"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 509 қаулысының (2016 жылғы 12 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3595 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген |
"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 07.03.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелді) бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
2. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінімдері қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өсімдіктерді қорғау құралдарын өңдірушіден гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне өсімдіктерді қорғау құралдарын отандық өндірушілер көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну не осы Регламенттің 13-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияларды тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбі-сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті www.e.gov.kz электрондық порталы арқылы брондауға болады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға:
1) стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді;
2) стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау үшін толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
3) стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушіден биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларды өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушінің пайдасына төлеу туралы өтінімді ұсынады;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке басын сәйкестендіру үшін) бір данасын береді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер не жеке кәсіпкер ретіндегі қызметті бастағаны туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
5) Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алғаш рет берген немесе банк деректемелерін, жеке деректерін немесе заңды тұлғаның деректерін өзгерткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелді) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 189-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің бөлім кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлім орындаушысы олардың осы Регламенттің 6-тармағымен сәйкестігін тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, осы Регламенттің 13-тармағымен көзделген субсидияларды ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді, талаптарға сәйкес келген жағдайда субсидияларды төлеу үшін тізілімдемені қалыптастырады – 3 (үш) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды – 15 (он бес) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді – 15 (он бес) минут;
6) Көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы төлем құжаттарын қалыптастырады және қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысымен қарау және қарар салу;
3) бөлімнің жауапты маманымен көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарау және қарар салу;
6) қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем шоттарының тізілімін ұсынылуы.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім кеңсесі;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
3) Бөлімнің жауапты маманы;
4) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
6) көрсетілетін қызметті беруші қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
10. Әрбiр рәсiмнiң (әрекетдiң) ұзақтығын көрсететiн әрбiр рәсiмнiң (әрекет) дәйектiлiгiнiң сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің бөлім кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлім орындаушысы олардың осы Регламенттің 6-тармағымен сәйкестігін тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, осы Регламенттің 13-тармағымен көзделген субсидияларды ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді, талаптарға сәйкес келген жағдайда субсидияларды төлеу үшін тізілімдемені қалыптастырады – 3 (үш) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды – 15 (он бес) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді – 15 (он бес) минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы төлем құжаттарын қалыптастырады және қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін (іс-қимылын) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Регламенттің 6 -тармағында көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) тексереді:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Стандартқа 6 - қосымшаға сәйкес өтінімді қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді-5 (бес) минут; көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай ақпараттық жүйесіне өтінімді тіркейді және алушыға құжаттар пакетін алу туралы түбіртек береді-5 (бес) минут;
мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жібереді-1(бір) күн.
өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмеген.
3) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді –5 (бес) жұмыс күні;
6) Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылының реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
15. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы:
1) Тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында;
2) Министрліктің интернет-ресурсында – www.mgov.kz
3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.goscorp.kz орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www. minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекетттік корпорация арқылы "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген |
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11278 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде әзірленді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме өтінімдердің болуы болып табылады:
1) өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өсірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 (он бес) маусымына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алу үшін.
2) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сорты бойынша өсіру (күту) бойынша субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып (егер қағаз тасығышта берілсе, онда алған орнын көрсету қажет), мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды бөлім басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім басшысы келіп түскен өтінімдермен танысады және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес келтіруге ұсынылған өтінімдерді тексереді және оларды ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді – 3 (үш) жұмыс күн;
Осы Регламенттің 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімді көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған жағдайда, оны пысықтауға қайтарады – 2 (екі) жұмыс күні;
4) комиссия бөлімнің жауапты орындаушысымен өтінім енгізген күннен бастап сол жерге бара отырып, комиссия тексеру актісін жасаған күнінен бастап субсидияларды ұсыну не субсидияларды ұсынудан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні;
5) бөлімнің жауапты орындаушысы субсидияларды ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайларда өтінімдерді тиісті актілер мен хаттамалық шешімнің көшірмелерін қоса "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
Субсидияларды ұсынудан бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсетумен бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті актілердің көшірмелерін және мен хаттамалық шешімнің көшірмесін қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні.
7. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) бөлім басшысы келіп түскен өтінімдерді бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы келіп түскен өтінімдерді қарайды және Комиссияның қарауына жібереді;
4) субсидияларды ұсыну туралы хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін тексеру актілерін жасау;
5) бөлімнің жауапты орындаушысымен өтінімдерді субсидияларды алу үшін тексеру актілерін және хаттамалық шешімді көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
8) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсыну.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері;
2) бөлім басшысы;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
4) ведомствоаралық комиссия;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды бөлім басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім басшысы келіп түскен өтінімдермен танысады және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес келтіруге ұсынылған өтінімдерді тексереді және оларды ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді – 3 (үш) жұмыс күн;
Осы Регламенттің 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімді көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған жағдайда, оны пысықтауға қайтарады – 2 (екі) жұмыс күні;
4) комиссия бөлімнің жауапты орындаушысымен өтінім енгізген күннен бастап сол жерге бара отырып, комиссия тексеру актісін жасаған күнінен бастап субсидияларды ұсыну не субсидияларды ұсынудан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды және оларды бөлімнің жауапты орындаушысына ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні;
5) бөлімнің жауапты орындаушысы субсидияларды ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайларда өтінімдерді тиісті актілер мен хаттамалық шешімнің көшірмелерін қоса "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
Субсидияларды ұсынудан бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсетумен бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 15 (он бес) минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 30 (отыз) минут;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті актілердің көшірмелерін және мен хаттамалық шешімнің көшірмесін қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініштің толтырылу дұрыстығын және Стандарттың 9-тармағының сәйкестігіне көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар пакеттерінің толықтығын тексереді – 5 (бес) минут;
Стандарттың 10-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар пакеттерін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойыншақұжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері оларды Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МК БАЖ) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады – 5 (бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және МК БАЖ ұсынылған құжаттардың тізімін енгізеді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді – 5 (бес) минут;
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осы байланысқа өзге де уәкілетті арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасына сәйкес рәсімді (іс-қимылды) жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін не өтінішті әрі-қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 11 (он бір) жұмыс күнінен аспайды.
11. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алудың процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде оның қызметкерімен жүзеге асырылады – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай аяқталғанша дейін Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алудың процесін толық сипаттау, оның ұзақтығы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.
12. "Электрондық үкімет" веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушыжүгіну тәртібінжәне рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінсипаттау:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-портал арқылы көрсетілмейді, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.
13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушілері
Уәкілетті органдардың атауы | Орналасқан жері | Жұмыс режимі |
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі | Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі,4 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 37 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 6 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауыл шаруашылығы бөлімі | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишима уылы, Абылайхан көшесі, 28 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі | Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
Мемлекетттік корпорация арқылы "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген |
"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 07.03.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11625 болып тіркелді) бекітілген "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
"электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі –лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді.
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік сыныптауыш коды – 105402, төлем мақсатының коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшін:
Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
1) лицензия алу үшін:
Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегені туралы ақпаратты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеу болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қоса өтінішті қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады - 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 3 (үш) сағат;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Регламенттің 4-тармағының талаптарына сәйкестігіне ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына қол қояды – 4 (төрт) сағат;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне қол қою;
5) мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен беру.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың борышкер өтініш иесіне лицензия беруге уақытша тыйым салуы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі, олар мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қоса өтінішті қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады - 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 3 (үш) сағат;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Регламенттің 4-тармағының талаптарына сәйкестігіне ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына қол қояды – 4 (төрт) сағат;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге көрсетілетін қызметті алушының арыз-шағымының мүмкіндігі қарастырылмаған.
12. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдер реттілігі:
1) порталда авторландыру;
2) көрсетілетін қызметті беруші қызметті таңдайды және электрондық түріндегі қажетті құжаттарды бекіте отырып, сұратудың мәліметтерін қалыптастырады және электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) сұратуын куәландырады (қол қояды) – 10 (он) минут;
3) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;
4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырғаннан кейін 4 (төрт) сағат, өтінішті әрі-қарай қарауда дәлелді бас тартуды жолдайды – құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні.
Порталдағы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу процесін нақты сипаттау, оның ұзақтығы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында ("Қолдау және қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер | |
көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметті беруші
|
"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер | |
көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер | |
көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде іс-қимылдардың сипаттамасы
Шартты белгілер:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "06" ақпандағы № 60 қаулысымен бекітілген |
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы 02.11.2018 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелді) бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
2. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган ("Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не осы Регламенттің 13-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту. Тиесілі субсидиялар:
1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі);
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің шоттарына аударылады.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық/қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште субсидияны тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама жолданады.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінсе, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: заңды тұлғаның – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның – нотариалды расталған сенімхат бойынша) Мемлекеттік корпорацияға мыналарды ұсынады:
1) Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидияларды алуға арналған өтінімді немесе Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арзандатылған құны бойынша отандық тыңайтқыш өндірушілерден тыңайтқыштарды сатып алған кезде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді;
порталға:
1) Стандартқа 3 немесе 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының куәландыратын ЭЦҚ электрондық құжаттың нысаны бойынша өтінімді.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің маманы өтінімді (өтпелі өтінімді) қабылдайды және тіркейді – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды төлеуге берілетін төлем тапсырмаларын қалыптастырады – 2 (екі) жұмыс күні.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтінімді (өтпелі өтінімді) қабылдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы субсидияларды төлеуге берілетін төлем тапсырмаларын субсидиялауды ақпараттық жүйеде қалыптастырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің маманы өтінімді (өтпелі өтінімді) қабылдайды және тіркейді – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды төлеуге берілетін төлем тапсырмаларын қалыптастырады – 2 (екі) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін (іс-қимылын) сипаттау:
1) Мемлекеттік корпорацияның операторы өтінімді (өтпелі өтінімді) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік корпорацияның операторы қалыптастырады және оның ЭЦҚ-сымен қол қойылады. Бұдан әрі өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қайта жіберіледі. Бұл ретте ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жеке шоты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде уақытша ашылады – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 5 –қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 3 (үш) жұмыс күні;
3) Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.
12. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдер реттілігінің тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұраудың нысанын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);
3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрауды куәландыру;
4) көрсетілетін қызметті берушімен электрондық сұрауды өңдеу (тіркеу, тексеру);
5) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет электронды сұрау мәртебесі мен ұзақтығы туралы хабарландыруларды алу;
6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады және ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушымен алу.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушы мен қызметті берушінің өзара іс-қимылының реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4 /305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелді) бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8-800-080-7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттің корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында;
2) Министрліктің интернет-ресурсында – www.mgov.kz;
3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www. mgov4с.kz орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекетттік корпорация арқылы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Портал арқылы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: