Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандару (қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту тур

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 181 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет минстрлігінде 2011 жылы 3 ақпандағы № 6767 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6113 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулыққа:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Стресс-тестинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі қаржылық және өзге есептілігінің негізінде жүзеге асырылады.";

      22-тармақтың 1) тармақшасындағы "директорлар кеңесінің жанында" деген сөздер алып тасталсын;

      25-тармақтың 9) тармақшасындағы "ай сайынғы есепті ұсыну" деген сөздер "тоқсан сайынғы, басқармаға - ай сайынғы есепті ұсыну" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақтағы "ішкі аудит қызметінің және" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Басқарма осы Нұсқаулықтың 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес директорлар кеңесімен белгіленген лимиттің шегінде жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша шешім қабылдайды.";

      32-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы "көтеріңкі" деген сөзден кейін "немесе төмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      33-тармақтың 1) тармақшаның бесінші абзацында "бағалау" деген сөз "бағалаудың жүзеге асырылуын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақтың бірінші абзацындағы "Андеррайтинг бөлімшесі" деген сөздер "Ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардың тізілімін жүргізеді, жыл сайын қайта сақтандыру шартын жасасқан не жасасу жоспарланған әрбір қайта сақтандырушының қаржылық тұрақтылығына соңғы аяқталған үш қаржы жылғы қаржылық есептілігінің негізінде талдауды (активтердің, сақтандыру резервтердің, міндеттемелерді өтеу үшін меншікті капитал жеткіліктілігін, шығыстардың және кірістердің, ақша қаражатының қозғалысын талдауды қоса алғанда) жүзеге асырады.

      Қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі:

      қайта сақтандырушының заңды тұлға ретінде тіркелуін;

      тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша лицензия не қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, лицензияның не тиісті мемлекеттің тиісті уәкілетті органының қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсатының болуын;

      андеррайтердің не қайта сақтандырушының өзге қызметкерінің қайта сақтандырушының атынан қайта сақтандыру шартын жасасуға өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін жинауды және сақтауды жүзеге асырады.

      Сақтандыру брокердің қызметін пайдаланған жағдайда қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру брокері қызметінің шарттары туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қайта сақтандыру ковернотасын сақтауын және ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады.";

      48, 50 және 51-тармақтардағы "сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше" деген сөздер "Ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Белгілі бір жасқа дейін өмір сүруіне байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімдерді қоспағанда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген лимиттерге сәйкес тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен және комплаенс-бақылаушымен келіскеннен кейін активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі кеңеспен және басқармамен қабылданады.";

      60-тармақта "мен актуарий бірлесіп," деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:

      "67-1. Гэп-талдауды осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес қызметін "өмірді сақтандыру" саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

      Гэп-талдаудың қорытындылары уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейін келетін айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:

      "77-1. Операциялық тәуекелдерді басқару ішкі бақылау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      84-тармақтың 1) тармақшасында "директорлар кеңесіне" деген сөздерден кейін "және басқармаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      107-тармақта "және тәуекелдерді басқару бөлімшесі" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;

      осы қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова):

      1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестіктерінің, Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестіктерінің назарына жеткізсін.

      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә.Кенже) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө.Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 27
желтоқсандағы № 181 қаулысына
1-қосымша
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарында тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерінің
болуына қойылатын талаптар
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
1-нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеуі сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

көп 30%

1

2

3

4

5

6

7

8

















































Шығын жиынтығы



      Ескерту:

      1) 1-бағанда нарықтық бағасы бар түрлері бойынша және экономика секторы бойынша топтастырылған қаржы құралдары көрсетіледі;

      2) 3, 4, 5, 6, 7-бағандарында қаржы құралының әрбір санаты бойынша тек болжанатын бір ғана сценарий таңдалады;

      3) сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазын өтеуге дейінгі мерзімі

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Купондық сыйақының пайыздық ставкасының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

6% артық

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан артық







Шығын жиынтығы



      Ескерту:

      1) 3, 4, 5, 6-бағандарында бір санаттағы қаржы құралдары бірнеше сценарийге түсірілуі мүмкін;

      2) сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      3-нысан

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

      3.1-нысан

Шетел валютасының атауы

Осы шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Шетел валютасына қарағанда теңгенің нығаю сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20% артық





































Шығын жиынтығы



      Ескерту:

      Сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      3.2-нысан

Шетел валютасындағы міндеттемелердің шетел валютасындағы активтерден асып кетуі

Шетел валютасына қарағанда теңгенің нығаю сценарийі

есепті күнге

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20% артық

1

2

3

4

5

6

7

8

Валюта түрі:

















      Ескерту:

      1) 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда таңдалған сценарий бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің шетел валютасындағы активтерден асып кетуі пайызбен көрсетіледі;

      2) сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      4-нысан

Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг

      4.1-нысан

Мәлімделген бірақ реттелмеген шығындар резервінің өсуі сценарийі

жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі

10-20%

21-30%

31-40%

41-50%

51-60%

60% және одан көп








      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      4.2-нысан

Қаржы құралдарының ағымды құнының төмендеуі сценарийі

жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі

0-5%

6-10%

11-20%

21-30%

31-40%

41% және одан көп

төлем қабілеттілігі маржасының нормативі








      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      5-нысан

Сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдер бойынша
стресс-тестинг

      5.1-нысан

Тариф базисі көрсеткіштеріне жетпеу сценарийі

Тарифтік базис

Нақты РШР (мың. теңге)

Тарифтік базис

5-10%

11-20%

21-30%

31-40%

40% және көп

Таңдалған сценарий бойынша РШР (мың.теңге)

РШР айырмасы (9-2) (мың.теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

тиімді жылдық пайыздық ставка


тиімді жылдық пайыздық ставка (төмендеуі)








өлім-жітім/белгілі бір жасқа дейін өмір сүру көрсеткіштері

өлім- жітім/ белгілі бір жасқа дейін өмір сүру көрсеткіштері (өсуі)








сақтандыру төлемдерін индекстеу ставкасы

сақтандыру төлемдерін индекстеу ставкасы (өсуі)








шығыстар көрсеткіштері

шығыстар көрсеткіштері (өсуі)









      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      5.2-нысан


Аурулардың өсуі сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

20%-40%

41%-60%

61%-80%

81%-100%

101% және көп

Сақтандыру резервтерінің мөлшері







Сақтандыру төлемдерінің мөлшері







Шығын жиынтығы



      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      5.3-нысан


Сақтандыру шарттарын бұзу жағдайларының көбеюі сценарийі*

20%-40%

41%-60%

61%-80%

81%-100%

101% және одан көп

Қайтарылған сақтандыру сыйлықақылардың (сатып алу сомасының) көлемі






жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің нормативі







      * өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда

      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      5.4-нысан

Қайта сақтандыру ұйымы

Қайта сақтандыру ұйымының төлемді толық емес көлемде төлеуінің сақтандыру ұйымы портфелінің шығындылығы коэффициентіне әсер етуі сценарийі (пайызбен)

Бірінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы

10

ШК*

20

ШК

30

ШК

40

ШК

50

ШК

60

ШК

70

ШК

80

ШК

90

ШК

100

ШК

Екінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Үшінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Төртінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Бесінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы






















      * сақтандыру ұйымының портфелі бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық коэффициенті

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні"

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 27
желтоқсандағы № 181 қаулысына
2-қосымша
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарында тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерінің
болуына қойылатын талаптар
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Қайта сақтандырушылардың тізілімі

Рейтинг

Қайта сақтандырушының атауы

Қайта сақтандыруға берілген жауапкершіліктің үлесі (мың теңге)

Қайта сақтандырушы андеррайтерінің, брокердің (қайта сақтандыру шартын жасасуға жауапты тұлғаның) байланыс деректері

қайта сақтандыру тәуекелін қабылдауға жауапты (қайта сақтандыруға тәуекелді қабылдау жөнінде шешім қабылдаған) тұлға











  "
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 27
желтоқсандағы № 181 қаулысына
3-қосымша
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарында тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерінің
болуына қойылатын талаптар
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

Қызметін "өмірді сақтандыру" саласында жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымдары үшін гэп-талдау "__________________________________"

      (Ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ____________

      (мың теңге)


Өтелгенге дейінгі мерзімі*

1 айға дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 6 айға дейін

6 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан 3 жылға дейін

3 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жылға дейін

10 жылдан артық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I

Активтер









1.

салымдар- барлығы, оның ішінде:









1.1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкте









1.2.

мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)"Standard & Poor's" агенттігінің"ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар;

"Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес бас банктерінің еншілес резидент банктері болып табылады;









1.3.

"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингі бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









2.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкпен шығарылған күмәнді борыштар бойынша резервтер шегерілген(негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылғандар)









3.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, күмәнді борыштар бойынша резервтер шегерілген борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасы ескерілген)









3.1.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









4.

Қазақстан Республикасының және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:









4.1.

"Standard & Poor's" агенттігінің"ВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









4.2.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 болып тіркелген) (бұдан әрі № 77 қаулы) көзделген "акциялар" секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялар және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









4.3.

№ 77 қаулысында көзделген "акциялар" секторының екінші ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялар және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









4.4.

"Standard & Poor's" агенттігінің"ВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар, немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары









4.5.

"Standard & Poor's" агенттігінің"В-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар, № 77 қаулысында көзделген "бірінші шағын санатының (ең жоғары санаты) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" санатының талаптарына сәйкес келетін, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









4.6.

№ 77 қаулысында көзделген "екінші шағын санаттың (ең жоғары санаттан кейін келетін санаттың) рейтингті бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" санатының талаптарына сәйкес келетін күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









4.7

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 131 Нұсқаулық) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықтың 36-тармағының 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары









4.8

№ 131 Нұсқаулықтың 36-тармағының 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары









5.

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









6.

"Standard & Poor's" агенттігінің"ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтерімен шығарылған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









7.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар: "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар;

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервтер шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









8.

Тізбесі № 131 Нұсқаулықтың 37-тармақта белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарыныңкүмәнді борыштар бойынша резервтер шегерілген бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген)









II

Баланс бойынша активтер









III

Сақтандыру сыныптары бойынша міндеттемелер









1.

өмірді сақтандыру









2.

аннуитеттік сақтандыру









3.

жазатайым оқиғалардан сақтандыру









4.

ауырған жағдайдан сақтандыру









IV

ГЭП (I-III) көрсеткіші









V

Активтерден гэп көрсеткіші пайызбен (IV/II)









VII

Кумулятивтік гэп**









VII

активтерден кумулятивтік гэп пайызбен (VII/II)










      Ескерту:

      * өтеу мерзімі жоқ активтер 10-бағанда көрсетіледі;

      ** V-жолда кумулятивтік гэп мынадай формула бойынша есептеледі:

      Кумулятивтік _ гэпі =

_гэпі көрсеткіші

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің басшысы

      ________________ ______________

      қолы күні".