Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының № 479 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 3707 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары белгіленсін.

      2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы "Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" № 112 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2095 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 4-5 (21430) "Орталық Қазақстан" және 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 3 (21336) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.В. Борисенко) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихат хатшысы Н. Дулатбеков

  Қарағанды облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 19 ақпандағы
  XLII сессиясының
  № 479 шешімімен
  бекітілген

Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары

      1. Осы Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 5) тармақшасына сәйкес және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және өңірлік жағдайлардың, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

      6. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда;

      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

      7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы

      уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

      9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қарағанды облысының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

      Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

      11. Облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11197 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 "Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17615 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:

      1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "ДӘЛІЗ АЙМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;

      2) халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!", "ХАЛЫҚТЫҢ шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      12. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қарағанды облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2017 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Облыстың жергілікті атқарушы органы облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Қарағанды облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      14-1. Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      Ескерту. Қағидалар 14-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16-1. Су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатынаң оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Қағидалар 16-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

      18. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

      19. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 364-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      20. Осы Қағидалармен реттелмеген құқықтық қатынастар, Кодекстің қолданыстағы нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

  Қарағанды облыстық мәслихаты
  XLII сессиясының 2016 жылғы
  19 ақпандағы № 479 шешімімен
  бекітілген Қарағанды облысында
  ортақ су пайдаланудың
  қағидаларына қосымша

Қарағанды облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер

      Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2017 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Рет бойынша №

Су объектісінің атауы

Су объектісінің орналасқан жері (мекенжайы, координаттары және басқалар)

Су объектілеріндегі жерлер

Ортақ су пайдалануды шектеу

Қарағанды қаласы

Қазыбек би атындағы ауданы

1

"Рубеж" бекеті ауданындағы №2 карьер су айдыны

Қазыбек би атындағы ауданда, "Екатеринбург-Алматы" авто жолының маңында орналасқан ("Сары-Арқа" халықаралық аэропорттың жағына қарай жол айырығының ауданында). Координаттары: 49°42'52.7"N 73°10'25.3"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

2

Көгілдір тоғандар №1 көлі

Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданында, "Карат" жылқы клубының маңында (Көгілдір тоғандар ықшам ауданы, 2) орналасқан Координаталары: 49°49'13.2"N 73°11'24.4"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

3

Көгілдір тоғандар №2 көлі

Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданында, "Карат" жылқы клубының маңында (Көгілдір тоғандар ықшам ауданы, 2) орналасқан Координаттары: 49°49'06.6"N 73°10'54.2"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

4

Көгілдір тоғандар №3 көлі

Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданы. Координаттары: 49°48'45.5"N 73°10'10.0"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

5

Көгілдір тоғандар №4 көлі

Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданы. Координаттары: 49°48'26.6"N 73°09'48.1"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

6

Үлкен Буқпа өзені бойындағы 22 шахтаның тұндырғышы (1 су айдыны)

Қазыбек би атындағы ауданның солтүстік бөлігінде, Бұқар жырау даңғылының Саран тас жолымен қиылысқан аумағында орналасқан. Координаттары: 49°49'39.6"N 73°04'34.1"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

7

Үлкен Буқпа өзені бойындағы 22 шахтаның тұндырғышы (2 су айдыны)

Октябрь ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде, Бұқар жырау даңғылының Саран тас жолымен қиылысқан аумағында, "УГХ GazOil" ЖШС АГҚС жанында (112 есептік кварталы, 117 құрылыс) орналасқан. Координаттары: 49°49'54.7"N 73°04'22.0"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

Октябрь ауданы

8

7 магистраль ауданындағы су айдыны (Терешкова көшесімен Т-бейнелі қиылыс)

Октябрь ауданының оңтүстік бөлігінде, Терешкова көшесі мен 7 магистралінің қиылысқан аумағында орналасқан. Координаттары: 49°49'39.0"N 73°07'48.9"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

9

15 магистральдағы, "ГазОйлПром" автожанармай құю станцияcы ауданындағы су айдыны

Октябрь ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде, "ГазОйлПром" автожанармай құю станцияcы маңында (108 есептік кварталы, 1 құрылыс) орналасқан. Координаттары: 49°50'48.4"N 73°03'11.4"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

10

Сұрыптау елді мекенінің бұрынғы темір бетон бұйымдары зауытының аумағындағы су қоймасы (1 су айдыны)

Октябрь ауданының солтүстік бөлігінде, Цементная көшесінің тұрғын үйлерінің артында орналасқан. Координаттары: 49°56'02.5"N 73°08'56.4"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

11

Сұрыптау елді мекенінің бұрынғы темір бетон бұйымдары зауытының аумағындағы су қоймасы (2 су айдыны)

Октябрь ауданының солтүстік бөлігінде, Цементная көшесінің тұрғын үйлерінің артында орналасқан. Координаттары: 49°56'01.6"N 73°08'47.7"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

12

"Қарағанды Су" ЖШС тазалау имараттары ауданындағы су айдыны

Октябрь ауданының шығыс бөлігінде, Павлодар қаласының бағытындағы жол торабының аумағында, "Қарағанды Су" ЖШС сумен қамтамасыз ету және тазалау қызметінің маңында (ЖЭС-3 аумағында Солтүстік өнеркәсіптік зонасы) орналасқан. Координаттары: 49°55'39.6"N 73°14'09.5"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

13

Нан-макарон комбинаты өтпежол жанындағы су айдыны

Октябрь ауданында, нан-макарон комбинаты өтпежол аумағындағы, "Евротехсервис К" ЖШС ССО (Старт тұйық көшесі, 62) маңында орналасқан. Координаттары: 49°48'53.6"N 73°09'01.1"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

14

Горбачев атындағы шахтаның тұндырғышы

Октябрь ауданында, Горбачев атындағы шахтаның маңында, Глинка көшесінің №75 тұрғын үйінің артында орналасқан. Координаттары: 49°51'36.4"N 73°04'59.3"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

15

Майқұдық шахтасының шахта тұндырғышы

Октябрь ауданында, бұрынғы "Майқұдық" шахтасының аумағында орналасқан. Координаттары: 49°52'09.4"N 73°09'53.8"E

Су айдынының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

Приозерск қаласы

1

№2 қалалық тоғаны

Приозерск қаласы Балқаш көлі жағалауында орналасқан. Координаттары: 49˚57ˊ44,3˝N73˚04ˊ12.5˝E

Абай көшесінің солтүстік-шығыс жағы, 2А үйі, ұзындығы 200 метр жерде судың астында сорғыш сораптар бар

Шомылу жүзеге асырылмайды

2

"Қаланың алғашқы құрылысшылары"
қалалық ескерткіші

Приозерск қаласы Балқаш көлі жағалауында орналасқан. Координаттары: 49˚57ˊ44,3˝N73˚04ˊ12.7˝E

Приозерная көшесінің солтүстік жағы, ұзындығы 490 метр

Шомылу жүзеге асырылмайды