Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 45/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 11–бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шемонаиха ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2006 жылғы 14 ақпандағы № 23/7–ІІІ Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-25 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2006 жылы 17 наурызда № 17 санында жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздерінен кейінгі сөздер "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын;
"Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының елді мекендері бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері (жеке тұлғалар үшін)" 2 – қосымшадағы кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Шемонаиха ауданының елді мекендері бойынша кәсіпкерлік қызметпен қамтылмаған жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері";
"Кәсіпкерлік қызметпен қамтылған жерлерге арналған Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының елді мекендері бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері" кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Шемонаиха ауданының елді мекендері бойынша кәсіпкерлік қызметпен қамтылған жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Геберт |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |