Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14155 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 374) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы М. Мырзағалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі м.а.
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 345 бұйрығымен
бекітілді

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 374) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын (бұдан әрі – ЖЭК орналастыру жоспары) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) аудан – Қазақстан бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен (бұдан әрі - БЭЖ) электр байланыстарының өткізу қабілеті шектелген, аталған ауданда электр желісіне жаңа өндіруші көздерді қосу мүмкіндігін шектейтін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің аймағының (бұдан әрі - БЭЖ аймағы) бір бөлігі;

      2) аудан шекарасы – ажыратылуы ауданның Қазақстан БЭЖ-нен толық бөлінуіне әкелетін электр желілік элементтер жиынтығы;

      3) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      4) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушымен қалыптастырылатын және өткізілген сауда-саттықтың нәтижелерін растайтын құжат;

      5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын "Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) басым тұтынушылар – құрамына электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта сататын, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;

      7) БЭЖ аймағы – генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі;

      8) жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;

      9) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;

      10) ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуаты – электр энергетикалық жүйенің техникалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып анықталған электр желісіне қосылатын күн және жел электр станциялары қуатының барынша рұқсат етілген көлемі;

      11) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;

      13) ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері – электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері;

      14) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;

      15) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      16) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;

      17) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының ЖЭК және электр энергетикасы салаларындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.08.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. ЖЭК орналастыру жоспарын қалыптастыру тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер

      3. ЖЭК орналастыру жоспары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мынадай деректер негізінде қалыптасады және оны уәкілетті орган бекітеді:

      1) ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері;

      2) ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген электр қуаты, түрі мен БЭЖ орналастыру аймағы (ауданы) көрсетілген ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі;

      3) ЖЭК объектілерінің БЭЖ аймақтары (аудандары) бойынша және ЖЭК пайдалану объектілерінің түрлері бойынша барынша рұқсат етілген қуаты;

      4) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі;

      5) басым шартты тұтынушылардың ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша жобалары.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ЖЭК-тің әр түрі бойынша, оның ішінде түрлері бойынша ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 375) тармақшасына сәйкес бекітеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылады;

      6. ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуаты туралы ақпаратты жүйелік оператор жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей, қолда бар деректер және жүйелік оператордың сұратуы бойынша өңірлік электр желілік компаниялар ұсынатын деректер негізінде және осы Қағидалардың 2-параграфына сәйкес жүйелік оператор орындаған есептеулер негізінде уәкілетті органға ұсынады.

      7. Уәкілетті орган алдағы жылға ЖЭК объектілерінің БЭЖ аймақтары (аудандары) бойынша барынша рұқсат етілген қуатын бекітеді.

      ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуатын қайта қарауды уәкілетті орган жыл сайын жүйелік оператордың осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ұсынған ақпараты негізінде жүргізеді.

      7-1. ЖЭК орналастыру жоспарын уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

      1) аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша;

      2) басым тұтынушылардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес мониторинг нәтижелері негізінде;

      4) осы Қағидалардың 7-2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде өзекті етеді.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен

      7-2. ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жобалары орналастыру жоспарынан мынадай жағдайларда алып тасталады:

      1) электр желісіне қосуға теxникалық шарттар берген энергия беруші ұйымға энергия өндіруші ұйым ЖЭК пайдалану объектілерін қосу туралы шарт жасасу үшін өтінімді уақтылы бермеген жағдайда;

      2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларында сәйкес белгіленген мерзімде ЖЭК пайдалану объектілерін қосу туралы шарт ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның кінәсі бойынша жасалмаған жағдайда;

      3) ЖЭК-ті пайдалану объектілерін қосу туралы шарт бұзылған жағдайда;

      4) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесінен алып тасталған жағдайда.

      Ескерту. Қағида 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-параграф. ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуатын айқындау

      8. ЖЭК объектілерінің барыша рұқсат етілген қуатын (бұдан әрі – лимиттер) айқындаудың мақсаты желілік инфрақұрылым тұрғысынан ЖЭК объектілерін елдің аумағы бойынша неғұрлым қолайлы орналастыруды анықтау болып табылады.

      ЖЭК қуатының лимиттері мынадай тәртіпте есептелінеді:

      1) тұтастай Қазақстанның БЭЖ үшін лимиттер шамасы есептеледі;

      2) Қазақстан БЭЖ-нің әрбір Солтүстік, Оңтүстік, Батыс желілік аймағы үшін жеке түрде лимиттер шамалары есептеледі;

      3) қажет болған жағдайда аудандардың шекаралары анықталады және әр аудан үшін лимиттер шамасы есептеледі.

      9. Қазақстанның БЭЖ үшін лимиттер мынадай үлгіде есептеледі:

      1) күн және жел электр станциялары үшін жиынтық лимит:

      Қазақстанның БЭЖ-іне арналған лимит (VБЭЖ) Қазақстан БЭЖ-нің ішкі көздерінен алынатын реттеуші қуат көлемдерінің болуымен айқындалады және мына формулалар бойынша есептелінеді:

      VБЭЖ = (Vрет – Vкэс) /БҚПКжэс + Vкэс, мұнда:

      Vкэс – КЭС-тің белгіленген қуатының шамасы, ЖЭК объектілерін өндіру құрылымын оңтайландыру жағдайына сүйене отырып, КЭС үлесі ЖЭК объектілерінің жалпы үлесінің 1/3 ретінде қабылданады;

      БҚПКжэс – ЖЭС-тің белгіленген қуатын пайдалану коэффициенті, 0,25 болып қабылданды. Бұл ретте күн электр станцияларының БҚПК-сы энергия жүйесінде электр жүктемесінің кешкі максимумы кездерінде күн электр станциялары қуат теңгеріміне қатыспайтынына байланысты ескерілмейді;

      Vрет - Қазақстанның электр станцияларындағы реттеуші қуаттың бар көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vрет = Рқолд – Ртұтын.макс, мұнда:

      Рқолд – Қазақстан БЭЖ-нің электр станцияларының маневрлі қуатының қысқы бақылау өлшеулер жүргізілген күнге жүктемелердің бір сағат максимумына шаққандағы иелік көлемі (соңғы үш жылдағы орташасы);

      Ртұт.макс – қысқы бақылау өлшеулері кезіндегі максималды қуат көлемі (соңғы үш жылдағы орташасы);

      2) күн электр станцияларына арналған лимит:

      VБЭЖ кэс < 1/3 VБЭЖ

      10. БЭЖ аймақтарына арналған лимиттер былайша есептеледі:

      1) Күн және жел электр станциялары үшін жиынтық лимит:

      БЭЖ (Vаймақ) аймағының лимиті БЭЖ аймағының Қазақстан БЭЖ-імен электрлік байланысына белсенді қуатты рұқсат етілген лақтырудан айқындалады, мына формула бойынша есептелінеді:

      Vаймақ = Рмакс.рұқс.лақтыру / КИУМжэс, мұнда:

      Рмакс.рұқс.лақтыру – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидаларға (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің динамикалық үлгісінде есептелген барынша рұқсат етілген қуатты лақтыру;

      БЭЖ-дің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары лимиттерінің қосындысы (Vаймақ) БЭЖ-дің Батыс аймағы лимитін шегергендегі Қазақстан БЭЖ бойынша жалпы лимит шамасынан артық болса (VСолтүстік аймағының+ VОңтүстік аймағының > VБЭЖ - VБатыс аймағының), онда БЭЖ-дің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының лимиттері өздерінің көлемдеріне пропорционалды түрде сәйкес шамаға азаяды;

      2) күн электр станцияларына арналған лимит:

      Vаймақтың кэс КЭС үшін БЭЖ аймақтары бойынша лимиттер VБЭЖ кэс КЭС жалпы көлемінен есептеледі. VБЭЖ кэс лимитінің жалпы көлемі күн сәулесінің белсенділігін БЭЖ-дің әр аймағының күн сәулесі әлеуетінің меншікті орташа шамасына пропорционалды түрде таратуға сәйкес БЭЖ аймақтары бойынша мына формула бойынша таратылады:

      Vаймақтың кэс < VБЭЖ кэс х (КП аймақ / КП жиынтық), мұнда:

      КП аймақ – БЭЖ аймағының күн сәулесі әлеуетінің меншікті орташа шамасы, былайша қабылданады: БЭЖ-дің Солтүстік аймағы үшін 1250 кВт.сағ./кВ.м, БЭЖ-дің Оңтүстік аймағы үшін 1600 кВт.сағ./кВ.м, БЭЖ-дің Батыс аймағы үшін 1350 кВт.сағ/кВ.м;

      КП сома – БЭЖ-дің үш аймағының күн сәулесі әлеуетінің меншікті шамаларының сомасы.

      Бұл ретте Vаймақтың кэс < Рмакс.рұқс.лақтыру. шарты сақталуы тиіс.

      Егер Vаймақтың кэс есептік шамасы Vаймақ шамасынан артық болса, онда Vаймақтың кэс шамасы Vаймақ дейін төмендейді, ал айырмашылығы күн сәулесі әлеуетінің меншікті орташа шамасына пропорционалды түрде БЭЖ-дің басқа аймақтары бойынша таратылады.

      11. Аудандарға арналған лимиттер мынадай үлгіде есептелінеді:

      Аудандар шегінде желінің шектелген өткізу қабілеті бар аудандар болған кезде, Жүйелік оператор БЭЖ аймағы ішінде аудандар бойынша қосымша лимиттерді белгілейді.

      Аудан лимиті күн және жел электр станцияларының қуаты бойынша жиынтық шектеуді белгілейді (Vаудан) және барынша рұқсат етілген ағындарды қамтамасыз ету лимиті бойынша айқындалады және мына формула бойынша есептеледі:

      Vаудан = Рбар.рұқс. – Рнақты, мұнда:

      Рбар.рұқс.Электр желілік қағидаларға сәйкес есептелген, барынша рұқсат етілген қуат ағыны;

      Рнақты - Аудан шекарасы бойынша тіркелген барынша белсенді қуат ағыны (соңғы үш жылдағы орташасы).

      Егер БЭЖ-дің бір аймағына кіретін Аудандар лимиттерінің сомасы БЭЖ аймағының өзінің лимитінен артық болса, онда аудандар лимиттері өз көлемдеріне пропорционалды түрде сәйкес шамаға азаяды.

3-параграф. ЖЭК-ті орналастыру жоспары жобаларының кезектілігін айқындау

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. ЖЭК орналастыру жоспары жобаларының тізімін қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына қосу тәртібі

      Ескерту. Қағида 5-параграфпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Уәкілетті орган Ұйымдастырушыдан Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК пайдалану объектілерін салу бойынша тиісті жобаларды ЖЭК орналастыру жоспарына қосады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.08.2020 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Басым тұтынушының уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ЖЭК пайдалану объектісін және (немесе) басым тұтынушылардың қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын объектісін салу бойынша жобаларды ЖЭК-ті орналастыру жоспарына енгізуге арналған өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді, оған мынадай құжаттар:

      1) басым тұтынушылардың мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;

      2) электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, тікелей тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер мен ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстар пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 165-бабына сәйкес бір тұлғалар тобының құрамына кіретіндігін растайтын құжаттар;

      3) басым тұтынушылардың мүдделерін білдіруге заңды тұлғаның құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жүйелік оператор ЖЭК-ті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып өндірілетін электр энергиясының нақты және болжамды шамалары туралы және тікелей тұтынушылар мен басым тұтынушының құрамына кіретін өнеркәсіптік кешендердің электр энергиясын жоспарлы тұтыну көлемі туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Өтініштерді қарау және келісу кезінде уәкілетті орган мынаны:

      1) ЖЭК секторын дамытудың бекітілген нысаналы көрсеткіштерінің шамасын;

      2) осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес алынған деректерді;

      3) Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктерін ескереді.

      33. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 32-тармағын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде басым тұтынушының Өтінішін қарайды және ЖЭК пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін орналастыру жоспары мен Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ЖЭК түрін, ЖЭК пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Уәкілетті орган басым тұтынушылардың ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану жөніндегі объектілерін салу жөніндегі жобаларды ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларына кешенді сынақ жүргізу басталған күнге дейін кемінде 6 ай бұрын ЖЭК орналастыру жоспарына енгізеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін
орналастыру жоспарын
қалыптастыру қағидаларын
1-қосымша

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін
орналастыру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Жаңартылатын
энергия көздерін
пайдалану объектілерін
орналастыру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспары

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2017 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Ауданы, орналасқан жері

Объект түрі

Белгіленген қуат, МВт

ЖЭК орналастыру жоспарына қосқан күні *

Басым тұтынушылардың ЖЭК объектісін салу бойынша жобаның атауы *

Басым тұтынушылардың уәкілетті ұйымының атауы*

Басым тұтынушылардың құрамына кіретін шартты тұтынушы (лар) атауы *

Болжамды орнатылғын қуаттың пайдалану коэффициенті, %*

Электр желілеріне қосылу нүктесі (лері)*

ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға беру күні*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

БЭЖ аймағы

Облыс























      * ескерту: тек басым тұтынушыларды толтыру үшін

  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін
орналастыру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Басым шартты тұтынушылардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша жобаларын жаңартылатын энергия көздерін орналастыру жоспарына қосуға арналған өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________

      (басым шартты тұтынушының уәкілетті өкілінің толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (шартты тұтынушының (-лардың) толық атауы) қажетті құжаттар топтамасымен бірге жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша

      __________________________________________________________ жобасын

      (жобаның толық атауы)

      ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін орналастыру жоспарына қосу үшін осы өтінішті жолдайды.

      1. Басым шартты тұтынушы туралы жалпы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).

      2. Басым шартты тұтынушының құрамына кіретін тұтынушылар туралы ақпарат (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).

      3. Басым шартты тұтынушының ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың объектісін (бұдан әрі – Объект) салу бойынша жобасы туралы деректер:

      1) Объектінің пайдаланатын ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін және Біртұтас энергетикалық жүйе аймағын, облысын, ауданын көрсете отырып, Объектінің жоспарланған орналасу орны көрсетілген Объекті атауы;

      2) ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды түрлері мен жылдар бойынша бөле отырып, Объектінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты;

      3) Объектіні пайдалануға енгізудің жоспарланған күні;

      4) Объектінің қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті.

      4. Объекті жабдығы туралы деректер – генерациялайтын жабдықтың жеке бірлігінің қуатын көрсете отырып, Объектідегі генерациялайтын жабдықтың саны мен түрі.

      5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________.

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні) және лауазымы)

      Ескертпе.

      Ұйым бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қояды.