Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2526 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 04.07.2016 №209 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 04.07.2016 №209 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі). | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативі, теңге | Субсидия-ланатын көлем | Субсидия соммасы, мың теңге |
1. | Етті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | | | 355 910 |
| 1-деңгей | килограмм | 300 | 1 186 366 | 355 910 |
2) | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24 000 | 3 200 | 76 800 |
2. | Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Сүт өндірісінің құнын арзандату | килограмм | | | 27 555 |
| 1-деңгей | килограмм | 25 | 618000 | 15 450 |
| 2-деңгей | килограмм | 15 | 275 000 | 4 125 |
| 3-деңгей | килограмм | 10 | 798 000 | 7 980 |
3. | Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
1) | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату | дана | | | 52 500 |
| 3-деңгей | дана | 2 | 26 250 000 | 52 500 |
4. | Шошқа шаруашылығы | ||||
1) | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 147 | 2 133 687 | 313 652 |
5. | Қой шаруашылығы | ||||
1) | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату | килограмм | | | 59 300 |
| 1-деңгей | килограмм | 200 | 262 000 | 52 400 |
| 2-деңгей | килограмм | 100 | 69 000 | 6 900 |
2) | Биязы жүн өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 130 | 181 000 | 23 530 |
6. | Жылқы шаруашылығы | ||||
1) | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 92 | 329 391 | 30 304 |
2) | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 60 | 4 450 | 267 |
| Жиыны: | | | | 939 818 |