Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2526 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2016 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2016 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 3-қосымша |
2016 жылға Республикалық бюджеттен бөлінген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 13.12.2016 № 355 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативі, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидия соммасы, мың теңге |
1. | Етті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | | | | |
| тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 18 000 | 29 389 | 528 998,670 |
| асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 3 413 | 68 260,008 |
2) | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | | | | |
| отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 4 744 | 730 602,237 |
| импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал | бас | 118 000 | 559 | 65 962 |
| Барлығы: | | | | 1 393 822,915 |
2. | Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | | |
| асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 855 | 17 100,005 |
2) | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | | | | |
| отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 1 470 | 226 326,069 |
| Барлығы: | | | | 243 426,074 |
3. | Қой шаруашылығы | ||||
1) | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | | |
| тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы және асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 624 693 | 937 039,498 |
2) | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 64 932 | 519 454,250 |
| Барлығы: | | | | 1 456 493,748 |
4. | Жылқы шаруашылығы | ||||
1) | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 1 828 | 73 140 |
| Барлығы: | | | | 73 140 |
| Жиыны: | | | | 3 166 882,737 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 34 қаулысына 4-қосымша |
2016 жылға Республикалық бюджеттен бөлінген мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 13.12.2016 № 355 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі). | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативі, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидия соммасы, мың теңге |
1. | Етті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | | | 1 921 177,339 |
| 1-деңгей | килограмм | 300 | 4 701 423 | 1 410 427,010 |
| 2-деңгей | килограмм | 170 | 1 536 070 | 261 131,862 |
| 3-деңгей | килограмм | 100 | 2 496 185 | 249 618,467 |
2) | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24 000 | 1 488 | 35 712,007 |
2. | Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1) | Сүт өндірісінің құнын арзандату | килограмм | | | 128 480,628 |
| 1-деңгей | килограмм | 25 | 3 443 033 | 86 075,825 |
| 3-деңгей | килограмм | 10 | 4 240 480 | 42 404,803 |
3. | Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
1) | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату | дана | | | 23 645,824 |
| 3-деңгей | дана | 2 | 11 822 912 | 23 645,824 |
4. | Шошқа шаруашылығы | ||||
1) | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 98 | 600 000 | 58 800 |
5. | Қой шаруашылығы | ||||
1) | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату | килограмм | | | 289 649,992 |
| 1-деңгей | килограмм | 200 | 1 377 325 | 275 465,092 |
| 2-деңгей | килограмм | 100 | 141 849 | 14 184,900 |
2) | Биязы жүн өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 130 | 361 686 | 47 019,186 |
6. | Жылқы шаруашылығы | ||||
1) | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 92 | 458 228 | 42 157,007 |
2) | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 60 | 21 371 | 1 282,280 |
7. | Түйе шаруашылығы | ||||
1) | Шұбат өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 55 | 4 182 | 230 |
| Жиыны: | | | | 2 548 154,263 |