Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.02.2026 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.02.2026 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________ Д. Абаев
30 наурыз 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
30 наурыз 2017 жыл
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығымен бекітілген |
Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.02.2026 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Сот сарапшысы біліктілігін беру" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қарастырылған:
1) Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметті алушы - сот-сараптама қызметімен айналысуға және сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер жеке тұлға;
3) көрсетілетін қызметті беруші - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ССО);
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
5) сот сарапшысы біліктілігін беру - сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін бере отырып, адамның заңнаманы білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуді тапсыруы;
6) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (цифрлық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
8) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал)– мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, нормативтік құқықтық базағаны қоса алғанда, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. "Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерін көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді".
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Сот сарапшысы біліктілігін беруден өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді берудің қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін сот сарапшысы болып табылмайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
5. Сот сарапшысы біліктілігін беру көрсетілетін қызметті алушының біліктілік куәлігін бере отырып, заңнаманы білуге тестілеуді тапсыру және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеру жолымен жүзеге асырылады.
6. Сот сарапшысы біліктілігін беруге жататын адамдардың тізімін ССО қалыптастырады және оны Операторға жолдайды.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-тізбелерде (бұдан әрі – 1 және 2-тізбелер) баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы тестілеу тапсыруға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын Портал арқылы ССО-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
ССО өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ССО құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, 1, 2 Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық емес ұсынылған жағдайларда ССО өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте ССО мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жойылмаған жағдайда ССО осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы немесе Портал арқылы "жеке кабинетіне" тестілеу өтетін орын, күн, уақыт және оны өткізу тәртібі туралы хабарланады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тестілеу 2 кезеңде 1(бір) жұмыс күні ішінде қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі:
1) заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу (100 сұрақ);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейс, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма).
ССО тестілеуге енгізілетін сұрақтардың тізбесін қалыптастырады.
Тестілеу сұрақтары мен олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратылмайды.
ССО Операторға тестілеу сұрақтарын және оларға жауаптарды электрондық тасымалдаушы арқылы береді.
Тестілеу сұрақтарын және олардың жауаптарын ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Тестілеу сұрақтарын және оларға жауаптарды өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою, құжаттарды жүктеу, жіберу және Интернет иелісіне қосылу мүмкіндігінсіз есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүзеге асырылуы тиіс.
Тестілеу жүргізілетін ЕТҚ магниттік ақпарат тасымалдаушыларға қол жеткізу бұғатталуы тиіс.
9. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не "Электрондық құжаттар" сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде жіберіледі.
Заңнаманы білуге тестілеу уақыты 90 (тоқсан) минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеу уақыты - 30 (отыз) минутты белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы құрайды.
Тестілеуді өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де тасығыштарда, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Тестілеу операторы көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы тестілеуден шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Тестілеуден шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң сот сарапшысы біліктілігін беруге рұқсат беру туралы өтінішті қайта береді.
Еңсерілмейтін күш (табиғи құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Мұндай жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайталама тестілеуден өтеді.
10. Мүгедектігі бар адамдың қатарынан сот сарапшысы біліктілігін беру олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетіндегі шектеулерді ескере отырып, теңдік, қолжетімділік және кемсітпеу принциптерін сақтай отырып қажетті жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Мүгедектігі бар адамға аттестаттаудан өту үшін мынадай арнайы жағдайлар жасалады:
1) тестілеуге өтуге бөлінген уақыттың ұзақтығын ұлғайту;
2) тестілеу процесінде жалпы ұзақтығы 30 (отыз) минут болатын қосымша үзілістер беріледі;
3) тестілеуді орындау процесіне араласпайтын көмекшіге (ілесіп жүруші тұлғанға) рұқсат беру.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыт мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін (қажет болған жағдайда) – 120 (жүз жиырма) минутты құрайды, практикалық дағдылардың қажетті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 60 (алпыс) минутты құрайды, белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейс, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма.
11. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін компьютерлік тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70% құрайды.
Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
Егер заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден өтудің шекті деңгейі ситуациялық жағдайдағы сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 % құрайды.
Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.
12. ССО 2 (екі) жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігін ресімдейді.
ССО біліктілік куәлігіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Біліктілік куәлігі көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жіберіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Сараптамалық мамандықтардың атауы, бірлестігі не бөлінуі өзгерген кезде біліктілік куәлігі көрсетілетін қызметті алушының заңнаманы білуге арналған тестілеуден және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруден өтпей беріледі.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 10.06.2026 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы оны өткен күннен бастап үш айдан кем емес қайта тестілеуге жіберіледі.
14. Дәлелді себептермен (ауру, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш мән-жайлары) тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған кезде ССО белгілеген басқа күні тестілеуден өтуі мүмкін.
Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.
Тестілеуге дәлелді себепсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы біліктілікті беру туралы өтінішті қайта береді.
15. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі саласындағы заңнамасына білімін тексеру мақсатында сынақ тестілеуінен өтуге құқылы.
Сынақ тестілеуінің нәтижелері сот сарапшысының біліктілігін беру/бермеу туралы дәлелді шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
16. Емтихандар өткізу барысында туындайтын даулар Апелляциялық комиссияда не сотта қаралады.
3-тарау. Апелляциялық рәсім
17. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеу нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда апелляциялық комиссияға апелляция беруге құқылы.
18. Көрсетілетін қызметті алушы ССО-ға апелляцияға өтінішті еркін нысанда береді. Апелляцияға өтінішті көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылдана және апелляциялық комиссия отырыста қарайды.
Апелляциялық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай келіп түскен өтініштердің санына байланысты өткізіледі.
19. Апелляцияға өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан:
1) нақты сұрақтардың дұрыстығына (тестілеу бойынша);
2) техникалық ақауларға сілтеме жасай отырып тестілеу нәтижелеріне;
3) тестілеу ережелерін бұзу туралы актіге шағымданған жағдайларда қабылданады.
20. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қоюға тиіс хаттамалармен ресімделеді.
Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының 2/3 (үштен екісі) болған кезде заңды болады.
Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
21. Апелляцияға алынған өтінішті қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия апелляция түскен күннен бастап 1 (бір) күн ішінде екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырмай қалдыру;
2) көрсетілетін қызметті алушының апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым ССО-ға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
ССО, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте, ССО шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді өзге әкімшілік әрекетті 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
23. ССО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
25. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘППК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
| Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сот сарапшысы біліктілігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот сарапшысы біліктілігін беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер тізбесі |
1)осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие; |
| Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер тізбесі |
1)осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие; |
| Сот сарапшысы | |
| біліктілігін беру қағидаларына | |
| 3-қосымша |
Өтініш
Сізден мені келесі сараптамалық мамандықтар бойынша сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуіңізді сұраймын:
1. _____________________
2. _____________________
Ақпараттық жүйелердегі қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
________________________________________________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
| Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы ХАБАРЛАМА
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________
20__ жылғы "__" ________ № ____
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген өтінішіңіз
"__________________________________________________________"
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
20__ жылғы "__" ________ № ________ болып тіркелген өтінішіңіз қаралды.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
(қажеттісін белгілеңіз):
☐ азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) не заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда, егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтары құқық мирасқорлығына жол беретін болса;
☐ азамат Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
☐ мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмауы;
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: 20__ жылғы "__" ________ дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда, өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: ____________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса): _____________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)
| Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 5-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Елтаңба | Республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан" |
Уәжді бас тарту
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Сіздің (өтінім берілген күн) жылғы № (өтінім нөмірі) өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
Бас тарту себебі
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 6-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Елтаңба | Республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан" Никад № |
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі (сот сарапшысы біліктілігін беру туралы)
Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Берілді _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
1.______________________________________
2.______________________________________
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12284 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13858 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).