Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11351 тіркелді. Күші жойылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 669 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) мыналарды:

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә.Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 15 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 458 бұйрығымен бекітілген

Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Iшкi су көлiгi туралы заң) 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.

2. Техникалық куәландыру түрлері

      3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) шағын көлемді кеме иесінің өтініші бойынша (еркін - нысанда), жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеріп қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Техникалық куәландыру:

      1) бастапқы;

      2) жыл сайынғы;

      3) кезектен тыс болып бөлінеді.

      5. Кезектен тыс куәландыру:

      1) арнайы;

      2) бақылау болып бөлінеді.

      6. Бастапқы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасы тексеріледі, кеменің сыйымдылығы, оның жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша нормалар мен техникалық талаптары, желкендерінің рұқсат етілген ауқымы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың ең төменгі биіктігі, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы белгіленеді, кеменің басты өлшемдері (ұзындығы, ені, борт биіктігі), құрғақ борт көлемі, жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемді кеменің санаты нақтыланады. Шағын көлемді кеменің орнықтылық пен суда батпау талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемді кеменің конструктивтік деректеріне сәйкестігі анықталады.

      7. Шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыру су айдынын мұздан толық тазартқан сәттен кейін жүргізіледі.

      Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің салыстырып тексеруі, кеменің негізгі элементтерінің, оның жабдығының техникалық жай-күйі жарақтарының болуы тексеріледі.

      8. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелері бойынша кеме билетіне кезекті куәландыру мерзімі көрсетілген техникалық тексеріп қарау өткізілгені туралы белгі қойылады.

      9. Кезектен тыс куәландыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) шағын көлемді кеменің зақымдануына және жөндеуді талап етуіне әкелген көлік оқиғасынан кейін арнайы тексеріп қарау;

      2) кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында біржолғы өтуге рұқсат ету үшін және кемені өткеннен соң тексеріп қарау үшін кеме иесінің өтініші бойынша бақылап тексеру;

3. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау тәртібі

      10. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген куәландыру жүргізілгеннен кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кеменің техникалық куәландыру актісі жасалады (бұдан әрі - Куәландыру актісі), онда анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтін жарақтар толықтырылғанда шағын көлемді кеменің жүзуге пайдалану мүмкіндіктері, шағын көлемді кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен жүзуге рұқсат беру туралы немесе шағын көлемді кеменің жүзуіне тыйым салу туралы көрсетіледі.

      11. Шағын көлемді кемелерді куәландыру иелерінің немесе ие өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

      12. Кемелерді куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейін екі жылға кемінде бір рет жүргізіледі.

      13. Жеке жасалған шағын көлемді кемелер үшін, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін, қайта жабдықталған кемелер үшін теңізде жүзу жарамдылығы туралы қосымша сынау өткізіледі (жүзгіштігі, орнықтылығы, суда батпауы). Куәландыру қорытындылары Куәландыру актісімен ресімделеді.

      14. Куәландыру актісінде көрсетілген шарттар мен нормалар шағын көлемді кеменің кеме кітабына және кеме билетіне енгізіледі. Кеме билетінде куәландыруды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.

      15. Техникалық куәландыру шағын көлемді кеменің тіркелген орны бойынша немесе кеме билетін ұсына отырып, шағын көлемді кеме тікелей орналасқан жерде (тұрақта) жүргізіледі.

      Бұл ретте, шағын көлемді кемелерді техникалық куәландырудың орны мен уақыты жазбаша түрде шағын көлемді кеме иелерінің назарына жеткізіледі.

      16. Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің типіне байланысты аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасы шағын көлемді кеменің жай-күйін корпус пен қондырмалар бойынша жеке, ал жеке жасалған шағын көлемді кемелер үшін теңізде жүзу қасиеті бойынша айқындайды.

      17. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйі бойынша екі баға қою арқылы анықталады: "жарамды" немесе "жарамсыз". Шағын көлемді кеменің жалпы техникалық жай-күйін бағалау элементтердің бірінің ең төменгі бағасы бойынша белгіленеді.

      18. Шағын көлемді кеме техникалық жай-күйі бойынша "жарамды" деген бағаны алған кезде кеме билетіне бұл туралы белгі жасалады.

      19. Техникалық жай-күйі бойынша "жарамды" деген баға алған шағын көлемді кеме мынадай:

      1) толқын режимі бойынша;

      2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;

      3) қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты бойынша;

      4) жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;

      5) желкендердің ауданы бойынша қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ететін шектеулер бар жүзуге жіберіледі.

      Шағын көлемді кеме "жарамды" деген баға алған кезде, аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасымен Куәландыру актісі жасалады, онда белгіленген шектеулер көрсетіледі.

      20. Теңіз ауданында серуендік кемелерді пайдалану үшін теңізде мынадай жүзу аудандары белгіленеді:

      1) 0- бірінші класты жүзу ауданы - шектеусіз, есептік толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңіздерде жүзу;

      2) 1 - бірінші класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 8,5 метр болатын толқындануда теңіз аудандарында жүзу;

      3) 2 - екінші класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңіз аудандарында жүзу;

      4) 3 - үшінші класты жүзу ауданы — шектелген, бассейндердің жел толқындық режимдеріне байланысты аудан және жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулерді ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етілген 50 мильден аспауы тиіс арақашықтықты белгілей отырып, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңіз) жүзу.

      21. "Жарамсыз" деген баға алған шағын көлемді кемеге аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасымен осы кемені пайдалануға тыйым салу туралы қорытындымен екі дана Куәландыру актісі жасалады, бұл ретте актінің бір данасы кеме иесіне беріледі. Актіде көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін шағын көлемді кеме қайталама техникалық куәландырудан өтеді.

      22. Шағын көлемді кемелерді пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етілмейді:

      1) корпусы бойынша – ойықтардың жинақ пен қаптамада жарықшақтардың, болуы, кеме конструкциясында көзделген герметикалық бөліктер мен ауа жәшіктерінің болмауы немесе герметикалығының бұзылуы;

      2) руль құрылғысы бойынша – рульдің ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуі (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегі бөлшектерінің (бағыттаушы блоктары, тіректі мойынтіректері, тарту жабдықтары, штуртрос берілістерінің) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзілуі, руль жетегінің бөлшек құрылымында көзделген бекітулерінің (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;

      3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша – (бензобактерден, отын шлангісінен, қоректендіру жүйесінен отынның ағуы, біршама дірілдің болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның "алға", "артқа", "бейтарап" қалыптарында (оның өздігінен еріксіз қосылуы мен ажырауы) бекітілмеуі, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетілген іске қосу блоктауының зақымдануы;

      4) навигациялық оттардың "Ішкі су көлігі туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес бекітілген ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидаларының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) кеменің жинақталуы мен жабдықтары кеме билетінде көрсетілген нормаларға сәйкес келмеуі.

      Кеме билетінің "Ерекше белгілер мен қосымша мәліметтер" деген бөліміне кемені пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.

      23. Шағын көлемді кемелердің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты типі мен санаты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

      Шағын көлемді кеменің типін анықтау үшін (мидель бойынша) оның ең үлкен ені негіз болып табылады.

      Шағын көлемді кеменің санатын анықтау үшін оның су өткізбейтін бортының биіктігі (мидельдегі қондырма биіктігін есептемегенде) негіз болып табылады.

      Шағын көлемді кеменің санаты толқын биіктігі мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуі тиіс.

      24. Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес таңдалады.

      Осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген шағын көлемді кеменің паспортында көрсетілген жағадан алшақтықтан аспауға тиіс.

      Су айдынындағы толқын биіктігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықталады.

  Шағын көлемді кемені
техникалық қадағалау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Шағын көлемді кемені техникалық куәландыру
(бастапқы, жыл сайынғы)
АКТІСІ

      Осы актіні 20___ жылғы "___"____________ _____________________

      _____________________________________________________________жасады

      (Көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімшесінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      Кеме иесі __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің, ұйымның атауы)

      Тұрғылықты мекенжайы (ұйымның немесе жеке тұлғаның тұрған жері) және телефоны ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Куәландыруға ұсынылған кеменің типі ____________________________; моделі_____________;жасалған жылы___________;жасалған орны зауыттық №_____; корпус материалы___________ұзындығы___метр; ені________метр; борт биіктігі___метр; су үсті бортының биіктігі___метр; жүк көтергіштігі__тонна; кеме массасы ________килограмм; жолаушы сыйымдылығы________адам; тіркеу нөмірі ________.

      Желкендер ауданы_____шаршы метр.

      Кеме жасау тәсілі __________________________________________________

      қозғалтқыш (мотор) типі мен маркасы____________саны_________________

      қуаты_______________зауыттық нөмірі_________________________________

      Техникалық куәландыру нәтижесінде мыналар анықталды:

      1. Кеменің басты өлшемдері____________________________________

      (мәлімделгенге сәйкестігі)

      2. Кеме сыйымдылығы_________________тонна.

      3. Шөгу_____________________________метр.

      4 Корпустың жай-күйі _________________________________________

      (жай-күйінің бағасы)

      5.Рульдік құрылғы ____________________________________________

      (жай-күйінің бағасы)

      6. Зәкір және арқандап байлау құрылғысы ______________________

      (болуы және жай-күйі)

      7. Құтқару құралдары _________________________________________

      (атауы, саны мен жай-күйі)

      8. Сигнал беру құрылғылары ___________________________________

      (атауы және жай-күйі)

      9. Жарақ заттарымен жинақтау _________________________________

      (талаптарға сәйкестігі)

      10. Жүк көтергіштігі және жолаушы сыйымдылығы______тонна(адам)

      11. Орнықтылығы, суда батпауы, жүзгіштігі_____________________

      (жай-күйін бағалау)

      12. Жүзгіштік қоры ___________________________________________

      (қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген)

      13. Су үсті бортының ең аз биіктігі __________________________

      14. Өртке қарсы жүйе _________________________________________

      (түрі және жарамдылығы)

      15. Механикалық қондырғы _____________________________________

      (жай-күйінің бағасы)

      16. Ең жоғарғы рұқсат етілген қуаты __________________________

      (белгіленген)

      17. Желкендер мен такелаждың жай-күйі ________________________

      (жарамдылығы)

      18. Электр жабдығы ___________________________________________

      (жай-күйі)

      19. Р/байланыс және р/оқшаулаудың болуы ______________________

      (типі, маркасы және жай-күйі)

      Қорытынды:

      Куәландыру жүргізу нәтижесінде осы кеменің жай-күйі __________

      ______________________________________________________________

      (жарамды, жарамсыз)

      Белгіленген ауданы және жүзу жағдайы:

      рұқсат етілген толқын биіктігі__________метр.

      жағалаудан алшақтығы_________________метр.

      қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты____________ат күші.

      рұқсат етілетін жүк көтергіштігі________тонна.

      Жүзу мерзімі__________________________________содан кейін ________________облысы, қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясына техникалық тексеру үшін ұсынылуы тиіс.

      Тексеру кезінде қатысқан (дар)

      (және) бір данасын алған _____________________________________

      (Т.А.Ә.А, лауазымы) (қолы)

      Куәландыруды жүргізді ___________________________ ____________

      (Т.А.Ә.А, лауазымы) (қолы)

      М.О.

      20__жылғы "____"_______________

  Шағын көлемді кемені
техникалық қадағалау
қағидаларына
2-қосымша

Шағын көлемді кемелердің типтері мен санаттары

Р/с

Кеме түрі

Мотордың рұқсат етілетін қуаты (а/күші)

Басты өлшемдер

Кеме санаты

Жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы

адам

килограмм

1

Ескекті қайық

-

2,0x1,1x0,4

1

1

100

2

Ескекті қайық

-

2,8x1,3x0,5

2

2

200

3

Ескекті қайық

-

3,3x1,4x0,5

2

3

300

4

Ескекті қайық

-

4,4x1,5x0,5

2

4

400

5

Ескекті қайық

-

6,0x1,6x0,6

3

6

1000

6

Моторлы қайық

15-ке дейін

3,4x1,5x0,6

2

3

300

7

Моторлы қайық

25-ке дейін

4,4x1,6x0,75

3

4

500

8

Моторлы қайық

-

6,0x1,7x0,95

3

6

800

9

Катер

40-қа дейін

6,0x1,8x0,9

3

6

800

10

Катер

50-ге дейін

8,5x2,5x1,2

3

6

1000

  Шағын көлемді кемені
техникалық қадағалау
қағидаларына
3-қосымша

Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары

Н мин.

Жүзу жағдайы

Жағалаудан кашықтығы (килограмм)

Толқын биіктігі (метр)

Жел күші (балл)

0,2

0,5

0,2 дейін

2

0,3

1,0

0,3 дейін

2



3,0

0,4 дейін

3

  Шағын көлемді кемені
техникалық қадағалау
қағидаларына
4-қосымша

Толқындардың биіктігі