"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11278 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 мамырда



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 4-1/379 бұйрығымен
бекітілген

"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2018 № 535 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның iшiнде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сортын өсіруге (күтіп-баптауға) субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінім береді.

      Өтінімнің қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебенің көрінуі растайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почтамен, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда талонның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) порталда;

      3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім

      Кімге:___________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың,

      ауданның жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен:__________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде өндірілген

      жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық

      екпелерін _______ гектар алаңға отырғызуға _________________________________

      теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сомасы сандармен және жазбаша)

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

бизнес-сәйкестендіру нөмірі


тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


кім берді


берілген күні


жеке сәйкестендіру нөмірі


3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама*

бизнес-сәйкестендіру нөмірі


тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі


4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


5.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі


бенефициар коды


банктің немесе почта операторының деректемелері:
банктің немесе почта операторының атауы:


бизнес-сәйкестендіру коды


жеке сәйкестендіру коды


бизнес-сәйкестендіру нөмірі


бенефициар коды


6.

Бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімді отырғызу үшін бекітілген жұмыс жобасы

нөмірі


күні


7.

Жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

нөмірі


берілген күні


кім әзірледі


әзірлеуші орналасқан жердің мекенжайы


әзірлеушінің жеке сәйкестендіру коды


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


8.

Отырғызу материалдарын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


отырғызу материалын сатушының атауы


отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы


отырғызу материалын сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүк құжаттың нөмірі


дақыл, сорты


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


9.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тіреуіш бағаналарды сатып алу қажет болған жағдайда көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүк құжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


10.

Тамшылатып суару жүйесінің құрылысына жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тамшылап суару жүйесін сатып алу қажет болған жағдайда көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


жабдық сатушының атауы


жабдық сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдық сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүк құжаттың нөмірі


жабдық атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


11.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









12.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


шарт жасалған күн


жабдық, материал сатушының атауы


жабдық, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдық, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды


жабдықтың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


берілген күні


кім берді


13.

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалына арналған сорттық куәлік

куәліктің нөмірі


берілген күні


кім берді


      Ескертпелер:

      * өтініш иесінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

      ** жоғарыда көрсетілген кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Отырғызу алаңы, гектар

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

















Жиыны




      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      Электронды цифрлы қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  "Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар алуға арналған өтінім

      Кімге:___________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың,

      ауданның жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен:_________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде ___________

      гектар алаңға отырғызылған "____" жылғы өсім жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің

      (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық екпелеріне

      _________________________ теңге (сомасы сандармен және жазбаша)

      мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру коды


бенефициар коды


банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


бизнес-сәйкестендіру коды


корпоративтік шот


бизнес-сәйкестендіру нөмірі


бенефициар коды


2.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау актісі

нөмірі


толтырылған күні


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


3.

Алдыңғы жылдары субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар

нөмірі


берілген күні


сомасы (теңге)


4.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналардың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


5.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









6.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасасу күні


жабдықтар, материал сатушының атауы


жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдықтар, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды


жабдықтардың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


      Ескертпе: * өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

      Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Өсіру алаңы, гектар

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

















Жиыны




      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      Электронды цифрлы қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты