Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15468 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.

      2. "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10452 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 117 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 1-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына, 35-1 және 35-2-баптарына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидалар мынадай тәртіпті айқындайды:

      1) сертификаттауды жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетушінің сертификатын беру;

      2) аэронавигациялық қызмет көрсетушінің сертификатын тоқтату (кері қайтару) және оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      3) әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) авариялық хабар беру (авариялық хабар беру қызметі) – іздестіру-құтқару қызметінің көмегін қажет ететін әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету;

      2) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.

      Қызмет көрсетудің бұл түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдеріне (қонуға жақындау, әуеайлақ ауданында және бағытта) ұсынылады;

      3) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші – әуе қозғалысын ұйымдастыруды және (немесе) басқа аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      4) аэронавигациялық қызмет көрсетушінің сертификаты – аэронавигациялық қызмет көрсетушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі – сертификат);

      5) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету – мынадай:

      әуе кемелері арасында және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;

      әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында ұсынылатын қызмет көрсету;

      6) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

      7) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;

      8) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген заңды тұлға;

      9) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшудың қауіпсіз және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету;

      10) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі – нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған, әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) беруге жауап беретін қызмет;

      12) метеорологиялық орган – халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған орган;

      13) әуеайлақтық метеорологиялық орган – әуеайлақта орналасқан, әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған қызмет;

      14) метеорологялық қадағалау органы – оның жауапкершілік ауданында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал етуі мүмкін атмосферадағы ұшу бағыты мен басқа құбылыстар бойынша нақты немесе ауа райының күтілетін белгілі бір құбылыстарының пайда болуы туралы ақпарат дайындап, ұсынатын орган.

      4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді қойылатын сертификаттау талаптарына (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) сәйкес болуы тиіс.

      5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды (бұдан әрі – сертификаттау) уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдері) бар болған жағдайда, осы Қағидалардың 14-тармағымен көзделген сертификаттық тексеру жүргізу мерзімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және ол басқа адамға берілмейді.

2-тарау. Аэронавигациялық қызмет көрсетушіге сертификаттау жүргізу және сертификат беру тәртібі

      9. Сертификаттаудан өту үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты алуға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) филиалдарына өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Мемлекеттік корпорацияда өтініш пен ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізіліп, одан кейін олар уәкілетті органға жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті орган өтініш және құжаттар келіп түскен күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты алуға өтініш бойынша шешімді (бұдан әрі – шешім) өтініш берушіге жібереді.

      12. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда шешім шыққан күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Персоналды құрам, қызмет түрлері (кіші түрлері) және нақты қолдану саласында сертификаттық тексеруді жүргізу мерзімі және комиссия тексеретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдері) уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.

      Бірінші сертификаттық тексеру үшін уәкілетті орган басшысының бұйрығын шығару шешім шығарған күннен кейінгі екінші жұмыс күні, ал одан кейінгі сертификаттық тексерулер үшін – алдыңғы сертификаттық тексерудің сертификаттық тексеру актісіне қол қойған күннен бастап екінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Комиссияның лауазымдық құрамына мемлекеттік авиация инспекторлары енгізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сертификаттық тексеру аэронавигациялық қызмет көрсетудің қолдану саласына және түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты жүргізіледі, ол үшін сертификат сұралып, аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысы бар Өтініш берушінің барлық ұйымдастырушылық құрылымдарын, процестері мен құжаттамасын қамтиды.

      Сертификаттық тексеру мерзімдерін есептеу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің филиалдары (өкілдері) санына байланысты айқындалады.

      Сертификаттауға жататын сертификатқа сұрау салынатын аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерінің (кіші түрлерінің) құрылымы осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      14. Уәкілетті орган нұсқамалық материалды пайдалана отырып аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарға сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеруді жүргізеді.

      14-1. Сертификаттық тексеру аяқталғанға дейін өтініш беруші мынадай жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат сұралған, сертификаттауға жататын барлық аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) түзетулер енгізеді:

      1) әуеайлақтың мәлімдеген санатын өзгерту;

      2) ҰРТҚ мен байланыс құралдарын орналастыру орнын өзгерту.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сертификаттық тексеру нәтижесі бойынша комиссия Өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы, процестері мен құжаттамасының нақты жай-күйін, тұжырымдарын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытындысын көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жасайды.

      Актіге барлық комиссия мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысуға ұсынады.

      Өтініш берушіге сертификаттық тексеру актісі танысу үшін жіберілген күннен бастап, сертификаттау мерзімі өтініш беруші уәкілетті органға қол қойылған актіні бергенге дейін есептеу тоқтатылады.

      Сертификаттық тексеру актісінде сертификатты беру мүмкін еместігі туралы қорытынды көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуші түрлеріне (кіші түрлерінің) қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеушіліктер тізбесін қосымша береді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.

      1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      16. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.

      17. 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

      Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны ұзартады.

      18. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.

      Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификатты беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты кері қайтарып алады.

      1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      19. Түзету іс-қимылдарының жоспарын уәкілетті орган бекіткен күннен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкес келмеушіліктер жойылғанға дейін тоқталады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімде сәйкес келмеушіліктер жойылғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органға растайтын құжаттамамен қоса оларды жою туралы еркін нысандағы анықтама ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмеушіліктер болмаған не бірінші санатқа сәйкес келмеушіліктер болған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші қол қойған актіні ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты ресімдейді және оны көрсетілген сертификатты өтініш берушіге беретін мемлекеттік корпорацияға береді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Актіде көрсетілген екінші санаттағы сәйкес келмеушіліктер болған кезде уәкілетті орган өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген анықтаманы және растаушы құжаттаманы ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды тексереді және ескертулер болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты ресімдейді және оны көрсетілген сертификатты өтініш берушіге беретін мемлекеттік корпорацияға береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сертификат аэронавигациялық қызмет көрсетудің рұқсат етілген түрлерін (кіші түрлерін) және оның қолдану саласын көрсете отырып бес жылға беріледі.

      Сертификат аэронавигациялық қызмет көрсетудің барлық немесе бөлек түрлеріне (кіші түрлеріне) ресімделеді.

      Бұл ретте, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші өзінің қызметін сертификатқа сәйкес қатаң жүзеге асырады.

      23. Сертификаттық тексеру процесінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, құралдардың істен шығуын немесе ақауын жоюдан туындаған не ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу жоспарының орындалуына байланысты сертификаттық талаптардан ауытқулар мемлекеттік авиация инспекторларымен анықталған жағдайда, комиссия сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне белгіленген деңгейге балама ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін өтініш беруші қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, сертификат беру мүмкіндігін белгілейді.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңін уәкілетті орган айқындайды, бірақ ол екі жылдан аспайды.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне сертификат беру мүмкіндігі тиісті негіздемесімен сертификаттық тексеру актісінде көрсетіледі.

      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезінде сертификаттық тексеру актісіне қол қойған күннен бастап сертификат бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      24. Сертификат беруден бас тарту үшін мыналар:

      1) құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін немесе толық болмауын анықтау;

      2) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) осы Қағидалардың 16-тармағымен көзделген 3-санатты сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Сертификаттың қолданылуы тоқтатылған немесе оны кері қайтарған жағдайда, уәкілетті орган аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      26. Сертификатты кері қайтарып алған жағдайда, сертификаттың иесі сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті органға сертификаттың кері қайтарылуы туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарып береді.

      27. Сертификат оның иесінің өтініші бойынша толық немесе ішінара шектелуі мүмкін.

      Мұндай жағдайда иесі уәкілетті органға аэронавигациялық қызмет көрсетудің шығарып тасталатын түрлерін (кіші түрлерін) көрсете отырып, негіздемесімен еркін нысанда өтініш жолдайды.

      Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 5 (бесінші) жұмыс күні аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттағы шектеулер енгізу жөніндегі қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      28. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыру үшін өтініш беруші мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде құжаттарды жолдайды.

      Бұл ретте, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші қосымша сертификаттау үшін Салық кодексінің 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасымен белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға жарнасынан алынатын алым 10% көлемде алым төлейді.

      Сертификаттауды жүргізу тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Құрамына бес және одан көп филиалдар (өкілдер) енетін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні қайта сертификаттау кезінде әуе қозғалысын ұйымдастыру кезінде ұшу қауіпсіздігіне тұрақты қадағалау бағдарламасының нәтижелері бойынша уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін мәлімделген филиалдардың (өкілдердің) жартысынан кем емес бөлігін құрайтын ол айқындаған филиалдарға (өкілдерге) сертификаттық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әуе қозғалысын ұйымдастыру кезіндегі ұшу қауіпсіздігіне тұрақты қадағалау бағдарламасының нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктердің ең көп мөлшері бар филиалдар (өкілдер) таңдалады.

      30. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші атауының немесе оның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі кезінде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласы өзгермеген өзге жағдайларда, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына және сертификаттау талаптарына толық сәйкестігі болған жағдайда өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсынумен сертификатты ауыстыруға еркін нысанда өтініш береді.

      Бұл ретте сертификаттық тексеруді жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат 10 жұмыс күні ішінде ақы төлеусіз беріледі.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге бұрын берілген сертификаты уәкілетті органға қайтарылуға тиіс және жою актісіне сәйкес жою тәсілін көрсете отырып, еркін нысанда жоюға жатады.

      31. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификаттың сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификат бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші еркін нысанда негіздемесімен бірге сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш береді. Уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын беруді өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Бұл ретте, сертификаттық тексеруді жүргізу талап етілмейді, ал сертификаттың телнұсқасы ақы төлемей 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

4-тарау. Ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерін өзгерістер

      32. Уәкілетті органмен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысының функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 10-қосымшасында көрсетілген.

      33. Тізбеде көрсетілген ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістерді келісуге сұрау салуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші осы Қағидаларға 12-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, еркін жазбаша нысанда уәкілетті органға ұсынады.

      34. Уәкілетті орган әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі жоспарланған өзгерістер тәуекелін бағалау бойынша есепті сұрау салу келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарастыруды жүргізеді.

      Қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган ұсынылған есепті келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      35. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге осы Қағидаларға 12-қосымшада көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда келісуден бас тартуы мүмкін.

      Келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге тиісті негіздемесі бар ресми хабарлама жібереді.

      36. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістер енгізгенге дейін уәкілетті органды мұндай өзгертулер туралы осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген нысан бойынша 20 жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатын алуға
өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы, БСН)

      мақсатында

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сертификат алу)

      Сертификаттау жүргізуіңізді сұраймын

      Аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрі (кіші түрі):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші:

      1. Сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2. Қойылатын сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3. Өтініш беруші әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан

      Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын

      мойындайды және оларды орындауға, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның

      аэронавигациялық қызмет көрсетуге бақылау жүргізуді жүзеге асыруына мүмкіндік беруге

      міндеттенеді.

      _______________ ______________________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні)

      М.О.

      Қосымша:

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

      2. Қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.

      3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) штаттық кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер.

      4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) туралы ережелер.

      5. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) кіретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшылық құрамы туралы мәлімет, басшылық құрамның білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттардың көшірмесі;

      6. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің (құрамында бес және одан көп филиалы (өкілдігі) бар ұйымдар үшін) кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары.

      7. Сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер.

      8. Персоналдың техникалық оқу және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау, өткізуді растайтын құжаттама.

      9. Ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқау (егер шарттық негізде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық қызметті берушінің бақылауында болса – шарттың қосымшасымен осындай қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқауы).

      10. Салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып сертификаттау жүргізуге мемлекеттік алым төлемі фактісін растайтын төлем тапсырмасы нұсқасының көшірмелері.

      11. Диспетчердің, оператордың жұмыс технологияларының көшірмелері (сертификаттауға өтініш берген әрбір бөлімше үшін).

      12. Соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) ұшу қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама.

      13. Радиотехникалық жабдықтарды және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.

      14. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі;

      ҰРТҚ және авиациялық электр байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге аэронавигациялық ұйымның басқа ұйымдармен жасасқан келісімдердің көшірмелері;

      өлшеу және бақылау құралдарын есепке алу бойынша ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерүсті тексеру жүргізу туралы ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-39) тармақшасына сәйкес бекітілген азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы ақпарат.

      15. Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

      бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      шығыс аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) берушілер мен ААБ қызметі арасында жасалған келісімдер;

      ААБ қызметінің ішкі бөлімдері арасында өзара іс-қимыл жасау рәсімдері;

      шығыс аэронавигациялық ақпарат берушілердің қолданыстағы тізбесі;

      ААБ қызметінің бекітілген құрылымы;

      сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

      16. Метеорологиялық жабдықтың құрамы мен орналастыру схемасы.

      17. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық.

      18. Метеорологиялық жабдыққа соңғы тексеру жүргізу туралы ақпарат.

      19. Метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары.

      20. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар:

      құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі;

      соңғы жүргізілген құзыреттілікті бағалау жөніндегі анықтама.

      21. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

      22. Іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

      бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      бекітілген жұмыс технологиясы.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің
сертификатын алуға берілген өтініші бойынша
шешім

      № ___                                          _____ жылғы "___" ________________

      ________________________________________________________________________________

                              (өтініш берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің атауы)

      сертификаттау жүргізуге берілген 20__ жылғы "___" ___________________

      № _________ өтінімді қарап, мынаны хабарлаймыз:

      1. Сіз ұсынған құжаттар аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және

      сертификат беру қағидалары белгілеген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді)

      (сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмеген тармағы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Сертификаттық тексеру ___ бастап ___ дейінгі аралықта жоспарлануда.

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Уәкілетті органның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      МО

      __________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ___________

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
4-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттық тексеру жүргізу үшін қажетті жұмыс күнінің саны

Филиалдар (өкілдер) саны

Сертификаттауға тексеру жүргізуге берілген жұмыс күндерінің саны

2

10

3

15

4

20

5

25

6

30

7

35

8

40

9

45

10

50

11

55

12

60

13

65

14

70

15

75

16

80

17

85

18

90

19

95

20

100

21

105

22

110

23

115

25

120

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат сұралған, сертификаттауға жататын барлық аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері)

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрі

Қызмет көрсетудің кіші түрі

Ескертпе *

1

2

3

4

Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (ATS)

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету

---

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету

---

Әуеайлақты диспетчерлік қызмет көрсету

---


Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FIS)

OFIS деректерін тарату

---

Консультациялар мен ақпараттарды ұсыну

Дауыстық деректерді қолдануға негіздеген (дауыстық ATIS), әуеайлақ маңында ақпаратты автоматты тарату қызметі

---

Әуеайлақ ауданында ақпаратты деректерді тарату желісі (D – ATIS) арқылы автоматты тарату қызметі

---

VOLMET радиохабарларын тарату

---

Авариялық хабар беру (AL)

---

---

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету AFIS)

---

---

Әуе кеңістігінің дизайнын, әуе трассаларын және әуеайлақтық сызбаларды талдайтын қосалқы қызмет көрсету

------

-----

 
Байланыс, навигация және бақылау жүйесін беру (CNS)

Байланыс (С)

Авиациялық радиобайланыс (әуе-жер байланысы)

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшін

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Авиациялық жұмыстарды орындау үшін

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған авариялық радиобайланыс үшін

Авиациялық электр байланысы (жер-жер байланысы)

ӘҚҚҚ органдарының өзара іс- қимылын қамтамасыз ету үшін

Әуежай ішіндегі электр байланысы үшін

Тіркелген авиациялық электр байланыс желісі үшін

Навигация (N)

Әуе кеңстігінде NDB дабылын қамтамасыз ету

-----

Әуе кеңістігінде VOR дабылын қамтамасыз ету

------

Әуе кеңістігінде DME дабылын қамтамасыз ету

-------

Әуе кеңістігінде ILS дабылын қамтамасыз ету

I санат

II санат

III санат

III A санаты

III B санаты

III C санаты

Әуе кеңістігінде GBAS дабылын қамтамасыз ету

-------

Бақылау (S)

Бір жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

-------

Екі жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

Mode A/C

Mode S

ADS-B деректерін ұсыну

------

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)

------

Әуе қозғалысын автоматты басқару құралдары

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)

Әуе қозғалысын басқарудың құралдарын автоматтандырылған құралдар кешені (ӘҚБ АҚК)

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орны
(ӘҚБ АЖО)

Байланыс, навигация және бақылау жүйесін беру (жалпы қызметтері)

Радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

Бақылау құралдарының ақпаратын құжаттау жабдығы

Диспетчерлік қызметтердің, операторлар мен ұшуды қамтамасыз етуші тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

 
Басқа қызмет көрсетулер

Аэронавигациялық ақпарат беру

Аэронавигациялық ақпарат жинағын шығару

------

NOTAM шығару

------

Автоматтандырылмаған ұшу алды ақпарат бюллетеньдерін шығару (PIB)

------

Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету

Әуеайлақтық метеорологиялық ұйым

Метеорологиялық қамтамасыз ету 4
(А, Б, В) немесе
2, 3 (Г, Д) немесе
1 (Е) (ҰҚЖ кластары) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін
қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді

Метеорологиялық қамтамасыз ету ИКАО І санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді

Метеорологиялық қамтамасыз ету ІІ санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді

Метеорологиялық бақылау органы

-------

Іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету

-----

Іздестіру және құтқару үйлестіру орталығының қызметін ұсыну

      Ескерту *: егер қолданылса, АТС бірліктерінің орналасуын және олардың атауларын, байланыс құралдарын және байланыс құралдарын орналастыратын орынды, әуеайлақтың атауы.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сертификаттық тексеру актiсi

      ________________________________________________________________________________

                                    (уәкiлеттi органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

            20__ жылғы "___" __________ № __ бұйрығына сәйкес төмендегi құрамдағы

                                          комиссия:

      Төраға:_________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелерi:

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ________________________________________сертификаттық тексеру жүргiздi.

      (аэронавигациялық қызмет көрсетушінің атауы (оның филиалдарының (өкілдерінің) (егер

      қолданылатын болса)

      Қорытынды мәтiнi:_______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Төраға: _________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), (қолы, күні)

      Комиссия мүшелерi:

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы, күні)

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), (қолы, күні)

      Актiмен таныстым:

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші басшысы

      ______________________ _________________________________________________________

            (лауазымы)                   (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің
сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктер
тiзбесi

Сәйкессiздiктiң мазмұны

Ескертпе




      Комиссия мүшелерi:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Таныстым:

      Аэронавигациялық ұйымның басшысы

      _____________ ______________________________________

      (лауазымы)       (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Елтаңба
Уәкілетті органның атауы
Уәкiлеттi органның мекенжайы
Сертификатты берген уәкiлеттi органның
бизнес сәйкестендіру нөмiрi Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің
сертификаты

      № ________

      20__жылғы "__" ______берiлдi. Қолданылу мерзiмi 20_жылғы "__" _________ дейiн.

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші ұйымның атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      Осы сертификат

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушiнiң атауы)

      аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттық талаптарға

      аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сәйкес екендiгiн куәландырады.

      Қызмет көрсету түрі мен (кіші түрі) сертификаттың қолданылуы аясы осы сертификатқа

      қосымшада көрсетілді.

      Сертификат______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атауы)

      комиссиясының 20__ жылғы "___" ________________№ ____ сертификаттық тексеру актiсi

      негiзiнде берiлдi.

      АНҚ берушіге қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тұрақты бақылауды

      ________________________________________________________________________________

                  (азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      жүзеге асырады.

      М.О.

      Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы

      не ол уәкiлеттiк берген тұлғалар

      ___________________________________________

      (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушінің
сертификатына қосымша
№__________
  Нысан

Сертификаттың қолданылу аясы

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрi

Қызмет көрсетудің кiшi түрі

Ескертпе

Әуе қозғалысына қызмет көрсету










байланыс, навигация және бақылау жүйесін ұсыну










аэронавигациялық ақпарат ұсыну




ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету




ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету




      М.О.

      Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы

      не ол уәкiлеттiк берген тұлғалар

      ______________________________________________

      (қолы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
9-қосымша

Уәкілетті органды хабарландыруға жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер тізбесі

      Хабарландырылуға жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістерге:

      1) Әуе кеңістігінде немесе әуеайлақта қолдануға жататын ұшып шығу және ұшып келу қағидаларын қосқанда ұшуды жүргізудің жаңа енгізілген пайдалану рәсімдері; (PBN, SID/STAR, Параллельді немесе түгел паралельді ұшу-қону жолағындағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) операциялар);

      2) ӘҚҰ маршруттарының құрылымының өзгеруі;

      3) Әуе кеңістігі құрылымының өзгеруі (әуеайлақтардың аудандары шекараларының өзгеруі, ресекторизациялау);

      4) ҰҚЖ және/немесе әуеайлақта рульдік жол конфигурациясының физикалық өзгеруіне байланысты ӘҚҰ рәсімдері;

      5) Байланыс, бақылау жабдығының және басқа да жүйелер мен жабдықтардың ұшуда қауіпсіздігі үшін мәні барларының, соның ішінде жаңа функциялар және/немесе мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін жаңа жүйелерді енгізу жатады.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
10-қосымша

Уәкілетті органмен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер тізбесі

      Алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістерге:

      1) Нақты әуе кеңістігінде немесе әуеайлақта қолдануға жататын эшелондаудың қысқартылған минимумы;

      2) Әуе кеңістігі құрылымының өзгеруі (әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарының, бақыланылмайтын әуе кеңістігі аудандары шекараларының өзгеруі) жатады.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер туралы хабарлама

      Осы хабарлама арқылы __________________ (өтініш берушінің толық атауы, БСН)

      ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі

      алдағы өзгерістер туралы хабарлайды.

      Өзгеріс мыналарды білдіреді:

      ________________________________________________________________________________

                              (алдағы өзгерістердің қысқаша мазмұны)

      ______________             ________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)

      М. О.

  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
12-қосымша

Ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер туралы хабарламаға тіркелетін құжаттар тізбесі

      1. ӘҚҰ жүйесіне жоспарланған өзгерістерге байланысты тәуекелді бағалау бойынша есеп беру;

      2. Өзгерістерді енгізудің алдын ала жоспары

      Ескерту: барлық құжаттар аэронавигациялық қызмет көрсетушінің басшысы қолымен куәландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 2-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттық талаптар

      Осы Сертификаттық талаптар (бұдан әрi – талаптар) аэронавигациялық қызмет көрсетушіге қойылатын талаптарды (бұдан әрi – АНҚ берушіде) айқындайды.

      Талаптарда қарастырылатындар:

      1. Жалпы талаптарға жататындар:

      1) АНҚ берушіде бар болуы:

      АНҚ берушінің кемiнде 3 жыл кезеңге арналған бекiтiлген Жаһандық аэронавигациялық жоспармен (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының құжаты, ГАНП, Құжат 9750) көзделген іс-шараларды іске асыруды көрсететін даму жоспары;

      әзiрленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген әуе қозғалысына қызмет көрсетудi бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезiндегi iс-шаралар жоспарының болуы, және (немесе) байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсыну, және (немесе) ұшуды метеорологиялық және (немесе) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету, және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты беруі;

      бекiтiлген филалдар (өкілдер) туралы ережелердiң және лауазымдық нұсқаулықтары;

      "Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурызда № 173 бұйрығымен сәйкес "Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес жасалған (АНҚ берушіні бастапқы сертификаттаған жағдайда) не қызмет ететін (АНҚ берушіні қайта сертификаттаған жағдайда) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (меншікті немесе шарт негізіндегі ұқсас қызмет түрін көрсететін басқа АНҚ берушінің ұшудың қауіпсіздігін басқару жүйесінің бақылауында) болуы;

      көрсетiлетiн аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерiне қатысты бөлiкте, әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгiзiлген соңғы өзгерiстер мен толықтыруларды қоса алғанда, персоналды таныстыру жөнiндегi, сондай-ақ ұшу қауiпсiздiгi бойынша ақпаратты (талдауды) жеткiзу жөнiндегi нұсқаулықтың (рәсімдердің) болуы;

      дайындалған персоналдың бар болуы және оның дайындығы "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау үлгідегі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (ҚР нормативтік-құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 8785) (бұдан әрi – № 764 бұйрық) авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзірленген АНҚ-дің нақты түрі үшін әрекет ететін персоналды кәсіби даярлаудың бекітілген бағдарламаларына сәйкестігі;

      азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайда өзара іс-қимыл жасау (үйлестіру) жөнiндегi келісілген нұсқаулықтарын сақтауы;

      2) АНҚ берушінің АНҚ берушінің сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттама талаптары АНҚ берушіні сертификаттау және сертификат беру тәртібіне сәйкес сақтауы;

      2. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қосымша талаптар:

      1) Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметтерінің (органдарының):

      көрсетілген Нұсқаулықтың АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін қолданылуына қатысты бөлікте, "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) (бұдан әрi – № 279 бұйрық);

      Өнім берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың қолданылуына қатысты бөлікте, "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етугі тікелей қатысатын авиациялық персоналды кәсіби даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген);

      2) Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының персоналының бар болуы және олардың "Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) авиациялық персоналға куәлік берілетін адамдарға ұсынылатын біліктік талаптарына сәйкес;

      3) әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын диспетчердің, авиациялық станциялар операторларының бекітілген жұмыс технологияларының болуы;

      4) авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөнiндегi авариялық хабар берудің бекітілген схемасының болуы;

      5) метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты алуға шарттың болуы (егер өтiнiш берушi мұндай қызметтердi ұсынбаса);

      3. Байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қосымша талаптар:

      1) Радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметтерінің:

      Өнім берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың қолданылуына қатысты бөлікте, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-17) тармақшасына сәйкес бекітілетін азаматтық авиацияда ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс қағидаларын;

      Өнім берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін көрсетілген Нормалардың қолданылуына қатысты бөлікте, "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығы (бұдан әрi – № 381 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген);

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 159 бұйрық;

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Нұсқаулықтың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 279 бұйрық;

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 764 бұйрық;

      2) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану құжаттамасының талаптарының бар болуы және сақтау;

      3) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына (авиациялық әуе электр байланысы, авиациялық жерүсті электр байланысы, навигацияның радиотехникалық құралдары, бақылау жүйелері, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандыру құралдары, бақылау ақпаратын ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың келiссөздерiн құжаттандыру жабдығы) және оларды электрмен жабдықтау көздеріне пайдалану құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз ету;

      4. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін қосымша талаптар:

      1) метеорологиялық органдардың:

      көрсетілген Қағидалардың АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін қолданылуына қатысты бөлікте, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығы "Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген);

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 159 бұйрық;

      2) Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) сериясы 9001 сапа менеджменті жүйелерінің болуы;

      5. Аэронавигациялық ақпараттарды ұсыну үшін қосымша талаптар:

      1) Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің:

      көрсетілген Қағидалардың АНҚ берушіні бастапқы не қайта сертификаттау үшін қолданылуына қатысты бөлікте, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығы "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген);

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 764 бұйрықты;

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын сақтауы;

      2) Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) сериясы 9001 сапа менеджменті жүйелерінің болуы;

      6. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметін ұсыну үшін қосымша талаптар:

      1) іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығының:

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Қағидалардың жарамдылығына қатысты бөлігінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қағидаларын;

      Өнім берушіні бастапқы және қайта сертификаттау үшін көрсетілген Нұсқаулықтың жарамдылығына қатысты бөлігінде № 279 бұйрық.