БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2021 жылғы 12 тамыздағы № 261 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;
3) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – осы Қағидаларға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы – осы Заңға сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы айқындайтын баға;
8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындар, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
9) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
10) қайталама энергетикалық ресурстар – металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;
11) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
14) операциялық шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
15) резервтік қор – қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
16) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;
17) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын он бесінші қазанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына және уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болжанатын жылға арналған электр энергиясын желіге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.
Бұл ретте басым шартты тұтынушылар жыл сайын он бесінші қазанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың құрамына кіретін жаңартылатын энергия көздерін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың болжанатын жылға арналған электр энергиясын желіге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.
Осы тармақта көзделген ақпаратты ұсыну бірінші басшының не тиісті уәкілетті адамның қолымен жүзеге асырылады.".
2. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларында, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
3) басым шартты тұтынушылар (бұдан әрі – БШТ) – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;
4) беру айы – тиісті айдың бірінші күнінен басталатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын іс жүзінде берудің күнтізбелік айы;
5) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
6) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
7) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) бекітілген, Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;
8) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi (бұдан әрі – ЖЭК-ті пайдалану объектісі) – ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК-ті пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК-ті пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
11) қайталама энергетикалық ресурстар – металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;
12) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға ;
13) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
15) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
17) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;
18) тіркелген тариф – ЖЭК-ті пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
19) уәкілетті орган – ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Шартты тұтынушы жеткізілген электр энергиясы үшін бірінші кезектегі тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығы айқындаған және бекіткен ЖЭК-ті қолдауға арналған тариф бойынша жеткізу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына ақы төлейді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. БШТ сату шартын жасасу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау өткізу басталған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) БШТ мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (бұдан әрі – БШТ өкілі);
2) БШТ мүдделерін білдіру үшін заңды тұлғаның құқығын растайтын құжат;
3) БШТ пайдалануға енгізген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісіне және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды объектісіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
4) ағымдағы жыл аяқталғанға дейін пайдалануға енгізілген БШТ және шартты тұтынушылардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері бөлінісінде БШТ желіге босатуға жоспарланған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат;
5) Заңның 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына БШТ-ның қосылғаны туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмесі.";
77, 78, 79, 80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Сату шарты БШТ пайдалануға берген және ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген ЖЭК пайдалану объектісінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күшіне енеді, бұл ретте шартты тұтынушымен жасалған қолданыстағы шарт көрсетілген күннен бастап күшін жояды.
78. Сату шартына қол қойылғаннан кейін БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) БШТ пайдалануға берген және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) энергия беруші ұйым мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым және (немесе) БШТ пайдалануға берген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі және пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі - осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) энергия беруші ұйым мен мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым және (немесе) БШТ пайдалануға берген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
79. БШТ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға бергенге дейін өзінің ЖЭК-ті және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі.
80. БШТ жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға БШТ және шартты тұтынушылар пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндірген, желілерге босатылған, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берілген электр энергиясының болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдайды.
81. БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы көлемінің нақты мәндері және БШТ желіге босататын электр энергиясының көлемдері есепті айда жүйелік оператор қалыптастыратын Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен анықталады.";
84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Басым шартты тұтынушы пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге берген көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштің әрқайсысынан:
1) электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің нақты көрсеткішінен;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болса, қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептейді және БШТ-ға қайта бөледі.
Бұл ретте күнтізбелік бір жыл ішінде электр энергиясын өндіруде қысқа мерзім бір ай болып табылады.
85. Жбшт нақты – БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндірудің нақты жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын өндіру кезінде күнтізбелік бір жылдан аз аз кезеңдегі көлемнің) шартты тұтынушылардың электр энергиясын тұтыну аймағын ескере отырып, желіге беру көлеміне арақатынасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Жбшт нақты = Vжэк бшт нақты ж / V шт бшт нақты ж*100%, мұндағы:
V жэк бшт нақты ж – БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі өндірген электр энергиясының нақты көлемі;
V шт бшт нақты ж - БШТ құрамына кіретін шартты тұтынушылар желіге берген электр энергиясының нақты жылдық көлемі.
Егер Жбшт нақты Днақты ж немесе Қож-ға тең немесе одан артық болса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеу және қайта бөлуді жүргізбейді.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Қаржы-есеп айырысу орталығы:
1) БШТ беру айының қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне жеткенге дейін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды БШТ-ға мынадай формула бойынша бөледі:
Vбшт = (Vжэк ҚЕО нақты + Vжэк БШТ нақты) / (Vшт ҚЕО нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт БШТ нақты - Vжэк БШТ нақты, мұндағы:
Vбшт – қаржы-есеп айырысу орталығының БШТ электр энергиясын күнтізбелік айда сату көлемі;
Vжэк қео нақты – ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген және электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізетін электр энергиясының нақты айлық көлемі;
V шт қео нақты – БШТ шартты тұтынушылары желіге жіберген электр энергиясының көлемін есепке алмағанда, тиісті тұтыну аймағында шартты тұтынушылар желіге берген электр энергиясының нақты айлық көлемі;
V шт бшт нақты – электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша БШТ шартты тұтынушылары желіге берген электр энергиясының нақты айлық көлемі;
V жэк бшт нақты – электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі өндірген электр энергиясының нақты айлық көлемі;
2) осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгенін беру айының қорытындысы бойынша БШТ-ға қол жеткізгенге дейін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды әрбір шартты тұтынушыға мынадай формула бойынша бөледі:
V шт қео i = (Vжэк қео нақты + Vжэк бшт нақты)/(Vшт қео нақты +Vшт бшт нақты) * Vшт i, мұндағы:
Vшт қео i – күнтізбелік айда ЖЭК-ті пайдаланатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқын электр энергиясын шартты тұтынушыға сату көлемі;
Vшт i – күнтізбелік айда осы шартты тұтынушы желіге жіберген электр энергиясының көлемі;
3) осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгенін беру айының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша БШТ-ға бөледі.";
3. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) аудан – Қазақстан бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен (бұдан әрі - БЭЖ) электр байланыстарының өткізу қабілеті шектелген, аталған ауданда электр желісіне жаңа өндіруші көздерді қосу мүмкіндігін шектейтін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің аймағының (бұдан әрі - БЭЖ аймағы) бір бөлігі;
2) аудан шекарасы – ажыратылуы ауданның Қазақстан БЭЖ-нен толық бөлінуіне әкелетін электр желілік элементтер жиынтығы;
3) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
4) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушымен қалыптастырылатын және өткізілген сауда-саттықтың нәтижелерін растайтын құжат;
5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;
7) БЭЖ аймағы – шекарасында Қазақстан БЭЖ-інің басқа бөлігімен салыстырғанда айырықша схемалық-режимдік жағдай болатын Қазақстан Республикасының БЭЖ-інің бір бөлігі.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-і үш аймақтан тұрады:
Солтүстік аймақ (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары);
Оңтүстік аймақ (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары);
Батыс аймақ (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары);
8) жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК) – табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын;
9) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
10) ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуаты – электр энергетикалық жүйенің техникалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып анықталған электр желісіне қосылатын күн және жел электр станциялары қуатының барынша рұқсат етілген көлемі;
11) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) ЖЭК пайдалану объектісі – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
13) ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері – электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері;
14) қайталама энергетикалық ресурстар – металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;
15) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
17) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының ЖЭК және электр энергетикасы салаларындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. ЖЭК орналастыру жоспары мынадай деректер негізінде қалыптасады және оны уәкілетті орган бекітеді:
1) ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері;
2) ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген электр қуаты, түрі мен БЭЖ орналастыру аймағы (ауданы) көрсетілген ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі;
3) ЖЭК объектілерінің БЭЖ аймақтары (аудандары) бойынша және ЖЭК пайдалану объектілерінің түрлері бойынша барынша рұқсат етілген қуаты;
4) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі;
5) басым шартты тұтынушылардың ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша жобалары.";
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Басым шартты тұтынушының өкілетті өкілі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ЖЭК пайдалану объектісін және (немесе) басым шартты тұтынушылардың қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын объектісін салу бойынша жобаларды ЖЭК-ті орналастыру жоспарына енгізуге арналған өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді, оған мынадай құжаттар:
1) басым шартты тұтынушылардың мүдделерін білдіретін өкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;
2) шартты тұтынушылар мен ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстар пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 165-бабына сәйкес бір тұлғалар тобының құрамына кіретіндігін растайтын құжаттар;
3) басым шартты тұтынушылардың мүдделерін білдіруге заңды тұлғаның құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
31. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жүйелік оператор ЖЭК-ті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып өндірілетін электр энергиясының нақты және болжамды шамалары туралы және білікті шартты тұтынушының құрамына кіретін шартты тұтынушылардың желіге жіберу көлемдері туралы ақпаратты жібереді.";
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 32-тармағын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде басым шартты тұтынушының Өтінішін қарайды және ЖЭК пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін орналастыру жоспары мен Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ЖЭК түрін, ЖЭК пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі.
34. Уәкілетті орган білікті шартты тұтынушылардың ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану жөніндегі объектілерін салу жөніндегі жобаларды ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларына кешенді сынақ жүргізу басталған күнге дейін кемінде 6 ай бұрын ЖЭК орналастыру жоспарына енгізеді.";
3-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шарты үлгі нысанында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шартта мынадай ұғымдар қолданылады
1) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;
2) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес келетін, жеткізу нүктелеріне жеткізілген, электр станциясы өндірген барлық электр энергиясы;
3) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) жұмыс күні - Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;
6) жүйелік оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
7) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;
8) Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есепті кезең ішінде орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;
9) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) қайталама энергетикалық ресурстар (бұдан әрі – ҚЭР) – металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;
11) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – ҚЭР-ды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) ҚЭР-ды пайдалану объектісі – ҚЭР-ды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, ҚЭР-ды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және ҚЭР-ды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
14) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
15) күнтізбелік жыл – тиісті жылдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті жылдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін жыл;
16) шарт – Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
17) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталған күн – ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн;
18) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі ЭКЕАЖ) – электр энергиясын есепке алу деректерін өлшеуге, жинауға, өңдеуге, сақтауға және жіберуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жиынтығы.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сатып алушы электр энергиясын ЖЭК пайдалану жөніндегі мынадай объектілерде және (немесе) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерде (ЖЭК пайдалану жөніндегі әрбір объект және (немесе) ҚЭР пайдалану жөніндегі объект бойынша ақпарат көрсетіледі) өндіретін болады:
1) атауы – __________;
2) ЖЭК және (немесе) ҚЭР-ды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану бойынша объектінің түрі (пайдаланылатын ЖЭК түріне байланысты) - ________ (күн электр станциялары үшін қосымша фотоэлектрлік модуль типі мен қолданылатын кремнийдің өндіруші-елі көрсетіледі);
3) ЖЭК және (немесе) ҚЭР-ды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану бойынша объектінің орналасатын алаңдары – кадастрлық нөмірі: – _________, жер учаскесінің жалпы ауданы – __________ гектар;
4) пайдаланылатын ЖЭК түрлері бойынша бөле отырып, ЖЭК және (немесе) ҚЭР-ды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану бойынша объектінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты (МВт);
5) ЖЭК және (немесе) ҚЭР-ды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану бойынша объектінің электр станциясының белгіленген қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті ___;
6) электр желісіне қосылу нүктесі - _____________________.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары жарамсыз болған кезеңде Сатып алушымен өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне берілген электр энергиясы Тараптардың өзара есеп айырысулары кезінде ескерілмейді. Бұл ретте Сатып алушы коммерциялық есепке алу аспаптарының болмауы немесе олардың жарамсыз болуы фактілері мен кезеңі желілеріне ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектімен пайдалану бойынша объектісі қосылған энергия беруші ұйымның тиісті актісімен растауға тиіс.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сатып алушы:
1) күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізеді;
2) жыл сайын 1 қарашаға дейін электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желілеріне жіберудің энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты Сатушыға беруге;
3) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстар объектілерінен электр энергиясы берілген айға дейін электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желісіне жіберудің нақты көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден қабылдау туралы ақпаратты Сатушыға беруге;
4) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстыру жүргізуге;
5) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатушыны дереу хабардар етуге;
6) Сатып алушы іске қосқан тиісті сынау басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстар объектілері электр қондырғыларының кешендік сынау өткізілетін күніне дейін ағымдағы жылдың аяғына дейінгі мерзімде айларға бөле отырып, электр энергиясын желіге шығарудың болжамды көлемдері туралы Сатушыны хабардар етуге;
7) тиісті шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатушыны хабардар етуге және егер Сатып алушы берілген шот-фактураның дұрыстығына қарсы болса, наразылықтарын жазып, Сатушыға жазбаша өтініш беруге;
8) дау реттелгеннен кейінгі келесі айда 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей электр энергиясының Тараптармен келісілген көлеміне ақы төлеуге;
9) Сатушыға ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша жеткізілген электр энергиясы үшін есептік кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ақы төлеуі тиіс.
Бұл ретте, алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған жағдайда ең алдымен төлем осы берешекті өтеуге жұмсалады. Егер есептік кезеңде Сатып алушы Сатушыға шот-фактурада көрсетілген сомадан артық төлесе, осы артық төлемнің айырмашылығы келесі есептік кезеңнің аванстық төлеміне автоматты түрде есептеледі;
10) электр станциясының коммерциялық пайдаланылуына дейін өзінің ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстар объектісінде ЭКЕАЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. ЭКЕАЖ жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына деректерді қашықтан беруі тиіс;
11) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған бекітілген тәртіпте ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстар объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға;
12) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстар объектісін пайдаланатын энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға;
13) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстар объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясының коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға міндетті.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сатып алушы:
1) Сатушыдан Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;
2) осы Шартта көрсетілген, ЖЭК пайдалану объектісінде және (немесе) ҚЭР пайдалану объектісінде генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуатын ұлғайтпау шартымен ЖЭК пайдалану объектісінде және (немесе) ҚЭР пайдалану объектісінде ағымдағы немесе күрделі жөндеуді, оның ішінде негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып жүзеге асыруға құқылы.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурсты пайдалану объектісі электр энергиясының көлемін есепке алу беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.
15. ЭКЕАЖ-дың ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурсты пайдалану объектісінде жұмыс істеуін қамтамасыз еткеннен кейін, ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурсты пайдалану объектісі беретін электр энергиясының көлемдерін және Сатушы мен Сатып алушы арасындағы коммерциялық өзара есеп айырысуларды есепке алу және анықтау үшін ЭКЕАЖ деректерін пайдалануға Сатушы құқылы.";
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Осы Шарт ЖЭК пайдалану объектісі және (немесе) қайталама энергетикалық ресурсты пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күшіне енеді және 20 ___жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.
28. Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы Шарт Тараптардың келісімімен өзгертіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шекті тарифтер бойынша қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуы шартының үлгі нысанында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) беру нүктесі – Сатушы Сатып алушыға су тасқыны электр энергиясын беруді жүзеге асыратын Сатушының және энергия беруші ұйымдардың теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасындағы қосылу (қосылу жүйесі);
2) жеткізілетін ай – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-де аяқталатын тасқындық электр энергиясын пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша жеткізілетін электр энергиясын сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;
3) берілетін тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде электр станциялары өндірген беру нүктесіне жеткізілген барлық тасқындық электр энергиясы;
4) жұмыс күні – Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;
5) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
6) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО) – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;
7) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
8) күнтізбелік жыл – тиісті жылдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті жылдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін жыл;
9) Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есептік кезең ішінде орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;
10) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;
11) шарт – Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған Электр энергиясын сатып алу жөніндегі осы шарт;
12) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда есепке алынатын, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы.";
2. Шартқа сәйкес Сатушы сатады, ал Сатып алушы Сатушының объектісінде және беру нүктесінде өндірілген барлық тасқындық электр энергиясының көлемін сатып алады. Сатушы мынадай объектілерде тасқындық электр энергиясын өндіреді:
1) атауы – _____________________________________________;
2) шартты тұтынушының генерациялайтын жабдықтарының жиынтық белгіленген қуаты– _____ (МВт).
3) электр желісіне қосу нүктесі – ____________________.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сатып алушы тасқындық электр энергиясына Сатушы ұсынған шот-фактура және көлемдерді салыстырып-тексеру актісі негізінде шартты тұтынушылар үшін белгіленген төлем мерзімі біткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде ақы төлейді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сатып алушы:
1) Сатушыдан көлемдерді салыстырып-тексеру актісін алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оған қол қоюға немесе егер ол Сатушының жеткізілген тасқындық электр энергиясының көлемі туралы деректерімен келіспесе, тура сол мерзімде Сатушыға бас тартуды негіздейтін құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өзінің жазбаша дәлелденген бас тартуын жіберуге;
2) шартты тұтынушылар үшін белгіленген төлем мерзімі өткен соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тиісті көлемдерді салыстырып-тексеру актісінде көрсетілген нақты теңгерімде және оның негізінде Сатушы қойған тасқындық электр энергиясы жеткізілетін айда берілген барлық көлемі үшін Сатушыға ақы төлеуге;
3) жыл сайын қаңтардың бірі мен отыз бірін қоса алған кезеңде өткен қаржы жылындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеруді жүргізуге;
4) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жері мен Шарт талаптарын орындау үшін қажетті деректемелерінің өзгергені туралы Сатушыны тез арада хабардар етуге міндетті.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Күнтізбелік жылда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау болған кезде Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлеміне қатысты жазбаша келіспеушіліктерді алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы дауды келіссөздер арқылы шешуге күш-жігерін салуға міндетті. Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау бойынша келісімге келе алмаған кезде, дау сот тәртібімен түпкілікті шешуге жатады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы Шарт Тараптардың келісімімен өзгертіледі.".
Нысан
Басым шартты тұтынушылардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша жобаларын жаңартылатын энергия көздерін орналастыру жоспарына қосуға арналған өтініш
__________________________________________________________________________
(басым шартты тұтынушының уәкілетті өкілінің толық атауы)
________________________________________________________________________
(шартты тұтынушының (-лардың) толық атауы)
қажетті құжаттар топтамасымен бірге жаңартылатын энергия көздерін
(бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық
ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша
_____________________________________________________ жобасын
(жобаның толық атауы)
ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін
орналастыру жоспарына қосу үшін осы өтінішті жолдайды.
1. Басым шартты тұтынушы туралы жалпы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).
2. Басым шартты тұтынушының құрамына кіретін шартты тұтынушылар туралы ақпарат (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).
3. Басым шартты тұтынушының ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды объектісін (бұдан әрі – Объект) салу бойынша жобасы туралы деректер:
1) Объектінің пайдаланатын ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын объектінің түрі және БЭЖ аймағын, облысын, ауданын көрсете отырып, Объектінің жоспарланған орналасу орны көрсетілген Объекті атауы;
2) ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын объектінің түрлері мен жылдар бойынша бөле отырып, Объектінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты;
3) Объектіні пайдалануға енгізудің жоспарланған күні;
4) Объектінің қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті.
4. Объекті жабдығы туралы деректер - генерациялайтын жабдықтың жеке бірлігінің қуатын көрсете отырып, Объектідегі жабдықтың саны мен түрі.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні) және лауазымы)
Ескертпе: ұйым бланкісінде толтырылады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қояды.