"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына, "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларының 4-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынандай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялар секторында бекітілген;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пошта байланысы секторында бекітілген, ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі бекітілсін.
2. Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақпараттандыру және байланыс саласындағы бақылау жөніндегі басқармасы (Б.Х. Тәжібаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы |
Ә. Қожықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 27 маусым
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына 1-қосымша |
Телекоммуникациялар секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.04.2022 № 134/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Телекоммуникациялардың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің атауы | Қызметтердің сипаттамасы және төлем түрі | Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз) |
1. | Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері | кіріс трафиктің көлемі 20 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 4 Мбит/с дейін № 1 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем | 982,14 |
кіріс трафиктің көлемі 40 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с дейін № 2 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем | 1964,29 | ||
2 | Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері | кіріс трафиктің көлемі 100 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с астам № 3 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем | 1964,29 |
3 | Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда жергілікті байланыс қызметтері | жергілікті телефон байланыстары қызметтерінің төлемін уақытпен есептелетін жүйеге ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппаратына ай сайынғы төлем | 596,59 |
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына 2-қосымша |
Пошта байланысы секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі
Атауы | Өлшем бірлігі, грамм |
Бағалардың шекті деңгейі | ||
Жеке тұлға | Заңды тұлға | |||
Жазылу бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер (газет/журнал) | ||||
Шетелдік | жер үсті | 30 | 19,2 | 19,2 |
әуе | 22,2 | 22,2 | ||
Республикалық/жергілікті | жер үсті | 17,6 | 17,6 | |
әуе | 20,6 | 20,6 | ||
әрбір кейінгі 1 грамм салмағы үшін | 0,2 | 0,2 | ||
Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмейтін хатты жiберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер* | 60 | 130 | ||
әрбір кейінгі толық және толық емес 20 грамм салмағы үшін | 10 | 10 | ||
Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмейтін бандерольді жiберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер* | 60 | 130 | ||
әрбір кейінгі толық және толық емес 50 грамм салмағы үшін | 10 | 10 | ||
Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмейтін пошта карточкасын жiберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер* | 35 | 35 |
Ескерту:
* - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 248-бабының 1) тармақшасына сәйкес пошта төлемінің мемлекеттік белгілері ҚҚС-нан босатылады.