Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 9-3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мынадай түрлері:
мәні күн сайын кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;
мәні күн сайын:
К2-1 – кемінде 1;
К2-2 – кемінде 0,9;
К2-3 – кемінде 0,8;
К2-4 – кемінде 0,5 болатын мерзімді өтімділік коэффициенті белгіленсін
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 106 (01.04.2023 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 22 мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына 1-қосымша |
Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі-инвестициялық портфельді басқарушылар) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.
2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу тәртібі
2. Инвестициялық портфельді басқарушылар Қағидалардың қосымшасына сәйкес "Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндері есебінің" кестесі бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тура алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебін жүргізеді.
3. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:
Азиялық даму банкі (Asian Development Bank);
Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);
Африкалық даму банкі (African Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);
Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);
Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);
Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);
Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).
4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен бекітілген Moody's Investors Service және Fitch (Мудис Инвесторс Сервис және Фич) агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да таниды.
5. Қағидалардың мақсаты үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:
САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);
DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);
DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);
EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс);
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);
HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);
KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);
MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);
NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);
RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс);
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);
TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс);
NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс).
6. Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушыларға және "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.
7. Сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері инвестициялық портфельді басқарушылардың пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кезінде есепке алынбайды.
8. Қағидалардың инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары бөлігінде көзделген нормалары заңды тұлғаларға және олардың "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушымен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.
9. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 49-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібі ескеріле отырып есептеледі.
10. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті және (немесе) өтімділік коэффициенті бұзылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы бұзылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті пруденциялық нормативті бұзу фактісі және себептері туралы, оны жою бойынша іс-шаралар жоспарымен қоса уәкілетті органға хабарлайды.
Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына қосымша |
Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Көрсеткіштің атауы | Баланс бойынша сомасы | Есепке алынатын көлем (пайызбен) | Есептеу сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақша және салымдардың барлығы, оның ішінде: | |||
1.1 | инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақша | 100 | ||
1.2 | осы қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша | 100 | ||
1.3 | осы қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша | 90 | ||
1.4 | Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша | 100 | ||
1.5 | инвестициялық портфельді басқарушының клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшасы | 100 | ||
1.6 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша | 100 | ||
1.7 | "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы шоттардағы ақша | 100 | ||
1.8 | Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы шоттардағы ақша (International Securities Services Association) (Интернэшнл Секьюритис Сервисис Асошиайшн) | 100 | ||
1.9 | Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болып табылатын жағдайда, осы банктердегі салымдар | 100 | ||
1.10 | Мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін, Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: банктердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-ден төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері болып табылады | 100 | ||
1.11 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ға дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар | 90 | ||
1.12 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразия даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар | 100 | ||
1.13 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі салымдар | 100 | ||
2 | Борыштық бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде: | |||
2.1 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 100 | ||
2.2 | қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар | 100 | ||
2.3 | акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар | 100 | ||
2.4 | Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстан Даму банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар | 100 | ||
2.5 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, немесе қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 90 | ||
2.6 | сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері бар, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңдары "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар | 95 | ||
2.7 | Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңы "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 60 | ||
2.8 | Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 100 | ||
2.9 | Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 85 | ||
2.10 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразия даму банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар | 100 | ||
2.11 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары | 100 | ||
2.12 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары | 90 | ||
2.13 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары | 80 | ||
2.14 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитетінде бар) бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 100 | ||
2.15 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитетінде бар) бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 85 | ||
2.16 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитентінде бар) бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 70 | ||
3 | Акциялар және депозитарлық қолхаттар – барлығы, оның ішінде: | |||
3.1 | Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 100 | ||
3.2 | заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 100 | ||
3.3 | Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген акциялары немесе Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және осы қосымшаның 3.4-жолында көрсетілген, базалық активі осы акциялар болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 80 | ||
3.4 | Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңы "акциялар" секторына енгізілген акциялары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін, жария сауда-саттыққа жіберілген қор биржасының "Өңірлік акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 60 | ||
3.5 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 100 | ||
3.6 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 80 | ||
3.7 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 60 | ||
4 | Өзге бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде | |||
4.1 | қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары | 70 | ||
4.2 | активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары | 90 | ||
4.3 | Morningstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары | 80 | ||
4.4 | орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар | 100 | ||
4.5 | активтерінің құрамы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, тек қана мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар есебінен қалыптастырылған, олар бойынша "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, осы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары | 95 | ||
5 | Өзге активтер - барлығы, оның ішінде: | |||
5.1 | тазартылған бағалы металдар және металл шоттар | 100 | ||
5.2 | бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада | 100 | ||
5.3 | бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің өтуіне байланысты туындаған (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) бағалы қағаздардың номиналдық құнын төлеуге қойылатын талаптар | 100 | ||
5.4 | инвестициялық портфельді басқарушының ң балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі құралдары | 100 | ||
6 | Өтімді активтер жиынтығы | |||
6.1 | Өтімділігі жоғары активтер жиынтығы | |||
7 | Баланс бойынша міндеттемелер, оның ішінде: | |||
7.1 | 7 күнге дейін | |||
7.2 | 30 күнге дейін | |||
7.3 | 90 күнге дейін | |||
8 | Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері | |||
8.1 | ИПБ ОТ | |||
9 | Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті | |||
10 | Мерзімді өтімділік коэффициенттері: | |||
10.1 | К2-1 | |||
10.2 | К2-2 | |||
10.3 | К2-3 | |||
10.4 | К2-4 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына 2-қосымша |
Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 106 (01.04.2023 қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1-тарау Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялдық нормативтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушы) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесін белгілейді.
2- тарау. Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін мынадай формула бойынша есептейді:
К = (ӨЖА+ӨА - М) / МКММ, мұнда:
ӨЖА - Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын, есептеу күніне қолда бар инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтері;
ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері;
М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;
МКММ - Әдістеменің 6 -тармағына сәйкес есептелген, меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының минималды мөлшері.
3. Меншікті капиталдың минималды мөлшерін есептеу мақсаттары үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мөлшері пайдаланылады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін мынадай формула бойынша есептейді:
К = (ӨЖА+ӨА - М) / (МКММ+От_ИПБ), мұнда:
ӨЖА - Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын, есептеу күніне қолда бар инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтері;
ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері;
М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;
МКММ - меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының минималды мөлшері 50 000 (елу мың) АЕК-ті құрайды;
От_ИПБ - есептеу күніне инвестициялық басқарудағы активтердің мөлшері ретінде есептелген, ИПБ операциялық тәуекел коэффициентіне көбейтілген активтерді сенімгерлік басқаруға байланысты операциялық тәуекел – 0,1%.
5. Инвестициялық портфельді басқарушының мерзімді өтімділігі коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К2-1 кемінде 1;
К2-2 кемінде 0,9;
К2-3 кемінде 0,8;
К2-4 кемінде 0,5.
К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті өтелгенге дейін қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің мөлшері жоғары өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.
К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің өтелгенге дейін қоса алғанда 30 (отыз) күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер 30 (отыз) күнге дейінгі өтеуге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.
К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің 90 (тоқсан) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтеуге дейін қалған мерзімі 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.
К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің жиынтық міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер жиынтық міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.
Инвестициялық портфельді басқарушының есеп айырысу күнгі қолда бар өтімділігі жоғары және өтімді активтері Әдістеменің 7-тармағына сәйкес осындай деп танылады.
6. Егер:
сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем болса, МКММ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК-ке тең болады;
сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асса, онда МКММ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК + (БҚЗА - 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеге тең болады)*0,05, мұнда БҚЗА сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтері болып табылады.
7. Инвестициялық портфельді басқарушының жоғары өтімді активтерінің есебіне осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 1, 2.1, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1-жолдарында көрсетілген активтер тиісті көлемдерде енгізіледі.
Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер танылады.
Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолдарды қоспағанда, Қағидаларға қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциалдық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер танылады.
Инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтерінің есебіне Қағидаларға қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 1, 2.1, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 5.1-жолдарында көрсетілген активтер тиісті көлемдерде енгізіледі:
8. Әдістеменің 7-тармағында көзделген өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар енгізілмейді:
1) инвестициялық портфельді басқарушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).
"Кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар Қағидаларға қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген көлемде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) енгізіледі.
Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;
2) өлшемдері қор биржасының акциялары нарығының индексін (қор биржасының өкілдік тізімі) есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына қосымша |
Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 23-тармағы.
5. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойлатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-қосымшасына сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16498 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.