Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қазанда № 17457 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т.қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін:

      Тізбенің 2-тармағының алтыншы және жетінші абзацын;

      Тізбенің 3-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші және елу бірінші абзацтарын;

      Тізбенің 4-тармағының үшінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      __________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы "27" тамыздағы
№ 188 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы

      № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7557 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 415-421 (27495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларын білікті инвесторлар деп тану қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым;";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімді жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық түрде жүзеге асырады.";

      қосымшаға сәйкес нысан бойынша Білікті инвесторлар туралы мәліметтер осы Өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7853 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 622-630 (27701) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) орталық депозитарий тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.".

      3. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң), "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.";

      5-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кастодианның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған ішкі құжаттардың көшірмелерін;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті органның қатарынан соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде осы кастодианға және (немесе) оның басшы қызметкерлеріне қолданған қадағалап ден қою шаралары мен санкциялары туралы мәліметтер.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кастодиан кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күні басталғанға дейін кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің активтерін клиентке немесе жаңа кастодианға немесе басқа номиналды ұстаушыға немесе орталық депозитарийге тапсырады.";

      20-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кастодианның есепке алу жүйесінде клиенттерге ашылған шоттардағы клиенттердің активтері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің және орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша клиенттерге ақпарат береді;";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ақшаны есепке алу және сақтауға арналған оның шоттарының жай-күйі туралы хабардар ету, сондай-ақ Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде беру;";

      24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган қолданған, зейнетақы активтеріне қатысты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру арқылы жүзеге асырады.";

      25-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган қолданған, инвестициялық қордың активтеріне қатысты инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқарушысының инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру арқылы жүзеге асырады.";

      30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Кастодиан эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме беруді және ақпаратты ашуды, сондай-ақ номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыру шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде өзге операцияларды жүргізуді Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі – № 210 қағидалар) және Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптарда жүзеге асырады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Клиенттердің активтерімен жасалатын операцияларды есепке алу, сондай-ақ олар бойынша кірістер алу және оларды бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына, кастодианның ішкі құжаттарына және кастодиан клиентінің есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.";

      39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Деректерді салыстырып тексеру актісі екі данада жасалады, оған салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың өкілдері қол қояды.";

      62-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кастодиандық шарт жасалған күннен бастап кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттардағы ақшаның, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының қозғалысы туралы және активтерді қабылдау-тапсыру актісі жасалған күнгі кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттардағы ақшаның, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының қалдығы туралы мәліметтер;

      4) кастодиандық шарт жасалған күннен бастап ақша мен өзге қаржы құралдарынан басқа инвестициялық қордың активтерінің құрамына кіретін өзге мүліктің қозғалысы туралы және активтерді қабылдау-тапсыру актісі жасалған күнгі кастодианның есепке алу жүйесінің деректеріне сәйкес ақша мен өзге қаржы құралдарынан басқа инвестициялық қордың активтерінің құрамына кіретін өзге мүліктің қалдығы туралы мәліметтер;";

      65, 66, 67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша кастодиан, жаңа кастодиан және клиент не оның уәкілетті өкілі үшін бір-бір данадан үш данада жасалады, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      66. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан төрт данада жасалады, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      67. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша арнайы қаржы компаниясы, оның инвестициялық портфельді басқарушысы, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан бес данада жасалады, арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық портфельді басқарушының (кастодиандық шарттың тарабы болып табылатын), кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      68. Инвестициялық қордың активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқарушы, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан төрт данада жасалады, инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      Акционерлік инвестициялық қордың активтерін жаңа кастодианға беру кезінде оның активтерін қабылдау-тапсыру актісіне акционерлік инвестициялық қордың бірінші басшысы және бас бухгалтері қосымша қол қояды.";

      70-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-1. Осы тарауда белгіленген клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі Қағидалардың 60-тармағында, 61-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 62-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 64, 69 және 70-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, бас банк (бұдан әрі – бас банк - жаңа кастодиан) пен еншілес банк (бұдан әрі – еншілес банк - кастодиан) арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде кастодианның клиенттердің активтерін беруіне қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда еншілес банк - кастодиан клиенттердің активтерін бас банк - жаңа кастодианға клиент еншілес банк - кастодианмен кастодиандық шартты бұзбай-ақ және клиент бас банк - жаңа кастодианмен кастодиандық шартты жасамай-ақ клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде береді.

      Кастодиандар клиенттің активтерін еншілес банк - кастодианнан есептен шығару және бас банк - жаңа кастодианда есепке алу операцияларын клиент жеке шоттардан (шоттарға), ағымдағы шоттардан (шоттарға) есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізуге арналған бұйрықтарды ұсынбай-ақ клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде жүргізеді. Бас банк - жаңа кастодианның клиентке жеке, ағымдағы шоттарды ашуы жеке, ағымдағы шоттарды ашуға арналған бұйрықтарды ұсынбай жүзеге асырылады.

      Клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісіне еншілес банк - кастодианның және бас банк - жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      Бас банк - жаңа кастодианның және еншілес банк - кастодианның арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру операциясын жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде клиенттен жазбаша қарсылықтың және клиенттің активтерді аударуға бұйрығының болмауы клиенттің активтерді бас банк - жаңа кастодианға беруге келісімі ретінде қаралады.";

      75-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кастодиандық шарт жасалған күннен бастап кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттардағы ақшаның, бағалы қағаздар мен өзге де активтердің қозғалысы туралы және активтерді қабылдау-тапсыру актісі жасалған күнгі кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттардағы ақшаның, бағалы қағаздар мен өзге де активтердің қалдығы туралы мәліметтер;";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Инвестициялық пай қорының активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиан мен жаңа инвестициялық портфельді басқарушы үшін бір-бір данадан екі данада жасалады және оған кастодианның және инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      Кастодиан инвестициялық пай қорының активтерін қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін тараптар қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.";

      77-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатуға негіздер туындаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде орталық депозитарийге бұл туралы хабарлама жібереді;";

      78-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық депозитарийден қызметін тоқтатуды кастодиан жүргізетін инвестициялық пай қорының пайлары, осы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар, олардың деректемелері мен оларға тиесілі пайлар саны туралы мәліметтерді;";

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвестициялық шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есеп Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 239 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14423 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары бойынша салық салу мәселелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 341-бабымен және 74-тарауымен реттеледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын орналастырудың басталған күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей берген уәкілетті бөлімшенің өтінімі негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарының шығарылымына халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN кодын) береді.";

      10-тармақ алып тасталсын.

  Өзгерістер енгізілетін бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың
дара және институционалдық
инвесторларды білікті
инвесторлар деп тану
қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Білікті инвесторлар туралы мәліметтер Есепті кезең: 20 __ жылғы "_____" ____________ жағдай бойынша

      Индекс: F1-QI

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын: білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде.

  Нысан

_______________________________________________________________ (білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы) 20 __ жылғы "_____" ____________ жағдай бойынша

1. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер

1.1

Ұйымның толық атауы


1.2

Ұйымның қысқартылған атауы


1.3

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


1.4

Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы туралы мәліметтер


1.5

Лицензияның нөмірі


1.6

Лицензия берілген күн


2. Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн

2.1

Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн


2.2

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген жеке тұлғалардың саны


2.3

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған жеке тұлғалардың саны


2.4

Тізілімде тұрған жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны


2.5

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың саны


2.6

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған заңды тұлғалардың саны


2.7

Тізілімде тұрған заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны


3. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған қызмет түрлері туралы мәліметтер

3.1 Қызмет түрі

3.2 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

3.3 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

4. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері туралы мәліметтер

4.1 Бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрі

4.2 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

4.3 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

5. Есепті кезеңде білікті инвесторлардың қаражаты есебінен қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің көлемі туралы мәліметтер (мың теңгемен)

5.1

Жеке тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


5.2

Заңды тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      _______________________________________ _________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (күні)

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________ ___________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (күні)

      Орындаушы

      ______________________________________ ________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (телефон нөмірі)

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Білікті инвесторлар туралы
мәліметтердің нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Білікті инвесторлар туралы мәліметтер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Білікті инвесторлар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Білікті инвесторларды тануды жүзеге асыратын тұлға Нысанды есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес) жүз теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес) жүз теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 және 1.6-жолдарда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаны сәйкестендіретін мәліметтердің негізіндегі деректер көрсетіледі.

      6. 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6 және 2.7-жолдарда білікті инвесторлар тізілімінен алынған ақпарат негізіндегі деректер көрсетіледі.

      7. 3.1, 3.2 және 3.3-жолдарда білікті инвесторлар тізілімінен алынған ақпарат негізіндегі деректер көрсетіледі.

      8. 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарда эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы және иеленушілері, номиналды ұстауды есепке алу жүйесі туралы ақпараттың негізіндегі деректер көрсетіледі.

      9. 5.1 және 5.2-жолдарда есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті жылдағы деректер көрсетіледі.

  Өзгерістер енгізілетін бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
кастодиандық қызметті
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Инвестициялық шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) 20 __ жылғы "___" ___________ бастап "____"___________ дейінгі кезеңдегі

Ақша ағынының баптары

Сомасы

1.

Есепті кезеңнің басындағы ақша қалдығы


2.

Түскен ақшаның барлығы, оның ішінде:


2.1.

зейнетақы жарналары


2.2.

басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтары


2.3.

өсімпұл


2.4.

нақты алынған инвестициялық кіріс


2.5.

анықталмаған (жаңылысып түскен) сомалар


2.6.

зейнетақы төлемдері шотынан сомаларды қайтару


2.7.

банктік салымдарды қайтару сомасы


2.8.

бағалы қағаздарды өтеуден түскен сомаларды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатудан түскен сомалар


2.9.

басқа сомалар


3.

Барлық инвестицияланған ақша, оның ішінде:


3.1.

бағалы қағаздарға


3.2.

екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға


3.3.

өзге қаржы құралдарына


4.

Барлық төлемдер, оның ішінде:


4.1.

жасына қарай зейнетақы төлемдері


4.2.

мұрагерлерге


4.3.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына байланысты


4.4.

жаңылыс есепке жазылған сомаларды қайтару


4.5.

комиссиялық сыйақылар аударымдары


4.6.

шетел валютасын сатып алу


4.7.

өзгелер


5.

Есепті кезеңнің соңындағы ақша қалдығы


      Қосымша мәліметтер

Есептелген инвестициялық кіріс


Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақылар


Зейнетақы активтерінен түскен комиссиялық сыйақылар


Өзге мәліметтер


      Бірінші басшы немесе мәліметтерге қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Орындаушы

      _________________________________________ ______ ____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы "____" ____________

  Өзгерістер енгізілетін бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулыларының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
кастодиандық қызметті
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есеп ___________________________________________________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

Эмитенттің атауы

Халықаралық сәйкестендіру нөмірі
(ISIN коды)

Қаржы құралының түрі

Өтеу мерзімі (өтеу күні)

Акциялар үшін дана саны,облигациялар үшін номиналды саны

Бір қаржы құралын сатып алу құны (теңге)

Қаржы құралына салынатын жиынтық сома

Орналастырылған зейнетақы активтерінің жиынтық шамасынан үлесі (пайызбен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жиынтығы ____________________

      Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша жиынтығы ________________

      Өзге қаржы құралдары бойынша жиынтығы __________________________

      Бірінші басшы немесе мәліметтерге қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Орындаушы

      __________________________________________________ _______ ________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы "____" __________