Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 маусымда № 17117 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________ Д. Абаев

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ___________ Қ. Қожамжаров

      2018 жылғы ____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ________________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ___________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы

      __________ Қ. Оразқұлов

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      "Сырбар" Сыртқы барлау

      қызметінің директоры

      ____________ Ғ. Байжанов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы _____________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 158 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.

      Оралман мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда азаматтық алғанға дейінгі оралман куәлігінің көшірмесін, сәйкестендіру үшін оралманның куәлігі ұсынады.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

      Базалық зейнетақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы беріледі.

      Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда, адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесіне жүгінеді.

      Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы).

      Өтінішке сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

      Егер құжаттарды уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, олар талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттарға мыналарды қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама немесе мемлекеттік кірістер органы берген дара кәсiпкерлердiң, адвокаттардың жеке нотариустардың, сот орындаушыларының және кәсіби медиаторлардың табыстары туралы құжат (бар болса);

      Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Орташа айлық табыс туралы архивтік құжатты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

      "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасын ұсынады (бар болса).

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;

      2) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

      еңбек кітапшасы;

      еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

      Болуына қарай сондай-ақ:

      бiлiмi туралы құжат;

      әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

      балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

      әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

      Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелердің, халықаралық ұйымның қызметкері жұбайы (зайыбы) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

      әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат ұсынылады.

      Жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:

      балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

      балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

      балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

      орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

      балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

      3) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).";

      10-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, архив iсiнің нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөрмен және архив директоры мен архивариустың қолы қойылып расталған архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

      қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер;

      кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;

      зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;

      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалғаны туралы хабарламасы келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

      әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалғаны туралы үзінді көшірме келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.";

      52-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "52. Уәкiлеттi орган азаматтарды хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы сот шешiмдерiнiң күшiн жою мәселесi бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiнен хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамның 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару немесе азаматтың тірі болу фактiсiн растайтын дәйекті ақпарат келіп түскені туралы хабарлама келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа жүгiнедi.

      Сонымен бірге төлемдердi заңсыз алуда алушы тарапынан қылмыс құрамының болу немесе болмау фактiлерiн анықтау үшiн уәкiлеттi орган құқық қорғау органдарына жүгiнедi.

      Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану не өлді деп жариялау туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы сот шешімін шығару кезінде асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлемі тоқтатыла тұрған күннен бастап тоқтатылады.".

      2. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

      3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама немесе мемлекеттік кірістер органы берген дара кәсіпкерлердің, адвокаттардың, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және кәсіби медиаторлардың табыстары туралы анықтама (бар болса).

      Ұйым (мекеме) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтамасы немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасында төленген табыстары туралы жұмыс берушінің анықтамасын (бар болса) ұсынады;";

      5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

      еңбек кітапшасы;

      еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер және әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

      Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:

      бiлiмi туралы құжат;

      әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

      балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

      әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

      бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

      әскери қызметшiнің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат.

      Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:

      балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

      балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);

      орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

      балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы;

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);

      балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

      6) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

      5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда, қосымша балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактісін растау үшін (олардың болуына қарай) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылады.

      Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда, 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

      Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

      Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімін ұсыну талап етілмейді;

      порталда:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.";

      10-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      10-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

      4) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      5) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;

      6) неке қию туралы куәлік (азаматтық хал актілері жазбаларын тіркеу туралы анықтама) не некенi бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (болған кезде);

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11110 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланды) Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-1-тармағында көзделген өтініш берішінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттар.

      порталға:

      мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған портал арқылы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын құжаттың мәліметтері, электрондық өтініште көрсетілген банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.";

      1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) алғаш мүгедектік белгілеу кезінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті беруші;

      3) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу кезінде – www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін жүгінген жағдайда – Мемлекеттік корпорация;

      2) жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпаратты алу бөлігінде портал арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияда тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін негіздемелер болған кезде – 5 (бес) жұмыс күніне;

      қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

      порталда жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жәрдемақылар тағайындау туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Порталда жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтінішті, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

      3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      қажет болған жағдайда (болуына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

      1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;

      2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

      3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;

      4) он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде).

      Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

      3) екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесіндегі банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      4) асыраушының қайтыс болу туралы куәлігі не адамның хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп танылғандығы туралы соттың шешімі;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 8-тармағы 2) тармақшасына сәйкес асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат.

      Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;

      2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);

      3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;

      4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;

      5) әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжат.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметiн тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасын, ол болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация адамның дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы ақпараттық жүйесінен және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісінің болмауы туралы сұрау жасайды.

      Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігін (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию (бұзу) туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, тұлғаның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасын, мүгедектігі туралы анықтаманы, қайтыс болғаны туралы куәлікті, адамды хабар-ошарсыз кетті (қайтыс болған) деп тану, баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімін, оқу орнынан анықтаманы ұсыну талап етілмейді;

      порталда:

      жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің үзбелі талоны;

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.";

      10-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2 және 2-1-қосымшаларда оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мүгедектігі бойынша және
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету стандартына
2-қосымша
  "Мүгедектігі бойынша және
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету стандартына
2-1-қосымша";

      3-қосымша алып тасталсын;

      4 және 5-қосымшаларда оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мүгедектігі бойынша және
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету стандартына
4-қосымша
  "Мүгедектігі бойынша және
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету стандартына
5-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

      3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын ұйымның анықтамасын ұсынады.

      Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, архив iсінiң нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөрмен және архив директоры мен архивариустың қолы қойылып расталған архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Архивтік құжаттар болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді;

      5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

      еңбек кітапшасы;

      еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар;

      болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:

      бiлiмi туралы құжат;

      әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

      балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

      әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

      бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасының мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

      әскери қызметшiнің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат.

      Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:

      балалардың жеке басын растайтын құжат;

      балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);

      балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

      балалардың орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама) құжат ұсынылады.

      Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

      Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылықтың (қамқоршылықтың) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

      Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбасынан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.

      порталда:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.";

      10-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      1-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      3. "2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15052 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2017 жылы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

      1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

      2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;

      3) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыты;

      4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыты;

      5) әскери қызметтің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кезеңдері;

      6) Қазақстан Республикасының және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық қызмет қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері;

      7) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері жұбайының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;

      8) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметінің кезеңдері есепке алынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.

      Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың зейнетақы ісінде болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

      есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсете отырып жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы;

      мемлекеттік кірістер органдары берген өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалығының басшысының және мүшелерiнiң (қатысушыларының) табыстары туралы анықтама;

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау-анықтамасы;

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерледің, шаруа немесе фермер қожалықтары мүшелерінің (қатысушыларының) және басшыларының міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған шарттарда тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кем дегенде жылдық сомасы бір жылға тең болады.

      Егер аталған тұлғалар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары 2006 жылғы 1 шілдеге дейін, бірақ 1998 жылғы 1 қаңтардан ерте емес аударылған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударымы жүзеге асырылған айдың алдындағы ай есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетілген кезеңдер, егер ол туралы алушының зейнетақы ісінде мәліметтер болса, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.".

      4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15106 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2017 жылы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының он үшінші, он төртінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші және сексен сегізінші абзацтарын, Тізбенің 3-тармағын, Тізбенің 5-тармағының бесінші, алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте Тізбенің 2-тармағының сексен тоғызыншы, жүзінші, жүз жиырма сегізінші абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінде:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;";

      мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді.";

      мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы қырқыншы абзацпен толықтырылсын:

      "қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері;";

      мынадай мазмұндағы қырық екінші абзацпен толықтырылсын:

      "7) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;";

      мынадай мазмұндағы қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау анықтамасы;

      мемлекеттік кірістер органдары берген өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалығының басшысының және мүшелерiнiң (қатысушыларының) табыстары туралы анықтама;

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшін, шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және шаруа немесе басшысының пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған шарттарда тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кем дегенде жылдық сомасы бір жылға тең болады.

      Егер аталған тұлғалар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.";

      алпыс жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1. Базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттарды ұсынған кезде, базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ал еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес 1-ВС нысаны бойынша өтінішті берген күннен бастап уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы алпыс сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттарды ұсынған кезде базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту 2018 жылғы 1 шілдеден бастап уәкілетті органның шешімі негізінде осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінген шарттарда жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  "Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________________________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті

Өтiнiш

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______________ жылғы "___" ______________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:

      __________________________________________________________________________

      Құжаттың сериясы: _________ құжаттың нөмірі: __________ кім берген: ____________

      Берілген күні _____________ жылғы "___" _____________________________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________________

      Облыс ____________________________________________________________________

      қала (аудан) _____________________________ ауыл _____________________________

      көшесі (шағынаудан) ______________________ үй _________________________ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының № ___________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________________

      Маған ____________________________________________________________________

      (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу

      жағдайы бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға

      өтініш берген жағдайда асырауындағы адамдардың санын көрсету қажет.

      Маған бұдан бұрын зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған /

      тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық

      өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

      шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны ________ ұялы телефон ______________ Е-mail ______________________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы ______________________

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  "Мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________________________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті

Өтiнiш

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______________ жылғы "___" ______________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:

      __________________________________________________________________________

      Құжаттың сериясы: __________ құжаттың нөмірі: ___________ кім берген: __________

      Берілген күні _____________ жылғы "___" _____________________________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________________

      _________________________________________________________________________ облысы

      ______________________________ қаласы (ауданы) ___________________________________

      ауылы көшесі _____________________ (шағын ауданы) _____________________________ -үй

      ____________________________ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының №

      Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________________

      Маған ____________________________________________________________________

      (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға

      өтініш берген жағдайда асырауындағы адамдардың санын көрсету қажет.

      Маған бұдан бұрын зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған /

      тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық

      өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

      шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны _______ ұялы телефон ____________ Е-mail _________________________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы ______________________

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  "Мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан

      Аудан коды _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________________________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін портал арқылы тағайындауға өтiнiш

      Өтініш беруші туралы мәлімет:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:

      __________________________________________________________________________

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______ жылғы "___" ___________

      Маған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды сұраймын.

      Мемлекеттік органдардың растауы:

      Өтініш берушінің деректері:

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ___________________

      Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: ______ кім берген: _________________

      Берілген күні _______ жылғы "___" __________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________________

      _________________________________________________________________________ облысы

      ______________________________ қаласы (ауданы) ___________________________________

      ауылы көшесі _____________________ (шағын ауданы) _____________________________ -үй

      ____________________________ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының № ___________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________________

      Екінші деңгейдегі банктің деректемелері:

      Банктік сәйкестендіру коды __________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________________

      Бизнес сәйкестендiру нөмiрi _________________________________________________

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail _______________________

      Өтініш беруші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      (ҚР Әділетмині) растайды ____________ (ҚР Әділетминінің электрондық цифрлық

      қолтаңбасы (ЭЦҚ)

      Өтініш берушінің банк деректемелерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) растайды

      ____________________________________________ (ЕДБ ЭЦҚ-сы)

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      "Ұсынылған деректердің дәйектілігіне құқықтық жауапкершілікте боламын"

      ЭЦҚ ________________________________________________________________

      Төлем мөлшерінің өзгеруіне / тоқтауына алып келетін барлық өзгерістер туралы,

      сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс

      жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік

      корпорацияның бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi

      пайдалануға келісім беремін.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шотын ашқан жағдайда, мұндай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      ЭЦҚ _____________________________________________________________________

      Өтінішке қол қойылған күн және уақыт: ____ жылғы ____ _______________ _________

      сағат _____ минут _____ секунд

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  "Мүгедектігі бойынша және
асырушысынан айрылу жағдайы
бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________________________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті

Өтiнiш

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______________ жылғы "___" ______________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:

      __________________________________________________________________________

      Құжаттың сериясы: __________ құжаттың нөмірі: ____________ кім берген: _________

      Берілген күні _____________ жылғы "___" _____________________________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________________

      _________________________________________________________________________ облысы

      ______________________________ қаласы (ауданы) ___________________________________

      ауылы көшесі _____________________ (шағын ауданы) _____________________________ -үй

      ____________________________ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының №

      Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________________

      Маған ____________________________________________________________________

      (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу

      жағдайы бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға

      өтініш берген кезде асырауындағы адамдардың санын көрсету қажет.

      Маған бұдан бұрын зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған /

      тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық

      өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

      шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны ________ ұялы телефон ____________ Е-mail ________________________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы ______________________

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  "Мемлекеттік арнайы
жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің

      _______________________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті)

Өтініш

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______ жылғы "___" ___________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________________

      Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: ____________ кім берген: ___________

      Берілген күні _______ жылғы "___" __________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________________

      _________________________________________________________________________ облысы

      ______________________________ қаласы (ауданы) ___________________________________

      ауылы көшесі _____________________ (шағын ауданы) _____________________________ -үй

      ____________________________ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының № ___________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________________

      Маған ____________________________________________________________________

      (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға

      өтініш берген кезде асырауындағы адамның саны көрсетіледі.

      Маған бұдан бұрын зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған /

      тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Төленетін зейнетақылар немесе жәрдемақылар мөлшерінің өзгеруіне алып келетін

      барлық өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан

      Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің

      өзгергенін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шоты ашылған жағдайда, мұндай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін,

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

      шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail _______________________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы ______________________________________________________

      Азамат ___________________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" ____________

      __________________________________________________________________________

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  "Арнаулы мемлекеттік
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________________________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті)

Өтініш

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______ жылғы "___" ___________,

      ________________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      Жеке шоттың № _____________ Банктің атауы __________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ____________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың (паспорттың) деректері: № __________________

      ___________________.

      Маған ____________________________________________________ ретінде (санатын көрсету)

      арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.

      Зейнетақы, мүгедектік бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы аламын (қажеттінің асты сызылсын)

      Сіз арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны басқа негіздемелер бойынша аласыз ба

      __________________________________________________________________________

      (жоқ, иә; егер алсаңыз,қандай негіздеме бойынша алатыңызды көрсетіңіз)

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.

      Жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде

      ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Төленетін жәрдемақы мөлшерінің тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына, өзгеруіне алып

      келетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан

      Республикасының шегінен тыс жерге шығу), анкета деректерінің, банк деректемелерінің

      өзгергені туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail _______________________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы ______________________________________________________

      Азамат ___________________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" __________