РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.05.2018 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
2. "Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9570 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің Орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 15 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 1 тамыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығымен бекiтiлген |
Нысан
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның ведомствосы)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімше атауы)
Балықтың қайдан ауланғаны туралы
анықтама №
Берілді
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаға тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Табиғи ортадан ауланған/жасанды ортада өсірілген балықтар/су
жануарлары (қажеттінің астын сызу керек)
№ | Аулану орнының (су айдынының, учаскенің) атауы | Балықтардың немесе басқа су жануарларының түрлері | 20_ жылғы 15 ақпаннан 20_ жылғы 15 ақпанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балықтар немесе басқа су жануарлар үшін) | Жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты (тонна) | 20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша ауланғаны | 20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша қалған квота (тонна) | |
Жыл басынан өсім бойынша | Нақты өтініш берген күні расталатын көлем | ||||||
1. | |||||||
2. | |||||||
3. |
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі табиғи ортадан ауланған/жасанды ортада өсірілген балықтардың/су жануарларының қайдан ауланғанын растайды (қажеттінің астын сызу керек):
№ | Балықтардың немесе басқа су жануарларының түрі | Балықтардың немесе басқа су жануарларының саны (тонна) |
1. | ||
2. | ||
3. | ||
Жиыны: |
Анықтаманың берілген күні 20 ___ жылы "____" _______________
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)