Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 тамызда № 14117 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.

      2. "Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9570 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің Орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 1 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 304 бұйрығымен бекiтiлген

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның ведомствосы)

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімше атауы)

Балықтың қайдан ауланғаны туралы
анықтама №

      Берілді

      _______________________________________________________________

       (жеке тұлғаға тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе

      заңды тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________________

      басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Табиғи ортадан ауланған/жасанды ортада өсірілген балықтар/су

      жануарлары (қажеттінің астын сызу керек)

Аулану орнының (су айдынының, учаскенің) атауы

Балықтардың немесе басқа су жануарларының түрлері

20_ жылғы 15 ақпаннан 20_ жылғы 15 ақпанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балықтар немесе басқа су жануарлар үшін)

Жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша ауланғаны

20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша қалған квота (тонна)

Жыл басынан өсім бойынша

Нақты өтініш берген күні расталатын көлем

1.








2.








3.









      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі табиғи ортадан ауланған/жасанды ортада өсірілген балықтардың/су жануарларының қайдан ауланғанын растайды (қажеттінің астын сызу керек):

Балықтардың немесе басқа су жануарларының түрі

Балықтардың немесе басқа су жануарларының саны (тонна)

1.



2.



3.



Жиыны:



      Анықтаманың берілген күні 20 ___ жылы "____" _______________

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

       Мөр орны (бар болған жағдайда)