Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 наурызда № 14863 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 13), 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 517 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13934 болып тіркелген. "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 тамызда жарияланған);

      2) "Әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуеттік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13917 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын,

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін,

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 24 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 2 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 8 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ Қ. Айтуғанов

      2017 жылғы 9 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 8 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұрықпен бекітілген "Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

      2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

      4) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

      5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

      7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

      8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

      11) еңбек делдалдығын көрсетеді;

      12) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

      13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

      14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

      15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

      16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

      17) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      18) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

      19) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Құрылтайшы уәкілетті органның келісімі бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      көрсетілген бұрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ ауданында (қаласында, облыстық, республикалық маңызы бар қалада және астанада) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) және басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

      1) ауданның (қаланың) аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу және оны әдістемелік басқару;

      2) ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарау және келісу;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттардың негізінде Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүргізу және тиісті ұсыныстарды өңірлік комиссиялардың қарауына жіберу;

      4) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу;

      7) әрбір елді мекенде техникалық және кәсіптік білімі (бұдан әрі – ТжКБ) бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру туралы шешім қабылдау;

      8) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға) шешім қабылдау және үміткерлердің тізімін бекіту;

      9) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілген Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдау;

      10) қоныс аударушыларды (азаматтарды, оралмандарды) Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.";

      көрсетілген бұрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалада) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

      1) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) екіншісіне (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу;

      2) жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу және оларды уәкілетті органға жіберу;

      3) аудандар және қалалар бөлінісінде Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу;

      4) білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын келісу;

      5) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдау;

      6) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      7) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      8) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      9) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту;

      10) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекіту;

      11) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз ету;

      12) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту.";

      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.