Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14425 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі

      Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы

      26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С.Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      2016 жылғы 14 қазан


      _____________ Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 7 қазандағы
№ 597 бұйрығымен бекітілген

Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс).

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;

      2) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

      3) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      4) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор;

      5) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды ұйымдастыру тәртібі

      3. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының қабылдайтын отбасыларна беру жүзеге асырылады.

      4. Балаларды ұйымнан баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органына (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқаларын көрсете отырып);

      3) неке туралы куәліктің көшірмесін;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын қабылдайтын отбасыға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса зайыбының (жұбайының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысандарына сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы;

      5) егер некеде тұрса, тұлғаның және (немесе) жұбайдың (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын (жалдау шартын) растайтын құжаттардың көшірмесін;

      6) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесін;

      7) "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 болып тіркелді) бекітілген нысанына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);

      8) баламен (балалармен) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (туыстары, баланың (балалардың) өгей әкесі (өгей шешесі) үшін) ұсынады.

      Баланы (балаларды) отбасына қабылдайтын адам, егер некеде болса, оның жұбайына (зайыбына) қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.

      Кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес орган жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей шешелеріне) баланы қабылдайтын отбасына береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.06.2023 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Баланы қабылдайтын ата-аналар:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      4) егер олардың кінәсінен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде;

      6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      7) баланы қабылдайтын отбасына ресімдеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланы кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

      10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

      12) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда тек кәмелетке толған адамдар бола алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін дайындайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қорытындыға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң Қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне енгізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Баланы қабылдайтын отбасына үміткерлер Кодекстің 118-3-бабына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінен өздері тұратын облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумағындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымынан (бұдан әрі – Ұйым) іріктеуді жүзеге асырады және балаға баруға автоматты түрде қалыптастырылған жолдаманы алады.

      9. Органның Қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағым жасалады.

      10. Балалардың тұратын жері бойынша Ұйым:

      1) үміткерлерге баланы қабылдайтын отбасына беруге болатын балалар туралы мәліметтерді (ата-аналары, жақын туысқандары туралы, денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді) ұсынады;

      2) балалармен қарым-қатынас жасауға жағдай жасайды;

      3) баланы қабылдайтын ата-аналарға ұйымдастыру-әдiстемелiк, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

      4) Республикалық деректер банкінде баланы таңдау нәтижелері туралы мәліметтер енгізеді.

      11. Балаларды іріктеуді жүзеге асырғаннан кейін баланы қабылдайтын ата-аналардың тұрғылықты жері бойынша Орган он жасқа толған баланың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен баланы қабылдайтын ата-аналар, орган және ұйым арасында баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт жасасады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына
тәрбиелеуге беру

      12. Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.

      13. Он жасқа толған балаларды қабылдайтын отбасына беру олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.

      14. Ұйым баланы қабылдайтын отбасына берілген әрбір балаға мынадай құжаттарды:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің білім беру ұйымына жіберу туралы шешімі;

      2) туу туралы куәлікті (жеке куәлік, паспорт);

      3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 065/е "Профилактикалық екпелер картасы" нысандағы медициналық құжаттама);

      4) бiлiмi туралы құжатты (мектепке дейінгі балалар үшін);

      5) баланың өмір сүру жағдайын тексеру актісі;

      6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң, сот шешiмiнің (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан шектеу немесе айыру, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану) көшiрмелерi, ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама, ата-аналық құқықтардан бас тарту туралы өтініш, адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акт, баланы денсаулық сақтау ұйымында тастап кету туралы акт;

      7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң (қарындастарының) және басқа да жақын туыстарының бар болуы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;

      8) ата-анасы қайтыс болған соң қалған мүліктің тізімдемесін, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      9) баланың (балалардың) атына тұрғын үй-жайдың бекітілуі туралы құжатты;

      10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесін, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады;

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Баланы қабылдайтын ата-аналар тұрғылықты жерінің өзгергені туралы күнтізбелік отыз күн бұрын Органды жазбаша түрде хабардар етеді. Баланы қабылдайтын ата-аналар облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт бұзылады.

4-тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды материалдық
қамтамасыз ету

      16. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балалар өздеріне тиесілі алименттерге, мұра болып қалған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ өзінде бар тұрғын үйге меншік құқығын сақтайды. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балалардың тұрғын үйі болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй беріледі.

      17. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі ақшалай қаражатты және мүлікті сақтау баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу уақытында қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.

      18. Баланы қабылдайтын ата-аналар балаларға тиесілі алименттерден, мұра болып қалған зейнетақы жинақтарынан, жәрдемақылардан және өзге де әлеуметтік төлемдерден түсетін қаражаттарды пайдаланбайды.

      19. Баланы қабылдайтын ата-аналар алты айда бір реттен сиретпей білім беру Ұйымына балалардың денсаулығының жай-күйі және оларды тәрбиелеу жөніндегі есептерді, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы бойынша жазбаша нысанда шығыстарды есеп береді, сондай-ақ олардың мүлкін басқару туралы есепті ұсынады.

      20. Балаларды қабылдайтын отбасында тәрбиелегені үшін әрбір қабылдаушы ата-анаға әлеуметтік аударымдарды есептеуді ескере отырып, айына отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қаражат төленеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.06.2023 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан
  Бекітемін
Республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
білім басқарманың,
аудандардағы, облыстық
маңызы бар қалалардағы
білім бөлімінің басшысы
___________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда)
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны азамат(ша)
_________________________
_________________________
_________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері)

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтініш

      Біз, __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (баланы қабылдайтын ата-ана кандидаттарының Т.А.Ә.)

      _________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      (білім беру ұйымының атауы)

      ____ баланы (балалардың санын көрсету):

      1.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,

      2.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,

      3.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,

      4.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №

      баланы қабылдайтын ата-ана болуға мүмкіндігі туралы қорытынды беруді

      сұраймыз.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымызды тексеріп-қарауға қарсы

      емеспіз.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия

      мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

      20__ жылғы "___" ____________ тұлғалардың қолдары

  Нысан
Бекітемін
Республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
білім басқарманың, аудандардағы, облыстық
маңызы бар қалалардағы білім
бөлімінің басшысы
__________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда)
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген

      тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау

      АКТІСІ

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн ______________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген __________________________________________

      (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      органның мекенжайы және телефоны:

      _____________________________________________________________________

      1. __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық

      жағдайлары тексерілді.

      Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________

      Нақты тұрғылықты жері _______________________________________________

      Білімі ______________________________________________________________

      Жұмыс орны __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) __________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________

      Нақты тұрғылықты жері _______________________________________________

      Білімі ______________________________________________________________

      Жұмыс орны __________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат________________________

      _____________________________________________________________________

      Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі ___________ (ш.м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны _________, тіркеуде тұрғандар________________

      (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы

      _____________________________________________________________________

      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі

      _____________________________________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны,

      сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б.

      бар болуы) __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту












      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның

      ішінде жалақы, басқа да табыстар

      ___________________________________________________________ (жазу).

      5. Баланы отбасына қабылдайтын отбасының сипаттамасы

      (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке

      қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық

      отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына қабылдау себебі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Қорытынды (баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру үшін

      жағдайдың бар болуы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________ ________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _______________

      (күні)

      Таныстық: ___________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (баланы қабылдайтын ата-ата болуға

      үміткерлердің қолы)

  Баланы қабылдайтын отбасы туралы
ережеге 3-қосымша

      нысан

      Баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі

      (мүмкін еместігі) туралы

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы:

      ______________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы:

      ______________________________

      Тұратын мекенжайы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасының сипаттамасы: ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіптік қызметі ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға себеп_________________________

      _____________________________________________________________________

      Баланың кандидатурасы бойынша тілектері______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса),

      күні, қолы, мөрдің орны