Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 қыркүйекте № 9732 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 41 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 41 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтаң қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе).

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің

      Төрағасы

      Ә. Смайылов

      _________________________

      2014 жылғы 5 тамыз



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 152 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Заң газеті" газетінде № 167 (2368) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерінде:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақша, оның ішінде:

      Қордың балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын кассадағы ақша;

      осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы теңгемен және Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасымен ақша;

      орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;

      Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын клирингтік ұйымның шоттарындағы меншікті ақша;

      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қорға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында операцияларды жүзеге асыру үшін банк қызметін ұсынатын шетел ұйымдарының ағымдағы шоттарындағы ақша";

      1 және 2-қосымшалар осы Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) берілген 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының қаржы
ұйымдарының қызметін пруденциялық
реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін
пруденциялық нормативтердің тізбесіне,
олардың нормативтік мәндеріне және
есептеу әдістемесіне, сондай-ақ есептілік
нысандары мен ұсыну мерзімдеріне
1-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Нысан

"К1 коэффициенті мәнінің есебі"
Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысан индексі: DNP-K1

      Ақпарат жинау кезеңділігі: ай сайын

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор)

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

      (мың теңгемен)

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша құны

Ескерілетін көлем (%)

Есептелетін сома

1

Ақша - барлығы (1.1 - 1.5 жол сомасы):


Х


1.1

кассадағы ақша, Қор балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайды


100


1.2

Тізбенің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі теңгедегі және шетел валютасындағы ақшасы


100


1.3

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


100


1.4

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


100


1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдің шетел валютасында басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін Қорға банктік қызмет көрсететін агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша


100


2

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдар


100


3

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB" төмен емес рейтингтік бағасы бар, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары


100


4

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарын қосқанда)


100


5

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар


100


6

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


7

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


8

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


9

№ 77 қаулыда көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "акциялар" секторының бірінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары


70


10

№ 77 қаулыда көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "акциялар" секторының екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары


50


11

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


12

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тан "kzВ"-ға дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


13

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулыда көзделген "бірінші шағын санатты (ең жоғарғы) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


14

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Тізбенің 5-тармағының

12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы металдар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


15

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулыда көзделген "екінші шағын санатты (ең жоғарғы) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


16

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдарының және басқа мемлекеттердің Тізбенің 5-тармағының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


17

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздары


100


18

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


19

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары


100


20

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздары


100


21

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА" кем емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


100


22

Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі ретіндегі өзге де заңды тұлғалардың акциялары


50


23

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


100


24

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары


100


25

Өтімді және басқа активтер (1 - 24-жолдарының сомасы)


Х


26

Баланс бойынша міндеттемелер


Х


27

МКТМ




28

К1 (25-жолы - 26-жолы) /27-жол

Х

Х


29

зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

Х

Х


30

Баланс бойынша активтер сомасы

Х

Х



      Қордың толық атауы

      _____________________________________________________________________

      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ___ күні __

      Бас бухгалтер _____________ күні _____________

      Орындаушы _____________ күні _____________

      Телефон: ___________

      Мөр орны

  "К1 коэффициенті мәнінің есебі"
әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
"К1 коэффициенті мәнінің есебі" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      Осы түсіндірме "К1 коэффициенті мәнінің есебі" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы өтімді активтері, міндеттемелері, меншікті капиталының ең төменгі мөлшері және меншікті капиталының жеткіліктілік нормативі бойынша толтырады.

      Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.

      5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы есептеуге арналған, 3 және 4-бағандар деректерінің қосындысы ретінде есептелген сома көрсетіледі.

      Реттік нөмірі 28-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары
үшін пруденциялық нормативтердің
тізбесіне, олардың нормативтік
мәндеріне және есептеу әдістемесіне,
сондай-ақ есептілік нысандары мен
ұсыну мерзімдеріне
2-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Нысан

"К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін
қосымша мәліметтер"
Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысан индексі: DNP-8PR

      Ақпарат жинау кезеңділігі: ай сайын

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор)

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

      (мың теңге)

Белгісінің

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

1

2

3

8001

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын кассадағы ақша


8002

Тізбенің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің теңгемен және шетел валютасымен ақшасы


8003

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


8004

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


8005

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттарындағы ақша


8006

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін Қорға банктік қызмет ұсынатын басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша


8007

Кассадағы және ағымдағы шоттардағы басқа ақша


8008

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА" кем емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


8009

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы және зейнетақы активтерін инвестициялаудан болған, есептелген инвестициялық кіріс бойынша шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


8010

Басқа дебиторлық берешек


8011

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар


8012

Қордың ірі акционерлеріне тиесілі Қордың дауыс беретін он және одан да көп акцияларын сенімгерлікпен басқарушылар және осы сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар


8013

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8014

Меншігінде тұрған немесе жерді тұрақты пайдаланудағы жер


8015

Меншігінде тұрған үйлер мен ғимараттар


8016

Көлік құралдарын қоспағанда меншігінде тұрған машиналар мен жабдықтар


8017

Басқа да негізгі құрал-жабдықтар



      Қордың толық атауы

      _____________________________________________________________________

      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) __ күні ___

      Бас бухгалтер _____________ күні _____________

      Орындаушы _____________ күні _____________

      Телефон: ___________

      Мөр орны

  "К1 коэффициентінің пруденциалдық
нормативін есептеу үшін қосымша

      мәліметтер" әкімшілік деректер жинауға

      арналған нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
"К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін
қосымша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      Осы түсіндірме "К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін қосымша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды.

      Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.".

  Қазақстан Республикасының қаржы
ұйымдарының қызметін пруденциялық
реттеу мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.