Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 наурызда № 14863 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 13), 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 517 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13934 болып тіркелген. "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 тамызда жарияланған);

      2) "Әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуеттік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13917 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын,

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін,

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 24 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 2 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 8 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ Қ. Айтуғанов

      2017 жылғы 9 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 8 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұрықпен бекітілген "Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

      2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

      4) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

      5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

      7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

      8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

      11) еңбек делдалдығын көрсетеді;

      12) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

      13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

      14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

      15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

      16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

      17) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      18) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

      19) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Құрылтайшы уәкілетті органның келісімі бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      көрсетілген бұрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ ауданында (қаласында, облыстық, республикалық маңызы бар қалада және астанада) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) және басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

      1) ауданның (қаланың) аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу және оны әдістемелік басқару;

      2) ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарау және келісу;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттардың негізінде Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүргізу және тиісті ұсыныстарды өңірлік комиссиялардың қарауына жіберу;

      4) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу;

      7) әрбір елді мекенде техникалық және кәсіптік білімі (бұдан әрі – ТжКБ) бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру туралы шешім қабылдау;

      8) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға) шешім қабылдау және үміткерлердің тізімін бекіту;

      9) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілген Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдау;

      10) қоныс аударушыларды (азаматтарды, оралмандарды) Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.";

      көрсетілген бұрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалада) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

      1) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) екіншісіне (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу;

      2) жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу және оларды уәкілетті органға жіберу;

      3) аудандар және қалалар бөлінісінде Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу;

      4) білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын келісу;

      5) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдау;

      6) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      7) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      8) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      9) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту;

      10) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекіту;

      11) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз ету;

      12) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту.";

      2. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген, "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "Осы шарт бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын

      ____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

            (қала, облыс, аудан)

      атынан директор ____________________________________________________

                               (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      және бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын

      ______________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ___________________________________________________________ арасында

            (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:";

      4-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;";

      11-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақ алып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына орналастырылады.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде әлеуметтік жұмыс орындары бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;

      2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

      Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.

      "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы мемелкет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілген адамдарға осы Бағдарлама шеңберінде бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын жалғастыруға құқық беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      6-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақ алып тасталсын:

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;";

      12-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар жұмыс берушілермен еңбек шартын бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына орналастырылады.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде жастар практикасы бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;

      2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру мөлшері Бағдарламаға сәйкес айқындалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Тапсырыс беруші Орындаушының мәліметтері негізінде жүргізеді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 515 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудандық (қалалық) комиссия - ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      3) Бағдарламаға қатысушылар - жұмыс іздеген, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген, тұрақты тұру үшін келген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

      4) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы - жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;

      6) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) - қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;

      7) жұмыс күшi - жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      8) жұмыссыздар - жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган - өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      10) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;

      11) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      12) қызметтік тұрғын үй - мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;

      13) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;

      14) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны;

      15) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

      16) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган;

      17) өңірлік комиссия - жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы жұмыспен қату бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      18) тұрғынжай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

      19) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      20) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

      4. Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуда Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдем көрсетіледі.

      5. Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуды:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері;

      2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

      3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;

      4) оралмандар;

      5) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар жүзеге асырады.

      6. Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі:

      1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, көшуге, соған байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидияларды;

      2) тұрғын үй жалдауға (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидияларды;

      3) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;

      4) Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуді қамтиды.

      7. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары орын алған қоныс аудару және жұмысқа орналасу (нақты қоныс аударғандар) фактісі бойынша да, жоспарлы қоныс аудару фактісі (әлеуетті қоныс аударушылар) бойынша да көрсетілуі мүмкін.

2-тарау. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру тәртібі

      8. Қоныс аударушылардың ерікті түрде қоныс аударуы Бағдарламада белгіленген критерийлерге сәйкес жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – қоныстандыру өңірлері) жүзеге асырылады.

      9. Қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде:

      1) жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін;

      2) жұмыс берушілердің кәсіптер бөлінісінде жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттігін айқындайды және солар туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      10. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қоныстандыру өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараты негізінде шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстарын кәсіптер бөлінісінде тарту жөніндегі ұсынысты қарайды және өңірлік комиссияға жолдайды.

      Қоныстандыру өңірлерінің өңірлік комиссиясы шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын Кәсіптер тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), мамандарға қойылатын талаптарды, жұмыс жағдайларын бекітеді.

      Тізбеге мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға тарту үшін білікті жұмыскерлердің кәсіптері қосылады.

      11. Шығу өңірлерінен қоныстандыру өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

      1) мемлекеттік қызметшілерге;

      2) біліктілігі төмен жұмысшыларға;

      3) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшыларына қолданылмайды.

      12. Қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы 10 жұмыс күні ішінде бекітілген Тізбені шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      13. Шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы қоныстандыру өңірінен бекітілген Тізбені алған күнен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды интернет-ресурста орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді.

      14. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған адамдар тұрғылықты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

      15. Шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.

      Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде, үміткерлер шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтініш береді.

      16. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша өтініш беруші отбасының құрамы туралы мәліметтер;

      3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) не жұмыс орнынан анықтама;

      4) "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не одан бас тарту туралы комиссия шешімінің көшірмесі және уәкілетті органның шешімі.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат мәліметтерін "электрондық үкімет" шалюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

      17. Шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсыныстарды қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді және бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді (еркін нысанда).

      18. Қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсыныстар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.

      19. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешімде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берілетін тиісті төлемдердің мөлшері және екінші деңгейдегі банкте ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетіледі.

      20. Қоныстандыруға арналған өңірлердің халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныстандыру үшін өтініш берушіні Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы шығу өңірлерінң халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді (еркін нысанда).

      21. Қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдаған күнен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушымен және (немесе) оралманмен әлеуметтік келісімшарт жасасады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

      22. Қоныс аударғаннан және жаңа тұрғылықты жерде нақты жұмысқа орналасқаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидиялар беріледі және тұрғын үйді жалдау (жалға беру) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар өтеледі.

      23. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындауды халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

1-параграф. Бағдарламада айқындалған өңірлерге қоныс аударатын әлеуетті қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібі

      24. Жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары бойынша Бағдарламада айықндалған өңірлерге қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс беруші жұмыскерге қызметтік тұрғын үй-жай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беріледі.

      25. Бағдарламада көзделген өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және/немесе сатып алу республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      26. Бағдарламада көзделген өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуды қаржыландыру құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және он сегiз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң көлемінде берiледi.

      28. Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.

      29. Жастар, оның ішінде некеде тұрған жастар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай:

      - жасы жиырма тоғызға дейін болуы;

      - қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы шарттарына сәйкес келгенде беріледі.

      30. Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер бес жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды.

      31. Жастарға арналған жатақханадағы бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй комиссия қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімнің және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) туралы шарттың негізінде беріледі.

      32. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты мен онымен жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылады.

      33. Бағдарламаға қатысушы мен қоныстандыру жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады.

      34. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушы жалдау (қосымша жалдау) шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледі.

      35. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын халықты жұмыспен қамту орталығының (қоныстандыру жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.

      36. Бағдарламаға қатысушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының тарапы болады.

      37. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) көзделген тәртіппен екі данада жасалады. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының бір данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.

      38. Жалдау (қосымша жалдау) шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарына сәйкес хабарлама (еркін нысанда) жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын (жатақханадағы бөлмені жалға алудың бесжылдық мерзімі аяқталғанға дейін) автоматты түрде ұзартылады.

      39. Бағдарламаға қатысушылар қызметтік тұрғын үйлерді "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 109-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жекешелендіреді.

      40. Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған жағдайда бұрын жасалған жалдау (қосымша жалдау) шарты қалалық (аудандық) комиссияның келісімімен тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесімен ұзартылады.

      41. Отбасының кәмелетке толған мүшесі болмаған жағдайда жалдау (қосымша жалдау) шарты қалалық (аудандық) комиссияның келісуімен отбасының кәмелетке толмаған мүшесінің заңды өкілдерімен (қорғаншыларымен, қамқоршыларымен) жасалады.

      42. Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуге алып келеді.

      43. Бағдарламаға қатысушыларға жастарға арналған жатақханадан бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй алуға бір ғана мүмкіндік беріледі.

      44. Төтенше жағдайлардың немесе күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажор) өрт, жер сілкіну, су тасқыны сияқты жағдайлардың нәтижесінде жастарға арналған жатақхана, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй апаттық, тұру үшін жарамсыз болып танылған жағдайда Бағдарламаға қатысушыға бос тұрғын үй болған кезде соған теңестірілген басқа тұрғын үй беріледі.

      45. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.

      46. Коммуналдық және пайдалану қызметтерінің шығыстары жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалға алу төлемінің сомасына кірмейді және Бағдарламаға қатысушы оны өзі төлейді.

      47. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй жалға берілген кезде қосалқы жалға беруге жол берілмейді.

      48. Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшесінің жастарға арналған жатақханадан жеке бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй беру не Бағдарламаның басқа қатысушысының отбасы құрамында қызметтік тұрғын үй беру туралы өтініші қаралмайды.

      49. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуді, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, мемлекеттік сараптама жүргізуді, қосылуға техникалық шарттарды беруді, сондай-ақ аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына және аумақтарда құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді және оған қосылуды жүзеге асырады.

      Тұрғын үйді бөлудің осы тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы (бұдан әрі – Жол картасы) шеңберінде салынған (сатып алынған) қызметтік тұрғын үйлерге және еңбекші жастарға арналған жатақханаларға, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен салынған және (немесе) сатып алынған тұрғын үйлер мен жатақханаларға қолданылады.

      Жол картасы шеңберінде салынған (сатып алынған) қызметтік тұрғын үйлер мен жатақхана Халықты жұмыспен қамту орталықтарының теңгерімінен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының коммунальдық меншігіне беріледі.

2-параграф. Нақты қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібі

      50. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірінен өздігінен қоныс аударған адам қоныстандыру жерінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

      51. Қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.

      Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер келіскен кезде, қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар берумен және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (жатақханалардан бөлме) берумен осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшаларға сәйкес Бағдарламаға қатысуға өтініш береді.

      52. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғын үйді жалға беру шартының немесе тұрғын үйді сатып алуға қарыз беру ипотекалық шартының көшірмесі;

      3) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша өтініш беруші отбасының құрамы туралы мәліметтер;

      4) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) не жұмыс орнынан анықтама;

      5) "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не одан бас тарту туралы комиссия шешімінің көшірмесі және уәкілетті органның шешімі.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат мәліметтерін "электрондық үкімет" шалюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

      Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар жаңа жұмыс орнына жұмысқа орналасқан сәттен бастап үш айдан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтініш берген жағдайда беріледі.

      53. Қоныстандыру жерлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің өтініштері мен құжаттары түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.

      54. Аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      55. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаға қатысуға өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша аудандық комиссиялар он жұмыс күні ішінде азаматтарды, оралмандарды Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.

      56. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу және субсидия төлеу туралы шешімде (еркін нысанда) Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берілетін тиісті төлемдердің мөлшері және екінші деңгейдегі банкте ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетіледі.

      57. Халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық (қалалық) комиссиядан ұсынымдар (еркін нысанда) алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда).

      58. Қоныстандыру жерлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы өтініш бергендерді хабардар етеді (еркін нысанда).

3-параграф. Көшуге субсидиялар, тұрғын үй жалдауға (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар төлеу тәртібі

      59. Бағдарламаға қатысушыларға:

      1) көшуге субсидиялар;

      2) тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханадан бөлме берілмеген кезде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.

      60. Көшуге субсидиялар әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет беріледі.

      61. Тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар он екі ай ішінде ай сайын мынадай мөлшерде:

      1) қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:

      бір адам үшін жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде отыз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

      бір адам үшін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде жиырма бір еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      62. Үкімет айқындаған өңірлерге келген оралмандарға субсидиялар шығу өңіріне және жұмысқа орналасу фактісіне қарамастан төленеді.

      63. Қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары көшуге және тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы растайтын құжаттардың негізінде төлейді.

      64. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануында тұрғын үйі бар болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй не жатақханадан бөлме берілмейді, көшуге субсидия және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар төленбейді.

      65. Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру бойынша шараларды қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________ ауданының (қаласының)

      халықты жұмыспен қамту орталығының директорына

      кімнен ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы
өтініш

      Мені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы

      № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті

      дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына жұмыс күшінің ұтқырлығын

      арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағыты бойынша

      қатысушылар қатарына қосуды сұраймын.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті

      менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Барлығы _________________ құжат ___________________парақта.

      Көшу шарттарымен таныстым.

      Күні                                                             қолы

      ----------------------------------------------------------------------------------------------

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші

      20__ жылғы "___" ____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және

      қолы: __________________________________________________

      ___________________________                   ____________________________

                  Күні                                           қолы

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қоныс аударуға № ____ жолдама

      қатысушы __________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      ____________________________________________________________________

                         (елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)

      тұру және _________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа

                  (кәсіп/мамандық атауы)

      орналасу үшін жіберіледі.

      Онымен бірге _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (өтініш берушіге туыстық қатынасы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қоныс аударылады.

      ________________________                   __________________________

      Халықты жұмыспен қамту                               қолды таратып жазу

      орталығының директоры

      Берілген күні

      М.О.

      -----------------------------------------------------------------------------------------------

                               (кесу сызығы)

      Жолдама берген Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

            (қоныстанған аудан/қаланың халықты жұмыспен қамту орталығы)

      ____________________________________________________________________

                  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты ( бар болса), ЖСН)

      201__ жылғы "__"__________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес

      (201_ жылғы________ № ___ бұйрық) Бағдарламаға қатысушы болып табылады және оған

      _______________________________________________________________________

                   (елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары)

      кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме беріледі

      (қажеттінің астын сызу).

      ________________________            _________________________

      Халықты жұмыспен қамту                         қолды таратып жазу

      орталығының директоры

      Күні __________________

      М.О.

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындауға және тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) беруге
өтініш

      Кімнен _____________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      Сiзден _____________________________________________________________

                              (көшу себебi көрсетiледi)

      байланысты маған және отбасы мүшелерiме, отбасымның мынадай құрамын ескере отырып:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Туыстық қатынасы

Туған жылы

























      көшуге субсидия тағайындауды және төлеудi және тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй

      (жатақханадан бөлме) берудi сұраймын.

      Бiзге тиесiлi көшуге берілетін субсидияның сомасын ________________

      ____________________________________________________________________

       (банктiң атауы, банктiң БСН, банктiң БСК, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

      аударуды сұраймын.

      20 __ жылғы " ___" _____________                   _________________________

                                                      (өтініш берушінің қолы)

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      ______________________ ауданының

       (облыстық маңызы бар қаланың,

      республикалық маңызы бар қаланың)

      Халықты жұмыспен қамту орталығы

Көшуге субсидия тағайындау туралы, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар тағайындау туралы бұйрық

      Күнi _____________ № _____                         ___________ ауылы (қаласы)

      Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару

      қағидаларының __-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы

      29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

      кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушы ұсынған

      құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН:

      1. ____________ отбасына көшуге мынадай мөлшерде субсидиялар тағайындалсын:

      1) Бағдарламаға қатысушыға __________________ теңге мөлшерiнде;

      2) отбасы мүшелерiне ________________________ теңге мөлшерiнде.

      Барлығы ____________ теңге.

      Онымен бірге отбасының мына мүшелері көшеді:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

туыстық қатынасы

төленетін сома

1




2





жиынтығы

-


      2. Субсидия ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ аударылсын.

      (банктiң атауы, банктiң БСН, банктiң БСК, алушының жеке шотының немесе

      төлем       карточкасының нөмiрi көрсетiледi)

      _______________                   _________________             ___________________

      Директор                          Т.А.Ә (бар болса)                   қолы

      Күні __________________

      М.О.

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс
аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы
әлеуметтік келісімшарт

      _____________________                         20__ жылғы "___"_____________

       (жасалған орны)

      Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын

      ___________________________ атынан ______________________________________________

      (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________ бір тараптан

      және бұдан әрі "Бағдарламаға қатысушы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі,

                                    қашан және кім берген)

      және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын

       ________________________________ негізінде әрекет ететін ____________________________

             (ереже, жарғы және т.б.)                                (ұйымның атауы, кәсіпорын)

      атынан_______________________________________ екінші тараптан төмендегі

       (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:

      (қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қоныс

      аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ нақты қоныс аударғандарды қоныс аударуды

      ұйымдастыру кезінде жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жеке

      әлеуметтік келісімшарт жасалады).

1. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

      2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы және Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда жұмыс беруші болады.

      Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:

       _______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ ұсынылады.

      (Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

      3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Халықты жұмыспен қамту орталығының:

      1) Бағдарламаға қатысушыдан көшуге субсидия, тұрғын үйді жалдау (жалға беру) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарға субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

      2) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

      3) Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға;

      4) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға беру) және коммуналдық қызметтер төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияларды Бағдарламаға қатысушының дербес шотына аударуды жүзеге асыруға;

      5) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

      6) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;

      7) Қағидаларда айтылған жағдайларда Бағдарламаға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

      3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      4) Бағдарламаға қатысушының көшуу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шығу жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратуға;

      5) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;

      7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Бағдарламаға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

      6. Бағдарламаға қатысушының:

      1) Халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтер төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;

      2) көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты шығу жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

      3) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      4) келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар.

      7. Бағдарламаға қатысушы:

      1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;

      2) Халықты жұмыспен қамту орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

      3) жұмысқа орналасқаннан кейін тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысуға;

      4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;

      5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;

      6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

      7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

      8) қоныстану жерінен алты ай ішінде кеткен жағдайда (отбасымен) көшуге алған субсидиялардың сомаларын бюджетке өтеуге міндетті.

      8. Жұмыс берушінің:

      1) көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты шығу жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

      2) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.

      9. Жұмыс беруші:

      1) қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыны

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (жұмыс берушінің атауы, жұмысқа орналасу орны, лауазымы)

      жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге;

      2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      3) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес жұмыссыздармен еңбек шартын жасауға;

      4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бағдарламаға қатысушылар алған табыстардан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салықты төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Бағдарламаға қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      5) Халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша Бағдарламаға қатысушыға міндетті зейнетақы аударымдары аударылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;

      6) қажет болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіптік оқытуға жіберуге міндетті.

      10. Жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер мемлекеттің оқытуға және (немесе) көшуді субсидиялауға жұмсаған шығыстарын өтейді.

      11. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен күнінен бастап алты айдың ішінде көшуге берілетін субсидияның және тұрғын үй жалдауға (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидияның алынған сомасы республикалық бюджетке өтеледі.

      12. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген оралмандар бес жыл ішінде өзі қоныстанған өңірден тыс өңірге өз бетінше көшкен (не оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқанда) жағдайда Бағдарламаға қатысушылардың құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекет шығыстарының сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен республикалық бюджетке қайтарады.

      13. Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттанушылықты, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған көшуге берілетін субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.

      14. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджтеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен және шегінде және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыратын жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Форс-мажорлық жағдайлар

      15. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Тарапты мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

4. Басқа да жағдайлар

      19. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      20. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.

5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

      Халықты жұмыспен қамту орталығы                   Бағдарламаға қатысушы

____________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық
атауы)
____________________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________________
(телефон, факс)
____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________________
(қолы)
М.О.

______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________
(мекенжайы)
______________________________
(телефон, факс)
_______________________________
(қолы)
 

       Жұмыс беруші

____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________________
(лауазымы)
_________________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________________
(қолы)
М.О. (бар болса)


      Жұмыс беруші құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 515 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;

      2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырушы – халықты жұмыспен қамту орталығы;

      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;

      5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      6) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;

      7) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;

      8) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

      9) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      10) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар;

      11) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      12) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      13) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      14) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      15) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

      16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      17) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      18) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      19) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпыұлттық дерекқордың мәліметтері, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту мүмкіндігі туралы ақпарат беру;

      20) кәсіби консультация – жұмыс орнын және белгілі бір мамандық таңдауда қатысушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби қызығушылығын ескере отырып, оған көмек көрсету;

      21) кәсіби іріктеу – қатысушының нақты кәсіпке, мамандыққа, жұмыс орнына кәсіби бейімділігінің дәрежесін айқындау;

      22) кәсіптік бейімдеу – қатысушының өндіріске, еңбек жағдайларына және нақты мамандықтың ерекшеліктеріне бейімделу процесі.

      3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты қатысушының жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру болып табылады.

2-тарау. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру тәртібі

      4. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік ақпараттандыруды;

      2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, тұлғаның кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультация беруді;

      3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 18-бабында көрсетілген адамдар үшін жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

1-параграф. Студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібі

      6. Халықты жұмыспен қамту орталығы студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығының жай-күйі, білікті кадрларға экономиканың болжамды қажеттіліктері туралы концультациялар береді.

      7. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарынан контингентті айқындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      8. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарын құрады, оны халықты жұмыспен қамту орталығымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келіседі;

      2) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын кәсіптермен таныстыру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау рәсімдерін жүргізу үшін жоғары және арнайы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын айқындайды;

      3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына алдын ала даярлық жұмыстарын жүргізеді.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;

      2) іріктеу нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі арасында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге шарт жасалады.

      10. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы экономиканың әртүрлі салаларындағы қызметтермен студенттерді және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын таныстыру бойынша кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесін ұсынады.

      11. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауға іріктеуден өткен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу жоспарына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, ата-аналардың, жұмыс берушілердің және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      2) студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін негізгі ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіптер презентацияларын, экскурсиялар, ашық есік күндерін өткізу кестесін жасайды;

      3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарына сәйкес дағдыларды айқындауға қатысушыларға тестілеу жүргізіп, тестілеу нәтижелері бойынша студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына одан әрі кәсіби дамуы үшін консультация береді;

      4) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп студенттер арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      12. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі консультациясының қорытындылары бойынша кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту үшін қысқа мерзімді курстарға жіберу мақсатында болашақ кәсібін әлі таңдамаған оқушылардың тізімі қалыптастырылады.

      13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау кездесулер, дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер, кәсіптік экскурсиялар түрінде және басқа нысандарда жүргізіледі.

2-параграф. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды дербес жүргізеді.

      15. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;

      2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;

      3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынымының негізінде қатысушыны кәсіби іріктеуді жүргізеді, ол қатысушының жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтиды.

      16. Халықты жұмыспен қамту орталығы және/немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:

      1) өңірдегі еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіптік ақпараттандыруды жүргізеді, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіп өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырады;

      2) жүгінген адамдардың жеке тілектерін, психологиялық ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы нақты ахуалды ескере отырып, кәсіби консультация береді;

      3) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;

      4) дағдыларды айқындау үшін тестілеуді ұйымдастырады;

      5) тестілеу және кәсіптік консультация нәтижелері бойынша кәсіптік іріктеуден өту қажеттілігі туралы ұсынымдар дайындайды;

      6) қысқа мерзімді курстардан және кәсіптік оқытудан өту үшін адамдардың тізімін жасайды;

      7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, өңірлік палаталармен және кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп, қатысушы таңдаған кәсіпке дайындалу процесімен және таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарын таныстыру бойынша жұмыс жүргізеді, кәсіптік бейімдеуді ұйымдастырады.

      17. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының алаңында өткізіледі.

      18. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен, өңірлік палаталармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, болашақ мамандығын таңдап қойған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.