Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14425 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы

      26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С.Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      2016 жылғы 14 қазан


      _____________ Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 7 қазандағы
№ 597 бұйрығымен бекітілген

Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс).

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

      2) баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;

      3) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор.

2-тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды ұйымдастыру тәртібі

      3. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының қабылдайтын отбасыларна беру жүзеге асырылады.

      4. Балаларды ұйымнан баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органына (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқаларын көрсете отырып);

      3) неке туралы куәліктің көшірмесін;

      4) Кодекстің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адамның, ерлі-зайыптылардың ауруларының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұруы туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамаларды;

      5) "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасының 94-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша мәліметтердің бар не жоқ екені туралы анықтаманы;

      6) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың (жалға беру туралы шарт) көшірмесін ұсынады.

      5. Баланы қабылдайтын ата-аналар:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      4) егер олардың кінәсінен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде;

      6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      7) баланы қабылдайтын отбасына ресімдеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланы кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

      10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда тек кәмелетке толған адамдар бола алады;

      12). адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

      6. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін дайындайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

      7. Қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң Қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне енгізеді.

      8. Баланы қабылдайтын отбасына үміткерлер Кодекстің 118-3-бабына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінен өздері тұратын облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумағындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымынан (бұдан әрі – Ұйым) іріктеуді жүзеге асырады және балаға баруға автоматты түрде қалыптастырылған жолдаманы алады.

      9. Органның Қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағым жасалады.

      10. Балалардың тұратын жері бойынша Ұйым:

      1) үміткерлерге баланы қабылдайтын отбасына беруге болатын балалар туралы мәліметтерді (ата-аналары, жақын туысқандары туралы, денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді) ұсынады;

      2) балалармен қарым-қатынас жасауға жағдай жасайды;

      3) баланы қабылдайтын ата-аналарға ұйымдастыру-әдiстемелiк, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

      4) Республикалық деректер банкінде баланы таңдау нәтижелері туралы мәліметтер енгізеді.

      11. Іріктеудің оң нәтижелері болған кезде баланы қабылдайтын отбасының тұрғылықты жері бойынша Орган баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрық нысанында шешім шығарады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдайтын отбасы, Орган және Ұйым арасында баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт жасасады.

3-тарау. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына
тәрбиелеуге беру

      12. Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.

      13. Он жасқа толған балаларды қабылдайтын отбасына беру олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.

      14. Ұйым баланы қабылдайтын отбасына берілген әрбір балаға мынадай құжаттарды:

      1) жергілікті атқарушы органдардың білім беру ұйымдарына жіберу туралы туралы шешімі;

      2) туу туралы куәлікті (жеке куәлік, паспорт);

      3) № 907 бұйрықпен бекітілген № 026/е нысанындағы медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанындағы медициналық құжаттаманы;

      4) бiлiмi туралы құжатты (мектепке дейінгі балалар үшін);

      5) баланың өмір сүру жағдайын тексеру актісі;

      6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң, сот шешiмiнің (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан шектеу немесе айыру, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану) көшiрмелерi, ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама, ата-аналық құқықтардан бас тарту туралы өтініш, адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акт, баланы денсаулық сақтау ұйымында тастап кету туралы акт;

      7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң (қарындастарының) және басқа да жақын туыстарының бар болуы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;

      8) ата-анасы қайтыс болған соң қалған мүліктің тізімдемесін, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      9) баланың (балалардың) атына тұрғын үй-жайдың бекітілуі туралы құжатты;

      10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесін, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады;

      15. Баланы қабылдайтын ата-аналар тұрғылықты жерінің өзгергені туралы күнтізбелік отыз күн бұрын Органды жазбаша түрде хабардар етеді. Баланы қабылдайтын ата-аналар облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт бұзылады.

4-тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды материалдық
қамтамасыз ету

      16. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балалар өздеріне тиесілі алименттерге, мұра болып қалған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ өзінде бар тұрғын үйге меншік құқығын сақтайды. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балалардың тұрғын үйі болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй беріледі.

      17. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі ақшалай қаражатты және мүлікті сақтау баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу уақытында қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.

      18. Баланы қабылдайтын ата-аналар балаларға тиесілі алименттерден, мұра болып қалған зейнетақы жинақтарынан, жәрдемақылардан және өзге де әлеуметтік төлемдерден түсетін қаражаттарды пайдаланбайды.

      19. Баланы қабылдайтын ата-аналар алты айда бір реттен сиретпей білім беру Ұйымына балалардың денсаулығының жай-күйі және оларды тәрбиелеу жөніндегі есептерді, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы бойынша жазбаша нысанда шығыстарды есеп береді, сондай-ақ олардың мүлкін басқару туралы есепті ұсынады.

      20. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қабылдайтын отбасында балаларды тәрбиелегені үшін баланы қабылдайтын әрбір ата-анаға ақы төлеу бір жылға дейін еңбек өтілі бар білім саласындағы санаты жоқ біліктілігі орта деңгейдегі (В4-4) негізгі персоналдың лауазымдық айлықақысы мөлшері есебімен жүргізіледі.

  Баланы қабылдайтын отбасы туралы
ережеге 1-қосымша

      нысан

      Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органы ___________________________

      __________________________________

      __________________________________

      мекенжайы бойынша тұратын, телефоны

      __________________________________

      __________________________________

      __________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өтініш

      Біз, __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (баланы қабылдайтын ата-ана кандидаттарының Т.А.Ә.)

      _________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      (білім беру ұйымының атауы)

      ____ баланы (балалардың санын көрсету):

      1.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,

      2.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,

      3.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,

      4.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №

      баланы қабылдайтын ата-ана болуға мүмкіндігі туралы қорытынды беруді

      сұраймыз.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымызды тексеріп-қарауға қарсы

      емеспіз.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия

      мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

      20__ жылғы "___" ____________ тұлғалардың қолдары

  Баланы қабылдайтын отбасы туралы
ережеге 2-қосымша

      нысан

      Бекітемін:

      Білім бөлімінің (басқармасының) басшысы

      _________________________________

      "___"___________20___

      Баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген

      тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау

      АКТІСІ

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн ______________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген __________________________________________

      (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      органның мекенжайы және телефоны:

      _____________________________________________________________________

      1. __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық

      жағдайлары тексерілді.

      Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________

      Нақты тұрғылықты жері _______________________________________________

      Білімі ______________________________________________________________

      Жұмыс орны __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) __________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________

      Нақты тұрғылықты жері _______________________________________________

      Білімі ______________________________________________________________

      Жұмыс орны __________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат________________________

      _____________________________________________________________________

      Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі ___________ (ш.м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны _________, тіркеуде тұрғандар________________

      (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы

      _____________________________________________________________________

      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі

      _____________________________________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны,

      сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б.

      бар болуы) __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту












      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның

      ішінде жалақы, басқа да табыстар

      ___________________________________________________________ (жазу).

      5. Баланы отбасына қабылдайтын отбасының сипаттамасы

      (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке

      қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық

      отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына қабылдау себебі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Қорытынды (баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру үшін

      жағдайдың бар болуы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________ ________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _______________

      (күні)

      Таныстық: ___________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (баланы қабылдайтын ата-ата болуға

      үміткерлердің қолы)

  Баланы қабылдайтын отбасы туралы
ережеге 3-қосымша

      нысан

      Баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі

      (мүмкін еместігі) туралы

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы:

      ______________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы:

      ______________________________

      Тұратын мекенжайы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасының сипаттамасы: ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіптік қызметі ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға себеп_________________________

      _____________________________________________________________________

      Баланың кандидатурасы бойынша тілектері______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса),

      күні, қолы, мөрдің орны