Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25932 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 107 қаулыға
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар:

      1) ақша, оның ішінде:

      кассадағы ақша, Ұлттық пошта операторының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

      Ұлттық пошта операторының клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларындағы жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттықтар және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшасы;

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, дара рейтингі немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис), Fіtch (Фич) рейтингтік агенттіктердің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтер ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздарды қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

      4) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      5) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВB" төмен емес рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      6) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      7) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      8) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      9) Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), пайлары, олардың активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайды немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты;

      10) Mornіngstar рейтинг агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;

      11) тазартылған бағалы қағаздар және металл депозиттер;

      12) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес бағалы қағаздың және (немесе) эмитенттің рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      13) мынадай талаптарды сақтау шартымен ислам банкінің исламдық қаржыландыру құралдары:

      исламдық банктің ірі акционері болып табылатын ұйымда Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасының немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасының болуы;

      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес ислам банкі үшін белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтау жөніндегі талаптарды орындау;

      14) кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар;

      15) 1 (бір) айға дейін өтеу мерзімі бар автоматты түрде жасалған кері репо операциялары бойынша дебиторлық берешек;

      16) егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілсе және Ұлттық пошта операторының өтімділікке қойылатын талаптарын есептеуге енгізілсе, Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілетін валюталық своп операциялары бойынша талап етілетін сома кіреді.";

      1-қосымша алып тасталсын.

      2. "Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде қолданатын шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – Басқарушы) ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде мынадай шаралар белгіленсін:

      1) ірі қатысушының сақтауы үшін міндетті Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қолданудың талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды Басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының әзірлеуі және бекітуі;

      2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген, "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнінің сақталуын сипаттайтын көрсеткіштердің түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысының (бұдан әрі – № 79 қаулы) 1-тармағының екінші абзацында белгіленген Басқарушының меншік капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің қажетті мәнін тұрақты түрде қамтамасыз ету;

      3) Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің № 79 қаулының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген қажетті мәнін шұғыл қамтамасыз ету.

      2. Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің қажетті мәнін тұрақты қамтамасыз ету шаралары:

      1) Басқарушыға қатысты белгіленген пруденциялық нормативтердің сақталуын тексеру мақсатында Басқарушының тоқсан сайынғы қаржылық есептілігіне жүргізілген талдау негізінде Басқарушының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалауды, сондай-ақ Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін төмендетуге әсер ететін тәуекелдерді бағалауды;

      2) Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің болжамды мәндерін тоқсан сайын бағалауды;

      3) Басқарушының тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігінің қамтамасыз етілуіне жыл сайын бақылауды, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Бағалы қағаздар рыногы туралы заңының 49-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалауды;

      4) осы қаулының 3-тармағында көзделген шұғыл қамтамасыз ету шараларын қолдану қажеттілігін айқындайтын рәсімдердің Басқарушыда болуын жыл сайын бақылауды;

      5) Басқарушының клиенттермен активтерді басқаруға жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ меншікті активтерді инвестициялау саясатын сақтауын тоқсан сайын бақылауды;

      6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларына және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес жасалған Басқарушының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында Басқарушының қайта капиталдандыру жоспарында көзделген шараларды қолдануды көздейді.".

      3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      1-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарушылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені басқарма әзірлейді және басқарма мен тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және ұйымның акционерлеріне басқарушылық есептілікті ұсыну тәртібін регламенттейді, оның ішінде:

      пайда мен зиян туралы есеп (оның ішінде өткен жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері);

      инвестициялар туралы есептер (баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып, қаржы құралдарын түрлері бойынша топтастыра отырып);

      активтер мен міндеттемелердің көлемін салыстыру туралы есеп;

      ұйым тәуекелі картасының талдауы;

      ұйымның тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау (стандартты диапазоннан тыс шығатын коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен);

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысында көрсетілген пруденциялық нормативтерді бұзуға және (немесе) ұйымның және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтауға алып келмейтін ұйымның капиталға және оны пайдалануға ағымдағы және болжанатын қажеттіліктерін қысқаша талдау;

      ұйымның директорлар кеңесінің және акционерлерінің талап етуі бойынша есептілік.

      Басқарушылық есептілік тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді тиісінше басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті.";

      4-қосымша өзгерістер енгізілетін банк, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптарының сомасы деп банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптары қалдықтарының сомасы түсініледі, ондай мәмілелер бойынша ақпарат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19834 болып тіркелген, "Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған банк конгломератының топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау бойынша есепте көзделеді.

      Банк конгломератына қатысушылардың арасындағы топішілік мәмілелер бойынша банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары көрсетілген қаржы құралдарының нақтылы құнының № 170 Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.".

      5. "Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18291 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның банкті консервациялау туралы шешімінің көшірмесі ол шығарылған күні банктің бірінші басшысын (оның орнындағы адамды) уәкілетті органға шақыру арқылы тапсырылады немесе электрондық, факсимильдік немесе өзге байланыс құралдары арқылы банкке жіберіледі немесе уәкілетті органның қызметкері банктің орналасқан жері бойынша қолма-қол жеткізеді.

      Банктің бірінші басшысы (оның орнындағы адам) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) басшысына ақпаратқа қол жеткізу мақсатында қолда бар барлық мөрлерді, мөртабандарды, клише мен пломбаларды, кілттерді, кіру кодтарын, парольдерді (олар бар болса) қоса алғанда, банкті әділет органдарында мемлекеттік тіркеумен байланысты құжаттарды, банкке берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық жеткізушілерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа заңды тұлғалардың банк меншік иесі болып табылатын құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысына сәйкес банкте сақталуға тиіс құжаттарды банктің мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша береді.".

  Қазақстан Республикасының
банктік, сақтандыру қызметін
және бағалы қағаздар нарығын
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары
үшін тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://fіnreg.kz интернет-ресурсына орналастырылды

      "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдау

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: GAP-LІ1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

      _________________________________________________________

      (сақтандыру ұйымының атауы)

      (мың теңге)



Өтегенге дейінгі мерзім

1 айға дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 6 айға дейін

6 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан 3 жылға дейін

3 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жылға дейін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Активтер









1.1

Салымдар - барлығы, оның ішінде:









1.1.1

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін: күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде); күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-бас банктері резидент-еншілес банктер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде)









1.1.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан "В+"-ке дейінгі ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ+"-тен "kzВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомаларын есептегенде)









1.2

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған)









1.3

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.4

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде:









1.4.1

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, 1.4.1-жолда көрсетілген акцияларды қоспағанда, қазақстан қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.3

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"- тен "В+"-ке дейінгі ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzB+"-тан "kzBВ-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.4

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, 1.4.1, 1.4.2 және 1.4.3-жолдарда көрсетілген акцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - № 54 талаптар) сәйкес айналысқа жіберілген акциялар және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









1.4.5

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитент) басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.4.6

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан "В+"-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzB+"-тен "kzBВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитент) шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.4.7

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, 1.4.5 және 1.4.6-жолдарда көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, № 54 талаптарға сәйкес қор биржасына айналысқа жіберілген борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде)









1.5

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары









1.6

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар









1.7

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:









1.7.1

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;









1.7.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар









1.8

Тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен белгіленген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінің және оларды есептеу әдістемесінің (бұдан әрі - Нормативтер) 39-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары









1.9

Лондон бағалы металдар қауымдастығы (London Bullіon Market Assocіatіon) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондон сапалы жеткізу" стандарты ("London Good Delіvery") ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер









1.10

Пайлар - барлығы, оның ішінде:









1.10.1

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Нормативтердің 38-бабының 12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін пайлар









1.10.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Нормативтердің 38-бабының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін пайлар









1.10.3

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары









1.11

Нормативтердің 38-бабының 15) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдары









2

Баланс бойынша активтер









3

Сақтандыру сыныптары бойынша міндеттемелер









3.1

Өмірді сақтандыру









3.2

Аннуитеттік сақтандыру









3.3

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру









3.4

Ауырған жағдайдан сақтандыру









4

Гэп көрсеткіші (1-жол - 3-жол)









5

Гэп-тің активтердің пайызымен берілген көрсеткіші (4-жол/2-жол)









6

Кумулятивтік гэп









7

Активтердің пайызымен берілген кумулятивтік гэп (6-жол/2-жол)









      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы _______________________ Мекенжайы___________________

      Телефоны

      __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы

      Бірінші басшы немесе оның гэп-талдауға қол қоюға уәкілетті тұлғасы

      ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20___ жылғы "_____" ___________________

  "Өмірді сақтандыру" саласында
қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымдарына
арналған гэп-талдау нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдау (индексі - GAP-LІ1, кезеңділігі - тоқсан сайын)

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдау" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы тоқсан сайын, есепті кезеңінің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      3. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен және пайызбен (үтірден кейінгі екінші белгіге дейін) белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеге дейінгі сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес) жүзге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе оның гэп-талдауға қол қоюға уәкілетті тұлға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 10-бағанда өтеу мерзімі жоқ активтер көрсетіледі.

      6. 6-жолда кумулятивтік гэп мынадай формула бойынша есептеледі: