Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15468 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.

      2. "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10452 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 117 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 1-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына, 35-1 және 35-2-баптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар:

      1) сертификаттауды жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру;

      2) аэронавигациялық қызмет көрсетушінің сертификатын тоқтату (кері қайтару) және оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      3) әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртіпті айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы ұйым;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      3) авариялық хабар беру (авариялық хабар беру қызметі) – іздестіру-құтқару қызметінің көмегін қажет ететін әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету;

      4) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі – нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған, әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) беруге жауап беретін қызмет;

      5) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.

      Қызмет көрсетудің бұл түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдеріне (қонуға жақындау, әуеайлақ ауданында және бағытта) ұсынылады;

      6) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші – әуе қозғалысын ұйымдастыруды және (немесе) басқа аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      7) аэронавигациялық қызмет көрсетушінің сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

      8) әуеайлақтық метеорологиялық ұйым – әуеайлақта орналасқан, әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған қызмет;

      9) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету – мынадай:

      әуе кемелері арасында және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;

      әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында ұсынылатын қызмет көрсету;

      10) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

      11) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;

      12) метеорологялық қадағалау органы – оның жауапкершілік ауданында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал етуі мүмкін атмосферадағы ұшу маршруты мен басқа құбылыстар бойынша нақты немесе ауа райының күтілетін белгілі бір құбылыстарының пайда болуы туралы ақпаратты дайындап, ұсынатын орган;

      13) метеорологиялық орган – халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған орган;

      14) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген заңды тұлға;

      15) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшудың қауіпсіз және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету.

      4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарына (бұдан әрі – Сертификаттау талаптары) сәйкес келуі тиіс.

      5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) айқындалған тәртіппен ақы алынады.

      Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелері) айқындалады.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды (бұдан әрі – сертификаттау) уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      7. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіде филиалдар (өкілдер) бар болған жағдайда, осы Қағидалардың 14-тармағынан көзделген сертификаттық зерттеп - қарау мерзімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      8. Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берілмейді.

2-тарау. Сертификаттау жүргізу және Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге сертификат беру тәртібі

      9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті ұйым құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Өтініш беруші негізгі талаптардың тізбесінде 8-тамақпен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      11. Өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға берілген өтініші бойынша шешімді өтініш берушіге жібереді.

      12. Уәкілетті ұйым оң шешім қабылдаған жағдайда шешім шыққан күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп - қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Персоналдық құрам, нақты қолдану саласын және қызмет түрін (кіші түрін) сертификаттық зерттеп - қарауды жүргізу мерзімі және комиссия тексеретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдік) уәкілетті ұйым басшысының бұйрығымен айқындалады.

      Бірінші сертификаттық зерттеп - қарау үшін уәкілетті ұйым басшысының бұйрығын шығару шешім шығарылған күннен кейін екінші жұмыс күні, ал одан кейінгі сертификаттық зерттеп - қарау үшін – алдыңғы сертификаттық зерттеп - қарауды сертификаттық зерттеп - қарау актісіне қол қойған күннен бастап екінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Комиссияның лауазымдық құрамына авиация инспекторлары енгізіледі.

      13. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттық зерттеп - қарау үшін қажетті жұмыс күнінің саны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің филиалдары (өкілдіктері) санына байланысты айқындалады.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты сұралған, сертификаттауға жататын аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері) осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      14. Уәкілетті ұйым нұсқамалық материалды пайдалана отырып аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарға сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп - қарауды жүргізеді.

      Бұл ретте, уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының мемлекеттік қызмет берушіге және операторына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сертификаттық тексеру аяқталғанға дейін өтініш беруші мынадай жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат сұралған, сертификаттауға жататын барлық аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) түзетулер енгізеді:

      1) әуеайлақтың мәлімдеген санатын өзгерту;

      2) ҰРТҚ мен байланыс құралдарын орналастыру орнын өзгерту.

      16. Сертификаттық зерттеу - қарау нәтижелер бойынша комиссия Өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы, процестері мен құжаттамасының нақты жай-күйін, тұжырымдарын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытындысын көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада сертификаттық зерттеп - қарау актісін (бұдан әрі - акт) жасайды.

      Актіге барлық комиссия мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысуға жіберіледі. Акт комиссияның барлық мүшелері актіге қол қойған күннен бастап 3 үш жұмыс күні ішінде хабарламалы тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде не қолма-қол жіберіледі.

      Өтініш берушіге зерттеп-қарау актісі жіберілген күннен бастап сертификаттау мерзімін өтініш беруші уәкілетті ұйымға қол қойылған актіні ұсынғанға дейін тоқтатылады.

      Сертификаттық зерттеп - қарау актісінде сертификатты беру мүмкін еместігі туралы қорытынды көрсетілген жағдайда, уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеушіліктер тізбесін қосымша қоса береді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш деңгейге: 1-денгей, 2- денгей және 3- денгей болып бөлінеді.

      1 - деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2 - деңгейге уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3 - деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. 1 - деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      1 - деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым сертификатты беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың қолданысын шектейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. 2- деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;

      2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзім өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған кезде, уәкілетті ұйым оны ұзартады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Уәкілетті ұйым өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын зерттеп - қарау жолымен бақылайды.

      Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаған немесе уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаған жағдайда, 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және уәкілетті ұйым сертификатты беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты қайтарып алады.

      3 - деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Уәкілетті ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіткен күннен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқталады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімде сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті ұйымға растайтын құжаттама қоса берілген оларды жою туралы еркін нысандағы анықтаманы ұсынады.

      20-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің тиісті сертификатын беру туралы шешім қабылдайды не осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      21. Сертификаттық зерттеп - қарау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер болмаған не 3-ші деңгейдің сәйкессіздіктері болған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш беруші қол қойған актіні ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын ресімдейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Актіде көрсетілген 2-ші деңгейдің сәйкессіздіктері болған кезде уәкілетті ұйым өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген анықтаманы және растаушы құжаттаманы ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды тексереді және ескертулер болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын ресімдейді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Сертификат оның қолданылу саласын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттауға жататын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты сұратылатын аэронавигациялық қызмет көрсетудің рұқсат етілген түрлерін (кіші түрлерін) көрсете отырып, бес жылға беріледі.

      Сертификат аэронавигациялық қызмет көрсетудің барлық не жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) ресімделеді.

      Бұл ретте аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші өз қызметін қатаң түрде сертификатқа сәйкес жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" порталға жіберіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сертификаттық зерттеп - қарау процесінде авиация инспекторлары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, құралдардың істен шығуын немесе ақауын жоюдан туындаған не ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу жоспарының орындалуымен, не тұрақты қадағалау процесінде уәкілетті ұйыммен келісілген түзету іс-қимылдары жоспарының болуымен байланысты (қайта сертификаттау кезінде) сертификаттық талаптардан ауытқуларды анықтаған жағдайда, комиссия сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне белгіленген деңгейге балама ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін өтініш беруші қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, сертификат беру мүмкіндігін белгілейді.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңін уәкілетті ұйым айқындайды, бірақ ол екі жылдан аспайды.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне сертификат беру мүмкіндігі тиісті негіздемесімен сертификаттық зерттеп - қарау актісінде көрсетіледі.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезінде актіге қол қойылған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Сертификатты беруден бас тарту үшін негіздер негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25-1. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, азаматтық авиация саласында басшылықты жүзеге асыратын лауазымды адам жүргізеді.

      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      25-2. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      25-3. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 25-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі

      26. Сертификаттың қолданылуы тоқтатылған немесе оны кері қайтарған жағдайда, уәкілетті ұйым аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      27. Сертификатты кері қайтарып алған жағдайда, сертификаттың иесі сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті ұйымға сертификаттың кері қайтарылуы туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      28. Сертификат оның иесінің өтініші бойынша толық немесе ішінара шектелуі мүмкін.

      Мұндай жағдайда, иесі уәкілетті ұйымға аэронавигациялық қызмет көрсетудің шығарып тасталатын түрлерін (кіші түрлерін) көрсете отырып, негіздемесі бар еркін нысандағы өтінішті жолдайды.

      Уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификатқа шектеулер енгізу ішінде бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      29. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлеріне (кіші түрлеріне) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.

      Бұл ретте, сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерінде белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға алым мөлшерлемесінен 10% мөлшерінде алым төлейді.

      Сертификаттау жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге сертификат беру тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Құрамына бес және одан көп филиалдар (өкілдіктер) енетін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні қайта сертификаттау кезінде уәкілетті ұйым сертификаттық зерттеп - қарау үшін мәлімделген филиалдардың (өкілдіктер) жартысынан кем емес бөлігін құрайтын, ол айқындаған, филиалдарға (өкілдерге) сертификаттық зерттеп - қарау жүргізу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте алдын ала жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктердің ең көп саны бар филиалдар (өкілдіктер) таңдалады.

      31. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші атауының немесе оның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі кезінде сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына және сертификаттау талаптарына толық сәйкес болған жағдайда, өтініш беруші уәкілетті ұйымға сертификатты ауыстыруға еркін нысанда өтініш береді.

      Бұл ретте, сертификаттық зерттеп - қарауды талап етілмейді, ал жаңа сертификат үш жұмыс күні ішінде ақы төлеусіз беріледі.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге бұрын берілген сертификаты уәкілетті ұйымға қайтарылуға тиіс және жою актісіне сәйкес оны жою тәсілін көрсете отырып, еркін нысанда жоюға жатады.

      32. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістер енгізу кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      33. Уәкілетті ұйыммен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысының функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген.

      34. Уәкілетті ұйыммен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер тізбесінде осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістерді келісуге сұрау салуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістерді келісуге арналған сұрауға қоса берілген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, еркін жазбаша нысанда уәкілетті ұйымға ұсынады.

      35. Уәкілетті ұйым әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі жоспарланған өзгерістер тәуекелін бағалау бойынша есепті сұрау салу келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарастыруды жүргізеді.

      Қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым ұсынылған есепті келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      36. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістерді келісуге арналған сұрауға қоса берілген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда келісуден бас тартуы мүмкін.

      Келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті ұйым аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге тиісті негіздемесі бар ресми хабарлама жібереді.

      37. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістер енгізгенге дейін 20 жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымды ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер туралы хабардар етеді.";

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатын алуға өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

                        (сертификат алу)

      мақсатында сертификаттау жүргізуіңізді сұраймын.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрі (кіші түрі, ескертпе):

      ____________________________________________________________________

      (қаланы, ауданды көрсете отырып)

      ____________________________________________________________________

      Өтініш беруші:

      1. Сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2. Қойылатын сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3. Өтініш беруші әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын мойындауға және оларды орындауға, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның аэронавигациялық қызмет көрсетуге бақылау мен қадағалау жүргізуді жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді.

      _________________ ______________________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні)

      Қосымша:

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау
және оған сертификат
беру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты немесе осы негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын бергені үшін төлемақы мөлшерлемелері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) анықталады.
Төлем екінші деңгейдегі банктегі уәкілетті ұйымның ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны/қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының интернет-ресурсында - www.caa.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) www.egov.kz порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш.
2) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін анықтайтын құжаттардың электрондық көшірмесі:
Радиотехникалық жабдықты және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.
ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтардың тізбесі;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу тексеру жүргізу туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 15554 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларына № 381 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) ҰРТҚ және байланыс құралдарының сәйкестігі туралы ақпарат;
3) Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмесі:
ААБ қызметі персоналының бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары және олардың жұмыс тәртібін анықтайтын рәсімдер;
бекітілген құрылымы;
4) әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарының электрондық көшірмесі;
авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыретіне соңғы бағалау жүргізу жөніндегі анықтама;
5) Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) 9001 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарының электрондық көшірмесі. (метеорологиялық қызмет, ААБ қызметі);
6) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмелері:
бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
бекітілген жұмыс технологиясы;
7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесінде және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынатын ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды (қайта сертификаттау кезінде) жүзеге асырғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің міндетті аударымдарын растайтын құжат;
8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттаудан өту үшін талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өтініш беруші ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға берілген өтініші бойынша шешім

№ ___

_____ жылғы "___" ________________

      __________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      _________________________________________________

      _______________________________________________

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің атауы)

      сертификаттау жүргізуге берілген 20__ жылғы "___" ___________________

      № _________ өтінімді қарап, мынаны хабарлаймыз:

      1. Сіз ұсынған құжаттар Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау

      және оған сертификат беру қағидаларында белгілеген талаптарға сәйкес келеді

      (сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеген тармағы көрсетіледі)

      _______________________________________________________

      _________________________________________________

      _________________________

      2. Сертификаттық зерттеп-қарау ___ бастап ___ дейінгі аралықта жоспарлануда.

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Уәкілетті ұйымның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      ____________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ___________

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына
4-қосымша

Филиалдар (өкілдіктер) санын есепке ала отырып, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттық зерттеп – қарауды жүргізу үшін қажетті жұмыс күнінің саны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 27.09.2024 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Филиалдар (өкілдіктер) саны

Сертификаттауға зерттеп -қарауды жүргізуге берілген жұмыс күндерінің саны

2

10

3

15

4

20

5

25

6

30

7

35

8

40

9

45

10

50

11

55

12

60

13

65

14

70

15

75

16

80

17

85

18

90

19

95

20

100

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты сұралған, сертификаттауға жататын аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері)

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрі

Қызмет көрсетудің кіші түрі

Ескертпе

1

2

3

4

Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (ATS)

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету


Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету


Әуеайлақты диспетчерлік қызмет көрсету


Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FІS)

OFІS деректерін тарату


Консультациялар мен ақпараттарды ұсыну


Дауыстық деректерді қолдануға негіздеген (дауыстық ATІS), әуеайлақ маңында ақпаратты автоматты тарату қызметі


Әуеайлақ ауданында ақпаратты деректерді тарату желісі (D – ATІS) арқылы автоматты тарату қызметі


VOLMET радиохабарларын тарату


Авариялық хабар беру (AL)



Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету AFІS)



Әуе кеңістігінің дизайнын, әуе трассаларын және әуеайлақтық схемаларды әзірлейтін қосалқы қызмет көрсету



Байланыс, навигация және бақылау жүйесін беру (CNS)

Байланыс (С)

Авиациялық радиобайланыс (әуе-жер байланысы)

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшін

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған авариялық радиобайланыс үшін

Авиациялық электр байланысы (жер-жер байланысы)

ӘҚҚҚ органдарының өзара іс- қимылын қамтамасыз ету үшін

Әуежай ішіндегі электр байланысы үшін

Тіркелген авиациялық электр байланыс желісі үшін (AFTN)

ӘҚҚ хабарламаларын өңдеу жүйесі (AMHS)

Навигация (N)

Әуе кеңстігінде NDB дабылын қамтамасыз ету


Әуе кеңістігінде VOR дабылын қамтамасыз ету


Әуе кеңістігінде DME дабылын қамтамасыз ету


Әуе кеңістігінде ІLS дабылын қамтамасыз ету

І санат

ІІ санат

ІІІ санат

Әуе кеңістігінде GBAS дабылын қамтамасыз ету


Бақылау (S)

Бір жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну


Екі жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

Mode A/C

Mode S

ADS-B деректерін ұсыну


MLAT деректерін ұсыну


Әуе қозғалысын автоматты басқару құралдары

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)

Әуе қозғалысын басқарудың құралдарын автоматтандырылған құралдар кешені (ӘҚБ АҚК)

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орны (ӘҚБ АЖО)

Байланыс, навигация және бақылау жүйесін беру (жалпы функциялары)

Радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

Бақылау құралдарының ақпаратын құжаттау жабдығы

Диспетчерлік қызметтердің, операторлар мен ұшуды қамтамасыз етуші тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету

Әуеайлақтық метеорологиялық ұйым

Метеорологиялық қамтамасыз ету
4 (А) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
4 (Б) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
4 (В) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
2 (Г) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
2 (Д) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
3 (Г) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
3 (Д) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету
1 (Е) (ҰҚЖ класы) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету ИКАО І санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету ІІ санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету ИКАО III (А) санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық қамтамасыз ету ИКАО III (В) санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді


Метеорологиялық бақылау органы



Аэронавигациялық ақпарат беру

Аэронавигациялық ақпарат жинағын шығару



NOTAM шығару



Ұшу алды ақпарат бюллетеньдерін шығару (PІB)



Іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету


Іздестіру және құтқару үйлестіру орталығының қызметін ұсыну


  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сертификаттық зерттеп - қарау актісі

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

      20__ жылғы "___" __________ № __ бұйрығына сәйкес төмендегі құрамдағы комиссия:

      Төраға ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы)

      Комиссия мүшелері

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы)

      ________________________________________ сертификаттық зерттеп - қарау жүргізді.

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің атауы (оның филиалдарының

      (өкілдіктерінің) (егер қолданылатын болса)

      Қорытынды мәтіні:___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Төраға: _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)), (қолы, күні)

      Комиссия мүшелері:

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) (қолы, күні)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)), (қолы, күні)

      Актімен таныстым:

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшысы

      ______________________ ______________________________________

      (лауазымы) (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау
және оған сертификат
беру қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тізбесі

Сәйкессіздіктің мазмұны

Ескертпе




      Комиссия мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Таныстым:

      Аэронавигациялық ұйымның басшысы

      _____________ _________________________________________

      (лауазымы) (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау
және оған сертификат
беру қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы Сертификатты берген уәкілетті ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты

      № ________

      20__жылғы "__" ______берілді. Қолданылу мерзімі 20_жылғы "__" _______ дейін.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші ұйымның атауы, бизнес

      сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы)

      Осы сертификат

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің атауы)

      аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттық талаптарға

      аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сәйкес екендігін куәландырады.

      Қызмет көрсету түрі мен (кіші түрі) сертификаттың қолданылуы аясы осы

      сертификатқа қосымшада көрсетілді.

      Сертификат __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      комиссиясының 20__ жылғы "___" ________________№ ____ сертификаттық

      зерттеп -қарау актісі негізінде берілді.

      аэронавигациялық қызмет көрсету берушіге қойылатын сертификаттық талаптарға

      сәйкестігін тұрақты бақылауды

      ____________________________________________________________________

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асырады.

      Уәкілетті ұйымның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      ___________________________________________

      (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушінің
сертификатына
№___ қосымша
Нысан

Сертификаттың қолданылу аясы

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрі

Қызмет көрсетудің кіші түрі

Қаланы, ауданды көрсету

Ескертпе

Әуе қозғалысына қызмет көрсету













Байланыс, навигация және бақылау жүйесін ұсыну













Аэронавигациялық ақпарат ұсыну





Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету





Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету





      Уәкілетті ұйымның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________

      (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
9-қосымша

Уәкілетті ұйыммен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер тізбесі

      Алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістерге:

      1) нақты әуе кеңістігінде немесе әуеайлақта қолдануға жататын эшелондаудың қысқартылған минимумы;

      2) әуе кеңістігі құрылымының өзгеруі (әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарының, бақыланылмайтын әуе кеңістігі аудандары шекараларының өзгеруі) жатады.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
10-қосымша

Ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістерді келісуге арналған сұрауға қоса берілген құжаттар тізбесі

      1. Әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесіне жоспарланған өзгерістерге байланысты тәуекелдерді бағалау бойынша есеп;

      2. Өзгерістерді енгізудің алдын ала жоспары.

      Ескерту: барлық құжаттар аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшысының қолымен куәландырылады.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
11-қосымша

Уәкілетті ұйымды хабарландыруға жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер тізбесі

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Хабарландырылуға жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістерге:

      1) әуе кеңістігінде немесе әуеайлақта қолдануға жататын ұшып шығу және ұшып келу қағидаларын қоса алғанда, ұшуды жүргізудің жаңа енгізілген пайдалану рәсімдері; (PBN, SІD/STAR, параллельді немесе түгел паралельді ұшу-қону жолағындағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) операциялар));

      2) ӘҚҚ маршруттарының құрылымын өзгерту:

      маршрутты (маршруттарды) алып тастау;

      жаңа маршруттың (маршруттардың) ашылуы;

      кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігін өзгерту;

      маршруттың (маршруттардың) төменгі және (немесе) жоғарғы шекарасын өзгерту;

      маршруттың негізгі нүктесін (нүктелерін) белгілеу және (немесе) алып тастау;

      маршруттың (маршруттардың) спецификациясын өзгерту;

      маршруттың (маршруттардың) крейсерлік эшелондарының бағытын өзгерту.

      3) әуе кеңістігі құрылымының өзгеруі (әуеайлақтардың аудандары шекараларының өзгеруі, ресекторизациялау);

      4) әуеайлақта ҰҚЖ және/немесе рульдік жол конфигурациясының физикалық өзгеруіне байланысты ӘҚҰ рәсімдері;

      5) байланыс, бақылау жабдығының және басқа да жабдықтардың ұшуда қауіпсіздігі үшін мәні барларының, соның ішінде жаңа функциялар және/немесе мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін жаңа жүйелерді пайдаланудан шығару және/немесе енгізу жатады:

      авиациялық радиобайланыс ("ауа – жер" байланысы), оның ішінде ЖЖЖ (өте жоғары жиіліктер) және ЖЖ (жоғары жиіліктер) диапазондарының радиобайланыс аппаратурасы, әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты беру жабдығы (ATIS), ЖЖЖ цифрлық байланыс желісі (VDL), деректер беру желісі бойынша "диспетчер – пилот" байланысы (CPDLC);

      мамандандырылған жабдықты, дауыстық диспетчерлік байланыс коммутаторларын, авиациялық электр байланысы желілерін (ATN), ОВ-Line Data Interchange (oldi) қоса алғанда, ӘҚҚ органдары арасындағы авиациялық жерүсті электр байланысы ("Жер-жер" байланысы) ;

      авиациялық тіркелген электр байланысы желісі, ӘҚҚ хабарламаларын өңдеу жүйелері (AFTN), есептеу және байланыс құралдары кешені, ӘҚҚ хабарламаларын өңдеу бойынша қызметтер (AMHS)ұсыну үшін;

      жетек радиостанцияларын (NDB) қоса алғанда, әуе кемелерінің радионавигациясын қамтамасыз ету, көп бағытты АЖЖ радиомаяк (VOR), қашықтық өлшегіш жабдық (DME), аспаптар бойынша қону жүйесі (ILS), жерүсті функционалдық толықтыру жүйесі (GBAS), қону жүйелерінің жабдығы (ОСП), маркерлі радиомаяк (МРМ);

      ӘҚҚ органдары үшін радиопеленгация функцияларын қамтамасыз ету - автоматты радиопеленгатор (АРП);

      бастапқы радиолокаторды (PCR), қайталама радиолокаторды (ВРЛ), ұшу алаңын көру радиолокациялық станциясын (Альп РЛС), радиохабарлық Автоматты тәуелді бақылауды (ADS-B), сигналдардың келу уақытының айырмасын бағалау бойынша әуе кемелерінің орналасқан жерін анықтаумен көп позициялы қабылдау жүйесін (MLAT)қоса алғанда, ӘҚҚ органдарының бақылау функцияларын қамтамасыз ету;

      әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ӘҚБ АЖ), әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру жүйелерінің кешенін (ӘҚБ АЖ), әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орнын (ӘҚБ АЖО), жердегі қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін (АЖ ЖҚБ) қоса алғанда, әуе қозғалысына қызмет көрсету функцияларын автоматтандыру;

      автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйесі (АМӨЖ) - әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына әсер ететін метеорологиялық параметрлерді нақты уақытта алудың, өңдеудің, таратудың және көрсетудің кешенді автоматты жүйесі;

      метеорологиялық көріну қашықтығының қашықтық датчиктері;

      бұлттардың төменгі шекарасының биіктік датчиктері (тік көріну);

      жел параметрлерінің сенсорлары;

      атмосфералық қысым датчиктері;

      ауа температурасы мен ылғалдылық датчиктері;

      метеорологиялық ақпаратты көрсету құралдары (индикация блоктары);

      берілетін метеорологиялық ақпаратты тіркеу құралдары;

      метеорологиялық радиолокатор (МРЛ), лидар;

      ӘҚҰм жүйесі шеңберінде аэронавигациялық деректерді және кепілді сападағы аэронавигациялық ақпаратты уақтылы жинауды, өңдеуді, сақтауды, интеграциялауды, айырбастауды және жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Жабдықтар, Бағдарламалық қамтамасыз ету;

      аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты беретін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелері;

      бағдарламалық қамтамасыз ету ИКАО "Әуе кемелерінің ұшу өндірісі (Doc 8168 OPS/611)" құжатында көрсетілген кедергілердің ұшу өлшемдерін (оның ішінде кедергілерді есепке алу аймағының ені) қолдануды қамтамасыз ететін әуеайлақ схемаларын құрудың автоматтандырылған құралдары. II Том көрнекі ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларын құру";

      ұшуды іздестіру-құтқару қамтамасыз етудің автоматтандырылған жабдықтары.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтінімнің №

      Өтініш беруші:

      Мемлекеттік қызмет: Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын

      Түрі:

      Беру уақыты:

      Статус:

      Негіздеме:

      Осы хабарлама рұқсат құжаты болып табылмайды, мемлекеттік қызметті көрсетудің статусын және рұқсат құжаттары бойынша қажетті мәліметтерді беру үшін арналған.

      Уәкілетті ұйымның басшысы не ол уәкілеттік берген адам

      ____________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 2-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттық талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы сертификаттық талаптар (бұдан әрі – талаптар) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын талаптарды (бұдан әрі – АНҚ берушіде) белгілейді.

      Талаптар мыналарды көздейді:

      1. Мыналарды:

      1) Өнім берушіде мыналар:

      Өнім берушінің Жаһандық аэронавигациялық жоспармен (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының құжаты, ГАНП, Құжат 9750) көзделген іс-шараларды іске асыруды көрсететін даму кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген жоспары болуы;

      әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетуді бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезіндегі іс-шаралар жоспарының болуы және (немесе) байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсыну, және (немесе) ұшуды метеорологиялық және (немесе) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты ұсынуда;

      бекітілген филалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың болуы;

      "Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурызда № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 болып тіркелген) сәйкес жасалған (Өнім берушіні бастапқы сертификаттағанда) не қызмет ететін (Өнім берушіні қайта сертификаттағанда) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (меншікті немесе шарт негізіндегі ұқсас қызмет түрін көрсететін басқа Өнім берушінің ұшудың қауіпсіздігін басқару жүйесінің бақылауында) болуы;

      дайындалған персоналдың бар болуы және оның дайындығы "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 764 бұйрық) негізінде әзірленген аэронавигациялық қызмет көрсетушінің нақты түрі үшін жұмылдырылған персоналды кәсіби даярлаудың бекітілген бағдарламаларына сәйкестігі.

      азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында көзделген өзара іс-қимыл жасау (үйлестіру) жөніндегі келісілген нұсқаулықтардың болуы;

      2) өнім берушінің Өнім берушінің сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттама талаптарын Өнім берушіні сертификаттау және оған сертификат беру тәртібіне сәйкес сақтауын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қосымша талаптарды:

      1) Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметтерінің (органдардың):

      көрсетілген Нұсқаулықтың АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін қолданылуына қатысты бөлікте "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 279 бұйрық);

      АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың қолданылуына қатысты бөлікте "Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген) сақтауы;

      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету органдар персоналының бар болуы және олардың "Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) авиациялық персоналының куәлік берілетін адамдарға қойылатын біліктік талаптарына сәйкестігі;

      3) әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын диспетчердің, авиациялық станциялар операторларының бекітілген жұмыс технологияларының болуы;

      4) авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі авариялық хабар берудің бекітілген схемасының болуы;

      5) метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты алуға шарттың болуы (егер өтініш беруші мұндай қызметтерді ұсынбаса);

      3. Байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қосымша талаптар:

      1) Радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметтерінің:

      АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың қолданылуына қатысты бөлікте, "Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15554 болып тіркелген);

      АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін көрсетілген Нормалардың қолданылуына қатысты бөлікте, "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығы (бұдан әрі – № 381 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген);

      АНҚ берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлікте № 159 бұйрықты;

      АНҚ берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Нұсқаулықтың жарамдылығына қатысты бөлікте № 279 бұйрықты;

      АНҚ берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлікте № 764 бұйрықты сақтау;

      2) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану құжаттамасының талаптарының бар болуы және сақтауы;

      3) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына (авиациялық әуе электр байланысы, авиациялық жерүсті электр байланысы, навигацияның радиотехникалық құралдары, бақылау жүйелері, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандыру құралдары, бақылау ақпаратын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың келіссөздерін құжаттандыру жабдығы) және оларды электрмен жабдықтау көздеріне пайдалану құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз ету;

      4. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін қосымша талаптар:

      1) метеорологиялық органның:

      көрсетілген Қағидалардың АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін қолданылуына қатысты бөлікте, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығы "Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген);

      АНҚ берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлікте № 159 бұйрықты сақтауы;

      2) Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) сериясы 9001 сапа менеджменті жүйелерінің болуы.

      5. Аэронавигациялық ақпараттарды ұсыну үшін қосымша талаптар:

      1) Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің:

      көрсетілген Қағидалардың АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін қолданылуына қатысты бөлікте, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығы "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген);

      АНҚ берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 764 бұйрықты;

      "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрдің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 болып тіркелген);

      2) Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) сериясы 9001 сапа менеджменті жүйелерінің болуы;

      6. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметін ұсыну үшін қосымша талаптар:

      1) іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығының:

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қағидаларын";

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Нұсқаулықтың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 279 бұйрықты сақтауы.