Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15774 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 11 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 17 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ________________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 18 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 465 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.12.2018 № 870 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10427 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы тізбеге тізбесі сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Кемелерді жеке тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу жеке тұлғаның тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

      Кемелерді заңды тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаның не оның филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұсынылған өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен сәтінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқығын уақытша беруге рұқсат немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруге рұқсат беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруге рұқсат алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Кеме куәлігінің телнұсқасын беру мерзімі өтініш берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      20. Аумақтық бөлімше кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден, сондай-ақ Кеме куәлігінің телнұсқасын беруден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) куәлікті беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      21, 22 және 23-тармақтар алып тасталсын;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. жаңа Кеме куәлігін бере отырып, кемелерді мемлекеттік қайта тіркеу өтініш берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады.

      Аумақтық бөлімше кемені қайта мемлекеттік тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) куәлікті беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.

      Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру мерзімі өтінішті берген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Аумақтық бөлімше кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) куәлікті беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      35-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші (еркін түрде) негізінде береді. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.";

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Кеменің кепіл берушісі кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда, аумақтық бөлімше осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кепіл берушінің өтініші бойынша куәліктің телнұсқасын береді. Куәліктің телнұсқасын беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын тоқтата тұру күнi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тиiстi белгi енгiзiлген күн болып есептеледi. Кеме куәлiгiне белгiлер енгiзу мерзімі өтiнiш берiлген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнiн құрайды.";

      58-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органы шетелдік азаматқа немесе шетелдік заңды тұлғаға кемені мәжбүрлі түрде сатқан кезде Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару мерзімі көрсетілген орган кеменің сатылғанын және сатып алушының өзіне қабылдап алғандарынан басқаларын қоспағанда, ешқандай ипотекалармен ауыртпалық салынбағанын куәландыратын құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Кеменің тіркелген ипотекасы болмаған жағдайда, бұл кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару мерзімі өтініш берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Аумақтық бөлімше тиісті тізілімге шығарылғаны туралы жазбаны енгізеді және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтаманы береді.";

      мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:

      "61-1. Аумақтық бөлімше кемені тіркеуден шығарудан мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) куәлікті беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Шағын көлемді кемелерді жеке тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу жеке тұлғаның тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

      Шағын көлемді кемелерді заңды тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаның, немесе оның филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) өтініші осы Қағидалардың 68-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Кеме билетінің телнұсқасын беру осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беру бойынша жүзеге асырылады. Кеме билетінің телнұсқасын беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнiн құрайды.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Аумақтық бөлімше шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) кеме билетін беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі кеме билетін алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      77, 78 және 79-тармақтар алып тасталсын;

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Жаңа кеме билетін беріп және жаңа тіркеу нөмірін бере отырып, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнiн құрайды.

      Аумақтық бөлімше шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік қайта тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) кеме билетін беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі кеме билетін алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      85-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "85. Кемелерді есептен шығару осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесінің жазбаша өтініші бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі: кеме иесінің ауысуы (сату, сыйлау, мұраға алу), иегердің басқа тұрақты тұратын орынға көшуі.

      Кемені мемлекеттік тіркеуден шығару мерзімі 5 (бес) жұмыс күнiн құрайды.";

      88-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "88. Толық техникалық тозудың салдарынан кемені мемлекеттік тіркеуден шығару арнайы техникалық бақылау актісі бойынша, ал кемені оның қирауына байланысты мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде кеме кітабында және тіркеу карточкасында тиісті жазбалар жасалады. Мұндай жағдайларда кеме билеті жойылады және аумақтық бөлімшеде сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:

      "88-1. Кеме билетін жоғалтқан жағдайда, кеме билетін жоғалту жағдайы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көрсетіледі.

      Аумақтық бөлімше шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығарудан мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      90-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берілуімен куәландырылады.";

      91-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парағы аумақтық бөлімшемен кепіл берушінің өтініші (еркін нысанда) негізінде беріледі. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтың беру мерзімі өтініш берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнiн құрайды.";

      92-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Кеменің кепіл берушісі шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда, аумақтық бөлімше осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес кепіл берушінің өтініші бойынша куәліктің телнұсқасын береді. Куәліктің телнұсқасын беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнiн құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 94-тармақпен толықтырылсын:

      "94. Аумақтық бөлімше шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесінің ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде кеме иесі шағын көлемді кемені ипотекасының куәлігін берумен байланысты арнайы құқығынан айырылған кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      Осы Қағидаларға 12-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:

      7-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінімі бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау;";

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күнін құрайды.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті орган өтініш пен ұсынылған құжаттарды оны алған күнінен бастап жиырма бір жұмыс күні ішінде қарастырады.

      14. Өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті орган белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі бас тартады.

      Өтініш бойынша ескертулер болмаған кезде уәкiлетті орган өтiнiш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсiмдерi, нормативтік талаптар туралы хабарлайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім шығарады.

      15. Сертификаттық тексеруді жүргізу үшін комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастырушы тұлға айқындайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап жиырма бір жұмыс күнін құрайды.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сертификатты немесе сертификат беруден бас тарту туралы шешімді ресімдеу және беру мерзімі сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн сегіз жұмыс күнін құрайды.

      22. Сертификат беруден бас тарту үшін негіздемелер мыналар болып табылады:

      1) өтініш берушінің сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) сертификат алу үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңның 64-бабы 1-тармағында, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 нарыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген), Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.".

      5. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiштi тіркеуші орган осы Қағидаларға 9-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттар бар өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінде қарастырады.".

      Тіркеуші орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі белгіленген жағдайда, тіркеуші орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тіркеуші орган мынадай жағдайларда жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеуден бас тартады және бес жұмыс күнi мерзімінде дәлелді бас тартуды береді:

      1) өтініш беруші жылжымалы құрамды мемлекеттік туркеу туралы куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған;

      2) өтініш берушінің және (немесе) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде өтініш беруші жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.".

      6. "Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:

      87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті берудің мерзімі кеме иесі штаттық кестесі мен кеме иесі бекіткен кемені пайдалану режимі және экипаждың жұмысы туралы бұйрықты (немесе басқа құжат) қоса бере отырып, өтінішті ұсынғаннан кейін бес жұмыс күнін құрайды.

      88. Аумақтық бөлімше кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден мынадай негіздермелер бойынша бас тартады:

      1) кеме иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) кеме иесінің және (немесе) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті алу үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі.".

      7. "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері адамды осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап бір сағат ішінде өтініш берушіні емтихан тапсыруға жібереді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды портал арқылы берген кезде жергілікті атқарушы органның қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін порталда өтінішті қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте емтихан өтініш берушінің жеке кабинетіне хабарламаны жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

      1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кем емес – емтиханды қайта тапсыру уақыт интервалын;

      2) кеме жүргізуші курстарын қайталама және курстарды қайта аяқтау мерзімі он екі айдан аспау;

      3) он екi ай iшiнде емтихандарды үш реттен артық теріс нәтижемен тапсыру;

      4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы)* ұсынуы.

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;

      5) құжаттарды тапсыру барысында он сегіз жасқа толуы.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Жергілікті атқарушы орган қызметкері өтініш берушіге мынадай жағдайда шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беруден бас тартады:

      1) өтініш берушімен шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 9-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда онда бас тарту себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Ұсынылған құжаттарды қайтару мерзімі құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.

      11. Өтініш берушінің емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту жағдайларымен келіспегені туралы түскен шағымын жергілікті атқарушы органның, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қарастыру мерзімі ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беру мерзімі емтиханды сәтті тапсырған күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.".

      8. "Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi портал арқылы жүгінген сәттен бастап:

      1) лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) қайта ресімделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      2) көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде 5 (бес) жұмыс күні.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекет қызметті көрсету нәтижесі - жылжымалы құрамды тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) және (немесе) Жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.";

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шағарылады. Куәліктің түпнұсқалығын www.egov.kz порталы тексеруге болады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы бойынша бас тартады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру – 2 (екі) жұмыс күні;

      құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы:

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      9. "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-1 тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.";

      10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) кеме экипажының ең аз құрамының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру – 7 (жеті) жұмыс күні;

      шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-1 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар бойынша жіберіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      шағын кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру – 7 (жеті) жұмыс күні;

      шағын кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша жіберіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

      бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлігі, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген), Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;

      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;

      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      порталға:

      4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

      5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

      6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқалардағы көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынуын тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді. Көрсетілген қызметті алушыны емтихан тапсыруға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияға өтінішін қабылдаған сәттен бастап бір сағатты құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Хабарлама жіберудің мерзімі порталда өтінішті қабылдаған сәттен бастап 1 сағатты құрайды. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген күннен бастап мынадай жұмыс күні өткізіледі.

      Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды жіберу мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.";

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген), Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) www.gov4c.kz Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында;

      2) www.е.gov.kz. "электрондық үкімет" порталында";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      кеме билетiн беру – 7 (жеті) жұмыс күні;

      кеме билетiнің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні;

      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде – 5 (бес) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі:

      1) шағын көлемді кемені тіркеу (қайта тіркеу) кезінде - қағаз түріндегі кеме билетi;

      2) шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беруге өтінішті беру кезінде - қағаз түріндегі кеме билетiнің телнұсқасы;

      3) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде - "Жойылды" деген мөртаңба қойылған қағаз түріндегі кеме билетi. Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауабы.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.

      көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша (жеке тұлғалар үшін) немесе көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша (заңды тұлға, немесе оның филиалы немесе өкілдігі үшін) жеделдетілген қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) шағын көлемді кемені тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      сататын ұйымның анықтама-есебі немесе сататын ұйымның тауар чегі, не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шарты, не мұрагерлікке құқық туралы куәлік, не "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар (бұдан әрі – шағын кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжат);

      кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;

      егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат;

      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса берілуге тиіс:

      ұйымның активтерді және құқық талаптарын (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелдер сапасын арттыруға мамандандырылған шарттарды, активтерді және міндеттемелерді бір уақытта беруді көздейтін шарттың, құқықты (талапты) беру бойынша жағдайды қамтитын шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

      2) шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      кеме билеті;

      оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаты;

      шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      3) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      4) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      кеме билеті*;

      ескертпе: *жоғалған жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініште кеме билетін жоғалту жағдайы көрсетіледі;

      порталға:

      5) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжаттың электрондық көшірмесі;

      егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса берілуге тиіс:

      ұйымның активтерді және құқық талаптарын (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелдер сапасын арттыруға мамандандырылған шарттарды, активтерді және міндеттемелерді бір уақытта беруді көздейтін шарттың, құқықты (талапты) беру бойынша жағдайды қамтитын шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      6) шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      кеме билетінің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).

      7) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      8) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      кеме билетінің электрондық көшірмесі* (портал арқылы өтінішмен бір уақытта Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады).

      ескертпе: *кеме билеті жоғалған жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес электрондық нысандағы өтініште кеме билетін жоғалту жағдайы көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру осы тармақта көрсетілген жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, мемлекеттік корпорация сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде толтырылса, оларға нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді. ";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар бойынша беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz.";

      3) порталда.";

      1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      кеме куәлiгi және кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама - 7 (жеті) жұмыс күні;

      кеме куәлiгiнің телнұсқасы – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеме куәлiгi, кеме куәлiгiнің телнұсқасы, кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 10-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша (жеке тұлғалар үшін) немесе көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша (заңды тұлға, немесе оның филиалы немесе өкілдігі үшін) жеделдетілген қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады;";

      10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді алумен байланысты.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар бойынша беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні;

      2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.";

      10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді алумен байланысты.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар бойынша беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.";

      10. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11764 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылы 12 қыркүйекте № 174 (28652) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген күтудің ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбашща дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын (бұдан әрі – халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары) (олардың ресми аудармаларының) тіркеу нөмірін бере отырып есепке алу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерiнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алу тіркелімін жүргізу туралы өтініш (еркін нысанда);

      2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекетінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын және олардың мемлекеттiк және орыс тілдеріндегі теңтүпнұсқалық аудармасын екі көшірмесі. Шетел тілінен аударманы растауды уәкілетті орган жүзеге асырады;

      3) пайдаланушыны осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланушының құжаттарды үшінші тұлғаларға беру құқығын растау немесе жоққа шығару жөніндегі төлнұсқа ұстаушының (немесе оның ресми таратушысының) міндеттері қамтылған халықаралық стандарттардың және шетел мемлекетінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының төлнұсқаларын ұстаушымен (немесе оның ресми таратушысымен) шарттың көшірмесі;

      4) халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қатысты олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қорытындысының көшірмесі.

      Ұсынылатын нормативтік құжаттардың әрбір данасы нөмірленеді, тігіледі және көрсетілетін қызметті алушының мөрімен бекітіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсырған кезде қағаз тасығышта өтініштің қабылдағанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесітігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8302 болып тіркелген) Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) олардың құзыретіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органның шет мемлекеттерді стандарттау бойынша халықаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды тіркеу үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтер жұмысын жүзеге асыруы жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу туралы қорытынды беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесітігін анықтау болып табылады.".

      12. "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1038 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12904 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 наурызда жарияланған):

      бұйрықтың атауы мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалады, орыс тіліндегі мәтіні өзгеретіледі.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру – 50 (елу) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 64-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.".

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 45 бұйрығымен бекітілген

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызметі үшін мыналардың болуы

1.

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясын сипаттайтын технологиялық регламенті

2.

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін (орналасқан орны); шарттың нөмірін және шартқа қол қою күнін, егер өзге заңды негіздер болса; шарт жасасылған ұйымның атауын қамтитын, мәлімденген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар).

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін осы біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен алу.
Егер өзге де заңды негіздер болса, растайтын құжаттардың көшірмесі ұсынылады.

тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу бойынша тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылғылар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін осы біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:
1) Жарылғыш қажетті заттарды сақтайтын қоймалары бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт немесе лицензия;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтар

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде химия өндірістерін пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар;
2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3.

мыналарды: машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды ("химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды); 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қорғауды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар немесе қызметтер;
6) қоршаған ортаны қорғауды;

осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері

4.

тиісті білім деңгейіне сәйкес техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесі және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, тиісті саладағы еңбек өтілі

  Өнеркәсіп саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызмет үшін:

      1) Өндірістік база өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуға және мыналарды қамтитын, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар) туралы мәлімет:

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (орналасқан жері)_____________________;

      өзге заңды негізде болған жағдайда шарттың нөмірі мен қол қойылған

      күні____________________________________________________________________________;

      шартты жасаған ұйымның атауы______________________________________________;

      2) тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:

      Инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және

                              өзге жабдықтарды көрсету);

      3) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге:

      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі________________;

      шарттың нөмірі*___________________________________________________________;

      шарттың жасалған күні*_____________________________________________________;

      жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның

      атауы*_________________________________________________________________________;

      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы

      ақпарат_________________________________________________________________________;

      ескертпе:*осы тармақшаның 2), 3) және 4) абзацтарындағы мәліметтер ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда толтырылмайды;

      4) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін;

      ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:

      тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат_______________________

      __________________________________________________________________________

                        (қолда бар жабдықты көрсету);

      5) химия өндірістерін пайдалану үшін:

      тетіктердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (қолда бар тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);

      өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхана аттестатының нөмірі және берілген күні____________________________________________________________________________;

      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі*__________________________;

      аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні*____________________________.

      Ескертпе: *осы тармақшаның 3) және 4) жолдарындағы мәліметтер меншікті зертханасы болмаған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

      Руководителю _____________________________

      _________________________________________

      (уәкілетті органның атауы) /

      (наименование уполномоченного органа)

      __________________________________басшысы

      __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.)/фамилия, имя, отчество

      (при его наличии) (далее – Ф.И.О.)

      кімнен / от ________________________________

      __________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, телефоны

      немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда),

      туған жылы, тіркелген орны, телефоны /

      наименование юридического лица, место

      нахождения, телефон или Ф.И.О. (при его наличии)

      физического лица, дата рождения,

      место регистрации, телефон)

Шағын өлшемді кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) маломерного судна и прав на него

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тиесілі шағын өлшемді кемені тіркеуге (қайта тіркеу) қабылдауды сұраймын/

      Прошу принять к регистрации (перерегистрации) маломерное судно и прав на него,

      принадлежащее __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде жеке жасалған кемелер туралы мәліметтер/

      Сведения для судов индивидуальной постройки при первичной

      государственной регистрации______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, телефоны немесе жеке Т.А.Ә. (болған жағдайда),

      туған жылы, тіркелген орны, телефоны/ Наименование юридического лица, место

      нахождения, телефон или Ф.И.О. (при его наличии) физического лица, год рождения, место

      регистрации, телефон

      Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру өмірі/Индивидуальный

      идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер ______________________

      ________________________________________________________________________________

      Кеменің типі/Тип судна ___________________________________________________________

      Кеменің № Судна ________________________________________________________________

      Корпус материалы/Материал корпуса _______________________________________________

      Ұзындығы/Длина, м ________________ Ені/Ширина, м ________________________________

      Борт биіктігі/Высота борта, м ______________________________________________________

      Шөгуі/Осадка: бос/порожнем ______________________________________________________

      толық жүкте/в полном грузу _______________________________________________________

      Жасалған жылы мен орны/Год и место постройки _____________________________________

      Кеме массасы/Масса судна (кг) _____________________________________________________

      Жолаушылар сыйымдылығы (адам)/Пассажировместимость (чел.) _______________________

      Жүк көтерімділігі/Грузоподъемность ________________________________________________

      (жүксіз)/(без груза)

      Құтқару құралдары/Спасательные средства ___________________________________________

      Су итергіш құралдары/Водоотливные средства ________________________________________

      Сигналды құралдары/Сигнальные средства ___________________________________________

      Зәкірлік құрылғы/Якорное устройство _______________________________________________

      Өртке қарсы инвентарь/Противопожарный инвентарь __________________________________

      Қозғалтқыш маркасы/Марка двигателя ______________________________________________

      Қуаты/Мощность ____________________№ __________________________________________

      Жасалған жылы және орны/Год и место постройки _____________________________________

      Қозғаушы/Движитель: род ___________ Саны ________________________________________

      Жүзу ауданы/Район плавания ______________________________________________________

      Кеменің тұрақ орны/Место стоянки судна ____________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін / Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом

      тайну, содержащихся в информационных системах.

      "____"__________20__ ж/г.

      _______________________

      (қолы /подпись)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына
6-қосымша

"Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекті күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбіден сенбі күнін қоса түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электронды кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілі жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдану растамасы (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген, мерзімі және берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың растамасы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратты көре алады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсеге қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары

      12. Өмір сүру әрекетін шектейтін ағза (функцияларының) тұрақты бұзылуы мен денсаулығында ақау бар көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:

      1) Министрліктің – www.mid.gov.kz, Көлік комитеті бөліміндегі "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777.

  "Кеменің, шағын көлемді
кеменің немесе салынып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  нысан

      _____________________________________

      _____________________________басшысы

      (Т.А.Ә.)

      кімнен_______________________________

      _____________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы, бизнес

      сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның

      Т.А.Ә және ЖСН, мекенжайы, деректемелері

      телефоны)

Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беруге өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді

      қолдануға келісемін. 20__ж. "__"________________________ (қолы).

      (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

                  (қолы, мөрі (бар болған жағдайда) және күні)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  "Шағын көлемді кемелерді
және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

      Руководителю _____________________________

      _________________________________________

      (уәкілетті органның атауы) /

      (наименование уполномоченного органа)

      __________________________________басшысы

      __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/

      фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      кімнен / от ________________________________

      __________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, телефоны

      немесе жеке тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы,

      тіркелген орны, телефоны /

      наименование юридического лица, место

      нахождения, телефон или фамилия,

      имя, отчество (при его наличии)

      физического лица, дата рождения,

      место регистрации, телефон)

Шағын өлшемді кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) маломерного судна и прав на него

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тиесілі шағын өлшемді кемені тіркеуге (қайта тіркеу) қабылдауды сұраймын/ Прошу принять

      к регистрации (перерегистрации) маломерное судно и прав на него, принадлежащее

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде жеке жасалған кемелер туралы мәліметтер/Сведения для

      судов индивидуальной постройки при первичной

      государственной регистрации______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, телефоны немесе жеке Т.А.Ә. (болған жағдайда),

      туған жылы, тіркелген орны, телефоны/ Наименование юридического лица, место

      нахождения, телефон или Ф.И.О. (при его наличии) физического лица, год рождения, место

      регистрации, телефон

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру өмірі/Индивидуальный

      идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер ______________________

      ________________________________________________________________________________

      Кеменің типі/Тип судна ___________________________________________________________

      Кеменің № Судна ________________________________________________________________

      Корпус материалы/Материал корпуса _______________________________________________

      Ұзындығы/Длина, м ________________ Ені/Ширина, м ________________________________

      Борт биіктігі/Высота борта, м ______________________________________________________

      Шөгуі/Осадка: бос/порожнем ______________________________________________________

      толық жүкте/в полном грузу ________________________________________________________

      Жасалған жылы мен орны/Год и место постройки ______________________________________

      Кеме массасы/Масса судна (кг) _____________________________________________________

      Жолаушылар сыйымдылығы (адам)/Пассажировместимость (чел.) _______________________

      Жүк көтерімділігі/Грузоподъемность ________________________________________________

                                                (жүксіз)/(без груза)

      Құтқару құралдары/Спасательные средства ___________________________________________

      Су итергіш құралдары/Водоотливные средства ________________________________________

      Сигналды құралдары/Сигнальные средства ___________________________________________

      Зәкірлік құрылғы/Якорное устройство _______________________________________________

      Өртке қарсы инвентарь/Противопожарный инвентарь __________________________________

      Қозғалтқыш маркасы/Марка двигателя ______________________________________________

      Қуаты/Мощность ____________________№ __________________________________________

      Жасалған жылы және орны/Год и место постройки _____________________________________

      Қозғаушы/Движитель: род ___________ Саны ________________________________________

      Жүзу ауданы/Район плавания ______________________________________________________

      Кеменің тұрақ орны/Место стоянки судна ____________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін / Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом

      тайну, содержащихся в информационных системах.

      "____"__________20__ ж/г.

      _______________________

      (қолы /подпись)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.