Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2526 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 11.05.2016 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативі, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидия соммасы, мың теңге |
1. | Мал шаруашылығы | ||||
| Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2801,82 | 49 968 | 140 000 |
| Барлығы: | | | | 140 000 |
2. | Етті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | | | | |
| тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 18 000 | 26 000 | 468 000 |
| асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 7 700 | 154 000 |
| жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 72 | 7 488 |
2) | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | | | | |
| отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 1 636 | 251 966 |
| импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал | бас | 118 000 | 590 | 69 620 |
| Барлығы: | | | | 951 074 |
3. | Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | | |
| асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 4 340 | 86 800 |
| жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 72 | 7 488 |
2) | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | | | | |
| отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 663 | 102 062 |
| импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 118 000 | 497 | 58 608 |
| Барлығы: | | | | 254 958 |
4. | Қой шаруашылығы | ||||
1) | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | | |
| тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 84 778 | 127 167 |
| асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 93 925 | 140 887,5 |
2) | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 20 966 | 167 730,5 |
| Барлығы: | | | | 435 785 |
5. | Жылқы шаруашылығы | ||||
| Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 141 | 5 640 |
| Барлығы: | | | | 5 640 |
| Жиыны: | | | | 1 787 457 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 2-қосымша |