Жылжымайтын мүлікке өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің нысандарын және мазмұнын, тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізілгені туралы хабарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 236 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4923 болып енгізілді.

     "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделерін қозғайтын азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы, Әділет министрі, Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттардың төрағалары мен судьяларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі шараларды заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы соттардың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар берсін.

      3. Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2007 жылғы 1 қазанға дейін осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттарға ғимараттар бөлуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
       Президенті