"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11684 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 15-1/522 бұйрығымен
бекітілген

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту. Тиесілі субсидиялар:

      1) ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды (бұдан әрі – ӨҚҚ) жеткізушіден сатып алынған ӨҚҚ-ға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі);

      2) ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне өткізілген ӨҚҚ құнын арзандату үшін отандық ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына аударылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған ӨҚҚ үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӨҚҚ-ны отандық ӨҚҚ өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.

      Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      Субсидия көлемі ӨҚҚ құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарында көзделген тиісті айға арналған бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түсу күніне сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген) бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі.

3- тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қөрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинеттен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" деген кіші бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режімінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Өсімдіктерді қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті

      _______________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20_____ жылғы "____" _________ №__________ өтініміңіз (өтпелі өтініміңіз)

      бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден ___________________ себепті бас тартылды.

  "Өсімдіктерді қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті

      _______________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "____" _________ №__________ өтініміңіз (өтпелі өтініміңіз)

      бойынша Сіздің №____________ шотыңызға 20___ жылғы "__" _________ төлем

      тапсырмасымен ____________ теңге мөлшерінде субсидия аударылды.

  "Өсімдіктерді қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Өтiнiм

      1. __________________________________ облысының (республикалық маңызы

      бар қаланың, астананың) _________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      2. Маған__________ литр (килограмм, грамм, дана) көлемiнде сатып алынған

      __________________________________________________________________ үшiн

                                          (ӨҚҚ түрi)

      ______________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

                  (сома санмен және жазбаша)

      3. Өтінім беруші туралы ақпарат*.

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________________

      БСН____________________________________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса тегі), тегі____________________________

      басшысының ЖСН-сы_____________________________________________________

      мекенжайы: _____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ____________________________________________________

      4. Жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы___________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі___________________________________________

      ЖСН___________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:____________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________________

      хабарлама күні _________________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәлімет:

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің, жеке тұлғаның БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      6. Жер учаскесi туралы ақпарат:

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауылшартауарынөндірушінің) немесе

      ауыл шаруашылығы кооперативінің (ауылшаркооперативінің) екінші деңгейдегі банкте

      ағымдағы шотының бары туралы мәліметтер *.

      ЖСН/БСН ______________________________________________________________

      Кбе____________________________________________________________________

      Банк деректемелері______________________________________________________

      Банк атауы______________________________________________________________

      БСК____________________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________________

      БСН____________________________________________________________________

      Кбе____________________________________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауылшаркооперативі) және ӨҚҚ өндіруші /

      жеткізуші арасындағы сатып алу-сату шарты:

      шарттың нөмірі __________________________________________________________

      шарт жасалған күн _______________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің атауы және БСН-сы________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________

      ӨҚҚ атауы ______________________________________________________________

      ӨҚҚ көлемі, литр (килограмм, дана, грамм) _________________________________

      төлеу мерзімі ___________________________________________________________

      межелі (босату) пункті ____________________________________________________

      9. ӨҚҚ-нің нақты сатып алынғанын растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттары:

      төлем құжатының нөмірі _________________________________________________

      төлем құжатының күні ___________________________________________________

      шот-фактура нөмірі______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________________

      10. Жүк кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден

      ӨҚҚ сатып алған ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) үшін):

      ӨҚҚ атауы ______________________________________________________________

      өлшем бірлігі ___________________________________________________________

      мөлшері (көлемі)_________________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________________

      өткізу құны, барлығы _____________________________________________________

      нөмірі __________________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің атауы ___________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _____________________

      11. Тауар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын

      мемлекеттік кірістер органы берген құжат:

      нөмірі __________________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің атауы ___________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы_____________________

      12. Сатып алынған ӨҚҚ-ға арналған сәйкестiк сертификаты:

      сертификаттың нөмірі____________________________________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі _________________________________________

      сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)________________________________

      өтінім беруші (атауы, мекенжайы) __________________________________________

      кім берді _______________________________________________________________

      13. Тауардың шыққан жері сертификаты:

      нөмірі мен берілген күні __________________________________________________

      тауардың атауы _________________________________________________________

      экспорттаушы/жүк жөнелтуші _____________________________________________

      импорттаушы/жүк алушы_________________________________________________

      14. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

ӨҚҚ саудалық атауы

ӨҚҚ өндіруші (отандық/ шетелдік)

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (өңделетін объект), пар

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы

1 гектарға ӨҚҚ шығысының (қолдану) нормасы литр (килограмм, грамм, дана)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Өңделетін алаң, гектар

ӨҚҚ пай даланудың нақты көлемі (килограмм, литр, дана, грамм)

1 литрінің (килограмм, дана, грамм) бағасы, теңге

1 литрге (килограмм, дана, грамм) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8-баған х 10-баған)

8

9

10

11

12






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өсімдіктерді қорғау мақсатында сатып алынған ӨҚҚ-ні ағымдағы жылы пайдалануға міндеттенемін, алынған субсидияларды пайдаланбаған жағдайда қайтып беруге міндеттенемін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де

      қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қойылған күні мен уақыты

      Аббревиатуралардың толық жазылуы және түсіндірмесі:

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік-сәйкестендіру коды;

      БИН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе –бенефициар коды;

      * – гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау процесі толық автоматтандырылған жағдайда, өтінімдегі мәліметтер автоматты түрде интеграция есебінен толтырылады.

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтінімнің 5, 6, 7, 8 және 9-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

  "Өсімдіктерді қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

Өтпелі өтінім

      1. ______________ облысының _____________________________ республикалық

      маңызы бар қаланың, астананың _________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      2. Осымен _______________________________________ арзандатылған құнмен

                        (ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      ________ литр (килограмм, грамм, дана) көлемiнде __________________ ӨҚҚ

      (ӨҚҚ түрi)

      сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және маған тиесілі _________

      ______________________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны

                  (сома санмен және жазбаша)

      отандық ӨҚҚ өндіруші ___________________________________________________

                              (отандық ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      нақты өткізілген ӨҚҚ көлемдері жөніндегі тізілімге мәліметтерді ұсынғаннан кейін

      отандық ӨҚҚ өндіруші___________________________________________________

                        (отандық ӨҚҚ өндірушінің атауы) аударуды сұраймын.

      3. Өтінім беруші туралы мәлімет * .

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________

      басшысының ЖСН-сы ___________________________________________________

      мекенжайы: ____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________________

      4. Жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін * :

      атауы __________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________________

      ЖСН___________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:____________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәлімет:

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің, жеке тұлғаның БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      6. Жер учаскесi туралы мәлімет:

кадастрлық нөмірі

барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен ӨҚҚ өндіруші арасындағы сатып

      алу-сату шарты:

      шарттың нөмірі _________________________________________________________

      шарт жасалған күн _______________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің атауы және БСН-ны ______________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________

      ӨҚҚ атауы _____________________________________________________________

      ӨҚҚ көлемі, литр (килограмм, дана, грамм) _________________________________

      төлеу мерзімі ___________________________________________________________

      межелі (босату) пункті ____________________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының

      бары туралы мәліметтер *.

      банктің атауы:___________________________________________________________

      БСК____________________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________________

      БСН____________________________________________________________________

      Кбе____________________________________________________________________

      9. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

ӨҚҚ саудалық атауы

ӨҚҚ өндіруші (отандық/ шетелдік)

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (өңделетін объект), пар

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы

1 гектарға ӨҚҚ шығысынң (қолдану) нормасы, литр (килограмм, грамм, дана)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Өңделетін алаң, гектар

ӨҚҚ пай пайдаланудың нақты көлемі (килограмм, литр, дана, грамм)

1 литрінің (килограмм, дана, грамм) бағасы, теңге

1 литрге (килограмм, дана, грамм) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8-баған х 10-баған)

8

9

10

11

12






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өсімдіктерді қорғау мақсатында сатып алынған ӨҚҚ-ні ағымдағы жылы пайдалануға міндеттенемін, алынған субсидияларды пайдаланбаған жағдайда қайтып беруге міндеттенемін.

      Өтінім беруші сағат 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты

      Өтпелі өтінімді қабылданғаны туралы хабарлама:

      облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де

      қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты

      Аббревиатурлардың толық жазылуы және түсіндірмесі:

      ӨҚҚ –өсімдік қорғау құралдары;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік-сәйкестендіру коды;

      БИН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе – бенефициар коды;

      * – гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау процесі толық автоматтандырылған жағдайда, өтпелі өтінімдегі мәліметтер автоматты түрде интеграция есебінен толтырылады.

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтпелі өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтпелі өтінімнің 5, 6, 7, және 8-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.