Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2526 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2016 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2016 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 3-қосымша |
2016 жылға Республикалық бюджеттен бөлінген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2016 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 4-қосымша |