1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары белгіленсін.
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы "Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" № 112 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2095 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 4-5 (21430) "Орталық Қазақстан" және 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 3 (21336) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.В. Борисенко) жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
облыстық мәслихат хатшысы | Н. Дулатбеков |
Қарағанды облыстық мәслихатының | |
2016 жылғы 19 ақпандағы | |
XLII сессиясының | |
№ 479 шешімімен | |
бекітілген |
Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары
1. Осы Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 5) тармақшасына сәйкес және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және өңірлік жағдайлардың, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
6. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қарағанды облысының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
11. Облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) және "Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11351 болып тіркелген ) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:
1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "ДӘЛІЗ АЙМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;
2) халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!", "ХАЛЫҚТЫҢ шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды.
12. Қарағанды облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидаларда Қарағанды облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
13. Облыстың жергілікті атқарушы органы облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Қарағанды облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
14-1. Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Ескерту. Қағидалар 14-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
16-1. Су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатынаң оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағидалар 16-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
17. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
18. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
19. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 364-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
20. Осы Қағидалармен реттелмеген құқықтық қатынастар, Кодекстің қолданыстағы нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.