"2016 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 159 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 3067 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 12 сәуірдегі "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінің № 14 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
      2) 26 –тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т. Ргебаев
      Мәслихат хатшысы А. Әли