Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке тұлғалар болып табылатын тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:
1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілмеген Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
2) инвестициялық тәуекелі бар инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;
3) қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;
4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;
5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;
6) инвестициялық облигациялар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының 1-тармағы 3) тармақшасының талабы:
1) базалық активтері осы қаулының 1-қосымшасында айқындалған, мынадай талаптардың бірі сақталған жағдайда ұйымдастырылмаған нарықта жасалатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелерге:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес-қарсы әріптес болып табылады, не Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктелімі бойынша халықаралық шәкіл бойынша "ВВ-"-тен төмен емес немесе Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктелімі бойынша "Ва3"-тен төмен емес рейтингі, не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша "kzBBB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар ұйым Қазақстан Республикасының резиденті-қарсы әріптес болып табылады;
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде сатып алуға және (немесе) сатуға белгіленімдер бар, не мұндай белгіленімдер болмаған жағдайда Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үш әр түрлі қарсы әріптестен кем дегенде үш белгіленім бар;
туынды қаржы құралдарының базалық активі Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржалары таныған сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым:
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының туынды қаржы құралын бағалау әдістемелері туралы;
кредиттік залалдарды, пайыздық ставкаларды немесе дисконттау ставкаларын бағалауға қатысты жасалған рұқсат етулер туралы ақпаратты қоса алғанда, туынды қаржы құралының құнын айқындау кезінде пайдаланылған рұқсат етулер туралы;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізген стресс-тестілеу, сезімталдықты талдау нәтижелері туралы аудиторлық ұйымның оң пікірін білдіру көзделетін есепті ұсынған жағдайда;
2) инвестициялық тәуекелі бар қор болып табылмайтын инвестициялық қордың қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздарға және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдарына инвестицияларына қолданылмайды.
2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) орталық депозитарий жеке тұлғалар болып табылатын тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.
Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 79 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7471 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына 1-қосымша |
Туынды қаржы құралдарының базалық активтері
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) ұйымдардың:
Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктелімі бойынша халықаралық шәкіл бойынша "ВВ-"-тен төмен емес немесе Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктелімі бойынша "Ва3"-тен төмен емес рейтингі, не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша "kzBBB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің;
Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктелімі бойынша халықаралық шәкіл бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес немесе Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктелімі бойынша "ВВа3"-тен төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің;
өздеріне берілген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың, сондай-ақ шығарылған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-өтініш берушілердің кредиттік тәуекелі;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын өлшемшарттарды белгілеу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) 1-тармағында айқындалған базалық активтер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына 2-қосымша |
Халықаралық қор биржалары таныған сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімі
1. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
3. Америка қор биржасы (American Stock Exchange)
4. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
5. Афина қор биржасы (Athens Exchange)
6. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
7. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
8. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)
9. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)
10. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange)
11. Испанияның біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges)
12. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
13. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстік Африка) (JSE Securities Exchange South Africa)
14. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange)
15. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
16. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
17. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
18. Лондон халықаралық қаржы фьючерстері биржасы (London International Financial Futures and Options Exchange)
19. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
20. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
21. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)
22. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
23. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
24. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
25. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
26. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)
27. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
28. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
29. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
30. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)
31. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)
32. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
33. Үндістан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
34. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)
35. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
36. Француз халықаралық қаржы фьючерстері биржасы (French International Financial Futures Exchange MATIF)
37. Чикаго мерзімді тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)
38. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange)
39. Чикаго тауар биржасы (Chicago Mercantile Exchange)
40. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
41. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)
42. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)