Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда № 14632 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервіне қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 20 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13644 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2016 жылғы 23 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бішімбаев

      2016 жылғы _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің м.а.

      ____________ М. Құсайынов

      2016 жылғы 26 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 96 бұйрығына
1-қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Агенттік және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) алып тасталды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

      1) тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және қызмет алушы таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

      Осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымдары) орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламаларына байланысты ең ұзақ уақыты 3 сағат 45 минуттан аспауы тиіс;

      2) портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі – осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификат, "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы тұжырым немесе осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шекті мәннен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.

      Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорация – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жүргізіледі.

      Құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электронды" кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Электронды кезекті портал арқылы брондауға болады.

      3) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);

      2) портал арқылы жүгінген кезде:

      "электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.";

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация және портал арқылы өтініш берілген жағдайда, құжаттардың қабылданғандығы осы стандарттың 7-қосымшасындағы нысанға сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхатпен расталады.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берілген жағдайда, құжаттардың қабылданғандығы осы стандарттың 8-қосымшасындағы нысанға сәйкес тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхатпен расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Көрсетілетін қызметті беруден бас тартуға:

      1) қызмет алушының соңғы екі айда шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі;

      2) қызмет алушының соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламаларын және қағидаларын бұзғандығы туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы негіз болып табылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

      Шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылдануын растау көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде мөр таңба қойылып, кіріс нөмірі мен күні, сондай-ақ шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, тіркелуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық адресін көрсете отырып қол қояды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының, бөлімінің басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау оны тіркеу (мөр таңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымның қаралуының нәтижелері туралы жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде қолма-қол беріледі.

      12. Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін кемістігіне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - www.kyzmet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорация - www.goscorp.kz.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы, сонымен қатар порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, C-NB-4, C-NB-5, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, C-NBО-4, C-NBО-5, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-O-4, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, стратегиялық ойлану – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NB-4, C-NB-5, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, C-NBО-4, C-NBО-5, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 2,5 балл, стратегиялық ойлану – 2,5 балл, көшбасшылық – 2,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) екінші бағдарлама C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, C-SV-12, C-SV-13, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Сертификат

______________________ "Б" корпусының
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден ______________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___" _______________ 20 __ ж. өткенін растайды.

Сурет


Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





Қорытынды




      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.

      Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      санаттарына жарамды.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________

      Тестілеу операторының қолы _______________________

      20__ жылы "___" ___________________

      М.О.

  Нысан

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы

СЕРТИФИКАТ

___________________________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден ______________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___" _______________ 20 __ ж. өткенін растайды.


 
Сурет
 
 



Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ




      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.

      Осы сертификат құқық қорғау қызметінің _________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _________________________санаттарына жарамды.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________

      Тестілеу операторының қолы: _______________________

      "___" ___________________ 20 __ ж.

      М.О.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым

Тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):


Тестілеу күні мен уақыты:


"Б" корпусы лауазымының санаты



 
Сурет
 
 





      Қатерлі аймақ - бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: ________________________________________

      М.О.

  Нысан

Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым

Тестіленушінің ТАӘ (бар болған жағдайда):


Тестілеу күні мен уақыты:



 
Сурет
 
 





      Қатерлі аймақ – бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.

      Қорытынды қолданылу мерзімі жеке қасиеттерді бағалауды өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: ________________________________________

      М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан

Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама

__________________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _________________қаласында "___" _________ 20____ж.

_____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.

Сурет


Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны

Қорытынды




      Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өте алады.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: ________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________________

      М.О.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
____________________________
тел._________________________
эл. мекенжайы _______________

Өтініш

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің мемлекеттік тіл мен заңнаманы білуге ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
7-қосымша
  Нысан

Қолхат

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің

      ________________________________________өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Тестілеу өту күні: _____________________________________________

      Тестілеу өту уақыты: ___________________________________________

      Тестілеу өту мекенжайы: ________________________________________

      Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеудің шектi мәнінен төмен баға алған "Б" корпусы лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      20__ жылғы "___" ___________________

  Нысан

ҚОЛХАТ

      Құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттың

      _____________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Тестілеу өту күні: _____________________________________________

      Тестілеу өту уақыты: __________________________________________

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________________________________

      Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
8-қосымша
  Нысан

Қолхат

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 96 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет);

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Агенттік және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

      1) "А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысқан адамдардың құжаттарын қабылдау аяқталған сәттен бастап әңгімелесуді өткізгенге дейін – 38 жұмыс күнi ішінде. Әңгімелесуді өткізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) белгілейді;

      2) құжаттарды портал арқылы тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.

      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны: электрондық және/немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесi – Агенттіктің кадр резервіне алу туралы бұйрығынан үзінді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесдемалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтiнiш (бұдан әрі – өтініш);

      жеке куәлік (сәйкестендіру үшін қажет);

      бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі;

      осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "А" корпусының кадр резервіне үміткердің қызметтік тізімі (бұдан әрі – қызметтік тізім);

      "А" корпусының кадр резервіне үміткерді ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (бұдан әрі – ұсынымхат). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

      өмірбаян;

      Ұлттық комиссияның шешімімен белгіленетін құжаттар.

      Порталға жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда, қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      қызметтік тізімнің электрондық көшірмесі;

      еңбек қызметiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      ұсынымхаттың электрондық көшірмесі;

      өмірбаянның электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттартар туралы мәліметтерді, сотталғандығы бар немесе жоқ болуы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтінімді портал арқылы қабылдау жағдайында, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдануын растау көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде мөр таңба қойылып, кіріс нөмірі мен күні, сондай-ақ шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, тіркелуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық адресін көрсете отырып қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде қолма-қол беріледі.

      11. Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін, оның ішінде электрондық нұсқада көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы, сонымен қатар порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметтiң кадрлық резервiне
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш

      Мен, ____________________________________, ЖСН ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне

      ____________________________________________________________________

      (келесілердің бірі көрсетіледі: бірінші санаттың бірінші тобы немесе бірінші санаттың екінші тобының бірінші не екінші не үшінші топшасы немесе екінші санаттың бірінші немесе екінші тобы көрсетіледі) іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.

      Мен:

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;

      өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      "А" корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым және әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, "А" корпусының лауазымдар тобы, топшасы және санаты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;

      атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.________________________________________________________

      2.________________________________________________________

      3.________________________________________________________

      4.________________________________________________________

      5.________________________________________________________

      6.________________________________________________________

      7.________________________________________________________

      Байланыс деректері:

      Қаланың коды, телефон______________________________________

      Ұялы телефон ______________________________________________

      Тұратын жерінің мекен-жайы (поштамекен-жайы): ________________

      Тіркелген жерінің мекен-жайы: ________________________________

      Электронды мекен-жайы: _____________________________________

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ ж. "____"_______________

  "Мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметтiң кадрлық резервiне
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

"А" КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ
ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ
В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА "А"

_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))/
фамилия, имя, отчество (при его наличии)

ФОТО
(түрлі-түсті/
цветное,
3,5х4,5)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения


2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)


3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения


4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание


5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками


6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/
Государственные награды, почетные звания


7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин


8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі/
Вид взыскания, дата и основания его наложения


9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күнімен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения


 
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
күні/дата


Тексерілді/
Проверено _______________________
қолы/подпись

_________________
күні/дата

Мөрдің орны
место печати

___________________________________________
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты
Фамилия, имя, отчество работника службы управления персоналом (кадровой службы)


  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 96 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерін беру:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);

      2) көрсетілетін қызмет беруші.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап – 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күн ішінде;

      2) құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған кезде кезекте күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың қатарына алу туралы бұйрықтан жазбаша түрдегі үзінді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет магистратура үшін жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген және докторантура үшін – "магистр" академиялық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

      APTIS, IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде дәреже алған талапкерлер бұл талаптан босатылады);

      еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім, басқа адамдар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша медициналық анықтама (бұдан әрі – денсаулығы туралы медициналық анықтама);

      мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссе (магистратураға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бар болған жағдайда эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), ғылыми еңбектердің тізімі (докторантураға түсушілер үшін).

      Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасымен бірге ұсынылады. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданған күннен бастап үш ай ішінде нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

      Шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтарына – "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберіндегі білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қоса салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі. Түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.

      2) Қазақстан Республикасының азаматтары порталға жүгіну кезінде:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

      APTIS, IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер бұл талаптан босатылады);

      еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім, басқа адамдар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);

      денсаулығы туралы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдаманың электрондық көшірмесі (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссенің электрондық көшірмесі (магистратураға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бар болған жағдайда эссенің, зерттеу жұмысы жоспарының (research proposal), ғылыми еңбектер тізімінің электрондық көшірмесі (докторантураға түсушілер үшін).

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып беретін талон осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаудың расталуы болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұратуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы стандартқа 12-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8(7172) 75-34-86.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдануын растау көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде мөр таңба қойылып, кіріс нөмірі мен күні, сондай-ақ шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, тіркелуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық адресін көрсете отырып қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде қолма-қол беріледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін, оның ішінде электрондық нұсқада көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы, сонымен қатар порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясының ректоры
___________________________
(тегі және аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________ тұратын

      (тұрғылықты жерінің мекенжайын көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      жеке куәлігінің немесе төлқұжатының мәліметтері_____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (№, қашан және кім берді, әрекет ету мерзімі)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Мені ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      (мамандықты көрсетіңіз)

      ___ жыл оқу мерзімімен магистратураға/докторантураға бюджеттік/ақылы

      (қажеттісінің астын сызыңыз)

      негізде оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:

      1. туған күні (күні, айы, жылы)______________________________________________________

      2. ұлты__________________________________________________________________________

      3. азаматтығы ____________________________________________________________________

      4. жынысы_______________________________________________________________________

      5. отбасы жағдайы________________________________________________________________

      6. ЖОО атауы, мамандығы және бітірген жылы________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. диплом бойынша жалпы рейтинг балы (дипломның № көрсетіңіз)_______________________

      ________________________________________________________________________________

      8. жұмыс орны___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. лауазымы_____________________________________________________________________

      10. жалпы еңбек өтілі ____, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі_____________________

      11. саяси немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші

      (қажеттісінің астын сызыңыз)

      12. санаты (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін)__________________________________

      13. кім жіберді (жолдамасы болған жағдайда)_________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14. телефон нөмірлері:

      қызметтік_______________________________________________________________________

      үй______________________________________________________________________________

      ұялы____________________________________________________________________________

      қосымша байланыс _______________________________________________________________

      15. электрондық пошта мекенжайы:__________________________________________________

      16. жатақхана қажет/қажет емес (қажеттісінің астын сызыңыз)

      Мен күмәнді мәліметтерді берген жағдайда, бұл жайт қабылдау емтихандарына жібермеуге немесе кейіннен Академиядан оқудан шығаруға негіз болатындығы жөнінде хабардармын және онымен келісемін.

      Академияға оқуға Қабылдау қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

      "____" ___________ 20__ ж.                              _________________________

  (қолы)
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  (фирмалық бланкіде
толтырылады)
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясы

Жолдама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      ________________________________________________________________________________

      (қызметкерді оқуға жіберетін мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, санаты, өтілі)

      магистратураға/докторантураға (қажеттісін сызып көрсету) __________________ мамандығы

      бойынша 1 жылдық /2 жылдық/3 жылдық оқу мерзіміне (қажеттісін сызып көрсету) оқуға

      жібереді.

      Үміткер оқуға қабылданған жағдайда, Академия, оқуға жіберген мемлекеттік орган

      және білім алушылар арасында үш жақты шарт жасасуға кепілдік береміз.

      "____" ___________ 20__ ж.

      _________________                  __________            _______________________________

      (лауазымы)                         (қолы)            (мемлекеттік органның саяси мемлекеттік

      қызметшісінің немесе жауапты хатшысының

      не аппарат басшысының, жоғарыда аталған

      лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік

      органдарда мемлекеттік орган басшысының

  тегі және аты-жөні)
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 3-қосымша
  Нысан

Эссе

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Магистратураға оқуға түсушілер үшін

      эссе жазу бойынша ұсынымдар

      1. Мотивациялық эссе.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне магистратура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетінін, оқу аяқталғаннан кейін алған білімі мен құзыреттерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатынын түсіндіру қажет. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

      2. Мамандық бойынша берілген тақырыпқа эссе.

      Эссе мақсаты сыни ойлаудан, академиялық хат пен зерттеудің пәндік саласын кәсіби түсіну дағдыларын көрсетуден тұрады. Эссе көлемі 500 сөзден (библиографияны қоспағанда) аспауы тиіс.

      Талаптар:

      1) эссе құрылымы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады;

      2) эссе осы тақырып бойынша нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды, ғылыми және басқа дереккөздерді талдауды қамтиды;

      3) эсседе ойды логикалық және дәлелді баяндау дағдыларын меңгергені көрсетіледі;

      4) қажет болған жағдайда, әртүрлі талдау әдістерін, мысалы, "шығындар-пайдалар" (cost-benefitanalysis), pest-талдау (pestanalysis), көптеген критерийлер бойынша шешімдерді талдау (multi-criteriadecisionanalysis) және басқаларды қолданады;

      5) дереккөздерге кемінде бес сілтемеден тұратын библиография көрсетіледі.


  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 4-қосымша
  Нысан

Эссе

      Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Докторантураға оқуға түсушілер үшін

      эссе жазу бойынша ұсынымдар

      Мотивациялық эсседе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне докторантура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетіні, оқу аяқталғаннан кейін меңгерген құзыреттері мен зерттеу нәтижелерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатыны түсіндіріледі. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

      Зерттеу жұмысының жоспары (Research proposal)

      Зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal)

      рәсімдеу бойынша нұсқаулық

      Зерттеу жоспары конкурстық комиссияның мыналарды айқындауына мүмкіндік береді:

      1) талапкер өзінің зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер мен зерттеулерді жақсы біледі;

      2) ғылыми тақырыбының өзектілігі дәлелденген;

      3) зерттеу тақырыбы мемлекеттік басқару мен дипломатияның басты бағыттарына сәйкес келеді;

      4) талапкердің өзінің зерттеу жұмысын жоспарлауға қабілеттілігі.

      Зерттеу жоспары міндетті түрде мынадай компоненттерді қамтуы тиіс:

      1) зерттеу жұмысының жұмыс атауы;

      2) зерттеуші қарастыратын мәселелерді (сұрақтарды) белгілеу;

      3) әдебиеттерге қысқаша шолу және зерттеу жаңалығын негіздеу;

      4) зерттеу әдіснамасы – деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері;

      5) алдын ала зерттеу сызбасы кесте түрінде – зерттеу кезеңдерінің жүйелілігі және әрбір кезеңді іске асыру үшін қажет болатын уақыт;

      6) библиография – жобаның сипаттамасында көрсетілген әдебиет, сондай-ақ зерттеу тақырыбы бойынша басқа да маңызды ғылыми зерттеулер.

      Нысан

      Ғылыми еңбектердің тізімі

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


р/с

Атауы

Жұмыстың сипаттамасы *

Басып шығару мәліметтері

Жалпы көлемі, б.т., оның ішінде ізденушінің үлесі

Теңавторлар

1

2

3

4

5

6































      * монография, оқулық, оқу құралы, мақала және т.с.с.

      "____" ___________ 20__ ж.                               _________________________

      (қолы)

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(Үміткердің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау туралы талон

      Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1) өтініш;

      2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

      3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

      4) APTIS, IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер бұл талаптан босатылады);

      5) еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін істеген қызметтерінің тізімі, басқа тұлғалар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе нотариалды расталған еңбек кітапшасы);

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша медициналық анықтама;

      7) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

      8) екі эссе (магистратураға түсетін абитуриенттер үшін);

      9) эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), ғылыми еңбектердің тізімі бар болған жағдайда (докторантураға түсетін абитуриенттер үшін).

      Құжаттарды тапcырды ______________ Құжаттарды қабылдады ____________

      "____"______20___ ж.                                          "____"______20___ж.

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 6-қосымша
  ____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(мекенжайы)
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 25.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсетуге (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1)____________________________;

      2)____________________________;

      3)____________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тапсырдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті берушінің қолы__________________

      Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы_____________________

      20____ жылғы "___" _________


  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 96 бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушыны оқуға қабылдау сәтінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

      магистрлік бағдарламалар бойынша – бір жыл немесе екі жыл (мамандыққа байланысты);

      докторлық бағдарламалар бойынша – үш жыл.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік білім бағдарламасының толық меңгергенін растайтын дипломы, сондай-ақ оған қосымша (транскрипт);

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік бағдарламаларын аяқтамаған көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы және (немесе) тегін көрсетіледі.

      Тегін: мемлекеттік қызметшілерге республикалық бюджет қаражаты есебінен.

      Ақылы: жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен және өзге де көздер есебінен.

      8. Жұмыс кестесі оқу жоспарына, мамандықтың академиялық күнтізбесіне, сабақ кестесіне, аралық бақылауға, емтихан сессиясына, қорытынды аттестаттауға сәйкес (кешенді мемлекеттік емтиханды тапсыру және диссертацияны қорғау) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтi алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің ректорының оқуға қабылдау туралы бұйрығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      3) көрсетілетін қызметті алушының сынақ кітапшасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда үшін шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдануын растау көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде мөр таңба қойылып, кіріс нөмірі мен күні, сондай-ақ шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, тіркелуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық адресін көрсете отырып қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде қолма-қол беріледі.

      11. Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 96 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      4. Қайта даярлау курстары басталған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – кемінде 120 (жүз жиырма) академиялық сағат, біліктілік арттыру семинары басталған сәттен бастап – оқу түріне қарай 24 (жиырма төрт) академиялық сағаттан бастап 80 (сексен) академиялық сағатқа дейін.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі:

      1) қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжат;

      2) біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын құжат.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мына көрсетілетін қызметті алушыларға:

      тегін: мемлекеттік қызметшілерге республикалық бюджет қаражаты есебінен;

      ақылы: жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңы 156-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен және өзге де көздер есебінен.

      8. Жұмыс кестесі 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, семинар бағдарламасына сәйкес, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтi алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мемлекеттік қызметшілер үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыру семинарынан өту үшін сауалнама-өтінім (бұдан әрі – сауалнама);

      мемлекеттік органдар ұсынатын көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі;

      2) өзге жеке тұлғалар үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      толтырылған сауалнама;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге ақы төленгенін растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде мөр таңба, кіріс нөмірі мен күні қойылып тіркелуі болып табылады.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы өз тегі мен аты-жөнін (бар болған жағдайда), пошталық адресін көрсете отырып, қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесінде қолма-қол беріледі.

      11. Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында қайта даярлау
және біліктілікті арттыру
курстарында оқыту"
мемлекеттік көрсетілетін
стандартына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты
Мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыру семинарынан өту үшін
САУАЛНАМА-ӨТІНІМ

      1. Семинар атауы_____________________________________________________

      2. Жоспар-кесте бойынша оқу мерзімі____________________________________

      3. Оқуға жіберілетін үміткердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) толығымен, баспа әріптермен, жеке куәлігі бойынша

Тегі





















Аты





















Әкесінің аты
(бар болған жағдайда)





















      4. Туған күні, айы, жылы_______________________________________________

      5. Министрлік, ведомство, ұйым, атқарушы билік органы___________________

      ____________________________________________________________________

      6. Лауазымы_________________________________________________________

      7. Департамент, басқарма, бөлім_________________________________________

      (департаменттің, басқарманың толық атауы)

      8. Санаты____________________________________________________________

      9. Мемлекеттік қызмет өтілі____________________________________________

      10. Осы лауазымдағы еңбек өтілі________________________________________

      11. Негізгі функционалдық міндеттері____________________________________

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________

      12. Лауазымға тағайындалған күні, бұйрық №_____________________________

      13. Соңғы біліктілігін арттырудан өткен күні______________________________

      14. Мемлекеттік органның пошталық мекенжайы__________________________

      15. Оқуға жіберілетін үміткердің қызметтік телефонының №________________

      16. Кадр қызметі телефонының №_______________________________________

      17. Оқуға жіберілетін үміткердің электрондық поштасының мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      18. Оқуға жіберілетін үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі

      ____________________________________________________________

      19. Таңдаған тақырыбы бойынша қысқаша эссе

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мөр орны

      ________________________________ __________________________

      (мемлекеттік органның кадр қызметі (тікелей басшысының қолы )

      басшысының қолы)