Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 маусымда № 17008 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

      1) мынадай пруденциялық нормативтер:

      мәні күн сайын – кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;

      мәні күн сайын:

      2018 жылғы 1 шілдеден бастап – кемінде 1,2;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде 1,3;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде 1,4;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде 1,5 болатын өтімділік коэффициенті;

      2) пруденциялық нормативтердің мәндерін сақтауды сипаттайтын мынадай көрсеткiштер:

      өтімді активтер;

      баланс бойынша міндеттемелер;

      меншікті капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысымен
бекітілді

Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы"

      2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушылар) сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.

      2.Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушыларға қолданылмайды.

      3. Сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері инвестициялық портфельді басқарушылардың пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кезінде есепке алынбайды.

      4. Қағидалардың инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары бөлігінде көзделген нормалары заңды тұлғаларға және олардың "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушымен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

      5. Меншікті капиталдың ең төмен мөлшерін есептеу мақсаты үшін республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері пайдаланылады.

2-тарау. Пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібі

      6. Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы:

      ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын, есептеу күніндегі өтімді активтері;

      М - есептеу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының ең төмен мөлшері.

      7. Инвестициялық портфельді басқарушының өтімділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Өк = ӨА/М, мұндағы:

      ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын, есептеу күніндегі өтімді активтері;

      М - есептеу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер.

      8. Егер:

      басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-ке тең болады;

      басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-ке тең + (БҚА - 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0014 болады, мұндағы БҚА басқаруға қабылданған активтер болып табылады.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен бекітілген Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да таниды.

      10. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).

      Халықаралық валюта қоры;

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).

      11. Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген тиісті көлемдегі активтер инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде танылады.

      12. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда, меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценті және өтімділік коэффиценті пруденциялық нормативтерінің мәндері Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 49-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібі ескеріле отырып есептеледі.

      13. Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тура алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебін жүргізеді.

      14. Қағидалардың 11-тармағында көзделген өтімді активтер есебіне мыналар енгізілмейді:

      репо операциясының мәні болып табылатын активтерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының меншік құқығы шектелген (оның ішінде кепілге беру, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін активке ауыртпалық салу мәмілесін жасау нәтижесінде) активтер;

      репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушы оларды кері сатып алу талабымен сатқан бағалы қағаздар;

      параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

3-тарау. Пруденциялық нормативтер мәндерінің есебін ұсыну тәртібі

      15. Инвестициялық портфельді басқарушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебін ұсынады.

      16. Уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органға белгілі бір күндегі жағдай бойынша есептілікті ұсынады.

      17. Қағидалардың 15-тармағында көзделген пруденциялық нормативтер мәндерінің есебі уәкілетті органға ұсынылып отырған деректердiң конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесі пайдаланыла отырып ұсынылады.

      18. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

      19. Қағидалардың 15-тармағында көзделген, уәкілетті органға ұсынылған пруденциялық нормативтер мәндерінің есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша пысықталған инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтер мәндерінің есебін және тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсініктемені ұсынады.

      20. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффицентін бұзған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы бұзушылық болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып тиісті пруденциялық нормативті бұзу фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

  Инвестициялық портфельді
басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдар сақтауға тиiстi
пруденциялық нормативтердің
мәндерін есеп айырысу
қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі Есепті кезең: 20 __ жылғы "_____" _________________ жағдай бойынша

      Индекс: К1-УИП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

      __________________________________________________________________________

      (инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауы)

  (мың теңгемен)

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

Есепке алынатын көлем (пайызбен)

Есеп айырысуға сома

1

Ақша - барлығы (1.1 - 1.7-жолдар сомасы), оның ішінде:


100


1.1

кассадағы ақша (инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайды)


100


1.2

осы Қосымшаның 2 және 3-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша


100


1.4

клирингтік ұйымдағы шоттардағы инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша


100


1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.6

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 1-тармағында белгіленген


100



функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша




1.7

Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша (International Securities Services Association)


100


2

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
банктер бейрезидент бас банкінің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банк болып табылады


100


3

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы банктердің қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болу талабымен


100



Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)




4

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


5

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


6

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


7

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


8

Заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе заңды тұлғалардың қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі акциялары


100


9

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


10

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB+"-тен "kzB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


11

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы қосымшаның 10-жолында көрсетілген деңгейден төмен рейтингтік бағасы бар, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


12

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімі "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш беру күніне дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;
борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес дайындайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігіне аудитті қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылына ұсынылған;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион елу мың еселенген мөлшеріне баламалы сома болады;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың бір жылындағы таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшеріне баламалы сома болады;
лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет бойынша соңғы екі жылдың әрбір жылындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің деректері бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион елу мың еселенген мөлшеріне баламалы сома болады;
борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған кезде борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздар иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқығына қысым жасайтын немесе шектейтін нормалар болмайды


100


13

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


14

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, шетел эмитенттерінің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100



(негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)




15

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


16

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


17

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


18

Заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


19

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда)


100


20

Тазартылған қымбат металдар және металл депозиттер


100


21

Акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып


100



табылатын бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және өзге де заңды тұлғалардың акциялары




22

Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомадағы дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)


100


23

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты


100


24

Пайлар барлығы, оның ішінде:


100


24.1

баға белгілеуі мынадай есептік көрсеткіштерге (индекстерге) байланысты Exchange Traded Funds пайлары (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде):
САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);
DAX (Deutscher Aktienindex);
DJIA (Dow Jones Industrial Average);
ENXT 100 (Euronext 100);
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);
NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);
TOPIX (Tokyo Price Index);
HSI (Hang Seng Index)


100


24.2

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Morningstar рейтингтік


100



агенттігінің "5 жұлдыз" рейтингтік бағасына ие Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары




25

Өтімді активтердің (ӨА) жиынтығы (1-24-жолдардың сомасы)


х


26

Баланс бойынша міндеттемелер


х


27

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері (МКТМ)

х

х


28

меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (К) (25-жол - 26-жол)/ 27-жол) кемінде 1

х

х


29

Өтімділік коэффициенті (Өк) (25-жол/26-жол)

х

х


      Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ____________________________________________ ____________

      (тегi, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ____________________________________________ ____________

      (тегi, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Орындаушы ___________________________________________ _________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Телефоны: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20 ___ жылғы "_____" _______________

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      осы нысанға қосымшада берілген

  Инвестициялық портфельді
басқарушының пруденциялық
нормативтері мәндерінің
есебі нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым Нысанды ай сайын есепті кезеңнің соңында толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер толтырылады.

      6. 5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңында есептеуге арналған, 3 және 4-бағандарда көрсетілген деректердің көбейтіндісі ретінде есептелген сома көрсетіледі.

      7. 28-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні көрсетіледі.

      8. 29-жолда өтімді активтердің баланс бойынша міндеттемелерге қатынасы ретінде есептелген өтімділік коэффициентінің мәні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысына
қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 23-тармағы.

      5. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойлатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-қосымшасына сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16498 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.