Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
3) сақтандыру резервтерін өтеу үшін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліксіз болуы;
4) талап етілетін капитал сомасының валюталық тәуекелді өтеу үшін жеткілікті болуы;
5) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердегі және осы банктердің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("керi РЕПО" операцияларын ескере отырып), салымдарға және ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) жалпы жиынтық орналастырудың ұлғаюы;
6) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("керi РЕПО" операцияларын ескере отырып), салымдарға және ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) жиынтық орналастырудың ұлғаюы;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығынды қызметі;
8) қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициенттің ұлғаюы;
9) жалпы және әкімшілік шығыстар, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу шығыстары және өзге шығыстар сомасының сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыстар сомасына азайтылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кірістерінің сомасына арақатынасының асып кетуі;
10) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешектің жалпы сомасының (құнсыздануға резервтерді шегергенде) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасына арақатынасының асып кетуі;
11) сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жоғары үлесі кезінде төмен шығындылық коэффициенті;
12) сақтанушылардың (пайда алушылардың) шағымдары коэффициентінің асып кетуі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
2) сақтандыру тобы қызметінің шығындылығы;
3) сақтандыру тобының қатысушылары арасындағы мәмілелер көлемінің асуы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындамау әдістемесі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін төмендету;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының жоғары өтімді активтерінің жеткіліктілігі нормативін төмендету.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Мыналардың:
1) "Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 233 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8804 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада "Заң газеті" газетінде № 171 (2372) жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 21-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына 1-қосымша |
Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 53-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерлерінің, сақтандыру холдингінің және (немесе) оның ірі қатысушыларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне (сақтандыру тобының қызметіне) байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) мақұлдау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тигізетін жағымсыз әсері;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды жақсарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі үшін қауіп төндірмейтін (қосымша тәуекелдер) деңгейге дейін жеткізу шаралары;
әрбір тармағы бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу мерзімдері;
іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлер тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
Егер іс-шараларда ақша алу көзделсе, олардың болжамды мөлшері және алынатын көздері көрсетіледі.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді не іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) оның акционерлерімен, сақтандыру холдингімен және (немесе) оның ірі қатысушыларымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірлесіп талқылайды. Бұл ретте сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның ескертулерін жою үшін іс-шаралар жоспарын түзетеді немесе ондай ескертулермен келіспеген жағдайда өздерінің негіздемелерін береді.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдаусыз қалдырады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды өздігінен анықтаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көрсетілген факторлар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған жағдайда, оларға қатысты жазбаша келісім нысанында қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қолданылып отырған (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша іс-шаралар жоспарын немесе пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді, сақтандырудың барлық сыныптары бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру, консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу түріндегі санкцияларды бұзумен байланысты қолданылған жазбаша ұйғарым шеңберінде ұсынылған, сондай-ақ уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды не таратуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхат берілген жағдайда іс-шаралар жоспарын ұсыну талап етілмейді.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған жағдайда, оларға қатысты жазбаша келісім нысанында қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қолданылып отырған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары бойынша іс-шаралар жоспарын немесе пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді, сақтандырудың барлық сыныптары бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі санкцияларды бұзумен байланысты қолданылған жазбаша ұйғарым шеңберінде ұсынылған, сондай-ақ уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға не мәжбүрлеп тоқтатуға рұқсат алуға өтінішхат берілген жағдайда іс-шаралар жоспарын ұсыну талап етілмейді.
6. Осы Қағидалардың талаптары уәкілетті орган сақтандыру қызметін және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берген күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына 2-қосымша |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесі
Ескерту. Әдістеменің жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 53-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мәнінің "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 304 қаулы) белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден төмен 0,1 тармаққа төмендеуі;
2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулымен белгіленген өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден төмен 0,2 тармаққа төмендеуі;
Осы тармақшаның талабы "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;
3) 1 (бір) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,2 мәнге төмендеуі және (немесе) 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,05 мәнге төмендеуі.
Осы тармақшаның талабы "жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Сақтандыру резервтерін орындау мерзімдері бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына 25-қосымшаның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
4) қатарынан 3 (үш) ай ішінде есепті күні валюталық тәуекелді өтеу үшін талап етілетін капитал сомасының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін есептеу кезінде пайдаланылатын төлем қабілеттілігінің нақты маржасының мәні мен төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мәнінің арасындағы айырмасынан мынадай формула бойынша айқындалатын асып кетуі:
![]()
Әрбір шетел валютасы бойынша валюталық тәуекелдің орнын толтыру үшін талап етілетін капитал мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
мұнда:
CREi – i-шетел валютасы бойынша валюталық тәуекелдің орнын толтыру үшін талап етілетін капитал;
А – есепті күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтері;
L - есепті күні баланс бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық міндеттемелері;
a i – есепті күні i-шетел валютасында активтер сомасы;
li - есепті күні i-шетел валютасында баланс бойынша міндеттемелер сомасы;
5) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден 0,2 тармаққа төмен болған кезде бағалы қағаздарға ("кері РЕПО" операцияларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "B-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердегі салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) және осы банктердің үлестес тұлғаларына жалпы жиынтық орналастырудың меншікті капиталдан 30 (отыз) пайыз мәнінен асуы;
6) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден 0,2 тармаққа төмен болған кезде бағалы қағаздарға ("кері РЕПО" операцияларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "B-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) және осы банктердің үлестес тұлғаларына жалпы жиынтық орналастырудың меншікті капиталдан 10 (он) пайыз мәнінен асуы;
7) № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден 0,5 тармаққа төмен төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының соңғы 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша шығынды қызметі.
Осы тармақшаның талабы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша бизнес-жоспарда айқындалған мерзім өткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кіріс алған жағдайларын қоспағанда, "жалпы сақтандыру" саласында 3 (үш) жылдан кем қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, "өмірді сақтандыру" саласында 5 (бес) жылдан кем қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды;
8) № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден 0,5 тармаққа төмен төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні кезінде қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда аралас коэффициент мәнінің 100 (жүз) пайыздан асуы.
"Ауырған жағдайдан сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін осы фактор бойынша шекті мәні 120 (бір жүз жиырма) пайызды құрайды;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыстар сомасына азайтылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының соңғы 12 (он екі) айдағы кіріс сомасына соңғы 12 (он екі) айдағы "Жалпы және әкімшілік шығыстар" бабында көзделген жалпы және әкімшілік шығыстар, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар және өзге де шығыстар сомасының арақатынасынан асып кету 50 (елу) пайыздың мәні;
10) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің деңгейден төмен мәні № 304 қаулымен белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен 0,5 тармаққа төмен болған кезде сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешегінің (қайта сақтандырушылардан, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс соманың) (құнсыздануға резервтерді шегергенде) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасына арақатынасының 5 (бес) пайыз мәнінен асуы;
11) ұйымның ерікті сақтандыру сыныптары бойынша жеке тұлғалардың сақтандыру сыйлықақыларының 20 (жиырма) пайызынан астамын жеке тұлғалардың сақтандыру сыйлықақыларының сомасы құрайтын автомобиль көлігін ерікті түрде сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесін есепке ала отырып полистік жыл бойынша есептелген, шығындылықты сипаттайтын коэффициенттің 30 (отыз) пайыздан төмен азаюы.
Бұл көрсеткіш есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледі.
12) сақтанушылардың (пайда алушыларының) шағымдар коэффициентінің 1-көрсеткіштен артуы.
Сақтанушылардың (пайда алушылардың) шағымдар коэффициенті ретінде мына формула бойынша есептелген мынадай шамалардың ең үлкені қабылданады:
![]()
Н1емесе
![]()
шағымдар – жеке тұлғалардың сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымына қатысты сақтандыру омбудсманы қараған есептік жыл үшін сақтанушылардың (пайда алушылардың) негізделген өтініштерінің саны;
сақтандыру шарттары – есептік жыл үшін жеке тұлғалар жасаған барлық сақтандыру шарттарының саны;
төлемдер – жеке тұлғаларды сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған есептік жыл үшін жеке тұлғаларға жасалған барлық сақтандыру төлемдерінің саны.
Сақтандыру омбудсманы шешім шығарғанға дейін залал сомасын айқындаумен байланысты келіспеушіліктерді сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру омбудсманы реттеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру омбудсманының сақтанушының (пайда алушының) талаптарын ішінара немесе толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарылған өтініш негізделген болып есептеледі.
Сақтанушылардың (пайда алушылардың) шағымдарының коэффициенті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша күнтізбелік жылға сақтандыру омбудсманының қабылданған шешімдері бойынша есептеледі.
3. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден төмен төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәнін 0,1 тармаққа төмендету;
2) соңғы 4 (төрт) есепті тоқсанның қорытындысы бойынша шығынды қызмет;
3) сақтандыру тобына қатысушылар арасындағы мәмілелер көлемінің сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасының 10 (он) пайызынан асып кетуі.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік нормативін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтері және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейтін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің деңгейін 0,1 тармаққа төмендету;
2) резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік нормативін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтері және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейтін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің деңгейін 0,2 тармаққа төмендету.