"Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары са

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 134/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 сәуірде № 27806 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15328 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 21 сәуірдегі
№ 134/НҚ Бұйрығына қосымша
Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
бақылау комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша

Телекоммуникациялар секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі

№ р/с

Телекоммуникациялардың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің атауы

Қызметтердің сипаттамасы және төлем түрі

Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)

1.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері

кіріс трафиктің көлемі 20 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 4 Мбит/с дейін № 1 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

982,14

кіріс трафиктің көлемі 40 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с дейін № 2 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

1964,29

2

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері

кіріс трафиктің көлемі 100 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с астам № 3 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

1964,29

3

Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда жергілікті байланыс қызметтері

жергілікті телефон байланыстары қызметтерінің төлемін уақытпен есептелетін жүйеге ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппаратына ай сайынғы төлем

596,59