Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10455 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2021 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.12.2018 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2021 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 74 бұйрығымен
бекітілген

Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2021 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      3) ЖЭК-ті пайдалану объектісі – ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК-ті пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      4) ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым) – ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) уәкілетті орган – ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

1-параграф. Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Уәкілетті орган тоқсан сайын ЖЭК-тің пайдаланылуына мониторингті Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату үлесін есепке алу үшін жүргізеді.

      4. ЖЭК-тің пайдаланылуына мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі әрбір объектісі бойынша электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      5. Жүйелік оператор тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат ұсынады.

      6. Уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК-ті пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үлесіне талдау жүргізеді және оны айқындайды.

      7. ЖЭК-ті пайдалану мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей орналастырылады.

2-параграф. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      8. Уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген ЖЭК саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді болжау үшін ЖЭК-ті пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

      9. Қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған шарттары бар энергия өндіруші ұйымдар тоқсан сайын қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК-ті пайдалану бойынша жоспарланатын объектілер бойынша ақпарат береді.

      10. Уәкілетті орган ЖЭК-ті пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторингті жүргізу шеңберінде қаржы-есеп айырысу орталығынан осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын сұратады.

  Жаңартылатын энергия
көздерінің пайдаланылуына
және жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану
бойынша жоспарланатын
объектілердің іске
асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entіtіes/energo/actіvіtіes/dіrectіons?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1 ЖЭК нысан.

      Мерзімділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: есепті тоқсандық кезеңнен кейінгі ай.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі_______

      2. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы ______________________________

      3. ЖЭК пайдалану объектісінің мекенжайы ______________________

      4. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт)

      _____________________________________________________________________

      5. Пайдаланатын ЖЭК түрі________________________________________

      6. Жинау нысаны (электрондық/қағаз)_________________________

      7. Жалпы жұмыс орындарының саны__________, оның ішінде:

      1) әйел ______

      2) ер ________

Көрсеткіштер

Тоқсан ішіндегі нақты өндіріс

Тоқсан ішіндегі болжамдық өндіріс


1

2

3

1

Электр энергиясын өндіру, мың киловатт сағат



2

Жылу энергиясын өндіру, гигакалория



3

Электр энергиясын босату, мың киловатт сағат



4

Жылу энергиясын босату, гигакалория



5

Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/киловатт сағат қосылған құн салығынсыз



6

Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/ гигакалория қосылған құн салығынсыз



      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________ қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам __________________ қолы

      _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Ескертпе:

      Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тың екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.

  "Жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану
объектілерінің электр
және (немесе) жылу энергиясын
өндіру және босату туралы
ақпараты" әкімшік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1 ЖЭК нысан, мерзімділігі: тоқсан сайын)

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

      1-тармақта ақпарат ұсынатын ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2-тармақта жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектісінің атауы көрсетіледі;

      3-тармақта ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы көрсетіледі;

      4-тармақта ЖЭК объектісінің қуаты көрсетіледі;

      5-тармақта ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (күн, жел, гидроэлектр станциясы, биогаз қондырғысы) көрсетіледі;

      6-тармақта энергия өндіруші ұйымдардың ақпаратты ұсыну нысаны көрсетіледі;

      7-тармақта объектіге қызмет көрсетуге тартылған жұмыскерлердің жалпы саны көрсетіледі, оның ішінде әйелдер және ерлер.

      1-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      1-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің болжамды деректері көрсетіледі;

      2-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) ЖЭК объектілерінің жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      2-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) ЖЭК объектілерінің жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      3-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) электр желісіне босатылған электр энергиясының нақты саны көрсетіледі;

      3-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) электр желісіне босатуға жоспарланған электр энергиясының болжамды саны көрсетіледі;

      4-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатылған жылу энергиясының нақты саны көрсетіледі;

      4-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатуға жоспарланған жылу энергиясының болжамды саны көрсетіледі;

      5-жолдың 2-бағанында есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатқан орташа бағасы көрсетіледі;

      5-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатуды жоспарлайтын орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың 2-бағанында есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның жылу энергиясын сатқан орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның жылу энергиясын сатуды жоспарлайтын орташа бағасы көрсетіледі.

  Жаңартылатын энергия
көздерінің пайдаланылуына
және жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану
бойынша жоспарланатын
объектілердің іске
асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://rfc.kegoc.kz/vіe/about.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жоспарланатын жоба бойынша ақпарат.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2 ЖЭК нысан.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: есепті тоқсан кезеңінен кейінгі келесі тоқсан.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын жоба бойынша ақпарат

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________

      2. Энергия өндіруші ұйымның мекенжайы ___________________

      3. Объектінің атауы және қуаты _________________________________

      4. Пайдалануға берудің жоспарланған күні (айы, жылы)_____________

      5. Жер учаскесінің болуы (мемлекеттік актінің № ) ___________________

      6. Қосылу нүктесінің болуы (техникалық шартты кім берді және орындау

      мерзімі.)________________________________________________________

      7. Қаржыландыру сомасы мен көзі (банк, меншікті және басқа да

      қаражат)________________________________________________________

      8. Шетелдік тараптан қатысушылардың деректері (ел, компания деректері)

      _________________________________________________________________

      9. Қазақстандық тараптан қатысушылардың деректері__________________

      10. Құрылыс кезіндегі жұмыс орындарының жалпы саны________, оның ішінде:

      1) әйелдер _____

      2) ерлер _______

      11. Жоба бойынша ағымдағы жағдай ________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы ____________________________________             ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________

      _______________________________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),             қолы

      Ескертпе:

      ЖЭК-тың екі және одан да көп түрлері пайдаланылған жағдайда, жоспарланатын ЖЭК жобасы бойынша ақпарат, есеп әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.

  "Жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану
бойынша жоспарланатын жоба
жөніндегі ақпарат" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын жоба жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 2 ЖЭК нысан, мерзімділігі: тоқсан сайын)

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын жоба жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

      1-тармақта ақпарат беретін ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2-тармақта ЖЭК пайдалану объектісінің нақты мекенжайы (облыс, қала/аудан, елді мекен) көрсетіледі;

      3-тармақта ЖЭК объектісінің атауы және белгіленген қуаты көрсетіледі;

      4-тармақта пайдалануға берудің жоспарланған күні (айы, жылы) көрсетіледі;

      5-тармақта жер учаскесінің болуы туралы ақпарат көрсетіледі (мемлекеттік актінің № __ );

      6-тармақта қосу нүктесінің болуы туралы ақпарат көрсетіледі (техникалық шартты кім берді және мерзімі);

      7-тармақта сома және қаржыландыру көздері (банк, меншікті және басқа қаражат) туралы ақпарат көрсетіледі;

      8-тармақта шетелдік тараптан қатысушылардың деректері көрсетіледі (ел, компания деректері);

      9-тармақта қазақстандық тараптан қатысушылардың деректері көрсетіледі;

      10-тармақта әйелдер, ерлер үшін құрылыс кезінде жұмыс орындарының саны туралы ақпарат көрсетіледі;

      11-тармақта жоба бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат белгілі бір күнге (күні, айы, жылы) көрсетіледі.