Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті Төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 шілдеде № 15328 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген) бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 331) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.05.2025 № 217/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мынандай:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялар секторында бекітілген;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пошта байланысы секторында бекітілген, ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі бекітілсін.

      2. Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақпараттандыру және байланыс саласындағы бақылау жөніндегі басқармасы (Б.Х. Тәжібаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
бақылау комитетінің төрағасы
Ә. Қожықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 27 маусым

  Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
бақылау комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша

Телекоммуникациялар секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.04.2022 № 134/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Телекоммуникациялардың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің атауы

Қызметтердің сипаттамасы және төлем түрі

Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)

1.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері

кіріс трафиктің көлемі 20 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 4 Мбит/с дейін № 1 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

982,14

кіріс трафиктің көлемі 40 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с дейін № 2 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

1964,29

2

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері

кіріс трафиктің көлемі 100 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с астам № 3 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

1964,29

3

Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда жергілікті байланыс қызметтері

жергілікті телефон байланыстары қызметтерінің төлемін уақытпен есептелетін жүйеге ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппаратына ай сайынғы төлем

596,59

  Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
бақылау комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 29 бұйрығына 2-қосымша

Пошта байланысы секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.05.2025 № 217/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Өлшем бірлігі, грамм

Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Жазылу бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын (газет/журнал) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер

36

36

Республикалық/жергілікті

жерүсті

30

әрбір кейінгі 1 грамм салмағы үшін

0,2

0,2

Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмейтін хатты жiберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

 
20

122

265

әрбір кейінгі толық/толық емес 20 грамм салмағы үшін

20

20