Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 сәуірде № 13644 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 7 өкімімен     
бекітілген     

«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердiң
тiзбесi

Р/с

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Нормативтік құқықтық және құқықтық актiнiң нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзiмi

Нормативтiк құқықтық және құқықтық актiні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

2.

Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк инспекцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

3.

Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

4.

Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

5.

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

6.

Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

7.

Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

8.

Атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

9.

Атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

10.

Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

11.

Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

12.

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

13.

Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

14.

Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

15.

Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

16.

Ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

17.

Тасымалдау қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

18.

Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

19.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі