Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін тқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген |
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау және "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау тәртібін және жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында көзделген қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), сондай-ақ Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығаруды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – тіркеуші орган) жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Меншік нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жылжымалы құрам бірліктері жатады.
4. Мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамның мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі-тізілім) енгізуге тиіс.
2-тарау. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі
5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу жылжымалы құрамның барлық иелері үшін тең негіздерде және шарттарда жүзеге асырылады.
6. Жылжымалы құрам меншік құқығын алған сәттен бастап, немесе оларды тіркеуге, қайта тіркеуге әкелетін жағдайлар туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу:
1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда, заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша;
2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болып табылған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша жүргізіледі.
8. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жылжымалы құрамның бірнеше түрін мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге өтініш беруге жол беріледі.
9. Жылжымалы құрамды тіркеген көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген күннен бастап пайдаланады.
10. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді тіркеуші органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесін толтырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктер ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде тіркеуші орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол тіркеу органының уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Куәлік жылжымалы құрамның әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.
14. Жылжымалы құрам:
1) Қазақстан Республикасының резидент еместері жөндеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен өткен;
3) Қазақстан Республикасының резидент еместері жүктерді түсіру және тиеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен жағдайларда мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жатпайды.
15. Тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулі нысаналы мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, қалған қызмет ету мерзімі жасалған күннен бастап белгіленген қызмет ету мерзімінен 60%-дан кем құрайтын болса, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тіркелетін жылжымалы құрамды тіркеуге рұқсат етілмейді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы, маусымдық және тар нысаналы мақсаты бар жылжымалы құрам деп жылжымалы құрам түсініледі:
вагон-хоппер: ыстық шекемтастарға арналған мөлшерлегіш, агломератты тасымалдауға арналған, астық тасушы, цемент тасушы;
вагон-транспортер;
вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығы бар әмбебап;
тасымалдауға арналған вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт; думпкар вагоны;
вагон рефрежиратор;
мұздақ;
термос.
16. Жылжымалы құрамды қайта тіркеу үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке (оның ішінде жеке кәсіпкер) және заңды тұлғаның тіркелген орнын бір қаладан басқа қалаға ауыстыру;
2) заңды тұлғаны қайта атау;
3) тізілімге бұрын енгізілген жылжымалы құрамның мәліметтері өзгерген жағдайда, растайтын құжаттары бар жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде одан әрі пайдалану үшін шетелдік тұлғаға сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалдауға;
2) күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалдауға (жалға алуға) берген кезде жүргізілмейді.
18. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі
19. Жылжымалы құрамның кепілін тіркеу жылжымалы құрамның барлық иелері үшін тең негіздерде және шарттарда жүзеге асырылады.
20. Тіркеуші орган жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды, кепілге салынған жылжымалы құрамды кепіл ұстаушының келісімінсіз иеліктен шығаруға жол бермейді.
21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кепілі) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш береді.
Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ кепілдің өзге де мәліметтерді қамтитын кепілдің мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, кепілдің мемлекеттік қызметін көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті тіркеу органының қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және кепілдің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және тіркеуші органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, тіркеуші орган көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Кепілді мемлекеттік тіркеу, тіркелген кепілге өзгерістер, толықтырулар және тоқтату туралы шешімді не бас тартуды тіркеуші орган Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы заңның 10, 11, 16, 17 және 19-баптарына сәйкес қабылдайды.
25. "Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген кепілге өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және оны тоқтату үшін осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өтінішті портал арқылы жібереді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару тәртібі
27. Жылжымалы құрам:
1) жылжымалы құрамды есептен шығару, оны қалпына келтірмей зақымдаған;
2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға не дара кәсіпкер таратылған не қызметін тоқтатқан;
3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүлікті мүліктік жалдау (жалдау), лизинг не сенімгерлікпен басқару шартының қолданылуы тоқтатылған жағдайларда тізілімнен шығарылады.
28. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығару жылжымалы құрамның мемлекеттік тіркелген, қайта тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншік иесі және/немесе иеленуші мемлекеттік корпорация, портал арқылы тіркеуші органға өтінішті, жылжымалы құрамды еркін нысанда есептен шығару туралы актіні не жылжымалы құрамның зақымданғаны және/немесе жоғалғаны туралы құжатты не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг шартын, немесе меншік құқығының тоқтатылғанын растайтын құжатты (сатып-алу, сыйға тарту, мұрагерлік шартын) ұсынады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәліметтерді Тізілімге енгізеді және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.
5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
30. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жылжымалы құрамды және ның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі, тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі
Көліктік бақылау инспекциясы | Куәліктің нөмірі | Берілген күні | Меншік иесі | Меншік түрі | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Көлік құралының жалпы қуаты, кВТ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күні | Нормативтік қызмет мерзімі | Соңғы жөндеу күні | Келесі жөндеу күні | |
КЖ-1 | КЖ-2 | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
кестенің жалғасы
Техникалық жағдайы | Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр | Дейін жарамды | Сериясы | Санаты | Тіркелген орны | |
жарамды | есептен шығарылған | |||||
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
Арнайы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі
Көліктік бақылау инспекциясы | Куәліктің нөмірі | Берілген күні | Меншік иесі | Меншік түрі | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Салынған күні | Нормативтік қызмет мерзімі | Соңғы жөндеу күні | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | ||
КЖ-1 | КЖ-2 | жарамды | есептен шығарылған | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр | Дейін жарамды | Түрі | Санаты | Тіркелген орны |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Жүк жылжымалы құрамының мемлекеттік тізілімі
Көліктік бақылау инспекциясы | Куәлік нөмірі | Берілген күні | Меншік иесі | Меншік түрі | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күні | Нормативтік қызмет ету мерзімі | Соңғы ДЖ күні | Соңғы жөндеу күні | |
КЖ-1 | КЖ-2 | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы
Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Жұмыс жарамсыз күйде күтіледі | Дейін жарамды | Түрі | Санаты | Тіркелген орыны | |
жарамды | есептен шығарылған | ||||||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
Жолаушылар жылжымалы құрамының мемлекеттік тізілімі
Көліктік бақылау инспекциясы | Куәлік нөмірі | Берілген күні | Меншік иесі | Меншік түрі | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күні | Нормативтік қызмет мерзімі | Соңғы ДЖ күні | Соңғы күні | |||
КЖ-1 | КЖ-2 | ҚМҰКЖ | ҚККЖ | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Жұмысқа жарамсыз күйде күтіледі | Дейін жарамды | Түрі | Санаты | Тіркелген орыны | ||
жарамды | есептен шығарылған | |||||||
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | |
Ескертпе:
(КЖ-1) - 1 көлемдегі күрделі жөндеу
(КЖ-2) - 2 көлемдегі күрделі жөндеу
(ҚМҰКЖ) - қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу
(КҚКЖ) - күрделі қалпына келтіретін жөндеу
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________
облысы (қаласы) бойынша
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушы туралы
мәліметтер автоматты түрде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерек қоры немесе
"Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерек қоры арқылы автоматты түрде көрсетіледі)
Нысан
Өтініш
Тіркеуді (қайта тіркеуді), Мемлекеттік тізілімнен құқыққа тиесілі жылжымалы
құрамды алып тастауды (керек емесін сызып тастауды) сұраймын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________ (меншік, мүліктік жалға беру, жалға алу немесе лизинг)
шарттың мерзімі __________ (шарт мерзімі өткеннен кейін жылжымалы құрам
тізілімнен шығарылады)
Бірлік ___ санында
Мекенжайы:
______________ қаласы, ____________________ көшесі, жеке сәйкестендіру
нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________
Байланыс телефондары (факс), _______________
Тізбе _____ парақта қоса беріледі.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші ______________________/_____________________
(басшының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан 1 |
____________________________________________________________________
(иесінің толық атауы) тиесілі тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі
Р/с № | Сериясы | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күн |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркелген депосы | Көлік құрамының жалпы қуаты, киловатт | ||
(КЖ-1)* | (КЖ-2)** | жарамды | есептен шығарылған | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ескертпе:
*(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу
Нысан 2 |
_________________________________________________________________
(иесінің толық атауы) тиесілі жүк жылжымалы құрамының тізбесі
Р/с № | Вагон түрі | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Нақты қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні (ДЖ)* | Соңғы жөндеу күні (КЖ)** | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркелген станциясы | ||
(КЖ) *** | (ҰҚЖ)*** | жарамды | есептен шығарылған | ||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Ескертпе:
*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделі жөндеу
***(ҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу
**** жүк вагондарының меншік иелері үшін
Нысан 3 |
__________________________________________________________________
(иесінің толық атауы) тиесілі жолаушы жылжымалы құрамының және оған
теңестірілген почта, почта-багаж және багаж жылжымалы құрамының тізбесі
Р/с № | Вагон түрі | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Нақты қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні (ДЖ) * | Соңғы жөндеу күні (КЖ) | ||||||
(КЖ-1)*** | (КЖ-2)*** | (ҚМҰКЖ) | (ҚККЖ) ***** | ||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |||
Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркелген депосы | ||||||
жарамды | есептен шығарылған | ||||||||
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | |||||
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Ескертпе:
*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ-1) – күрделі жөндеу көлемінде 1
*** (КЖ-2) – күрделі жөндеу көлемінде 2
****(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу
*****(ҚМҰКЖ – күрделі алпына келтіретін жөндеу
Нысан 4 |
______________________________________________________________
(иесінің толық атауы) тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тізбесі
Р/с № | Сериясы | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Жасалған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Нақты қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркелген орыны | ||
(КЖ-1)** | (КЖ-2)*** | жарамды | есептен шығарылған | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Ескертпе:
*(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-күрделі жөндеу
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау Қағидаларына 4-қосымша |
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; жылжымалы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы және тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. |
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау Қағидаларына |
|
5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы КУӘЛІК № ________ Осы куәлік "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ құқығындағы (жылжымалы құрамына құқығы көрсетілсін)
__________________________________________________________________
берілді
(иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде) және
жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН / БСН)
__________________________________________________________________________
үлгісіндегі санаты _________________________________________________________
сериясы, вагон түрі _________________________________________________________
зауыт нөмірі _______________________________________________________________
түгендеу нөмірі ____________________________________________________________
секциясы__________________________________________________________________
жасалған жылы ___________________________________________________________
20__ жылғы "__" ________ бастап жылжымалы құрамның мемлекеттік
тіркелгенін растайды.
Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетіледі, ондағы келтірілген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.
__________________________________________________________________________
Берілген күні 20__ жылғы "___" ________________
Уәкілетті органның лауазымды адамы _________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 6-қосымша |
Жылжымалы мүлік кепілінің мемлекеттік тізілімі
Жазбаның № | Тізілімнің № | Кепілдің мәні | Кепіл ұстаушы | Кепіл беруші |
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, туылған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу № | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, туылған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу № | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Кепілдің сомасы | Шарттың қолданысы | Ауыртпалықтың туындауы | Ауыртпалықтың жойылуы | Тіркеушінің ерекше белгілері | |||
теңге | доллар | Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны | Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қолы | Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны | Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қолы | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 7-қосымша |
_______________________________________________________________
тіркеуші органның атауы
№ ____ өтініш
Кепіл беруші
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты орны;
орналасқан жері, атауы:
_______________________________________________________________
Кепіл ұстаушы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты орны, орналасқан жері:
_____________________________________________________________
Жылжымалы мүліктің кепіл шартын тіркеуді сұраймын:___________
____________________________________________________________________
Шарт жасалған күн _____________________________________________
Шартты жасасу орны ____________________________________________
Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)________
____________________________________________________________________
Кепілге салынған мүліктің құны _____________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы ____________
Шарттың қолданылу мерзімі __________________________________________
Кепілге салынған мүлік: кепіл берушінің _______________________ кепіл
ұстаушының ________________иелігінде және пайдалануында қалады
Оны пайдалану мүмкіндігі: иә, жоқ
Қайта кепілге қою туралы мәлімет: иә жоқ (керек емесін сызыңыз)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
___________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы: ____________________________
Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы (бар болса): ________________
Кепіл болып табылатын жүк және жолаушы жылжымалы құрамның сипаттамасы және тізбесі
Р/с № | Санаты | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жасалған күн | Жылжымалы құрамдардың тіркеу туралы мәлімет состава | Иелену құқығының түрі | |
Куәліктің нөмері | Куәліктің күні | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кепіл болып табылатын тартымды-моторвагонды және арнайы жылжымалы құрамның сипаттамасы және тізбесі
Р/с № | Санаты | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жылжымалы құрамдардың тіркеу туралы мәлімет состава | Иелену құқығының түрі | |
Куәліктің нөмері | Куәліктің күні | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау Қағидаларына 8-қосымша |
"Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; жылжымалы құрамның тіркелген кепілін тіркеуден шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және: жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); заңды тұлғалар үшін - 5 (бес) АЕК. Алым сомасын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолмақол емес нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті бөлімінің "Мемлекеттік органның қызметтері" бөлігінде орналастырылған. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін порталға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады. |
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 9-қосымша |
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
___________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20__ жылғы "___" ___________ № _____
____________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті
____________________________________________________________________
өкілінің деректемелері) ____________________________________________________ берілді.
Жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау:
Мүлік түрі | Тізілім нөмірі | Кепіл затының сипаттамасы | Жылжымалы құрам саны | Құны | Ескертпе |
Кепіл ұстаушының құқықтары: ________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, туылған күні мен жылы)
Мекенжайы: ____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және заңды
____________________________________________________________________
тұлғаның тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
Кепіл заты _________________________________________________________
(кепіл затының сипаттамасы) _____________________________________ кепіл
туралы шарттың негізінде (шартты жасасу күні) пайда
болды _____________________________________ тіркелген және мынадай негізгі
(тіркелу күні мен нөмірі) шарттарды
қамтиды _____________________________________________________________
(негізгі міндеттеменің орындалу мөлшері, мерзімі және кепілдің өзге
____________________________________________________________________
де шарттары)
Кепіл берушінің құқықтары __________________________________________
(құқық түрі)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты орны,
туылған күні және жылы;
____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
(кепіл затына құқық белгілеуші құжаттың атауы,
____________________________________________________________________
қабылдау күні, тіркеу күні мен №)
___________________________________________________________ расталды
Басшы _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ескерту:
1. Куәлік себептерін көрсете отырып, тіркеу органына өтініш береді жоғалған
(бүлінген) кезде құқық иеленуші куәліктің жоғалу (бүліну).
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 11-қосымша |
_________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
№ _____ Өтініш
Кепіл беруші______________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру
нөмірі; атауы, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________ сериясы _________
№___________________
___________________________ берілді, берілген күні
__________________________________
(құжатты берген органның атауы)
Почталық мекенжайы, телефон
_____________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері
_______________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы_____________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру
нөмірі немесе атауы немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________ сериясы _________
№___________________
___________________________ берілді, берілген күні
__________________________________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон
_____________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері
_____________________________________________
______________________________________________________________
атынан әрекет етеді (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________________
_____________
___________________________________________________________________
негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) сызып тастау)
Тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі (активтер мен
міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу жағдайларын қоспағанда)
____________________________________________________ енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы немесе кепілді тоқтату негізі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кепіл шартына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда:
Шарттың жасалған күні_____________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)
____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы____________________
Шарттың қолданылу мерзімі _________________________________________
Кепілге салынған мүлік______________________________________________
кепіл берушінің _______________________________________________кепіл
ұстаушының иелігінде және пайдалануында қалады
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы
____________________________________________________________________
Кепіл ұстаушының (өкілінің) қолы:____________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________