Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 маусымда № 17008 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 9-3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 106 (01.04.2023 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мынадай түрлері:

      мәні күн сайын кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;

      мәні күн сайын кемінде 1,4 болатын өтімділік коэффициенті белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысына
1-қосымша

Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі-инвестициялық портфельді басқарушылар) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.

2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу тәртібі

      2. Инвестициялық портфельді басқарушылар Қағидалардың қосымшасына сәйкес "Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндері есебінің" кестесі бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тура алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебін жүргізеді.

      3. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

      Азиялық даму банкі (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

      Африкалық даму банкі (African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).

      4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен бекітілген Moody's Investors Service және Fitch (Мудис Инвесторс Сервис және Фич) агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да таниды.

      5. Қағидалардың мақсаты үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:

      САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);

      DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);

      DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс);

      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);

      HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);

      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);

      MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);

      NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);

      RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);

      TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс).

      6. Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушыларға және "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      7. Сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері инвестициялық портфельді басқарушылардың пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кезінде есепке алынбайды.

      8. Қағидалардың инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары бөлігінде көзделген нормалары заңды тұлғаларға және олардың "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушымен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

      9. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 49-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібі ескеріле отырып есептеледі.

      10. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті және (немесе) өтімділік коэффициенті бұзылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы бұзылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті пруденциялық нормативті бұзу фактісі және себептері туралы, оны жою бойынша іс-шаралар жоспарымен қоса уәкілетті органға хабарлайды.

  Инвестициялық портфельді
басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдар сақтауға тиiстi
пруденциялық нормативтердің
мәндерін есептеу қағидаларына
қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 106 (01.04.2023 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 6 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

Есепке алынатын көлем (пайызбен)

Есептеу сомасы

1

2

3

4

5

1

Ақша және салымдар - барлығы, оның ішінде:




1.1

инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын кассадағы ақша


100


1.2

осы қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.3

осы Қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


90


1.4

орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша


100


1.5

клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ақшасы


100


1.6

Standard & Poor’s (стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ -" -тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.7

Standard & Poor’s (стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" - тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының шоттарындағы ақша


100


1.8

Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (International Securities Services Association) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының шоттарындағы ақша


100


1.9

осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылатын жағдайда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


100


1.10

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі мына талаптардың біріне сәйкес келетін салымдар:
Standard & Poor’s (стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B" - ден төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктерінің Standard & Poor’s (стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-еншілес банктері болып табылады


100


1.11

Standard & Poor’s (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Cтандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-тен "kzBB-"- ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


90


1.12

Standard & Poor’s агенттігінің (Cтандарт энд Пурс) "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар


100


1.13

Standard & Poor’s агенттігінің (Cтандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ -" - тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі салымдар


100


2

Борыштық бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:




2.1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


100


2.2

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.3

акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


90


2.6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


95


2.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


60


2.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.9

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар


100


2.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


100


2.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


90


2.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


80


2.14

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.16

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


3

Акциялар және депозитарлық қолхаттар – барлығы, оның ішінде:




3.1

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.2

Заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.3

қор биржасының ресми тізімінің "негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары және осы қосымшаның 3.4-жолында көрсетілген акциялар мен депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, акциялар мен осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.4

қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Өңірлік акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


3.5

Standard & Poor’s агенттігінің (стандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.6

Standard & Poor’s агенттігінің (Cтандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" - тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.7

Standard & Poor's агенттігінің (Cтандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


4

Өзге де бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:




4.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары


70


4.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары


90


4.3

Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдызынан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдед Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары


80


4.4

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар


100


4.5

активтерінің құрамы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, олар бойынша "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары тек қана мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар есебінен қалыптастырылған


95


5

Өзге активтер – барлығы, оның ішінде:




5.1

Тазартылған қымбат металдар және металл шоттар


100


5.2

бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек (инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада


100


5.3

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығару проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің өтуіне байланысты туындаған (бағалы қағаздар шығару проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген) бағалы қағаздардың номиналдық құнын төлеу жөніндегі талаптар


100


5.4

инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты


100


6

Өтімді активтердің жиынтығы




7

Баланс бойынша міндеттемелер




8

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері




9

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті




10

Өтімділік коэффициенті




     

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысына
2-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Әдістеме жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 106 (01.04.2023 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 49-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі-инвестициялық портфельді басқарушылар) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.

2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға жататын пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі

      2. Инвестициялық портфельді басқарушылар меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін мына формула бойынша есептейді:

      К = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы:

      ӨА - Әдістеменің 8-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын, инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күнгі жағдай бойынша қолдағы бар өтімді активтері;

      М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКТМ - Әдістеменің 6-тармағына сәйкес есептелген, меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын, инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы үшін МКТМ Әдістемесінің 7-тармағына сәйкес, басқаруға қабылданған өзге активтердің мөлшеріне қарамастан есептеледі.

      4. Меншікті капиталдың ең төмен мөлшерін есептеу мақсаты үшін республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшері пайдаланылады.

      5. Инвестициялық портфельді басқарушының өтімділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Өк = ӨА/М, мұндағы:

      ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының Әдістемесінің 8-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын, есептеу күніндегі өтімді активтері;

      М - есептеу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер.

      6. Егер:

      басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-ке тең болады;

      басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-ке тең + (БҚА - 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0014 болады, мұндағы БҚА басқаруға қабылданған активтер болып табылады.

      7. Егер:

      сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем болса, МКТМ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК-ке тең;

      сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден астам соманы құраса, МКТМ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК + (СБҚЗА) - 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге) * 0,05, мұнда СБҚЗА сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтері болып табылады.

      8. Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер танылады.

      9. Әдістеменің 8-тармағында көзделген өтімді активтер есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).

      "Кері репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндері есебінің кестесінде көрсетілген көлемде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтер (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) есебіне енгізіледі;

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері реп" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;

      2) параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысына
қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 23-тармағы.

      5. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойлатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-қосымшасына сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16498 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.