары жасалған қайта сақтандырушылардың қаржылық жағдайының талдауын;

      қайта сақтандырушыдан соңғы 5 (бес) жылда алынған төлемдерді талдауды және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандырудың мақсатқа сәйкестігін бағалауды;

      актуарий белгілеген өзінің ұстап қалу лимиттерінің барабарлығын талдауды ұсынады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
7-қосымша

Сақтандыру төлемдері тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі сақтандыру төлемдері тәуекелдерін басқару шеңберінде олар бойынша шешім қабылдау директорлар кеңесінің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, басқарманың, төлемдер бөлімшесінің, сондай-ақ ұйымдар филиалдарының құзыретіне жататын сақтандыру төлемдерінің лимиттерін бекітеді.

      2. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процесін қамтамасыз ету мақсатында ұйым сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама алған сәттен бастап дереу сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      1) нұсқаулықтармен және сақтандыру шартының және ұйымның талаптарын қалай орындау туралы басқа ақпаратпен бірге, сақтандыру түрі бойынша сақтандыру жағдайы басталғаны туралы өтініштің тиісті нысанын;

      2) құжаттарды дайындау үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін құжаттар тізімін ұсынады.

      3. Басқарма сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімшеге және (немесе) сақтандыру делдалына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Егер сақтандыру делдалының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) құжаттарды алу мүмкіндігі болса, онымен жасалған тапсырма шартында ұйымға құжаттарды жіберу мерзімдері белгіленеді.

      4. Ұйым сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттарды алғаннан кейін өтініш берушіге қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген анықтама береді.

      5. Егер сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген мерзімде қабылданбайтын болса, ұйым сақтанушыны (сақтандырылушыны, пайда алушыны) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың мерзімін созу себебін қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып хабардар етеді, бұл ретте басқарма сақтандыру төлемін сақтандыру шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттеу саласындағы заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Егер оқиға сақтандыру жағдайы деп танылмаса, ұйым сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша сақтандыру төлемін жүргізуден дәлелді жазбаша бас тарту жібереді.

      6. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш бергеннен кейін және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған сақтандыру ісін электрондық не қағаз түрінде қалыптастырады, оған мынадай мәліметтер мен құжаттар кіреді:

      1) істің ашылған күні;

      2) ұйымда тіркелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілген өтініш;

      3) сақтандыру шарты (полисі);

      4) мүдделі бөлімшелер қарайтын мерзімдерді қоса алғанда, өтінішті қарау процесі туралы қысқаша есеп;

      5) сақтандыру жағдайы болған күн;

      6) сақтандыру жағдайы туралы хабар берілген күн;

      7) шығынның сипаттамасы;

      8) өтініш берушілер туралы ақпарат;

      9) егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе, бағалау жасалған күні;

      10) егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе, бағалаушы, аджастер, тәуелсіз сарапшы есебінің көшірмесі;

      11) егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе, бағалаушының, аджастердің, тәуелсіз сарапшының қысқаша деректері;

      12) шығынның бағаланған құны;

      13) сақтандыру төлемінің күні мен сомасы;

      14) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту күні;

      15) сақтандыру ісінің аяқталған күні;

      16) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім.

      7. Сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтандыру жағдайларын сыныптар, сақтандыру түрлері, сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) бойынша талдау жүргізеді және оны тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ұйымның тәуекелдер картасын анықтау үшін тоқсан сайын ұсынады.

      8. Белгілі бір жасқа дейін өмір сүруіне байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімді белгіленген лимиттерге сәйкес тәуекелдерді басқару бөлімшесімен және комплаенс-бақылаушымен келісілген соң активтерді және пассивтерді басқару кеңесі және басқарма қабылдайды.

      9. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын:

      1) табиғи және техногендік апаттардың басталу сценарийлері кіретін модельдерді пайдалануды көздейтін апаттық тәуекелдерді өлшейді және болжайды;

      2) сақтандыру портфелін апаттық оқиғаларға қарсы тұру қабілеттілігіне қатысты бағалайды.

      10. Апаттық тәуекелдер туралы есеп директорлар кеңесінің және басқарманың қарауына беріледі.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
8-қосымша

Сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігін тиімді басқару мақсатында:

      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясатын;

      2) сақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді бекітеді.

      2. Басқарма сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігін тиімді басқару мақсатында:

      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясатын әзірлеу және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді;

      2) барабар сақтандыру резервтерін қалыптастыру үшін қажетті статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді әзірлеу және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді;

      3) сақтандыру резервтерінің уақтылы қалыптастырылуын бақылауды;

      4) ұйымның штатында біліктілігі жеткілікті деңгейдегі актуарийдің болуын қамтамасыз етуді;

      5) зияндарды есепке алу журналын жүргізу тәртібін және мазмұнын анықтауды жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясаты:

      1) шығындар резервін есептеу әдістемесін (мәлімделген, бірақ реттелмеген зияндар және болған, бірақ мәлімделмеген зияндар);

      2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін (жалпы сақтандыру бойынша) және болмаған зияндар резервін (өмірді сақтандыру бойынша) есептеу әдістемесін;

      3) қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің барабарлығына тестілеу өткізуді;

      4) сақтандыру резервтерін есептеу кезеңділігі мен мерзімдерін;

      5) сақтандыру резервтерін есептеуге жауапты құрылымдық бөлімшені және (немесе) тұлғаны көрсетуді қамтиды.

      4. Ішкі аудит қызметі мынадай іс-шараларды қамтитын сақтандыру резервтерін қалыптастыруды ішкі бақылау және ішкі аудитін жүргізу қағидаларын әзірлейді және директорлар кеңесіне бекітуге ұсынады:

      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру кезінде қолдаланылатын статистикалық деректердің шынайлығын тексеру;

      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген зияндар резервін барабар қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін зияндарды есепке алу журналын тексеру;

      3) сақтандыру төлемі жүзеге асырылмаған не толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайларының мониторингі;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары тізілімін онда барлық жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының болуына жүйелі тексеру;

      5) сақтандыру агенттерінің жасалған сақтандыру шарттары туралы уақтылы хабардар етуді бақылау.

      5. Актуарий:

      1) сақтандыру резервтерін уақтылы және барабар есептеуді;

      2) сақтандыру резервтерін есептегенде шынайы және объективті статистикалық деректерді қолдануын;

      3) сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қаржылық және өзге де көрсеткіштердің барабар және экономикалық тұрғыдан негізделген болжамын;

      4) шынайы өлім-жітім кестесін пайдалануды;

      5) сақтанушыларды тарту үшін төмендетілген сақтандыру тарифтері бойынша жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің барабар есебін;

      6) сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру резервтерінің барабарлығына тест жүргізуді;

      7) сақтандыру резервтерін есептеу бойынша біліктілік пен дағдыларды арттыруды жүзеге асырады.

      6. Актуарий тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ай сайын есептеу кезінде қолданылған әдістемелер мен көрсеткіштердің сипаттамасын, ұйымның тәуекелдер картасын қалыптастыру үшін сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігі туралы актуарийдің кәсіби пікірінен тұратын сақтандыру резервтері туралы есеп ұсынады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
9-қосымша

Инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі инвестициялық тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында:

      1) инвестициялық саясатты бекітеді;

      2) сақтандыру резервтерін өтейтін активтерді дербес орналастыру, не активтерді ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына беру туралы шешім қабылдайды.

      3) сақтандырушылардың активтері есебінен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым құрған ашық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі – қор) инвестициялық декларациясын бекітеді;

      4) ұйым болып табылмайтын, инвестициялық портфельді басқарушы құрған ашық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі – сыртқы қор) инвестициялық декларациясын және қағидаларын келіседі;

      5) ұйым бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде инвестициялық комитет құрады.

      2. Басқарма инвестициялық тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында:

      1) қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында бағалардың күрт құбылуына байланысты ("stop-loss" лимиттері) шектен тыс шығыстарға жол бермеу бойынша шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ оларға қол жеткізгеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының төмендеу ықтималдығы артатын ("take-profit" лимиттері) қаржы құралдары бойынша бағалар мен кірістіліктердің өлшемдік деңгейлерін анықтайды. "Stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарығы бар қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін активтерді және пассивтерді басқару кеңесі белгілейтін өзге қаржы құралдары үшін белгіленеді;

      2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен серпініне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және зияндардың барынша рұқсат етілген мөлшерін қайта қарауға бастама жасайды;

      3) инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық және валюталық тәуекеліне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және оны активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынады.

      3. Активтерді инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына тапсырған кезде басқарма инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған шартта:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының ұйымның инвестициялық саясатын бұлжытпай сақтауы бойынша талаптың;

      2) тәуекелдер мониторингін жүзеге асыру, оның ішінде стресс-тестингті жүзеге асыруға арналған ақпаратпен тиімді алмасу бойынша талаптың;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару барысында қасақана әрекеттерінің нәтижесінде ұйымға келтірген зияндар үшін жауапкершілігінің көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      4. Инвестициялық саясатты активтерді және пассивтерді басқару бөлімшесі қайтарымдылық, әртараптандыру, табыстылық, өтімділік қағидаттарын ескерумен әзірледі.

      Қайтарымдылық қағидаты ықтимал залалдарды төмендету не алдын алу мақсатында активтерді орналастыру бойынша тәуекелдерді тиімді бағалауды білдіреді.

      Салымдарды әртараптандыру қағидаты инвестициялық портфельдің барынша орнықтылығына қол жеткізу, қандай да бір қаржы құралдарының артықшылығын, активтердің өңірлік, салалық және өзге де шоғырлануына жол бермеу мақсатында инвестициялық тәуекелдерді бөлу болып табылады.

      Табыстылық қағидаты капитал салымдары нарығындағы жағдайды ескерумен, қалған қағидаттарды қамтамасыз ету кезінде инвестициялардың рентабельділігін барынша жоғарылату, сондай-ақ барлық инвестициялау уақыты ішінде салынған қаражаттың нақты құнын сақтап қалуға, активтерді қысқа мерзім ішінде сатуға мүмкіндік беретін сақтандыру резервтерінің қаражатын басқару кезіндегі жоғары рентабельділігі болып табылады.

      Өтімділік қағидаты ұйымның міндеттемелерін оларды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде қысқа мерзімде іске асырылатын қаржы құралдарымен қамтамасыз етуді ұйғарады.

      5. Инвестициялық саясат:

      1) активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегияларын;

      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесін;

      3) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, активтерді инвестициялау лимиттері мен ашық валюталық позицияның мөлшерлерін;

      4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулерді;

      5) хеджирлеу құралдарының тізбесі мен сипаттамасын көрсетумен активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын;

      6) инвестициялық қызметпен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

      7) инвестициялық портфель бойынша зияндардың жиынтық ең жоғары рұқсат етілген мөлшерін;

      8) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша басқа мәселелерді регламенттейді.

      6. Инвестициялық саясатта көзделген активтерді инвестициялау лимиттеріне:

      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;

      2) белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері ("елдің лимиті");

      3) ашық валюталық позициялар бойынша лимиттер және валюталық нетто-позиция лимиті;

      4) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;

      5) қаржы құралдарына арналған "stop-loss" лимиттері;

      6) қаржы құралдарына арналған "take-profit" лимиттері кіреді.

      7. Инвестициялық комитет сақтанушылардың активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешім қабылдайды.

      Инвестициялық комитеттің функциялары қажеттілігіне қарай активтер мен пассивтерді басқару кеңесіне беріледі.

      8. Инвестициялық саясатты түзету мақсатында тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет:

      1) қалыптасудағы геосаяси жағдайға, инвестициялау валютасына, экономиканың секторына байланысты инвестициялау нарықтарының тартымдылығы дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау;

      2) эмиттенттің қаржылық жай-күйінің, оның активтерінің әрі қарай өсу әлеуетінің, қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетінің, аталған эмиттенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерінің талдауын қоса алғанда, эмитенттерді және ол шығарған (ұсынған) қаржы құралдарының талдауы;

      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру серпіні туралы мәліметтерді, зиянды позициялар мен портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсынымдар кіретін инвестициялық портфельдің талдауы;

      4) келесі күнтізбелік (12) он екі айға сақтандыру сыйлықақылары түсуінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың, сондай-ақ ұйымның міндеттемелерінің құрылымын олардың басталу мерзімдері бойынша болжамдық талдау;

      5) өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруі, оның ішінде міндеттемелерді өтеу үшін қажетті өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі ескерілген қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттердің шолуын қамтитын гэп-талдау жүргізіп, активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынады.

      Жүргізілген талдаулардың негізінде ұйымның құрылымдық бөлімшелері аталған ұсынымдарды беру үшін негіз болып табылған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.

      Ұсынымдар:

      корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты әзірлеу, сондай-ақ аталған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      инвестициялау лимиттерін анықтау және қайта қарау;

      зияндардың барынша рұқсат етілетін мөлшерін анықтау және қайта қарау;

      инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ұсынылады.

      9. Ұйымның активтерін дербес орналастырған жағдайда инвестициялау инвестициялар бөлімшесінің және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындыларын ескерумен, активтерді және пассивтерді басқару кеңесі қабылдайтын инвестициялық шешімдердің негізінде жүзеге асырылады.

      10. Инвестициялар бойынша бөлімшенің қорытындысы мынадай ақпаратты:

      1) жасауға ұсынылатын мәмілені (операцияны) жасау мақсатын;

      2) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар аралығын, кірістілік деңгейі мен басқа сипаттамаларын (талаптары) көрсетумен аталған құралдың сипаттамасын қамтиды.

      11. Тәуекелдерді басқару бойынша бөлімшенің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) жасалатын мәміленің (операцияның) активтер бойынша кірістердің болжамды өзгеруіне ықпалын;

      2) аталған қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдерді;

      3) жасалатын мәміленің (операцияның) пруденциялық нормативтер мәндерінің және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің өзгеруіне ықпалын;

      4) ұсынылатын инвестициялық шешімнің болжамды нұсқаларын.

      12. Инвестициялық шешім:

      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;

      2) жасалуы тиіс мәміленің (операцияның) түрін;

      3) ол бойынша мәміле (операция) жасалуы тиіс қаржы құралының сәйкестендіргішін;

      4) жасалуы тиіс мәміленің (операцияның) көлемін, бағасын және сомасын (көлемінің, бағасының және сомасының аралығы);

      5) мәмілені (операцияны) жасау мерзімдерін;

      6) онда мәміленің жасалуы көзделген нарықтың түрін көрсетуді (бастапқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);

      7) оның көмегімен мәміле (операция) жасалуы ұйғарылатын делдалдың (брокердің) атауы (бар болса);

      8) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуын көрсетуді;

      9) инвестициялық шешімді қабылдаған активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің мүшелерінің қолдарын қамтиды.

      13. Хеджирлеу құралдарымен мәміле (операция) жасауға арналған инвестициялық шешім мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;

      2) жасалуы тиіс мәміленің (операцияның) түрін;

      3) хеджирлеу құралының түрін, оны жасау мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақының), онда хеджирлеу операциясын жасау жоспарланатын нарықты және аталған құралдың басқа сипаттамаларын (талаптары) көрсетумен оның толық сипаттамасы;

      4) аталған хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелерді;

      5) хеджирлеу объектісінің (базистік активінің) тәуекелін бағалау, онда оның түрі (пайыздық, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдісі көрсетіледі;

      6) хеджирлеу объектісін, онда қажетті деректемелері (қаржы құралының сәйкестендіргіші, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетіледі;

      7) аталған мәмілені (операцияны) жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал зияндардың (кірісті толық алмау) мөлшерін төмендетуге әкелетінін растайтын есепті;

      8) оның көмегімен мәмілені (операцияны) жасау көзделетін делдалдың (брокердің) атауы (ол бар болған жағдайда);

      9) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуы туралы нұсқауы;

      10) инвестициялық шешімді қабылдаған активтерді және пассивтерді басқару кеңесі мүшелерінің қолдарын қамтиды.

      14. Сақтанушылардың активтерін инвестициялау шеңберінде хеджирлеу құралдарымен мәмілелер (операциялар) жасау үшін инвестициялық шешімде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) трейдерге белгіленген сома шегінде сауда операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі берілген жағдайда трейдерге ашық позиция лимиті;

      2) оның активтері есебінен мәміле (операция) жасау ұйғарылған клиент туралы мәліметтер, не инвестициялық шешім меншікті активтерге қатысты қабылданатынын көрсету.

      15. Инвестициялық портфельді басқарушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен келісім бойынша инвестициялық портфельді басқарушы құрған сыртқы қордың инвестициялық декларациясының талаптарын бұзған жағдайда тәуелдерді басқару үшін жауапты сақтандыру ұйымының бөлімшесі аталған бұзушылық күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мұндай бұзушылықтардың орын алуы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      16. Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар ұйым:

      1) инвестициялық портфельді басқару (қаржы құралдарымен мәмілелер (операциялар) жасау, жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша есептеулерді жүзеге асыру, инвестициялау лимиттерін бақылау, есепке алу журналын жүргізу);

      2) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақпарат жинау;

      3) тәуекелдерді нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігімен қамтамасыз ете отырып, инвестициялық портфель ұшырауға бейім тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандырады.

      17. Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі нақты жүйелі проблемаларды есепке алуды жүргізеді, оларды ескерумен проблемалардың қайталануын болдырмау мақсатында мынадай іс-шараларды өткізу арқылы қауіпсіздік шараларын әзірлеу бойынша дереу шаралар қолданылады:

      1) техникалық проблемалар парағын толтыру және олар бойынша есептілік жүргізу;

      2) проблемалардың орын алу себебін қадағалау, ақпараттық жүйені әзірлеушіге олар жөнінде хабарлау және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдау;

      3) тоқсанына кемінде бір рет автоматтандырылған дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тексеру жүргізу;

      4) автоматтандырылған дерекқорды басқару терминалдарының мониторингін және пайдаланушыларды сәйкестендіруді жүзеге асыру, оның ішінде олардың түрлері мен көлемдерін, олар жүргізген операциялардың пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігі пәніне бақылау.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
10-қосымша

Операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқару мақсатында:

      1) операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты бекітеді;

      2) ұйымның операциялық, ілеспе тәуекелдерін тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторингін және бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын және оған барлық өзгерістерін бекітеді.

      2. Операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатта мыналар қамтылады, бірақ олармен шектеліп қалмайды:

      1) операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқарудың мақсаты мен міндеттері;

      2) операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді басқарудың негізгі қағидаттары;

      3) операциялық тәуекелдердің, ілеспе тәуекелдердің негізгі түрлерін жіктеу;

      4) ұйымның операциялық тәуекелінің, ілеспе тәуекелінің рұқсат етілген деңгейі;

      5) операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингін және бақылау тәртібі мен рәсімдерін белгілеу;

      6) операциялық тәуекелдерді, ілеспе тәуекелдерді басқаруда кемшіліктер анықталған және (немесе) ұйымның операциялық тәуекелге, ілеспе тәуекелге ұшырау деңгейіне әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайларда ішкі құжаттар мен рәсімдерге өзгерістер енгізу бойынша талаптар.

      3. Алқалық органдар және (немесе) басқарма:

      операциялық тәуекелдерді, ілеспе тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты және төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын әзірлеуге;

      ұйымның және оның қызметкерлерінің операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді басқару жөніндегі саясатты сақтауын бақылауға және мониторингіне жауап береді.

      4. Төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарына мыналар кіреді:

      ұйым қызметінің ауқымына және күрделілігіне қарай, ұйым ұшыраған ықтимал сценарийлердің түрлері;

      құрылымдық бөлімшелердің жауапкершілігі және олардың төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттерінің сипаттамасы;

      қағаздағы және электронды құжаттаманың резервтік көшірмелерінің болуын қоса алғанда сақтандыру қызметін қалпына келтіруге (жаңартуға) мүмкіндік беретін тетіктері.

      5. Басқарма операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару мақсатында:

      1) жыл сайын Ұйымның ағымдағы қызметінің және оның корпоративтік стратегиясының сәйкес келуін ескеріп, төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын қайта қарайды;

      2) конфиденциалды ақпараттың жайылып кетуін және:

      рұқсат берілуі шектеулі ақпараттық деректердің тізбесін;

      рұқсатты алу тәртібін;

      ақпараттық деректерге рұқсатты бақылау тәртібін;

      ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін көздейтін ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау рәсімдерін бекітеді.

      3) жабдықтарға инспекциялар жүргізу мен жұмыс туралы есептерді тексеру қоса қамтылған іркілістерді болдырмау рәсімдерін бекітеді.

      6. Ішкі аудит қызметі операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелді басқаруға бағалау жүргізеді және жыл сайын директорлар кеңесіне операциялық тәуекелді, ілеспе тәуекелдерді басқаруға, оның ішінде ұйым қызметін автоматтандыруға және құжаттандыруға, құжаттаманы басқаруға және құжаттарды сақтауға қойылатын талаптардың орындалғаны туралы есеп береді.

      7. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

      1) топ тәуекелін басқару мақсатында жыл сайын:

      акционерлердің және (немесе) бас ұйымның ұйымды қосымша капиталдандыру қажеттілігі туралы;

      ұйым қызметінің үлестес тұлғалардың қызметіне ықпал етуі және байланысты болуы туралы;

      топ қатысушысы банкроттығының (мәжбүрлеп таратылуының) ұйымның қаржылық жай-күйіне және төлем қабілеттілігіне әсері туралы;

      ұйым активтерінің топ ішінде шоғырлануы туралы есепті талдайды және директорлар кеңесіне ұсынады.

      2) жүйелі тәуекелді басқару мақсатында жыл сайын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратудың беделіне, сақтандыру өнімдеріне деген сұранысқа, ұйымның сақтандыру қызметін іске асыру арналарына ықпалы туралы есепті талдайды және директорлар кеңесіне ұсынады.

      8. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанда бір реттен кем емес:

      1) автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді;

      2) басқармаға техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпарат береді.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
11-қосымша

Комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар

      1. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:

      1) ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқаруға жалпы бақылауды жүзеге асырады;

      2) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатты бекітеді;

      3) комплаенс-тәуекелді басқаруды ұйымдастыруға және үйлестіруге жауапты комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындайды;

      4) жылына бір реттен сирек емес ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігін бағалайды;

      5) комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелерін тиімді және шұғыл шешуді қамтамасыз етуді қоса алғанда комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

      2. Ұйымның комплаенс-тәуекелдерін басқару жөніндегі саясатты комплаенс -бақылаушы әзірлейді және онда мыналар белгіленеді:

      1) комплаенс-тәуекелді басқарудың мақсаты мен міндеттері;

      2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде ұйымда комплаенс-мәдениетін (ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, ұйым қызметіне ықпалын тигізетін шет мемлекеттер заңнамасының және ұйым қызметін реттейтін ішкі құжаттардың талаптарын сақтау мәдениетін) қалыптастыру қағидаттары;

      3) комплаенс-тәуекелді басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне, басқа қылмыстық істерге ұйымды қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдерін басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;

      5) комплаенс- бақылаушының өкілеттіктері және жауапкершілігі;

      6) комплаенс-тәуекелді басқару шеңберінде құрылымдық бөлімшелер арасында өзара әрекеттесу және ақпарат алмасу тәртібі.

      3. Басқарма комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:

      1) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты қабылдауды және қызметкерлерге жіберуді;

      2) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты сақтауды; және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілікті беруді;

      3) ұйым қызметкерлері үшін комплаенс-тәуекелдерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді;

      4) комплаенс-тәуекелге әкелетін бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті түзету немесе тәртіптік шаралар қабылдауды;

      5) міндетті ішкі бақылауға жататын операцияларды және күмәнді операцияларды уақтылы автоматандырылған түрде анықтау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіруді;

      6) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілетін өтініштің нысанында ұйымға жалған мәліметтерді беру салдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында, ұйымның жарғысында, сақтандыру қағидаларында көзделген сілтеменің болуын.

      7) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше қызметкерлерін, алаяқтық индикаторлары мен белгілері бойынша оқытуды;

      8) шағым талаптарды уақтылы реттеу бойынша қызметін қадағалауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер базасын жүргізе отырып, шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібін бекітуді қамтамасыз етеді.

      6. Комплаенс-бақылаушы:

      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес комплаенс-тәуекелдерді бақылау бойынша және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша комплаенс шараларды әзірлейді;

      2) өзінің бастамасы бойынша кез келген қызметкермен байланыс жасайды және құжаттарға және мұрағатқа рұқсат алады;

      3) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатты ықтимал бұзушылықтарға тергеу жүргізеді және кеңес алу үшін ұйым қызметкерлеріне өтініш білдіреді;

      4) бекітілген корпоративтік стратегияға және комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатқа сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың артықшылықтарын белгілейді;

      5) сәйкес келмеу себептерін анықтай отырып, ішкі және сыртқы реттеуші құжаттарға, оның ішінде корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келуіне байланысты комплаенс-функцияларын және комплаенс-тәуекелдерді жүйелі бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;

      6) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне анықталған кемшіліктері, жөнсіздіктері, бұзушылықтары туралы ақпарат қамтылған комплаенс-тәуекелдерге немесе бұзушылықтарға және оларды жоюдың ықтимал жолдарына жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы есепті, сондай-ақ комплаенс-бақылауды жүзеге асыруды және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру бойынша ұсынымдарды береді;

      7) сыртқы және ішкі дереккөздерден алынған ресми емес ақпаратқа мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда қызметтік тергеуді ұйымдастырады;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 198 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандару (қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 8 жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 11-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 қарашада жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған).