Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 7-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 28 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 21 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген |
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.08.2017 № 355 (01.11.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – облыс басқармасы) немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – қала басқармасы) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
3) отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бұдан әрі – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндіруді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
4) өтінім – толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;
5) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құны бойынша сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыштарды өндірушінің субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;
6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
8) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;
9) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
10) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;
11) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың (құн салығын есепке алмай) ең төмен нарықтық құны;
12) шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;
13) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі немесе топырақты агрохимиялық талдау жөніндегі мамандандырылған (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген) зертхана берген картографиялық ақпарат;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2019 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте жеткізушілер тізбесі алынғаннан кейін оны Министрлік үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары), сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.
Бұл ретте, тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.
Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларды, сондай-ақ субсидиялар көлемдерді тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.
Министрлік мақұлдағаннан кейін, тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Бұл ретте субсидиялар нормалары құн салығын есепке алмай белгіленеді.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ субсидиялар көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Субсидиялар көлемдері өзгерген жағдайда, облыстық басқарма (қалалық басқарма) субсидиялар көлемдерін ауыл шаруашылығына көзделген бюджеттік қаражат шегінде қайта бөледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2019 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Субсидиялар алушылар
6. Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
3-тарау. Субсидиялар алу шарттары
7. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім береді.
Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.
Тыңайтқыштарды өндірушілер өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.
Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеу;
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштарды өндірушінің жеке шоты болуы қажет.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өзі жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәтінен бастап берілді деп саналады;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің (бұдан әрі – ЭШҚӨЖ) өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау.
Бұл ретте электрондық шот-фактура өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде (сұратылған электрондық шот-фактура тыңайтқыштарды сатушыға және ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін электрондық шот-фактураны бұғаттау және пайдалану туралы хабарлама жолдай отырып, ЭШҚӨЖ-де автоматты түрде бұғатталады) ЭШҚӨЖ-ден "сұраным-жауап" режимінде сұратылады.
Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) ЭШҚӨЖ-ні пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады;
5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Шаруа немесе фермерлік қожалық түрінде құрылған ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өздерінің мүшелері сатып алған тыңайтқыштар үшін өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, олар туралы мәліметтер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталады. Бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалықтардың мүшелері субсидия алушылар болып табылады.
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады;
6) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;
7) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (РН), нитраттық, жеңілгидролиздендіргіш немесе сілтілігидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру кезінде электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу талап етілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.10.2019 № 375 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз) бұйрығымен.4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
8. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына арналған тыңайтқыштар енгізу нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тізбесі мен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Nв х S х Nc, мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Nв – субсидияларды есептеу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған топырақтың агрохимиялық жай-күйін ескере отырып, 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар);
S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (аталған алаң осы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);
Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес айқындалады).
Бұл ретте, тыңайтқыштар енгізудің нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар нақты сатып алынған тыңайтқыштар бойынша есептеледі, тыңайтқыштар енгізу нормаларынан асқан жағдайда, белгіленген тыңайтқыштар енгізу нормалары бойынша есептеледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттік мәнде (теңге) белгіленеді.
10. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.
11. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, республиканың тиісті өңіріндегі межелі (босату) пунктке дейінгі көлік шығыстары ескеріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2019 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
12. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
13. Тізілімнің (бұдан әрі – Жеке кабинет) деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) немесе тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиіс;
2) қалалық басқарма, облыстық басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмысшылырының өзекті етілген тізімін жібереді.
Министрлікке субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік онлайн-тәртіпте өтеусіз негізінде беріледі.
14. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндiрушi мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндіруші бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) осы Қағидалардың 7-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінімге осы Қағидалардың 7-тармағы 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтпелі өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім (өтпелі өтінім) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Облыс басқармасы (қала басқармасы) өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізеді.
Тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімнің жойылғаны туралы ескертпе қолжетімді болады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16-1. Субсидиялар беруде теріс шешім мынадай негіздер бойынша қабылданады:
1) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) және (немесе) субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.17. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын:
осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес облыстық басқарма (қалалық басқарма) өтінімді қабылданғанын растағаннан кейін;
осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес тыңайтқыштарды өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында көзделген тиісті айға арналған бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидиялар төлеу келесі айда жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2019 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(кімге) ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
________________________________________________________________________________
(облыстың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
(кімнен)___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып
алынған_____________________________________________________________ тыңайтқышы
(тыңайтқыш түрi)
үшiн маған _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді
(сома санмен және жазбаша)
сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы_____________________________________________________________________
БСН______________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі____________________________________
мекенжайы:________________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні_______________________________________________________________
мекенжайы:________________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:
орналасқан жері____________________________________________________________
хабардар етілген күні________________________________________________________
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:
Р/с | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 |
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаңы, гектар | оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы | Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорттың нөмірі (қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
4. Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) ағымдағы
шотының мәліметтері*:
ЖСН/БСН ______________________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________________________
Банктің немесе почта операторының деректемелері____________________________________
Банктің немесе почта операторының атауы___________________________________________
БСК ____________________________________________________________________________
ЖСК___________________________________________________________________________
БСН____________________________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________________________
5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен
тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*:
тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші немесе жеткізуші не шетелдік өндіруші)
________________________________________________________________________________
шарттың нөмірі __________________________________________________________________
шарттың жасалған күні ____________________________________________________________
ҚҚС-сыз бағасы (теңге)____________________________________________________________
тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН-сы ______________________________________
тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________
тыңайтқыштың атауы _____________________________________________________________
тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _______________________________________
төлеу мерзімі ____________________________________________________________________
межелі (босату) пункті_____________________________________________________________
6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте)
төлем құжаттары, шот-фактуралар, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің)
мәліметтері*:
төлем құжатының нөмірі __________________________________________________________
төлем құжатының берілген күні _____________________________________________________
шот-фактура нөмірі _______________________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________________________
тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі (шетелдік өндіріс тыңайтқыштары үшін)
________________________________________________________________________________
тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тыңайтқыштары үшін)
____________________________________________________________________
7. Тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтер (Еуразиялық
экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы
тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін): тауарларға арналған
кедендік декларацияның нөмірі_____________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________________________
тыңайтқыштың атауы _____________________________________________________________
өлшем бірлігі ____________________________________________________________________
мөлшері (көлемі)**_______________________________________________________________
ҚҚС-сыз бағасы (теңге)**__________________________________________________________
өткізу құны, барлығы**____________________________________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы ________________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
8. Мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен
әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтері:
құжаттың нөмірі _________________________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы ________________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
мөлшері (көлемі)** _______________________________________________________________
ҚҚС-сыз бағасы (теңге)** _________________________________________________________
өткізу құны, барлығы**____________________________________________________________
9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері:
сертификаттың нөмірі_____________________________________________________________
сертификаттың қолданылу мерзімі __________________________________________________
сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)_________________________________________
өтінім беруші (атауы, мекенжайы)___________________________________________________
кім берді ________________________________________________________________________
10. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың немесе тауардың шығарылуы туралы
декларацияның мәліметтері (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден
тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы
кооперативі үшін): нөмірі мен берілген
күні____________________________________________________________________________
тауардың атауы __________________________________________________________________
экспорттаушы/жүк жөнелтуші ______________________________________________________
импорттаушы/жүк алушы _________________________________________________________
11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері:
куәлік нөмірі ____________________________________________________________________
химиялық өнімнің толық атауы_____________________________________________________
өндіруші фирма__________________________________________________________________
куәліктің қолданылу мерзімі________________________________________________________
тіркелген күні____________________________________________________________________
кім берді________________________________________________________________________
12. Тиесілі субсидиялар есептемесі:
№ | Ауыл шаруашылығы дақылының, сүрі жердің атауы | Тыңайтқыштың атауы | Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар | 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) (килограмм, литр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Тыңайтылатын алаң, гектар | Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 тоннаның (килограмм, литр) бағасы, теңге | 1 тоннаға (килограмға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге | Тиесілі субсидия сомасы, теңге |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе: тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар
сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі, енгізу нормаларынан
асқан жағдайда, субсидиялар сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы
хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-
ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және
пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды
енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Ескертпе:
*Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
субсидиялар алуына арналған осы өтінімді берген жағдайда, өтінімнің 2, 3, 4, 5 және 6-
жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр
мүшесіне толтырылады.
** 7 және 8-жолдарда көрсетілген мәліметтерді ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші
(ауыл шаруашылығы кооперативі) тыңайтқыштарды тікелей шетелдік тыңайтқыштарды
өндірушіден сатып алған кезде толтырады.
Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған
осы өтінім тыңайтқыштың әр түріне толтырады.
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(кімге) ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
________________________________________________________________________________
(облыстың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
(кімнен)_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің (бар болса), тегі
Осымен ____________________________________ арзандатылған құны бойынша
(отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ________________________________ тыңайтқышын
(тыңайтқыш түрi)
сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және отандық тыңайтқыштарды өндіруші
________________________________________________________________________________
(отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді субсидиялауға арналған өтінімдердің
электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі
__________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны
(сома санмен және жазбаша)
отандық тыңайтқыштарды өндіруші _________________________________________________
(отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
аударуды сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы_____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні_______________________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:
орналасқан жері____________________________________________________________
хабардар етілген күні________________________________________________________
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер*:
Р/с | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 |
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаңы, гектар | оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы | Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорттың нөмірі (қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен
тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату шарты*:
шарттың нөмірі ____________________________________________________________
шарттың жасалған күні ______________________________________________________
ҚҚС-сыз бағасы (теңге)______________________________________________________
тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН-сы _______________________________
тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _____________________
тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________
тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _________________________________
төлеу мерзімі ______________________________________________________________
межелі (босату) пункті ______________________________________________________
5. Екінші деңгейдегі банктегі тыңайтқыштарды өндірушінің ағымдағы шоты туралы мәліметтер:
Банктің атауы ______________________________________________________________
БСК ______________________________________________________________________
ЖСК _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
6.Тиесілі субсидиялар есептемесі:
Р/с | Ауыл шаруашылығы дақылының, сүрі жердің атауы | Тыңайтқыштың атауы | Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар | 1 гектарға (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр) |
2 | 3 | 4 | 5 | |
кестенің жалғасы
Тыңайтылатын алаң, гектар | Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 тоннаның (килограмм, литр) бағасы, теңге | 1 тоннаға (килограмға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге | Тиесілі субсидия сомасы, теңге |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе: тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі, енгізу нормаларынан асқан жағдайда, субсидиялар сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Ескертпе:
* Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алуына арналған осы өтінімді берген жағдайда, өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған осы өтпелі өтінім әрбір тыңайтқыш түріне толтырылады.