"Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы"

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 4083 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      1) "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
      2. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 509 қаулысының (2016 жылғы 12 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3595 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Регламентке 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының, аудандар мен Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда – қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша хабардар ету.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылды.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) Мемлекеттік корпорацияда – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбі – сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті электрондық портал арқылы брондауға болады (бұдан әрі – портал). 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (қимылдың) басталуы үшін негіздеме:
      1) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға арналған өтінім;
      2) Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға арналған өтінім;
      3) Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілерден биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім;
      4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көлделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде – өтінімінің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылданған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не оның өкілі нотариалды сенімхат бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы сенімхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижелердің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері құжаттарды кейін бөлім басшысына тапсырумен қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      3) бөлімнің жауапты маманы ұсынылған құжаттарды Регламенттің 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді, көрсетілген шарттарға сәйкес келтіруге ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Регламенттің 8-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша дәлелді жауапты дайындайды, субсидияларды ұсынуда оң шешім болған жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына өтінімді жібереді – 3 (үш) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейін тапсырумен қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минут;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттаржы қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің немесе биоагенттердi (энтомофагтард) және биопрепараттарды жеткізушілердің банктік шотына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасауға төлем құжаттарын ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) құжаттарды бөлім кеңсесінде тіркеу;
      2) бөлім басшысымен қарау және бұрыштаманы салу;
      3) ұсынылған құжаттарды бөлімнің жауапты маманымен қарау, көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды тіркеу;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарау және бұрыштаманы салу;
      6) тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің және отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шотына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын ұсыну.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуға негіздер болып табылады:
      1) Стандарттың 9-тармағына сәйкес талап етілетін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау;
      2) Стандартта бекітілген, мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті талаптарға қызметті алушының ұсынған құжаттарының сәйкес келмеуі;
      3) гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алуға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске қосылды:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлімнің жауапты маманы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері құжаттарды кейін бөлім басшысына тапсырумен қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      3) бөлімнің жауапты маманы ұсынылған құжаттарды Регламенттің 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді, көрсетілген шарттарға сәйкес келтіруге ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Регламенттің 8-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша дәлелді жауапты дайындайды, субсидияларды ұсынуда оң шешім болған жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына өтінімді жібереді – 3 (үш) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейін тапсырумен қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минут;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттаржы қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің немесе биоагенттердi (энтомофагтард) және биопрепараттарды жеткізушілердің банктік шотына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасауға төлем құжаттарын ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдап, тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, қабылдау туралы қолхат береді – 10 (он) минут;
      Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      2) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарын) жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 5 (бес) жұмыс күні;
      6) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін береді – 10 (он) минут.
      13. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу процесін нақты сипаттау, оның ұзақтығы осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында айқындалады.
      14. Мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдардың) реттілігін және жүгіну тәртібін реттеу:
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде басқа да ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.
      15. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Уәкілетті органдардың атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері
Жұмыс режимі
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57В
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 
  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының, аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары

Уәкілетті органдардың атауы
Орналасқан жері
Жұмыс режимі
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі,4
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 37
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 6
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Ғабит Мүсірепов атындағы ауыл шаруашылығы бөлімі
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 
  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" кеңсе арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

Мемлекетттік корпорация арқылы "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген

"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11278 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде әзірленді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме өтінімдердің болуы болып табылады:
      1) өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өсірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 (он бес) маусымына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алу үшін.
      2) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сорты бойынша өсіру (күту) бойынша субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып (егер қағаз тасығышта берілсе, онда алған орнын көрсету қажет), мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды бөлім басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы келіп түскен өтінімдермен танысады және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес келтіруге ұсынылған өтінімдерді тексереді және оларды ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді – 3 (үш) жұмыс күн;
      Осы Регламенттің 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімді көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған жағдайда, оны пысықтауға қайтарады – 2 (екі) жұмыс күні;
      4) комиссия бөлімнің жауапты орындаушысымен өтінім енгізген күннен бастап сол жерге бара отырып, комиссия тексеру актісін жасаған күнінен бастап субсидияларды ұсыну не субсидияларды ұсынудан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні;
      5) бөлімнің жауапты орындаушысы субсидияларды ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайларда өтінімдерді тиісті актілер мен хаттамалық шешімнің көшірмелерін қоса "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
      Субсидияларды ұсынудан бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсетумен бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті актілердің көшірмелерін және мен хаттамалық шешімнің көшірмесін қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні.
      7. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) бөлім басшысы келіп түскен өтінімдерді бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы келіп түскен өтінімдерді қарайды және Комиссияның қарауына жібереді;
      4) субсидияларды ұсыну туралы хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін тексеру актілерін жасау;
      5) бөлімнің жауапты орындаушысымен өтінімдерді субсидияларды алу үшін тексеру актілерін және хаттамалық шешімді көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
      8) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсыну.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) ведомствоаралық комиссия;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды бөлім басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы келіп түскен өтінімдермен танысады және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес келтіруге ұсынылған өтінімдерді тексереді және оларды ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді – 3 (үш) жұмыс күн;
      Осы Регламенттің 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімді көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған жағдайда, оны пысықтауға қайтарады – 2 (екі) жұмыс күні;
      4) комиссия бөлімнің жауапты орындаушысымен өтінім енгізген күннен бастап сол жерге бара отырып, комиссия тексеру актісін жасаған күнінен бастап субсидияларды ұсыну не субсидияларды ұсынудан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні;
      5) бөлімнің жауапты орындаушысы субсидияларды ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайларда өтінімдерді тиісті актілер мен хаттамалық шешімнің көшірмелерін қоса "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
      Субсидияларды ұсынудан бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсетумен бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті актілердің көшірмелерін және мен хаттамалық шешімнің көшірмесін қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініштің толтырылу дұрыстығын және Стандарттың 9-тармағының сәйкестігіне көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар пакеттерінің толықтығын тексереді – 5 (бес) минут;
      Стандарттың 10-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар пакеттерін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойыншақұжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері оларды Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МК БАЖ) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады – 5 (бес) минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және МК БАЖ ұсынылған құжаттардың тізімін енгізеді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді – 5 (бес) минут;
      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осы байланысқа өзге де уәкілетті арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасына сәйкес рәсімді (іс-қимылды) жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін не өтінішті әрі-қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 11 (он бір) жұмыс күнінен аспайды.
      11. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алудың процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде оның қызметкерімен жүзеге асырылады – 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай аяқталғанша дейін Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алудың процесін толық сипаттау, оның ұзақтығы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      12. "Электрондық үкімет" веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушыжүгіну тәртібінжәне рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінсипаттау:
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-портал арқылы көрсетілмейді, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.
      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

  "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушілері

Уәкілетті органдардың атауы
Орналасқан жері
Жұмыс режимі
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі,4
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 37
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 6
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Ғабит Мүсірепов атындағы ауыл шаруашылығы бөлімі
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишима уылы, Абылайхан көшесі, 28
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

 
  "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекетттік корпорация арқылы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген

"Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті) "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11625 болып тіркелген) бекітілген "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде әзірленді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі –лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді.
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік сыныптауыш коды – 105402, төлем мақсатының коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушымен (не оның өкілімен сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсыну болып табылады:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      мәліметтер нысаны;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегені туралы ақпаратты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеу болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қоса өтінішті қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады - 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 3 (үш) сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы регламентке 5-тармақтың талаптарына сәйкестігіне ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына қол қояды – 4 (төрт) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне қол қою;
      5) мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен беру.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың борышкер өтініш иесіне лицензия беруге уақытша тыйым салуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі, олар мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қоса өтінішті қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады - 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 3 (үш) сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы регламентке 5-тармақтың талаптарына сәйкестігіне ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына қол қояды – 4 (төрт) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін қызметті алушының арыз-шағымының мүмкіндігі қарастырылмаған.
      13. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі:
      1) порталда авторландыру;
      2) көрсетілетін қызметті беруші қызметті таңдайды және қажетті құжаттарды бекіте отырып, сұратудың мәліметтерін электрондық нысанда қалыптастырады және электрондық цифрлық қолтаңбаның сұратуын куәландырады (қол қояды) – 10 (он) минут;
      3) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес жүзеге асырады;
      4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырғаннан кейін 4 (төрт) сағат ішінде, өтінішті әрі-қарай қарауда дәлелді бас тартуды жолдайды – құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Порталдағы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу процесін нақты сипаттау, оның ұзақтығы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында айқындалады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында ("Қолдау және қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Уәкілетті органдардың атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері
Жұмыс режимі
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 
  "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде іс-қимылдардың сипаттамасы

      


      Шартты белгілер:
      


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердім емлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелді) бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну:
      1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ);
      2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында АШТӨ өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады: көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілі: заңды тұлғаның – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның – нотариалды расталған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмді, порталға – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтiнiмді ұсынады.
      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
      2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
      3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып (егер қағаз тасығышта берілсе, онда алған орнын көрсету қажет), мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері құжаттарды кейін бөлім басшысына тапсырумен қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келтіруге ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда – субсидияларды ұсынбау себептерін көрсетумен көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді, субсидияларды ұсынған кезде оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді жібереді – 4 (төрт) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейін тапсырумен қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минут;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттаржы қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды 30 (отыз) минут;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің және отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шотына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасауға төлем құжаттарын ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
      7. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
      1) құжаттарды бөлім кеңсесінде тіркеу;
      2) бөлім басшысымен қарау және бұрыштаманы салу;
      3) ұсынылған құжаттарды бөлімнің жауапты маманымен қарау, көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды тіркеу;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарау және бұрыштаманы салу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманымен тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің және отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шотына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын ұсынады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлімнің жауапты маманы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) бөлімнің кеңсе қызметкері құжаттарды кейін бөлім басшысына тапсырумен қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келтіруге ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда – субсидияларды ұсынбау себептерін көрсетумен көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді, субсидияларды ұсынған кезде оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді жібереді – 4 (төрт) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейін тапсырумен қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минут;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттаржы қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды 30 (отыз) минут;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің және отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шотына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасауға төлем құжаттарын ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.
      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді – 10 (он) минут.
      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарын) жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 5 (бес) жұмыс күні;
      3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін береді – 10 (он) минут.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      12. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) өз тіркелген куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрату жолдарын толтыруы және құжаттар пакетін бекітуі (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілді);
      3) электрондық сұратуды электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;
      4) электрондық сұратудың көрсетілетін қызметті берушімен өңделуі (тексеру, тіркеу);
      5) көрсетілетін қызметті алушымен электрондық сұратудың мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тарихында алуы;
      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарын) жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық құжат нысанында жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тарихынан алуы.
      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының жүгіу тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін толық сипаттамасы осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Уәкілетті органдардың атауы
Орналасқан жері
Жұмыс режимі
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

 
  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының, аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары

Уәкілетті органдардың атауы
Орналасқан жері
Жұмыс режимі
Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі,4
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 37
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 6
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Ғабит Мүсірепов атындағы ауыл шаруашылығы бөлімі
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишима уылы, Абылайхан көшесі, 28
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

 
  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

Мемлекетттік корпорация арқылы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер:
      


  Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша

Портал арқылы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер: