Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 сәуірде № 15003 болып тіркелді.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы "Сот-сараптамасы қызметі туралы" Заңының 12-тармағы 14) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған сот сарапшыларының біліктілік даярлығы туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 “Арнайы кәсіби даярлық Қағидасын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 тіркелген, 2010 жылғы 11 қарашадағы № 303-305 (26364-26366) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, 2013 жылғы 29 тамыздағы № 287 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары органына алғаш жұмысқа қабылданған тұлғалардың арнайы кәсіби дайындықтан өту Қағидасын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8727 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп саналсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаменті:
       1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
       2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
      3) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 342 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы
Қағидасы

      1. Осы сот сарапшыларының біліктілік даярлығы туралы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) – сот сараптамалар органына алғаш жұмысқа қабылданатын қызметкердің (бұдан әрі - Қызметкер) біліктілік даярлығын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
      2. Қағида сот сарапшысы біліктілігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат алу мақсатында сот-сараптама мамандығын игеру бойынша жоғарғы білімі бар қызметкерді тиімді даярлауды ұйымдастыруға бағытталған.
      3. Біліктілік даярлығын ұйымдастыру аумақтық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі, олар сараптама мамандығы бойынша тиісті жұмыс тәжірбиесі бар даярлау басшысын анықтайды, оның қорытындысы бойынша есепті бекітеді, біліктілік даярлығы барысы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
      4. Қызметкердің біліктілік даярлықтан өтуін қамтамасыз ету, сараптама мамандығын жетік игеру үшін оған қажетті жағдайларды жасау Орталықтың тиісті аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылады.
      5. Қызметкерді біліктілік даярлау мерзімі сараптамалық мамандығына байланысты, негізгі даярлық деңгейіне, сондай-ақ, тиісті білім саласында қызметкердің жұмыс өтілі Орталық директорының келісімі бойынша алты айдан бір жыл шегінде аумақтық бөлімшелер басшысымен белгіленеді.
      6. Біліктілік даярлық мазмұны тиісті сараптама мамандығы бойынша біліктілік даярлық бағдарламасымен анықталады (бұдан әрі - Даярлық бағдарламасы), оны Орталық директоры орынбасарының келісімі бойынша қызметкермен бірге біліктілік даярлық басшысымен құрастырылады және Орталық директорымен бекітіледі.
      7. Қызметкерді нақты сот-сараптама мамандығы бойынша даярлау бағдарламасы келесі мазмұнда болуы қажет:
      1) жалпы бөлімі: құқықтық білім негіздері (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесстер негіздері), криминалистикалық және сот экспертологияның ғылыми негіздері;
      2) арнайы бөлімі: сот сараптамасының анықталған түрінің теориялық және әдістемелік негіздері, сот сараптамасының анықталған түрін тағайындау және өндірісі негіздері.
      Даярлау бағдарламасында бағдарламаның әрбір тармағын орындаудың нақты мерзімдері көрсетіледі.
      8. Қызметкердің біліктілік даярлығы жеке сипатта және олар төмендегіні қарастырады:
      жеке теоретикалық және тәжірбиелік дайындықты;
      қажетті кәсіби дағдыларды алу және оларды біліктілік даярлау басшысының басшылығымен сот-сараптамасы өндірісіне қатысу, сараптаманың өндірісін ұйымдастыруды зерделеу арқылы жетілдіру;
      сот-сараптамасы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделеу;
      сарапшы қорытындысын құрастыру бойынша тәжірбиелік дағдыларды алу;
      сот-сараптама зерттеулерінің тәсілдері мен әдістемелерін зерделеу;
      біліктілік даярлау басшысымен зерделенген материалдарды бекіту және тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру үшін сараптама тәжірбиесіндегі проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау.
      9. Біліктілік даярлау басшысы:
      қызметкерге теориялық мәселелерді игеру және тәжірбиелік дағдыларды алуға көмек көрсетеді;
      сараптама зерттеулер тәсілдері мен әдістемелерін зерделеу кезінде қиындық келтіретін мәселелерді түсіндіреді;
      теоретикалық мәселелер бойынша ауызша сұранысты жүзеге асырады, тәжірбиелік тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
      біліктілік даярлық барысы туралы аумақтық бөлімшелерінің басшысын хабардар етеді.
      10. Қызметкер біліктілік даярлау мерзімінің өтуі бойынша орындалған жұмыс мазмұны мен көлемін көрсетіп, онымен даярлау бағдарламасы бейнеленген біліктілік даярлықты өту туралы жазбаша есебін құрастырады, біліктілік даярлау басшысымен жазбаша сұраныс түрінде сот-сараптамасы мамандығын игеру ұзақтығы, көлемі мен тиімділігі көрсетіліп, қажетті ұсыныстар беріледі.
      11. Біліктілік даярлау нәтижиелерін қорытындылау біліктілік даярлықты өту деңгейі мен сапасын анықтау үшін қызметкермен аумақтық бөлімшесінің басшысымен сұхбаттасу арқылы жүргізіледі.
      12. Аумақтық бөлімшелер басшысының ұсынымы бойынша сұхбаттасу қорытындысы бойынша біліктілік даярлықты өткен қызметкер сот сарапшысы біліктілігін алу үшін біліктілік емтиханды тапсыруға жіберіледі.