Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 117 бұйырығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурыздағы № 10452 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес әзірленді және аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:

      1) авариялық хабар беру (авариялық хабар беру қызметі) – іздестіру-құтқару қызметінің көмегін қажет ететін әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және сондай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету;

      2) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешенді қызмет көрсету;

      3) аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері) – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі жүзеге асыратын әуе қозғалысына қызмет көрсетумен, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдаланумен байланысты аэронавигациялық қызмет көрсету.

      4) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;

      5) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

      6) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) – мынадай:

      әуе кемелері арасында және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;

      әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында ұсынылатын қызмет көрсету;

      7) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

      8) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;

      9) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген заңды тұлға;

      10) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшудың қауіпсіз және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету;

      11) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын (бұдан әрі – ӘҚҚ) және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін (бұдан әрі – РТЖБҚ) сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 476-3-бабы 9 және 10-тармақшаларына сәйкес тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      4. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБҚ сертификаттауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру тәртібі

      5. Сертификаттау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) өтініш берушімен аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алуға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық пайдалану және байланыс қызметінің және (немесе) радиотехникалық пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алу өтінішіне қоса беріліп отырған осы Қағидалары 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімінің қосымшасымен уәкілетті органға беруі;

      3) уәкілетті органның сертификаттық тексеру актісін жасай отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан сертификаттық тексеру жүргізуі;

      4) сертификат беру (беруден бас тарту).

      6. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттар тізбесін мыналардың болуы туралы талаптарға ұсынылған құжаттаманың сәйкестік мәніне бағалауды жүргізеді:

      1) аэронавигациялық ұйымның құрамына кіретін аэронавигациялық ұйымның бекітілген ұйымдық құрылымы және ӘҚҚ органының және (немесе) РТЖБҚ қызметінің персонал шататының жинақталуы;

      2) өтініш берушінің басшы құрамының аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша тәжірибесі, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді (бұдан әрі – АҚК)қамтамасыз етумен тікелей байланысты, сондай-ақ мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесі туралы деректер;

      3) АҚК-ні жүзеге асыру үшін жабдық;

      4) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеуді жүргізу бойынша РТЖБҚ қызметінің персоналын оқытуды растайтын мәліметтердің көрсетілген құралдарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге басқа ұйымдармен жасасқан шарттардың болуы.

      7. Құжаттама тізбесін бағалау қорытындылары бойынша және олардың осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықтарды және аэронавигациялық ұйым байланыстарын пайдалану кызметінің сертификатын алуға өтінім бойынша шешімді (бұдан әрі – шешім) өтініш берушіге жібереді.

      8. Егер бағалау қорытындысы бойынша ұсынылған құжаттамада ескертулер анықталса, онда оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, шешімде көрсетіледі. Өтініш берушіге осындай шешімді жіберген сәттен бастап, сертификаттау мерзімін есептеу өтініш беруші анықталған ескертулерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      9. Оң шешім шығарылған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссияның құрамы, жұмыс мерзімі және сертификаттау объектісі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.

      Комиссияның құрамына уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторлары енгізіледі.

      Комиссияның бір ӘҚҚ органын немесе РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеруі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      10. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеру АҚК-нің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты жүргізіледі. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің құрылымы аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатты сұратылатын түрлер (кіші түрлері) сертификацияларға жататын Қағидаларға 4-қосымшада берілген.

      11. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеру аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген турлеріне (кіші турлеріне) қатысты жүргізіледі. Сертификаттауға жататын аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын сұратылған аэронавигациялық қызмет көрсету турлерінің (кіші турлері) құрылымы осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

      12. Сертификаттық тексеру нәтижесі бойынша комиссия өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, тұжырымын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытындысын көрсете отырып, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада сертификаттық тексеру актісін жасайды. Актіге барлық комиссия мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысуға ұсынады.

      13. Сертификаттық тексеру актісінде сертификатты берудің мүмкін емес екені туралы қорытынды көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тізбесін (бұдан әрі – Сәйкессіздіктер тізбесі) қоса береді.

      14. Сәйкессіздіктер тізбесін алғаннан кейін өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде осы ескертулерді жою мерзімін және жауапты адамдарды көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету әрекеттерінің жоспарын бекітеді және оны уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Түзету әрекеттерінің жоспарын уәкілетті орган келіскен сәттен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкессіздіктерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Түзету әрекеттерінің жоспарында белгіленген мерзімде сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органға оларды жойғандығы туралы анықтаманы ұсынады және сертификаттық тексеру қайта басталады, ол туралы қайта басталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.

      15. Егер өтініш беруші түзету әрекеттерінің жоспарында белгіленген мерзімде сәйкессіздіктерді жоймаса, уәкілетті орган бас тартудың себебі көрсетілген сертификат берушіден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді.

      16. Уәкілетті орган сертификатты беруді сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Екі не одан көп ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметіне сертификаттық тексеру жүргізуге өтініш берілген жағдайда сертификат өтініште көрсетілген ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексерудің соңғы актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      17. Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.

      18. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сертификатқа қосымшасында АҚК-ның рұқсат етілген түрлерін (кіші түрлерін).көрсете отырып, үш жылға беріледі.

      Сертификат аэронавигациялық ұйымның құрамына кіретін ӘҚҚ органы мен (немесе) РТЖБҚ қызметінің барлығына немесе бір бөлігіне ғана ресімделеді.

      19. Сертификаттық тексеру процесінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан не ұшуларға және байланысқа радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының істен шығуын немесе ақауын жоюдан туындаған немесе не ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу жоспарының орындалуына байланысты сертификаттық талаптардан ауытқулар анықталған жағдайда, комиссия сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне белгіленген деңгейге балама ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін өтініш беруші қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, сертификатты беру мүмкіндігін белгілейді Қолданылу мерзімі шектеулі сертификатты беру мүмкіндігі тиісті негіздемесімен сертификаттық тексеру актісінде көрсетіледі.

      Өтініш беруші екі жылдан аспайтын сертификаттың талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңін белгілейді.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздікті жою кезеңіне сертификат беру мүмкіндігі сертификаттық тексеру актісінде тиісті негіздемемен көрсетіледі.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздікті жою кезінде сертификат осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап үш жыл аспайтын мерзімге ұзартылады.

      20. Уәкілетті орган Заңның 16-3-бабының 2-тармағында көзделген бірінші деңгейдегі бұзылуды анықтау негіздемесі бойынша сертификаттың қолданылу аясын ішінара шектеу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бірінші деңгейдегі бұзушылық анықталғандарға қатысты рұқсат етілген АҚК түрлерін (кіші түрлерін) алып тастау туралы сертификат иесіне хабарлайды.

      Сертификаттың қолданылу аясын ішінара шектеу туралы шешім уәкілетті органның тиісті тексеруімен расталған, анықталған бұзушылықтарды сертификат иесі жойған сәтке дейін қолданылады.

      21. Сертификатқа өзгерістер мен толықтырулар:

      1) өтініш берушінің өтініші бойынша;

      2) сертификаттың қолданылу саласын ішінара шектеу туралы уәкілетті органның шешімі бойынша енгізіледі.

      22. Аэронавигациялық ұйымның жаңа ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБП қызметтерін ашу немесе ӘҚҚ органдары және (немесе) РТЖБП қызметтерінің бұрын сертификатта көрсетілмеген АҚК түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыру үшін өтініш беруші мәлімделген өзгерістерге қатысты бөлігінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін жібереді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

      1) өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды;

      2) осы Қағидалардың 9-16 тармақтарында белгіленген тәртіпте ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБП қызметтерін енгізілетін өзгерістерге қатысты бөлігінде сертификаттық тексеруді жүргізеді, оның қорытындылары бойынша сертификатқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБП қызметтерін қосымша сертификаттау үшін алынатын алым "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 476-3-бабы 9 және 10-тармақтарына сәйкес тәртіпте және мөлшерде белгіленеді.

      23. Құрамына бес және одан көп ӘҚҚ органдары және (немесе) РТЖБП қызметтері кіретін аэронавигациялық ұйымды қайта сертификаттаған кезде уәкілетті орган әуе қозғалысын ұйымдастыру кезінде ұшу қауіпсіздігіне тұрақты қадағалау жүргізу бағдарламасының нәтижелері бойынша өзі белгілеген, сертификаттық тексеруді жүргізу үшін мәлімделгендердің кемінде жартысын құрайтын ӘҚҚ органдары және (немесе) РТЖБП қызметтеріне сертификаттық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      24. Сертификат иесінің атауының немесе оның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруіне байланысты уәкілетті органның сертификат беруі ұсынылған өзгерістерге қатысты бөлігінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар бойынша өтініш берушінің уәкілетті органға берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      Сертификатты беру ақы төлеусіз тиісті өтінішті алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      25. Сертификаттың иесі сертификаттың сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификат бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, сертификаттың иесі уәкілетті органға еркін нысанда жазылған қажетті негіздемесімен бірге сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш береді. Уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын беруді өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Сертификаттың телнұсқасын қосымша тексеру жүргізбей және ақы төлемей беріледі.

      26. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

      1) аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органы және (немесе) РТЖБҚ қызметі сертификаттық талаптарды сақтамағанда;

      2) иелігінде ӘҚҚ органы және (немесе) РТЖБҚ қызметі бар аэронавигациялық ұйымның өтініші бойынша анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұрады.

      27. Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті орган аэронавигациялық ұйымның құрамындағы ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметіне қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      28. Сертификаттың қолданысы тоқтылған күннен бастап алты ай ішінде 26 тармаққа сәйкес анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сертификаттың қолдануын тоқтатып, оны кері қайтарып алады.

      29. Сертификатты кері қайтарып алған жағдайда, сертификаттың иесі сертификаттың қолдану мерзімінің аяқталуы туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сертификатың түпнұсқасын уәкілетті органға қайтарып береді.

  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алуға арналған өтініш

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы, БСН)

      мақсатында

      ____________________________________________________________________

      (сертификат алу)

      ___________________________________ сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      Аэронавигациялық қызметтің мәлімделген түрі (кіші түрі):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруші:

      1. Сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2. Койылатын сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3. Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын мойындауға және оларды орындауға, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның аэронавигациялық қызмет көрсетуге бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді.

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә, А., күні)

      М.О.

  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
2-қосымша

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Аэронавигациялық ұйымның құрылтай құжаттары:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;

      2) жарғының көшірмесі;

      3) өтініш берушінің негізгі жұмыс орнының мекенжайы.

      2. Аудиттелген жылдық қаржылық есептілік.

      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің бағыныштылық нұсқауын қамтитын ұйымдық құрылымы.

      4. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің штат кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер.

      5. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі туралы ереже.

      6. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің құрамына кіретін аэронавигация ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтер, басшы құрамының жұмыс тәжірибесі мен білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері.

      7. Аэронавигациялық ұйымның кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары.

      8. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер.

      9. Техникалық оқу және персоналдың біліктілігін арттыру курстарын жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттама.

      10. ӘҚҚ бұзушылығына байланысты күтпеген жағдайлар кезіндегі іс-шаралар жоспары.

      11. Бекітілген ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық (ал егер ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі шарттық негізде ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық ұйымның бақылауында болса – шартты қоса бере отырып, осындай аэронавигациялық ұйымның бекітілген ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулығы).

      12. Соңғы жыл бойынша инспекциялық тексерулер актілерінің көшірмесі.

      13. Салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау өткізгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеу фактісін растайтын төлеу тапсырмасы данасының көшірмелері.

      14. Мыналарды қамтитын ӘҚҚ органының ұшу басшылары, аға диспетчерлері, авиациялық станциялардың операторлары, нұсқаушылар және диспетчерлер құрамы туралы мәліметтер:

      1) лауазымы;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) бастапқы даярлығы;

      4) диспетчер куәлігінің сыныбы, нөмірі, қолданылу мерзімі, берген орган;

      5) дербес жұмысқа берілген рұқсат;

      6) медициналық куәландыру, диспетчер, оператор куәлігінің қолданылу мерзімі;

      7) байланысты ағылшын тілінде жүргізуге берілген рұқсаты, аяқтағандығы туралы құжатының нөмірі, кім және қашан берген;

      8) мамандығы бойынша соңғы өткен біліктілігін арттыру курсы;

      9) ағылшын тілі бойынша соңғы өткен біліктілігін арттыру курсы;

      10) жаттығу құрылғысында даярлықтан өтуі (авариялық жағдайларда байланыс істен шыққан кезде және күтпеген жағдайларда әрекет ету жөніндегі дағдыларды үйрену және қолдау);

      11) жұмыс өтілі;

      12) жасы.

      15. Диспетчердің, оператордың жұмыс технологиясының көшірмелері (сертификаттау нысанының қолданыстағы әрбір пункті үшін).

      16. Жауапкершілік аймақтарының, әуе трассаларының, жергілікті әуе желілерінің, ӘҚҚ секторларының шекаралары енгізілген әуе кеңістігі құрылымының картасы.

      17. Соңғы бір жыл ішіндегі әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданындағы) әуе қозғалысының қарқындылығы және ӘҚҚ органдарының (аймақтарының) қызмет көрсету мүмкіндіктері туралы анықтама.

      18. ӘҚҚ-ны ұйымдастыруға және оның қауіпсіздігінің жай-күйіне соңғы жылы жасалған талдау.

      19. РТЖБҚ қызметінің басшылық, инженерлік-техникалық құрамы туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:

      1) лауазымы;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) дербес жұмысқа берілген рұқсаты;

      4) мамандығы бойынша соңғы өткен біліктілігін арттыру курсы;

      5) жасы.

      20. РТЖБҚ қызметіне бекітілген және сертификаттауға жататын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс құралдарының жиынтық тізбесі.

      21. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

      1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланыс құралдарын резервтеу бойынша бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

      2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына (жай-күйіне қарай қызмет көрсетілетіндерінен басқа) техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кестесі;

      3) ҰРТҚ мен байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге аэронавигациялық ұйымның басқа ұйымдармен жасасқан келісімдерінің көшірмелері;

      4) өлшеу және бақылау құралдарының есепке алынғаны туралы анықтама;

      5) ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізілгені туралы анықтама;

      6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу кезінде тексеру жүргізілгені туралы анықтама;

      7) ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 41-39) тармақшасына сәйкес бекітілетін азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні туралы анықтама;

      8) ҰРТҚ және байланыс құралдарының соңғы жылдардағы істен шығу жағдайлары туралы анықтама;

      9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 349 бұйрығымен бекітілген авиациялық электр байланысын ұйымдастырудың үлгі схемаларына сәйкес авиациялық электр байланысы схемаларының көшірмелері.

      22. ҰРТҚ және авиациялық электр байланысын ұйымдастыруға және қауіпсіздікке жасалған соңғы жылғы талдау.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады;

      **құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.

  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алуға берілген өтініші бойынша шешім

      № _____ 2015 ж. "___" ________________

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының

      және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс

      қызметінің атауы)

      сертификаттау жүргізуге берілген 20____ жылғы "___" _________________ № ______өтінімді қарап, мынаны хабарлаймыз:

      1. Сіз ұсынған құжаттар аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмеген тармағы көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      2. Сертификаттық тексеру ___ бастап ___ дейінгі аралықта жүргізіледі.

      _____________________________________________________________________

      Уәкілетті органның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      МО

      ____________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      20____ жылғы "___" _________________________

  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
4-қосымша

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты сұралған, сертификаттауға жататын аэронавигациялық қызмет түрі (кіші түрлері)

Қызмет көрсету

Көрсетілетін қызмет түрі

Көрсетілетін қызметтің кіші түрі

Ескертпе

1

2

3

4

Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (ATS)

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету

---

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету

---

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету

---

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FIS)

OFIS деректерін тарату

---

Консультациялар мен ақпараттарды ұсыну


Дауыстық деректерді қолдануға негізделген (дауыстық ATIS), әуеайлақ маңында ақпаратты автоматты тарату қызметі

---

Әуеайлақ маңында ақпаратты деректерді тарату желісі (D - ATIS) арқылы автоматты тарату қызметі

---

VOLMET радиохабарларын тарату

---

Авариялық хабар беру (AL)

---

---

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (AFIS)

---

---

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (байланыс, навигация, бақылау) (CNS)

Радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалану

Байланыс (С)

Авиациялық радиобайланыс (жер – әуе байланысы)

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшін

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Авиациялық жұмыстарды орындау үшін

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған авариялық радиобайланыс үшін

Авиациялық радиобайланыс (жер – жер байланысы)

ӘҚҚ органдарының өзара әрекет етуін қамтамасыз ету үшін

Әуежай ішіндегі электр байланысы үшін


Тіркелген авиациялық электр байланысы желісі үшін

Навигация (N)


Әуе кеңістігінде NDB сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңістігінде VOR сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңістігінде DME сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңістігінде ILS сигналдарын қамтамасыз ету

I санат

II санат

III санат

III A санаты

III B санаты

III C санаты

Әуе кеңістігінде GBAS сигналдарын қамтамасыз ету

---

Байқау (S)

Бір жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну


Екі жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

Mode A/C

Mode S

ADS-B деректерін ұсыну


Әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру құралдары

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)


Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған құралдары кешені (ӘҚБ АҚК)


Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орны (ӘҚБ АЖО)


Радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

Радиолокациялық ақпаратты құжаттау жабдығы


Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды адамдардың сөйлесуін құжаттау жабдығы


  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Сертификаттық тексеру актісі

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      20_ жылғы "_"_____ №__ бұйрығына сәйкес төмендегі құрамдағы комиссия:

      Комиссия төрағасы:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _____________________________________ сертификаттық тексеру жүргізді.

      (аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының

      және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс

      қызметінің атауы)

      Қорытынды мәтіні:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

      Актімен таныстым:

      Аэронавигациялық ұйымның басшысы

      _______________________ ___________________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тізбесі

Сәйкессіздіктің мазмұны

Ескертпе





      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Таныстым:

      Аэронавигациялық ұйымның басшысы

      _______________________ ___________________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметін сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

      Елтаңба

      Уәкілетті органның атауы

      Уәкілетті органның мекенжайы

      Сертификатты берген уәкілетті органның

      бизнес сәйкестендіру нөмірі

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты

      № ________

      20__ жылғы "___" ________ берілді. Қолданылу мерзімі

      20__ жылғы "___" ________ дейін.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының

      және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс

      қызметінің атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының

      және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс

      қызметінің атауы)

      Осы сертификат аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келетінін куәландырады.

      Қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері) бар сертификаттың қолдану аясы осы сертификатқа қосымшада көрсетілген

      Сертификат

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)

      комиссиясының 20___жылғы "___" _________________ № ____ сертификаттық тексеру актісі негізінде берілді.

      Әуе қозғалысына қызмет органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін қызметіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігін тұрақты бақылауды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________ жүзеге асырады.

      М.О.

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті органның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      ____________________________________________

      қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына

      қызмет көрсету органының және (немесе)

      радиотехникалық жабдықты пайдалану

      және байланыс қызметінің сертификатына

      № ________ қосымша

Сертификаттың қолданылу аясы

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрі

Қызмет көрсетудің кіші түрі

Ескертпе

Әуе қозғалысына қызмет көрсету










Радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі











      М.О.

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті органның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      ____________________________________________

      қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 117 бұйрығына
2-қосымша

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптар

      Осы Сертификаттық талаптар Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын талаптарды (бұдан әрі – талаптар) белгілейді.

      Талаптарда:

      1. Аэронавигациялық ұйымның кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары, сондай-ақ оларға қол жеткізу стратегиясы мен іс-шаралары.

      2. Әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетуді бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезіндегі іс-шаралар жоспарының болуы.

      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органында және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінде бекітілген:

      1) құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерінің;

      2) лауазымдық нұсқаулықтарының;

      3) әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын диспетчерлерінің, авиациялық станциялар операторларының жұмыс технологияларының;

      4) азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарының;

      5) авиациялық оқиғалар мен инцеденттер жөніндегі авариялық хабар беру схемасының;

      6) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану құжаттамасының;

      7) көрсетілетін аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне қатысты бөлікте, әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, персоналды таныстыру жөніндегі, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпаратты (талдауды) жеткізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы.

      4. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің:

      Қазақстан Республикасының Көлік коммуникация министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізіліміңде 7006 болып тіркелген) Әуе қозғалысына ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты;

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-17) тармақшасына сәйкес бекітілетін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын;

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ұшу қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын;

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-18) тармақшасына сәйкес бекітілетін Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын;

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасы Заңының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын;

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-39) тармақшасына сәйкес бекітілетін Азаматтық авиацияда әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормаларын сақтауы.

      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7058 болып тіркелген) Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары персоналының сәйкестігін.

      6. Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына (авиациялық әуе электр байланысы, авиациялық жерүсті электр байланысы, навигацияның радиотехникалық құралдары, бақылау жүйелері, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандыру құралдары, байқау ақпаратын, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды адамдардың келіссөздерін құжаттандыру жабдығы) және оларды электрмен жабдықтау көздеріне пайдалану құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз ету.

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және (немесе) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алуға берген өтінішіне қоса берілетін құжаттамаға қойылатын талаптардың орындалуы.

      8. Аэронавигациялық ұйымда ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (меншікті немесе шарт негізіндегі ұқсас қызмет түрін көрсететін басқа аэронавигациялық ұйымның ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің бақылауында) болуы.

      9. Метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты алуға шарттың болуы (егер өтініш беруші мұндай қызметтерді көрсетпесе).