"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 13), 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 517 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13934 болып тіркелген. "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 тамызда жарияланған);
2) "Әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуеттік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13917 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын,
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін,
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 24 қаңтар
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 2 ақпан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 14 ақпан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 8 ақпан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Айтуғанов
2017 жылғы 9 қаңтар
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұрықпен бекітілген "Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;
11) еңбек делдалдығын көрсетеді;
12) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;
13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;
17) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
18) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;
19) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Құрылтайшы уәкілетті органның келісімі бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";
көрсетілген бұрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ ауданында (қаласында, облыстық, республикалық маңызы бар қалада және астанада) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) және басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:
1) ауданның (қаланың) аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу және оны әдістемелік басқару;
2) ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарау және келісу;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттардың негізінде Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүргізу және тиісті ұсыныстарды өңірлік комиссиялардың қарауына жіберу;
4) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу;
7) әрбір елді мекенде техникалық және кәсіптік білімі (бұдан әрі – ТжКБ) бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру туралы шешім қабылдау;
8) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға) шешім қабылдау және үміткерлердің тізімін бекіту;
9) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілген Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдау;
10) қоныс аударушыларды (азаматтарды, оралмандарды) Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.";
көрсетілген бұрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалада) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:
1) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) екіншісіне (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу;
2) жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу және оларды уәкілетті органға жіберу;
3) аудандар және қалалар бөлінісінде Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу;
4) білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын келісу;
5) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдау;
6) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;
7) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
8) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
9) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту;
10) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекіту;
11) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз ету;
12) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту.";
2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;";
3) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.";
15-тармақ алып тасталсын;
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:
"Осы шарт бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын
____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы
(қала, облыс, аудан)
атынан директор ____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
және бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
___________________________________________________________ арасында
(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:";
4-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
үшінші бөлік алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;";
11-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына орналастырылады.";
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде әлеуметтік жұмыс орындары бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;
3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.
Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы мемелкет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілген адамдарға осы Бағдарлама шеңберінде бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын жалғастыруға құқық беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
6-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақ алып тасталсын:
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;";
12-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар жұмыс берушілермен еңбек шартын бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына орналастырылады.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде жастар практикасы бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру мөлшері Бағдарламаға сәйкес айқындалады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Тапсырыс беруші Орындаушының мәліметтері негізінде жүргізеді.";
8-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
үшінші бөлік алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырушы – халықты жұмыспен қамту орталығы;
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;
5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
6) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;
7) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
8) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
9) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
10) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар;
11) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
12) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
13) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
14) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
15) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;
16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
17) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
19) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпыұлттық дерекқордың мәліметтері, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
20) кәсіби консультация – жұмыс орнын және белгілі бір мамандық таңдауда қатысушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби қызығушылығын ескере отырып, оған көмек көрсету;
21) кәсіби іріктеу – қатысушының нақты кәсіпке, мамандыққа, жұмыс орнына кәсіби бейімділігінің дәрежесін айқындау;
22) кәсіптік бейімдеу – қатысушының өндіріске, еңбек жағдайларына және нақты мамандықтың ерекшеліктеріне бейімделу процесі.
3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты қатысушының жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру болып табылады.
2-тарау. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру тәртібі
4. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік ақпараттандыруды;
2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, тұлғаның кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультация беруді;
3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 18-бабында көрсетілген адамдар үшін жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
1-параграф. Студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібі
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығының жай-күйі, білікті кадрларға экономиканың болжамды қажеттіліктері туралы концультациялар береді.
7. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарынан контингентті айқындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
8. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарын құрады, оны халықты жұмыспен қамту орталығымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келіседі;
2) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын кәсіптермен таныстыру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау рәсімдерін жүргізу үшін жоғары және арнайы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын айқындайды;
3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына алдын ала даярлық жұмыстарын жүргізеді.
9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;
2) іріктеу нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі арасында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге шарт жасалады.
10. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы экономиканың әртүрлі салаларындағы қызметтермен студенттерді және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын таныстыру бойынша кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесін ұсынады.
11. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауға іріктеуден өткен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу жоспарына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, ата-аналардың, жұмыс берушілердің және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
2) студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін негізгі ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіптер презентацияларын, экскурсиялар, ашық есік күндерін өткізу кестесін жасайды;
3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарына сәйкес дағдыларды айқындауға қатысушыларға тестілеу жүргізіп, тестілеу нәтижелері бойынша студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына одан әрі кәсіби дамуы үшін консультация береді;
4) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп студенттер арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
12. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі консультациясының қорытындылары бойынша кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту үшін қысқа мерзімді курстарға жіберу мақсатында болашақ кәсібін әлі таңдамаған оқушылардың тізімі қалыптастырылады.
13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау кездесулер, дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер, кәсіптік экскурсиялар түрінде және басқа нысандарда жүргізіледі.
2-параграф. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды дербес жүргізеді.
15. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;
2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынымының негізінде қатысушыны кәсіби іріктеуді жүргізеді, ол қатысушының жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтиды.
16. Халықты жұмыспен қамту орталығы және/немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
1) өңірдегі еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіптік ақпараттандыруды жүргізеді, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіп өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырады;
2) жүгінген адамдардың жеке тілектерін, психологиялық ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы нақты ахуалды ескере отырып, кәсіби консультация береді;
3) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;
4) дағдыларды айқындау үшін тестілеуді ұйымдастырады;
5) тестілеу және кәсіптік консультация нәтижелері бойынша кәсіптік іріктеуден өту қажеттілігі туралы ұсынымдар дайындайды;
6) қысқа мерзімді курстардан және кәсіптік оқытудан өту үшін адамдардың тізімін жасайды;
7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, өңірлік палаталармен және кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп, қатысушы таңдаған кәсіпке дайындалу процесімен және таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарын таныстыру бойынша жұмыс жүргізеді, кәсіптік бейімдеуді ұйымдастырады.
17. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының алаңында өткізіледі.
18. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен, өңірлік палаталармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, болашақ мамандығын таңдап қойған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.