"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Ішкі істер министрі
____________ Е. Сағадиев ____________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 23 желтоқсан 2016 жылғы 26 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен бекітілген |
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе күндіз болуға (күніне екі сағаттан алты сағатқа дейін) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу және тұру ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу және тұру ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын белгілейді.
3. Осы стандартта пайдаланылатын термин:
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) негізінде айқындалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты тікелей құқық бұзушылықтан моральдық, дене және (немесе) мүліктік зиян келтірілген деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына мынадай түрдегі ұйымдар көрсетеді:
1) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған приют;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызметтер көрсететін өзге де ұйымдар.
5. Мыналар:
1) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке тап болған адамдар;
2) қатыгездік пен зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылады.
6. Уақытша болу және тұру ұйымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарындағы жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары деп танылған жағдайда, оларды қабылдайды.
7. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыларды сәйкестендіру;
2) көрсетілетін қызметтерді алушыларға шұғыл әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету;
3) көрсетілетін қызметтерді алушылар уақытша болу және тұру ұйымдарында болған кезеңде жеке жоспарға сәйкес қызметтер көрсету арқылы қорғауды және көмекті қамтамасыз ету;
4) көрсетілетін қызметтерді алушыны отбасы мен қоғамға әлеуметтендіру және қайта ықпалдастыру процесіне жәрдемдесу;
5) көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке басының және олардың жеке өмірінің құпиялылығын сақтау;
6) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру уақытша болу және тұру ұйымдарының негізгі міндеттері болып табылады.
8. Мыналар:
1) шұғыл әлеуметтік қорғау мен көмекке өте мұқтаж адамдарды мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып анықтау;
2) көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру, оларды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды өткізу;
3) көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке басына тиiспеушiлiгі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) уақытша болу және тұру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыру;
5) осы стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
6) көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемдері мен түрлері, уақытша болу және тұру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;
7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
8) уақытша болу және тұру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
9) көрсетілетін қызметтерді алушыларды әлеуметтік оңалту, олардың азаматтық, мүліктік және өзге де құқықтарын қайта қалпына келтіру мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
10) уақытша болу және тұру ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес функциялар уақытша болу және тұру ұйымдарының негізгі функциялары болып табылады.
2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну сапасына қойылатын талаптар
9. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету үшін:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
уақытша болу және тұру ұйымдарының тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайлары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді;
уақытша болу және тұру ұйымының ғимараты онда болуды қолайлы ету, оған кедергісіз кіруді, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес үй-жайдың ішінде және ғимарат маңындағы аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында техникалық жарақтандырумен және арнайы құрылғылармен қамтамасыз етіледі;
берілетін тұрғын үй-жайлардың көлемдері мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен үй-жайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұру қолайлылығын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушыларды тұрғын үй-жайларға (бөлмелерге) орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас және жыныстық ерекшеліктері, физикалық және психикалық жай-күйі, бейімділіктері, психологиялық үйлесімділігі, тұлғалық даму, әлеуметтендірілу деңгейі және туыстық дәрежесі ескеріледі;
әлеуметтік-еңбек қызметін ұйымдастыру, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету үшін ұсынылатын үй-жайлар көлемдеріне, орналасуына және конфигурациясына қарай көрсетілетін қызметтерді алушыларға қызмет көрсету ерекшелігін ескере отырып, оларда жоғарыда аталған барлық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
ұйым мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және жабдықпен жарақтандырылады;
әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға пайдалануға берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға берілетін киім, аяқкиім, ішкиім және басқа да ең қажетті заттар кигенде ыңғайлы болуға, көрсетілетін қызметтерді алушылардың жынысына, бойына және өлшемдеріне сәйкес келуге, санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келуге тиіс;
тамақ сапалы өнімдерден дайындалады, теңгерімділік пен калорий талаптарына сай болады, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді және қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы ескеріле отырып ұсынылады;
емдеу, оқыту үшін көрсетілетін қызметтерді алушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
2) әлеуметтік-медициналық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
емдік манипуляцияларды жүргізу көрсетілетін қызметтерді алушыларға қандай да бір зақым келтірмей, аса мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызу немесе емдеуге жатқызуға жәрдемдесу оперативті түрде және уақтылы жүргізіледі;
саламатты өмір салтын насихаттау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу бойынша жеке жұмыс жүргізу зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі тұтыну, шылым шегу) келеңсіз салдарын, олар әкеп соқтыратын теріс нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайларға байланысты осы әдеттердің алдын алу немесе еңсеру бойынша қажетті ұсынымдармен сүйемелденеді;
медициналық-әлеуметтік, сот-медициналық, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетіледі;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар ауруларының, жарақаттануларының уақтылы профилактикасына және оларды емдеуге ықпал етеді;
денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарының консультациясын алуға жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді;
3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдардың алдын алу және еңсеру үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жөнге салу бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушылардан алынған ақпараттың және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды олармен талқылаудың негізінде психологиялық консультация беру ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға, осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
Көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық диагностикалау ұйымның психологы әзірлеген психологиялық-диагностикалық топтаманың негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлықтарындағы ауытқулар мен айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынасына ықпал ететін олардың психикалық жай-күйі мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындау және талдау нәтижелері бойынша тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру түзету іс-шараларын жүргізу жөнінде болжам жасауға және ұсынымдар әзірлеуге қажетті ақпаратты береді;
психологиялық түзету белсенді психологиялық әсер ету ретінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоциялық жай-күйіндегі ауытқуларды (жекелеген адамдардың эмоциялық ден қоюы мен мінез-құлық стереотиптерінің қолайсыз түрлерін, жанжалды қарым-қатынастар мен мінез-құлқындағы басқа да ауытқуларды) еңсеруді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл осы көрсеткіштерді жас нормаларына және әлеуметтік ортаның талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
психологиялық тренингтер белсенді психологиялық әсер ету ретінде психологиялық-жарақаттаушы ахуалдардың салдарын, жүйке-психикалық шиеленісті жоюда, тыныс-тіршіліктің әлеуметтік емес түрлерін еңсеретін адамдар бойында әлеуметтік құнды мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда, оларды өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастыруда тиімділігімен бағаланады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды жүйелі түрде қадағалау негізіндегі әлеуметтік-психологиялық патронаж психикалық жайсыздық, тұлғалық (ішкі тұлғалық) немесе тұлғааралық жанжалды жағдайларды және көрсетілетін қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайының күрделенуіне ықпал ететін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға сол сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушыларға жайсыз күйден шығуға, олардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, стреске төзімділікті, психологиялық мәдениет деңгейін арттыруда, бірінші кезекте, тұлғааралық қарым-қатынастар, жанжалдарды шешу және қарым-қатынас саласында көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
шұғыл психологиялық көмек көрсетілетін қызметтерді алушыларға кідіртпестен психологиялық консультация беруді, олардың дағдарыстық күйден шығуы үшін физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өз бетінше шешу және қиындықтарды еңсеру үшін олардағы қолайлы құралдар диапазонын кеңейтуге, өзіне деген сенімділікті нығайтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
психологиялық-профилактикалық жұмыс көрсетілетін қызметтерді алушылардың психологиялық білім алу қажеттілігін және оны өзімен және өз проблемаларымен жұмыс жасау үшін пайдалану ниетін қалыптастыруға ықпал етеді, әрбір оңалту кезеңінде тұлғаның толыққанды психикалық дамуы, тұлғаның дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алу үшін жағдай жасайды;
әңгімелесулер, қарым-қатынас жасау, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусты психологиялық қолдау көрсетілетін қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын арттыруды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар өткізу зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайларының алдын алуды қамтамасыз етеді;
қажет болған жағдайда оқулықтар мен оқу керек-жарақтарын алуға жәрдемдесу;
5) әлеуметтік-еңбек қызметтері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, көрсетілетін қызметтерді алушылардың дене бітімінің және психикалық жай-күйі ескеріле отырып жүргізіледі;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын, білімдері мен біліктерін қалыптастыру мақсатында көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып, олардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбекпен емдеу қызметінің түрлері тағайындалады;
қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу және тұру ұйымының аумағында, күндіз жұмыспен қамту уақытша болу және тұру ұйымының кабинеттерінде жүзеге асырылады және көрсетілетін қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды тіршіліктің түрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шаралар көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал етеді;
кәсіптік білімі жоқ көрсетілетін қызметтерді алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесетін іс-шаралармен сүйемелденеді;
6) әлеуметтік-мәдени қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларын жүргізу уақытша болу және тұру ұйымының басшысы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады;
үйірмелер мен бос уақытты өткізу қызметін ұйымдастыру көрсетілетін қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды концерттер мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлері бағдарламасының жобаларын әзірлеуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ойлау қабілетін кеңейтуге, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді;
телефон байланысы арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндігін ұсыну агрессия рецидивін болдырмау, көрсетілетін қызметтерді алушының мүліктік, азаматтық және өзге де құқықтарын қорғау мәселелерін шешуді жеделдетуді және неғұрлым тиімді шешуді қамтамасыз етеді;
7) әлеуметтік-экономикалық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
көрсетілетін қызметтерді алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті әрі тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғану тәсілдері туралы толық мағлұмат береді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама мәселелері бойынша және басқа да мәселелер бойынша консультация беру оларға өздерін қызықтыратын заңнамалық актілер мен қозғалатын мәселелердегі құқықтар туралы мағлұмат береді;
құжаттарды (өтініштер, шағымдар, анықтамалар және хаттар) дайындауға және оларды тиісті адресаттарға жіберуге көмектесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтірумен (қорғаумен) байланысты мәселелердің практикалық шешілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.12.2021 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Уақытша болу және тұру ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу және тұру ұйымының басшысында сақталады және көрсетілетін қызметтерді алушылар мен келушілердің алғашқы талап етуі бойынша ұсынылады.
11. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ай сайын уақытша болу және тұру ұйымының басшысы қарайды.
12. Ұйым мамандарының жұмыс сапасын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) қолданылу мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша қайта әлеуметтендірілген көрсетілетін қызметтерді алушылардың санына қарай уақытша болу және тұру ұйымының басшысы немесе уәкілетті орган бағалайды.
13. Қызметтерді көрсетуден бас тарту адамдарда мынадай:
1) науқастың өзі және айналасындағылар үшін қауіпті мінез-құлықтық ауытқулармен сүйемелденетін психикалық аурулар;
2) белсенді процесс сатысындағы туберкулез, инфекциялық аурулар, карантиндік инфекциялар, шаш және тері жұқпалы аурулары;
3) алкогольдік, есірткілік масаю жағдайы;
4) паллиативтік көмек көрсету және мейіргерлік күтім қызметтерін қажет ететін аурудың терминалдық (түпкілікті) сатысы;
5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық ем алуды қажет ететін аурулар және/немесе жарақаттанулар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілуге тиіс, олардан шыққан соң қажет болған кезде, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін уақытша болу және тұру ұйымдарына қабылданады.
3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету көлеміне қойылатын талаптар
14. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемін әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман уақытша болу және тұру ұйымының басқа да мамандарымен (бұдан әрі – ұйым мамандары) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығын бағалау мен айқындау жүргізу арқылы айқындайды.
15. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары деп танылған адамдарға шарт жасалғанға дейін төмендегідей көлемде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыларға тамақ ұсына отырып, уақытша орналастыру;
2) алғашқы медициналық қарап-тексеру жүргізу және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
3) өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
4) төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып төсек-орын ұсыну.
16. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде жүргізіледі.
17. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін бағалау нәтижелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым мамандары шарт жасалған мерзімге немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір көрсетілетін қызметтерді алушыға жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ЖЖЖ) әзірлейді және оны уақытша болу және тұру ұйымының басшысы бекітеді.
18. ЖЖЖ-да көрсетілген оңалту іс-шараларын ұйым мамандары ЖЖЖ-да белгіленген мерзімдерде өткізеді.
19. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың жай-күйі өзгерген немесе ЖЖЖ іс-шараларын көзделген мерзімнен бұрын (не кешірек) орындауға ықпал ететін ахуал туындаған жағдайда ЖЖЖ түзетілуге тиіс.
20. ЖЖЖ орындалу мониторингінің нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда (электрондық картотекада) (бұдан әрі – журнал (электрондық картотека) көрсетіледі.
21. ЖЖЖ-ның орындалу мониторингін әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман немесе мониторинг жүргізуге уақытша болу және тұру ұйымының басшылығы уәкілеттік берген адам тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырады.
22. Уақытша болу және тұру ұйымы персоналының штаттық нормативтері осы стандартқа 3-қосымшада белгіленген уақытша болу және тұру ұйымдарындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтерін сақтау арқылы бюджеттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып қалыптастырылады.
23. Уақытша болу және тұру ұйымында осы стандартқа 3-қосымшада белгіленген уақытша болу және тұру ұйымындағы штаттық нормативтерде көзделген қажетті мамандар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес шарттық негізде мамандар тартуға рұқсат етіледі.
24. Көрсетілетін қызметтерді алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер ЖЖЖ-ға сәйкес мынадай көлемде және түрлерде көрсетіледі:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру;
төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып төсек-орын ұсыну;
оңалту, емдік, білім беру, мәдени іс-шаралар, еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағдар беру үшін жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайлар беру;
өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12828 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ өнімдерін ұсыну;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды емдеу, оңалту, оқыту үшін, мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушыларды көлікпен тасымалдау қызметтерін ұсыну;
хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету (қажеттілігіне қарай);
уақытша болу және тұру ұйымы жүріп-тұруында қиындығы бар адамдарға межелі жеріне дейін ілесіп жүру (қажеттілігіне қарай) қамтамасыз етіледі;
2) әлеуметтік-медициналық қызметтер:
алғашқы медициналық қарап-тексеру мен алғашқы санитариялық өңдеу жүргізу;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, ем алуға мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызуға және оларға ілесіп жүруге жәрдемдесу;
сот-медициналық, медициналық-әлеуметтік, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультациялар беруіне жәрдемдесу;
емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу;
3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;
әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде қадағалау);
көрсетілетін қызметтерді алушылармен психологиялық-профилактикалық жұмыс;
психологиялық консультация беру;
шұғыл психологиялық көмек;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қатынаста болу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру;
психологиялық тренингтер;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;
өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізу;
4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың дене бітімінің мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып білім алуларына жәрдемдесу;
5) әлеуметтік-еңбек қызметтері:
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөнінде іс-шаралар өткізу;
кәсіптік бағдарлауға және консультация беруге жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптер мен практикалық дағдыларға, оның ішінде еңбекпен емдеу қызметі, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық пайдалы жұмыстар арқылы үйрету жөнінде іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-мәдени қызметтер:
мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру;
үйірме жұмысын ұйымдастыру;
қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып көрсетілетін қызметтерді алушыларды мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына тарту;
телефон арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндігін ұсыну;
7) әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтармен, құжаттарды қалпына келтірумен, алименттерді, келтірілген залал үшін өтемақы өндіріп алумен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырумен байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;
тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тергеп-тексеру, сот өндірісі және оны атқару шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдесу;
заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
келген жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру;
ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне арыздар (өтініштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсету;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсету;
заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеу;
сот-тергеу органдары мен мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүдделерін білдіру.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.12.2021 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарына қойылатын талаптар
25. Уақытша болу және тұру ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін оларды ұйымға қабылдау:
көрсетілетін қызметтерді алушының нақты орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті орган), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша болу және тұру ұйымдарына тікелей жүгінген көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке өтініші бойынша жүзеге асырылады.
26. Егер жүгіну сәтінде оларға қатысты заңды өкілі болып табылатын адамның қасында кәмелетке толмаған балалар болса, онда уақытша болу және тұру ұйымына балалармен бірге қабылдау жүзеге асырылады.
27. Ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен бірге түсетін балалар көрсетілетін қызметтерді жеке алушылар ретінде есептеледі.
28. Уақытша болу және тұру ұйымдары көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініші негізінде жүгінген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен бірлесіп Критерийлерге сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанын сәйкестендіруді жүргізеді.
29. Сәйкестендіру жеке контакті кезінде әңгімелесу түрінде ішкі істер органдары өкілдерінің, әлеуметтік қызметкер мен психологтің қатысуымен жүргізіледі. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады.
30. Егер жүгінген адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылса, уақытша болу және тұру ұйымы бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығару үшін оның өтінішімен бірге бағалау парағын уәкілетті органға жолдайды.
Егер жүгінген адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылмаса, оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.
31. Уәкілетті орган бағалау парағын және өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға шешім шығарады және шешім шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны уақытша болу және тұру ұйымына жібереді.
32. Уақытша болу және тұру ұйымдары көрсетілетін қызметтерді алушыларды шарттық негізде қабылдауды жүзеге асырады.
Уақытша болу және тұру ұйымы шешімді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгі шарттың негізінде көрсетілетін қызмет алушылармен шарт жасасады.
33. Шарттың қолданылу мерзімі алты айды құрайды. Шартты ұзарту көрсетілетін қызметтерді алушы медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
34. Уақытша болу және тұру ұйымының мамандары осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың тіркелу карточкасын толтырады.
Көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасын толтырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уақытша болу және тұру ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасынан деректерді енгізеді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.12.2021 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Көрсетілетін қызметтерді алушылар ішкі істер органдарына өтініш беруден бас тартқан жағдайда уақытша болу және тұру ұйымдары өз бетінше үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректерінің құпиялылығын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заңға қайшы әрекет фактісі бойынша келіп түскен өтініш туралы ішкі істер органдарына ақпарат жібереді.
36. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді уақытша болу және тұру ұйымы осы стандарттың 13-тармағында айқындалған медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда тоқтатады.
37. Көрсетілетін қызметтерді алушылар мынадай жағдайларда:
1) ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік сусындарды ішке алып кірген және тұтынған, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы іс-қимылдар жасаған кезде;
2) көрсетілетін қызметтерді алушы уақытша болу және тұру ұйымының аумағынан өз еркімен кеткен және ұйым әкімшілігіне ескертпей, үш тәуліктен көп уақыт болмаған жағдайда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.
Уақытша болу және тұру ұйымының аумағынан кетіп қалған адам осы стандарттың 4-тарауына сәйкес жалпы негіздерде қайта қабылданады, ал дәлелді себептермен (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесінде болу, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты қылмыс жасалған) бұл туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған адам – дереу қайта қабылдануға тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерді алушылар тарапынан негізсіз қорлап, айыптаған, шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушы денсаулық сақтау мекемесінде болған кезеңге тоқтатыла тұрады.
38. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату, көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, уақытша болу және тұру ұйымдарына жіберу немесе ауыстыру уақытша болу және тұру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
39. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аяқталған, тоқтатылған, көрсетілетін қызметтерді алушылар ұйымнан шығарылған, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, уақытша болу және тұру ұйымдарына жіберілген немесе ауыстырылған кезде оларға жеке және маусымға байланысты бекітілген киім мен аяқкиім, уақытша болу және тұру ұйымында сақталатын олардың құнды заттары (құжаттары) беріледі.
40. Уақытша болу және тұру ұйымынан мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметтерді алушылардың еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша;
2) шарт бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
3) шарттың талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;
4) ЖЖЖ іс-шаралары көзделген мерзімнен бұрын орындалған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтауды жүзеге асырады.
Жеке жұмыс жоспары
Көрсетілетін қызметтерді алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________________________________________________
Туған күні және жылы ____________________________________________________________
Уақытша болу және тұру ұйымына түскен күні________________________________________
Қызметтерді алушыға ______ бастап ____ қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары _______ бастап ______ қоса алғанға дейінгі кезеңге әзірленді
Көрсетілетін қызметтерді алушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тағайындалған іс-шаралар
(көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):
№ | Қызмет түрлері | Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы) | Тағайындауды жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы | Тағайындау күні |
1 | әлеуметтік-тұрмыстық | |||
2 | әлеуметтік-медициналық | |||
3 | әлеуметтік-психологиялық | |||
4 | әлеуметтік-педагогикалық | |||
5 | әлеуметтік-еңбек | |||
6 | әлеуметтік-мәдени | |||
7 | әлеуметтік-экономикалық | |||
8 | әлеуметтік-құқықтық | |||
Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 __ жылғы "__" __________
Ұйымның маманы __________________________________ _______ ________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) күні) (қолы)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Көрсетілетін қызметтерді алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі) жөніндегі журнал (электрондық картотека)
Көрсетілетін қызметтерді алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________
Туған күні және жылы_____________________________________________________________
____ бастап ___ _____ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторинг
Көрсетілетін қызметтерді алушыны қадағалау кезеңі: ________ бастап ________ қоса алғанда
№ | Көрсетілетін қызметтерді алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде | Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызметтің қай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету) | Мониторинг жүргізу күні | Мониторингті жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы | |
оң өзгерістер бар (сипаттап беру)* |
өзгерістер жоқ немесе нашарлады | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
5 | |||||
6 | |||||
7 | |||||
8 |
Ұйымның маманы __________________________________ ________ _______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) (қолы)
Ескертпе: * Көрсетілетін қызметтерді алушының:
- соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
- қимыл, сенсорлық, танымдық, сөйлеу, коммуникативтік салаларында;
- өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен
бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастыруда оң өзгерістер байқалады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 3-қосымша |
Уақытша болу және тұру ұйымындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтері
№ | Лауазым атауы | Көрсетілетін қызметтерді алушылардың саны | |
20-ға дейін | 20-50 | ||
1 | Директор | 1 | 1 |
2 | Бас бухгалтер | 1 | 1 |
3 | Іс жүргізуші/ кадрлар жөнiндегi инспектор | 1 | 1 |
4 | Заңгер | 1 | 2 |
5 | Психолог | 1 | 2 |
6 | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 1 | 1,5 |
7 | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант | 1 | 1,5 |
8 | Тәрбиешi (балалар болған жағдайда) | 10 балаға 1 бірлік | |
9 | Аға мейіргер | 1 | 2 |
10 | Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке баулу мұғалiмi) | 1 бірлік (оқу тобына) | |
11 | Мәдени ұйымдастырушы | 1 | 1 |
ӨТІНІШ
Мені (және баланы (балаларды) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша болу және тұру ұйымына қайта әлеуметтендіруге қабылдауыңызды сұраймын.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Уақытша болу және тұру ұйымына қабылдау, орналастыру, шығару, көрсетілетін қызметтерді тоқтату шарттарымен және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.
Сондай-ақ өзім туралы көрінеу жалған ақпарат беру фактілері жөнінде ескертілді.
20____ жылғы "____" _______________________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау парағы
_______________________________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ р/с | Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі | Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау көрсеткіштері |
1. | Күш көрсету зорлық-зомбылығы | |
1.1 | Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау | |
1.2 | Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер | |
1.3 | Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу | |
1.4 | Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру | |
1.5 | Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру | |
2. | Психологиялық зорлық-зомбылық | |
2.1 | Дөрекілік, қорлау, балағаттау, қорқыту, бопсалау, ізіне түсу және адамның теріс эмоциялық реакциясы мен жан күйзелісін тудыратын басқа әрекет (әрекетсіздік) | |
2.2 | Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу | |
2.3 | Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде | |
3. | Экономикалық зорлық-зомбылық | |
3.1 | Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру | |
3.2 | Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру | |
3.3 | Тұрғын үйінен айыру | |
3.4 | Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру | |
3.5 | Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру | |
4. | Сексуалдық зорлық-зомбылық | |
4.1 | Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау | |
4.2 | Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау | |
4.3 | Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету |
________________________________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде қатыгездікпен
қараудан зардап шеккен деп танылады.
________________________________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде қатыгездікпен
қараудан зардап шеккен деп танылмайды.
Бағалау жүргізген адамдар
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 6-қосымша |
|
Нысан |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы үлгілік шарт
______________________________________________________________________ атынан
(ұйым субъектісінің атауы)
____________________________________________ (бұдан әрі – Ұйым), бір тараптан және _____________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың нысанасы
Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушыға қайта әлеуметтендіруге (жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіруге) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Ұйымның міндеттері:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыға құрметпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттеріне салғырттықпен қарауға жол бермеу.
2.2. Ұйымның құқықтары:
1) көрсетілетін қызметтерді алушының Ұйымда болуын бақылауды жүзеге асыру;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты сұрату;
3) көрсетілетін қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе тарап оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.
2.3. Көрсетілетін қызметтерді алушының міндеттері:
1) қайта әлеуметтендіру процесіне белсенді түрде қатысу;
2) Ұйым персоналына құрметпен қарау;
3) осы шарттың талаптарын сақтау.
2.4. Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары:
1) қайта әлеуметтендіру процесі туралы ақпарат алу;
2) Ұйым тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе ұйым оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.
3. Шартты бұзу талаптары
3.1. Осы шарт "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 37-тармағында көзделген негіздер бойынша бұзуға жатады.
4. Қорытынды ережелер
Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
Ұйым басшысы ________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Көрсетілетін
қызметтерді алушы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 7-қосымша |
|
Нысан |
Уақытша болу және тұру ұйымында көрсетілетін қызметтерді алушыны тіркеу карточкасы
1. Тегі __________________________________________________________________________
2. Аты __________________________________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болса) _________________________________________________________
4. Жынысы ______________________________________________________________________
5. Туған күні _____________________________________________________________________
6. Ұлты (көрсетпеуге болады)_______________________________________________________
7. Туған жері ____________________________________________________________________
8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы
________________________________________________________________________________
9. Қолда бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін сызу)
Құжат түрі | Нөмірі/сериясы | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Кім берді |
Жеке куәлік | ||||
ЖСН |
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________
11. Білімі _______________________________________________________________________
12. Кәсібі _______________________________________________________________________
13. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.)
________________________________________________________________________________
14. Денсаулық жағдайы ___________________________________________________________
15. Азаматты жіберген ұйым _______________________________________________________
18. Факт бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабар берiлді ме _____________________
19. Азаматтың жеке қолы __________________________________________________________
20. Күні _________________________________________________________________________
21. Карточканы толтырған ұйым маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
________________________________________________________________________________